912.00-нысан - «Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация».

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 912.00-нысан

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі 912.00-нысан

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 912.00-нысан

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Салық реформасы шеңберінде арнаулы салық режимдерін айтарлықтай оңтайландыру жүргізілді.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексінде үш арнаулы салық режимін қолдану көзделген:

Мынадай арнаулы салық режимдерінің күші жойылды:

  • бөлшек салықтың АСР;
  • патент негізінде АСР;
  • мобильді қосымша пайдаланылатын АСР;
  • тіркелген шегерім пайдаланылатын АСР;

Осылайша, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 912.00 нысаны - «Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация» жойылды, өйткені мұндай салық режимі жоқ.

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі 912.00-нысан

СЕН 912.00 - «Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация (912.00-нысан)».

Декларацияны дара кәсіпкерлер және резидент заңды тұлғалар жасайды.

912.00-нысандағы Декларацияға қосымшалар

Есеп-қисап

Есептілік

Төлеу мерзімі

912.00-нысандағы Декларацияға қосымшалар

Декларация декларацияның өзінен (912.00-нысан), салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (912.01-ден 912.02-ге дейінгі нысандар) тұрады.

912.01-нысандағы қосымша - Сатылған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын салық төлеушілердің шығыстары. Осы нысанды қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын тұлғалар толтырады. Нысанда сатып алынған тауарлар бойынша мәліметтер көрсетіледі.

912.02-нысандағы қосымша Бөлек есеп жүргізу көзделген қызмет түрлері бойынша корпоративтік табыс салығын есептеу бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы (912.02-нысан). Осы нысан Салық кодексінің 313-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес оларға қатысты әртүрлі мөлшерлемелер көзделген қызмет түрлері бойынша КТС есептеу бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты көрсетуге арналған.

Осы нысанды толтыру:
1) қызмет түрлерінің әрбір белгісі бойынша жеке;
2) сенімгерлікпен басқару шарты бойынша және сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының салық міндеттемесі бойынша - сенімгерлікпен басқарушыға КТС бойынша салық есептілігін есептеу, төлеу және ұсыну бойынша міндеттемелер жүктелген сенімгерлікпен басқару шарты бойынша қызметті жүзеге асырған жағдайда жүзеге асырылады.
Бұл ретте салық төлеуші 912.02-нысанның екі данасынан артық толтырмайды.

912.00-нысандағы декларацияны дара кәсіпкерлер және резидент заңды тұлғалар жасайды.

Есеп-қисап

Табыс салығы рұқсат етілген шегерімдер сомасына азайтылған түзетулерді ескере отырып, салық салынатын кіріске мөлшерлемені қолдану жолымен есептеледі.

Табыс салығы - компаниялар (ЖШС, ҚЖС, АҚ және т.б.) және ДК алған кірістен төлейтін салық.

ЖТС және КТС мөлшерлемелері:

  • 10% - дара кәсіпкерлер үшін;
  • 20% - заңды тұлғалар үшін.

ЖТС - жеке тұлғалар (оның ішінде ДК) төлейтін жеке табыс салығы.

КТС - заңды тұлғалар төлейтін корпоративтік табыс салығы.

Есептілік

Күнтізбелік жыл тіркелген шегерімді пайдалана отырып, арнаулы салық режимін қолдану үшін салықтық кезең болып табылады.

Есептi кезеңнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей тiркелген шегерiм пайдаланылатын АСР қолданатын салық төлеушiлер үшiн декларацияны (СЕН 912.00) тапсыру қажет (ҚР СК 696-бап).

Төлеу мерзімі

912.00-нысандағы тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларацияда көрсетілген салықтарды бюджетке төлеу осы баптың 1-тармағында декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде салық кезеңінің қорытындылары бойынша жүргізіледі.

Табыс салығын есепті кезеңнен кейін 10 сәуірден кешіктірмей төлеу қажет.

ҚР СК 693-бабына сәйкес тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші салық салынатын кірісті айқындау кезінде шегерімге жатқызылатын шығыстар сомасына осы Кодекстің 691-бабының 4-тармағында көзделген түзетулерді ескере отырып айқындалған кіріс сомасының 30 пайызынан аспайтын мөлшердегі тіркелген шегерім сомасын қосуға құқылы.
Бұл ретте осы баптың бірінші бөлігінің ережелерін қолданған жағдайда тіркелген шегерімді қоса алғанда, шегерімге жатқызылатын шығыстардың жалпы сомасы осы Кодекстің 691-бабының 4-тармағында көзделген түзетулер ескеріле отырып, кіріс сомасының 70 пайызынан аспауға тиіс.

«Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация (912.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары