Шоттар корреспонденциясы - шаруашылық операцияларын бухгалтерлiк сүйемелдеу шоттарындағы бухгалтерлiк жазбаларды және олардың көздерiн үздiксiз және өзара байланысқан жазу жүйесi. Өзара байланыстылық әрбiр шаруашылық операцияларын бiр шоттың дебетiне және екiншiсiнiң кредитiне қосарлы жазу жолымен қамтамасыз етiледi. Екі шоттың арасында өзара байланыс пайда болады, ол корреспонденция, ал шоттардың өзі – корреспонденциялаушы деп аталады.

Шоттар корреспонденция қарапайым және күрделі болып бөлінеді.

Шоттардың жай корреспонденциясы бухгалтерлік есеп шоттарындағы операциялар бір шоттың дебетіне және екіншісінің кредитіне жазылатын қосарланған жазбаны білдіреді. Бұл жағдайда 2 шот корреспонденцияланады.

Шоттардың күрделі корреспонденциясы бухгалтерлік есептің бірнеше шоттарының өзара байланысын білдіреді, бұл ретте операциялар бір шоттың дебетіне жазылады, ал бірнеше шоттар кредиттеледі немесе бірнеше шоттар дебеттеледі, ал кредит бір шотқа ғана жазылады.

«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңының 20-бабы 5-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары (бұдан әрі – Үлгілік жоспар) әзірленді, оның негізінде шоттардың нөмірлері мен атауларын көрсету керек.

Үлгілік жоспар қаржылық есептілік элементтерін құндық көріністе топтастыруға және ағымдағы көрсетуге арналған.

Үлгілік жоспарда бухгалтерлік есептің синтетикалық шоттары осы Үлгілік жоспарға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтімділікті азайту тәртібінде орналастырылған.

Үлгілік жоспарда бухгалтерлік есеп шоттарының нөмірлері төрт таңбадан тұрады. Нөмірдің бірінші саны бөлімдерге жататындығын, екіншісі - кіші бөлімдерге жататындығын, үшіншісі - синтетикалық шоттар топтарына жататындығын көрсетеді, төртінші санды - ұйым дербес айқындайды.

Операциялар мен оқиғалардың талдамалық есебін жүргізу тәртібін дара кәсіпкер немесе заңды тұлғаның лауазымды адамдары белгілейді, олар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және құрылтай құжаттарына сәйкес дара кәсіпкердің немесе ұйымның қажеттіліктерін негізге ала отырып, ағымдағы басшылықты және істерді жүргізуді жүзеге асырады.

Үлгілік шоттар жоспарының бөлімдері

1-бөлім - «Қысқа мерзімді активтер»;

1 «Қысқа мерзімді активтер» бөлімінің шоттары ұйымның қысқа мерзімді ретінде жіктелетін активтерін есепке алуға арналған.

2-бөлім - «Ұзақ мерзімді активтер»;

2 «Ұзақ мерзімді активтер» бөлімінің шоттары ұйымның ұзақ мерзімді ретінде жіктелетін активтерін есепке алуға арналған.

3-бөлім - «Қысқа мерзімді міндеттемелер»;

3 «Қысқа мерзімді міндеттемелер» бөлімінің шоттары ұйымның қысқа мерзімді ретінде жіктелетін міндеттемелерін есепке алуға арналған.

4-бөлім - «Ұзақ мерзімді міндеттемелер»;

4 «Ұзақ мерзімді міндеттемелер» бөлімінің шоттары ұйымның ұзақ мерзімді ретінде жіктелетін міндеттемелерін есепке алуға арналған.

5-бөлім - «Капитал және резервтер»;

5 «Капитал және резервтер» бөлімінің шоттары капитал мен резервтерді есепке алуға арналған.

6-бөлім - «Кірістер»;

6 «Кірістер» бөлімінің шоттары кірістерді есепке алуға арналған.

7-бөлім - «Шығыстар»;

7 «Шығыстар» бөлімінің шоттары шығыстарды есепке алуға арналған.

8-бөлім - «Өндірістік есепке алу шоттары».

8 «Өндірістік есепке алу шоттары» бөлімінің шоттары ұйымның өнім өндіруге және қызмет көрсетуге арналған шығындарын есепке алуға арналған. Осы бөлімнің шоттарында шығындарды олардың пайда болу орындары және басқа да белгілері бойынша топтастыру, сондай-ақ дайын өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау жүзеге асырылады.

Шоттардың болжалды корреспонденциясы