Камералдық бақылау - салық төлеушінің (салық агентінің) қызметі туралы салық нысандарын, сондай-ақ басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу және талдау негізінде салық органы жүзеге асыратын іс-шара.

Камералдық бақылаудың мақсаты салық төлеушіге (салық агентіне) салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есептеу жөніндегі салық міндеттемелерін дербес орындау құқығын беру болып табылады.


2026 жылғы 1 қаңтардан бастап камералдық бақылау

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі камералдық бақылау


2026 жылғы 1 қаңтардан бастап камералдық бақылау

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Салық реформасы шеңберінде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін өзгерістер камералдық бақылауға қатысты болды.

2026 жылдан бастап бұзушылықтар мен құжат айналымын жіктеу тәртібі өзгертілді.

Салықтық әкімшілендіруді реформалау шеңберінде:

  • Камералдық бақылау тек салықтық есептіліктен ғана емес, кез келген көздерден алынған деректерге қолданылады.
  • Есептілікті тапсыру мерзімі аяқталғаннан кейін жүргізіледі және талап қоюдың барлық мерзімін қамтиды.
  • Ескертулер мен хабарламалардың бұрынғы форматтарын алмастыратын алшақтықтар туралы бірыңғай хабарлама енгізіледі.
  • Сондай-ақ осындай алшақтықтардың қорытындылары бойынша салықтық тексеру жүргізу мүмкіндігін қоса алғанда, мерзімдерін тоқтата тұру, түсініктеме беру және шағымдану тәртібіне өзгерістер енгізу көзделген.

Салық төлеушіні хабардар етудің жаңа тетігі қолданылады: деңгейлес мониторингтегі салық төлеушілер үшін хабарлама көзделмеген. 

Алшақтықтар анықталған кезде камералдық бақылау сақталады. Хабарламаны алған кәсіпкер оған 30 жұмыс күні ішінде жауап беруі тиіс.

Егер реакция болмаса, салық органдары шығыс операцияларына шектеу қояды және ЭШФ жазып беруді тоқтатады. Егер түсініктемелер ұсынылса, онда салық органдары оларды зерделейді және салықтық тексеру жүргізу қажеттігі туралы шешім қабылдайды.


Камералдық бақылау жүргізу

Камералдық бақылау жүргізу мерзімі

Бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау

Салық төлеушінің хабарламаға түсінігі

Хабарлама орындалмаған кездегі іс-әрекеттер


Камералдық бақылау жүргізу

Камералдық бақылау:

1) салық органдарында, оның ішінде салықтық нысандарда бар мәліметтерде;

2) өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерінде;

3) әртүрлі ақпарат көздерінен алынған салық төлеушінің (салық агентінің) қызметі туралы мәліметтерде қамтылатын деректерді салыстыру арқылы жүргізіледі.

Камералдық бақылау жүргізу мерзімі

ҚР СК 137-бабына сәйкес камералдық бақылауды салық органы Салық кодексінде белгіленген салықтық есептілікті ұсыну мерзімі өткеннен кейін тиісті салықтық кезең үшін жүргізеді.

Салықтық кезеңдегі камералдық бақылау осындай кезең бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде жүргізіледі.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша алшақтықтар анықталған кезде, деңгейлес мониторингке қатысушыны қоспағанда, салық төлеушіге (салық агентіне) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған алшақтықтар туралы хабарлама (бұдан әрі осы баптың мақсатында – хабарлама) ұсынылады.

Бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау

Мыналар хабарламаның орындалуы деп танылады:

1) хабарламада көрсетілген алшақтықтармен келіскен жағдайда – салық төлеушінің (салық агентінің) анықталған бұзушылықтарын:

  • алшақтықтар анықталған салықтық кезең үшін хабарлама бойынша салықтық есептілікті ұсыну;
  • қосылған құн салығын қайтару туралы салық төлеушінің (салық агентінің) талабы бойынша бюджеттен бұрын қайтарылған қосылған құн салығының сомасын, сондай-ақ осындай сомаларды салық төлеушіге (салық агентіне) аудару күнінен бастап төлеу күніне дейінгі әрбір күн үшін өсімпұлды бюджетке төлеу;
  • өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін – арнаулы мобильді қосымшада деректерді көрсету және (немесе) салық пен әлеуметтік төлемдерді төлеу;
  • тиісті салық режиміне көшу мақсатында ҚР СК 716-бабында көзделген әрекеттерді жасау;

2) хабарламада көрсетілген алшақтықтармен келіспеген жағдайда салық төлеушінің (салық агентінің) хабарламаны ұсынған салық органына ҚР салық заңнамасының бұзылуына алып келмейтін алшақтықтардың себептері туралы түсінік (бұдан әрі осы баптың мақсатында – түсінік) ұсынуы.

Хабарламада көрсетілген алшақтықтардың бір бөлігімен келіскен жағдайда, салық төлеушінің (салық агентінің) алшақтықтарды анықталған бөлігінде жоюы және қалған бөлікте алшақтықтардың жоқтығы жөнінде түсінікті ұсынуы хабарламаның орындалуы деп танылады.

Салық төлеушінің хабарламаға түсінігі

Салық төлеушінің (салық агентінің) түсінігінде:

      1) салық төлеушінің (салық агентінің) және хабарламаны ұсынған салық органының сәйкестендіру деректері;

      2) түсінік ұсынылатын хабарламаның күні мен нөмірі;

      3) хабарламада көрсетілген алшақтықтармен келіспеу себептері;

      4) күні, қолтаңбасы;

      5) хабарламамен келіспеудің негізділігін растайтын құжаттардың тізбесі (бар болса) қамтылуға тиіс.

     Салық органдарының хабарламаны орындау үшін құжаттарды талап етіп алдыруына тыйым салынады.

КТС есептеу кезінде шығыстарды шегерімге жатқызу және мыналар:

1) жазып берілуі бойынша әрекетті (әрекеттерді) заңды күшіне енген сот актісімен немесе қылмыстық қудалау органының сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ақталмайтын негіздер бойынша тоқтату туралы қаулысымен жеке кәсіпкерлік субъектісі іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасаған (жасалған) деп танылған шот-фактураның және (немесе) өзге құжаттың негізінде;

2) заңды күшіне енген сот актісі негізінде жарамсыз деп танылған мәмілелер бойынша;

3) заңды күшіне енген сот актісінде белгіленген, басшысының және (немесе) құрылтайшысының (қатысушысының) мұндай заңды тұлғаны тіркеуге (қайта тіркеуге) және (немесе) оның қаржылық-шаруашылық қызметін жүзеге асыруға қатысы жоқ салық төлеушімен іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасалған операциялар бойынша;

4) заңды күшіне енген сот актісі негізінде тіркелуі (қайта тіркелуі) жарамсыз деп танылған заңды тұлғалармен және (немесе) дара кәсіпкерлермен жасалған мәмілелер (операциялар) бойынша сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша ҚҚС сомасын есепке жатқызу кезінде хабарламаға түсінік беруге тыйым салынады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің күші салық төлеушінің (салық агентінің) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді іс жүзінде сатып алуын (алуын) сот белгілеген мәмілелерге (операцияларға) қолданылмайды.

Хабарламаны орындау мерзімі ҚР СК 137-бабының 6-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді іс жүзінде сатып алуды (алуды) растау бойынша сотқа шағым берген кезде тоқтатыла тұрады.

Шағымды іс жүргізуге қабылдау туралы сот актісінің көшірмесін салық төлеуші (салық агенті) хабарламаны ұсынған салық органына ұсынады.

Бұл ретте тоқтата тұру осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген сот актісі шығарылған күннен бастап ол заңды күшіне енгенге дейінгі кезеңге қолданылады.

Салықтық тексеру жүргізілген кезеңде салық төлеушіге (салық агентіне) тексерілетін кезеңге хабарлама берілмейді, бұл ретте камералдық бақылау нәтижелері жүргізілетін салықтық тексеру барысында пайдалануға жатады.

Хабарлама орындалмаған кездегі іс-әрекеттер

Хабарламаны орындамаған кезде:

1) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компанияның интернет-ресурстарына және (немесе) интернет-алаңына қолжетімділік шектеледі;

2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операциялары хабарламаны орындау мерзімі өткен күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде тоқтатыла тұрады;

3) салық төлеушінің электрондық шот-фактураларын жазып беру хабарламаны орындау мерзімі өткен күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде тоқтатыла тұрады.

Қамтамасыз ету тәсілдері Салық кодексінің 5-тарауының 4-параграфында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қолданылады.

Салық органы түсінікте баяндалған себептердің анықтығын растау үшін немесе хабарлама Салық кодексінде белгіленген мерзімде орындалмаған кезде камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған алшақтықтар бойынша салықтық тексеру жүргізуге құқылы.

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі камералдық бақылау

Камералдық бақылау - бұл салық төлеушi (салық агенті) ұсынған салықтық есептілікті, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу және талдау негiзiнде салық органдары жүзеге асыратын бақылау. (ҚР Салық кодексінің 94-бабы)

Камералдық бақылау тәуекелдерді басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Камералдық бақылаудың мақсаты

Камералдық бақылау жүргізудің тәртібі мен мерзімдері

Камералдық бақылау нәтижелері

Бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау

Салық төлеушінің шешімге шағымдануы

Бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағым беру

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген өзгерістер

Камералдық бақылаудың мақсаты

Салық органдарында тіркеу есебіне қою және (немесе) осы Кодекстің 96-бабына сәйкес салықтық есептілікті ұсыну және (немесе) салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді төлеу арқылы салық органдары камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды салық төлеушіге дербес жою құқығын беру камералдық бақылаудың мақсаты болып табылады.

Камералдық бақылау жүргізу тәртібі мен мерзімдері:

ҚР СК 95-бабына сәйкес камералдық бақылау салық органдарында бар мынадай деректерді:

1) салықтық есептілікті;
2)
өзге де мемлекеттік органдардың салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерін;
3)
салық төлеушінің қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді;
4)
осы Кодексте белгіленген өзге де есептілікті салыстыру арқылы жүргізіледі.

2. Камералдық бақылау шот-фактуралар электрондық нысанда жазып берілгеннен кейін және (немесе) осы Кодексте белгіленген осындай кезең үшін салықтық есептілікті ұсыну мерзімі өткеннен кейін тиісті салық кезеңі үшін жүргізіледі.

Камералдық бақылау осы Кодекстің 48-бабында белгіленген ережелер ескеріле отырып, талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде жүзеге асырылады.

 Камералдық бақылау нәтижелері

ҚР СК 96-бабында белгіленгендей камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда:

  • тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтар бойынша – анықталған бұзушылықтардың сипаттамасы және олардың тәуекел дәрежесі қоса беріле отырып, камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама ресімделеді.

Бұл ретте тауарларды өткізу, жұмыстар мен қызметтер көрсету бойынша нақты айналым жасауды белгілеу мақсатында электрондық нысанда шот-фактуралар жазып берілгеннен кейін жүргізілген камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтар болып табылады;

  • тәуекел дәрежесі орташа бұзушылықтар бойынша – анықталған бұзушылықтардың сипаттамасы және олардың тәуекел дәрежесі қоса беріле отырып, камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама;
  • тәуекел дәрежесі төмен бұзушылықтар бойынша – анықталған бұзушылықтардың сипаттамасы және олардың тәуекел дәрежесі қоса беріле отырып, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабархат ресімделеді.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабархат салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық есептілікте бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мәлімет үшін жіберіледі.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабархаттың нысанын уәкілетті орган белгілейді.

 Бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды салық төлеуші (салық агенті) ол тапсырылған (алынған) күннен кейінгі күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Мыналар:
1)
хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда – салық төлеушінің (салық агентінің) анықталған бұзушылықтарды:

  • салық органдарында тіркеу есебіне қою;
  • анықталған бұзушылықтар жататын салықтық кезең үшін хабарлама бойынша салықтық есептілікті ұсыну;
  • салық төлеушінің қосылған құн салығын қайтару туралы талабы бойынша бұрын бюджеттен қайтарылған қосылған құн салығының сомасын бюджетке төлеу, сондай-ақ салық төлеушіге осындай сомалар аударылған күннен бастап әрбір күн үшін осы Кодекстің 104-бабының 4-тармағында көрсетілген мөлшерде өсімпұл төлеу;
  • Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен электрондық нысанда жазып берілген шот-фактураларды кері қайтарып алу, түзету немесе толықтыру арқылы жоюы;

2) хабарламада көрсетілген тәуекел дәрежесі орташа бұзушылықтармен келіспеген жағдайда - салық төлеушінің (салық агентінің) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органына бұзушылықтардың жоқтығы туралы түсінікті қағаз немесе электрондық жеткізгіште ҚР СК 96-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, салық және (немесе) бухгалтерлік есеп (есеп) тіркелімдерінен үзінді көшірмелерді және (немесе) көрсетілген бұзушылықтарға жататын, салық есептілігіне енгізілген деректердің дұрыстығын растайтын құжаттарды қоса бере отырып ұсынуы.

3) хабарламада көрсетілген тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтармен келіспеген жағдайда - салық төлеушінің (салық агентінің) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органына хабарламада көрсетілген операцияларды (мәмілелерді) жүзеге асыру жөніндегі құжаттармен расталған мән-жайларды көрсете отырып, түсінікті қағаз немесе электрондық жеткізгіште ұсынуы салық төлеушінің (салық агентінің) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауы болып танылады.

Түсініктерде:

  • салық төлеушінің (салық агентінің) түсінікке қол қойған күні;
  • түсінікті ұсынған тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) не толық атауы, оның тұрғылықты жері (тұрған жері);
  • салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі;
  • камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органының атауы;
  • түсінік ұсынылатын хабарламаның нөмірі мен күні;
  • ҚР СК 96-бабы 2-тармағының екінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көзделген түсінікті ұсынған кезде адамның келіспеу мән-жайлары бұзушылықтарда көрсетілген операцияларды (мәмілелерді) жүзеге асыру фактісін растайтын құжаттардың көшірмелерін міндетті түрде қоса бере отырып көрсетілуге тиіс.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау шеңберінде хабарламада сипатталған бұзушылықтарға жатпайтын құжаттарды талап етіп алдыруға жол берілмейді.

Салық төлеуші ҚР СК 96-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген түсінікті камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған мынадай:

1) мыналар:

  • жазып берілуі бойынша әрекетті (әрекеттерді) заңды күшіне енген сот актісімен немесе қылмыстық қудалау органының сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ақталмайтын негіздер бойынша тоқтату туралы қаулысымен жеке кәсіпкерлік субъектісі іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасаған (жасалған) деп танылған шот-фактураның және (немесе) өзге құжаттың негізінде;
  • заңды күшіне енген сот шешімің негізінде жарамсыз деп танылған мәмілелер бойынша сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шығыстарды шегерімге жатқызу және қосылған құн салығын есепке жатқызу кезіндегі;

2) заңды күшіне енген сот шешімінде белгіленген, басшысының және (немесе) құрылтайшысының (қатысушысының) мұндай заңды тұлғаны тіркеуге (қайта тіркеуге) және (немесе) оның қаржылық-шаруашылық қызметін жүзеге асыруға қатысы жоқ салық төлеушімен іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасалған операциялар бойынша корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шығыстарды шегерімге жатқызу кезіндегі;

3) мыналар:

  • заңды күшіне енген сот шешімі негізінде тіркелуі жарамсыз деп танылған заңды тұлғалармен және (немесе) дара кәсіпкерлермен жасалған мәмілелер (операциялар) бойынша;
  • заңды күшіне енген сот шешімі негізінде қайта тіркелуі жарамсыз деп танылған заңды тұлғалармен жасалған мәмілелер (операциялар) бойынша сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызу кезіндегі бұзушылықтар бойынша ұсынуға құқылы емес.

Хабарлама орындалмаған деп танылған жағдайда салық органы камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде орындалмаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны тану туралы шешім шығарады және оны салық төлеушіге мынадай тәсілдердің бірімен жібереді:
1) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен;
2) электрондық тәсілмен веб-қосымшаға немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне;
3) оны салық төлеушіге қол қойғызып тапсырады.

Бұл ретте камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешім салық төлеушіге (салық агентіне) мынадай тәсілдердің бірімен:
1)
хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы – салық төлеуші (салық агенті) пошта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасында белгі қойған күннен бастап жіберіледі. Бұл ретте мұндай шешімді пошта немесе өзге байланыс ұйымы пошта немесе өзге байланыс ұйымының қабылдағаны туралы белгі қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жеткізуге тиіс;

2) электрондық тәсілмен:

  • салық органы шешімді веб-қосымшаға жеткізген күннен бастап жіберіледі.

Бұл әдіс Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес салық органдарымен электрондық тәсілмен өзара іс-қимыл жасайтын салық төлеушіге қолданылады;

  • шешім пайдаланушының «электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинетіне жеткізілген күннен бастап жіберіледі.

Бұл әдіс "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген салық төлеушіге қолданылады;

3) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы - оны өзі келу тәртібімен алған күннен бастап жіберіледі (ҚР СК 96-бабының 4-тармағы).

Салық төлеушінің шешімге шағымдануы

Осы баптың 4-тармағында көрсетілген шешім табыс етілген (алынған) күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық төлеушінің (салық агентінің) оған жоғары тұрған салық органына және (немесе) уәкілетті органға немесе сотқа шағым жасауы жүргізіледі .
Бұл ретте салық төлеуші (салық агенті) шағымның көшірмесін осы баптың 4-тармағында көрсетілген шешімді жіберген салық органына жіберуге тиіс.
4-2.
Осы баптың 4-1-тармағында белгіленген мерзім дәлелді себеппен өткізіп алынған жағдайда, шағымды қарайтын салық органы және (немесе) уәкілетті орган бұл мерзімді шағым беретін салық төлеушінің (салық агентінің) өтінішхаты бойынша қалпына келтіреді.
Бұл ретте салық төлеуші (салық агенті) шағым берудің өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхатқа осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген адамдардың еңбекке уақытша қабілетсіздігін растайтын құжатты және осындай салық төлеушінің (салық агентінің) ұйымдық құрылымын белгілейтін құжатты қоса беруге тиіс.
4-3
. Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру ол осы баптың 4-тармағында көрсетілген шешімге шағым берген кезде:
1)
жоғары тұрған салық органы және (немесе) уәкілетті орган шағымды қабылдаған күннен бастап – жоғары тұрған салық органының және (немесе) уәкілетті органның жазбаша шешімі шығарылғанға дейін;
2)
сот шағымды (өтінішті) іс жүргізуге қабылдаған күннен бастап – сот актісі заңды күшіне енгенге дейін жүзеге асырылмайды.

Бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағым беру

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға жоғары тұрған салық органына және (немесе) уәкілетті органға немесе сотқа шағым берілген кезде камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімінің өтуі:
1)
жоғары тұрған салық органы және (немесе) уәкілетті орган шағымды қабылдаған күннен бастап – жоғары тұрған салық органының және (немесе) уәкілетті органның жазбаша шешімі шығарылғанға дейін;
2)
сот шағымды (өтінішті) іс жүргізуге қабылдаған күннен бастапсот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.

Бұл ретте, камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған, осы баптың 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберу бойынша салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) сотқа шағым берілген жағдайларда, салық төлеуші заңды күшіне енген сот шешімі негізінде тіркелуі (қайта тіркелуі) жарамсыз деп танылған заңды тұлғадан және (немесе) дара кәсіпкерден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді іс жүзінде алғанын дәлелдеуге құқылы.

ҚР СК 96-бабының 6-тармағына сәйкес егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімде орындалмауы осы Кодекстің 118-бабына сәйкес салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға алып келеді.

Осы Кодекстің 59-бабының 6-тармағына және 66-бабының 7-тармағына сәйкес жүргізілетін камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қорытынды жасайды. Бұл ретте осы тармақта көрсетілген қорытындыны жасау күні камералдық бақылаудың аяқталған күні болып табылады.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген өзгерістер

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексінде электрондық шот-фактураларды қолдану арқылы камералдық бақылау енгізілді.

Салық кодексінің 96-бабының ережелеріне сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша (ЭШФ жазып бергеннен кейін) анықталған бұзушылықтар нақты айналым жасауды анықтау мақсатында тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтарға жатады.

Тәуекел дәрежесі орташа бұзушылықтар бойынша хабарлама ресімделеді (хабархат болды).

Тәуекел дәрежесі төмен бұзушылықтар бойынша хабархат ресімделеді.

Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда салық төлеуші оларды ЭШФ кері қайтарып алу, түзету немесе толықтыру жолымен жояды.

Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда салық төлеушінің іс-әрекеті олардың тәуекел дәрежесіне байланысты болады (тәуекелдің орташа және жоғары дәрежесі бар бұзушылықтар үшін жеке жазылған).

01.01.2023 жылдан бастап тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтар кезінде хабарламаны орындамау ЭШФ жазып беруді шектеуге әкеп соғады.

01.01.2023 жылдан бастап ЭШФ жазып беруді шектеу бойынша Салық кодексінің жаңа 120-1-бабы қолданылады.

Шектеу тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтар кезінде (хабарлама орындалмаған жағдайда) белгіленеді.

Шектеу хабарлама орындалмаған күннен кейінгі күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде қойылады.

Шектеуді алып тастау - хабарлама орындалған күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде.

2023 жылдан бастап салық төлеушілерге камералдық бақылау нәтижелері бойынша ЭШФ жазып беру бұғатталады.

Салық кодексінің 118-бабының 1-тармағының 7-тармақшасына сәйкес банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру шаралары хабарламаға жауап бермеген және/немесе тәуекелдерді басқару жүйесін талдау және қолдану үшін қажетті құжаттардың базалық тізбесін ұсынбаған салық төлеушілерге қатысты ғана қолданылатын болады.

«Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы