Жер қойнауын пайдаланушы салықтық міндеттемені орындау есебіне заттай нысанда берген пайдалы қазбалардың экспортқа өткізілетін және мемлекет атынан алушы немесе осындай өткізуге мемлекет атынан алушы уәкілеттік берген тұлға өткізетін көлемдерді қоспағанда, экспортқа өткізілетін шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің көлемі экспортқа рента салығын салу объектісі болып табылады. (Салық кодексінің 747-бабы)

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап рента салығы

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі рента салығы

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап рента салығы

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салықтық есептілік 30%-ға қысқарды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 695 бұйрығымен олардың жасалуы бойынша түсіндірмемен салықтық есептілік нысандары және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап оларды ұсыну қағидалары бекітілді. Салық есептілігі нысандарының тізбесінде Экспортқа рента салығы бойынша декларация (570.00-нысан) жоқ.

Осылайша, 2026 жылға Экспортқа рента салығы бойынша декларация (570.00-нысан) тапсырылмайды. Экспортқа рента салығын есептеу бойынша көрсеткіштер СЕН 590.00 Кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндіру салығы, экспортқа рента салығы, қатты пайдалы қазбаларға тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем және роялти бойынша декларацияға жеке қосымшаға енгізілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 19 қарашадағы № 979 қаулысымен 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Міндеттемелерді заттай нысанда орындау қағидалары бекітілді

Құжатқа сәйкес Қағидалар жер қойнауын пайдаланушы:

  • Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесі;
  • роялти;
  • экспортқа салынатын рента салығы;
  • пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салықтық міндеттемені орындау есебіне заттай нысанда беретін пайдалы қазбаның, оның ішінде есептеу, өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар) бойынша коммерциялық өндіру басталған күннен бастап өндірілген пайдалы қазбаның көлемін айқындау, оны ақшалай мәнде есептеу, сондай-ақ оны сату тәртібін белгілейді.

Қазақстан Республикасының үлесi мен роялти есебiне берiлетiн пайдалы қазбалардың көлемi өнiмдi бөлу туралы келiсiмдердiң (келiсiмшарттардың) және жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттардың талаптарына сәйкес айқындалады. Ақшалай көрiнiс көлем мен шартты бағаның көбейтiндiсi ретiнде есептеледi. Шартты баға не келісімшарттар әдістемесі бойынша, не, ол болмаған кезде:

  • мұнай бойынша - белгіленген кезеңдегі орташа баға белгілеу бойынша;
  • күкірт бойынша - трансферттік баға белгілеу туралы заңнамада көзделген орташа айлық бағалар негізінде анықталады.

Мемлекет атынан алушы тиісті салық кезеңі үшін пайдалы қазбалардың барлық көлемін алуды қамтамасыз етуге міндетті. Толық қабылданбаған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттік кірістер органдарына хабарлайды, олар алушының түсініктемесін сұратады.

Заттай нысанда алынған пайдалы қазбаларды сату қабылдау туралы құжатқа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 90 күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады. Сатып алушыны таңдау, газды ұлттық операторға өткізу жағдайларын қоспағанда, конкурстық негізде жүргізіледі. Өткізу бағасы трансферттік баға белгілеу туралы заңнамаға сәйкес келуге тиіс.

Бір бірлікке өткізу бағасын есептеу белгіленген формула бойынша жүргізіледі. Сатуға жататын көлем шығындарды - нормаланған, авариялық, форс-мажорлық, сәйкестендірілмейтін, сондай-ақ құбырды толтыру үшін қажетті технологиялық мұнайды шегере отырып айқындалады.

Сатудан түсетін ақша коммерциялық мақсатта пайдалануға жол берілмейді. Бюджетке түскен ақша мен мемлекет немесе агент атынан тасымалдаумен, сақтаумен және сатумен байланысты алушының шығыстары арасындағы айырма ретінде есептелетін сома аударылады.

Қағидалар тасымалдау, сақтандыру, тиеу-түсіру операциялары, терминалдар қызметтері, банк комиссиялары, сервистік келісімдер бойынша шығыстар, Каспий құбыры сапасының банкі бойынша төлемдер, салықтық және кедендік төлемдер және басқаларды ескеруге болатын шығыстардың тізбесін егжей-тегжейлі белгілейді.

Экспортқа рента салығы мен ПҚӨС мақсаттары үшін пайдалы қазба бірлігінің бағасы өткізудің орташа өлшенген бағасын, орташа өлшенген көлік шығыстарын және рента салығының мөлшерлемесін қамтитын формула бойынша есептеледі.

Пайдалы қазбалардың көлемін айқындау:

  • рента салығы үшін - салық сомасының сағадағы есеп айырысу бағасына қатынасы ретінде;

Рента салығын төлеушілер

Экспортқа рента салығын салу объектісі

Салықтық кезең

Төлеу мерзімдері

Салықтық есептілік

Рента салығын төлеушілер

Шикі мұнай мен шикі мұнай өнімдерін экспортқа өткізетін жеке және заңды тұлғалар экспортқа рента салығын төлеушілер болып табылады, бұған:

  • ҚР СК 755-бабының 1-тармағында көрсетілген келісімшарттар шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылар;
  • көмірсутектер бойынша пайдалы қазбаларды өндіру салығын немесе жер қойнауын пайдалануға баламалы салық төлеушілер болып табылатын жер қойнауын пайдаланушылар өндірген шикі мұнай мен газ конденсаты экспортының көлемдері кірмейді.

Шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері деп ЕАЭО-ның Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 270900 қосалқы позициясында сыныпталатын тауарлар танылады.

Экспортқа рента салығын салу объектісі

Жер қойнауын пайдаланушы салықтық міндеттемені орындау есебіне заттай нысанда берген пайдалы қазбалардың экспортқа өткізілетін және мемлекет атынан алушы немесе осындай өткізуге мемлекет атынан алушы уәкілеттік берген тұлға өткізетін көлемдерді қоспағанда, экспортқа өткізілетін шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің көлемі экспортқа рента салығын салу объектісі болып табылады.

Экспорт деп:

1) Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ның кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімінде жүзеге асырылатын тауарларды әкету;

2) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына әкету;

3) Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағына қайта өңдеу үшін бұрын әкетілген алыс-берiс шикiзатының қайта өңдеу өнімдерін ЕАЭО мүше басқа мемлекеттің аумағында өткізу түсініледі.

Экспортқа рента салығын есептеу үшін шикi мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің көлемi мынадай тәртіппен:

  • шикi мұнайды және шикі мұнай өнімдерін ЕАЭО-ның кедендік аумағы шегінен тысқары жерге экспортқа өткізу кезінде – кедендік баждардың, алынуы кеден органдарына жүктелген өзге де төлемдердің сомаларын есептеу үшін не ЕАЭО-ның кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес өзге де кедендік мақсаттарда пайдаланылатын, тауарлардың толық декларациясының 35-бағанында көрсетілген шикi мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің көлемі ретінде;
  • шикi мұнайды және шикі мұнай өнімдерін ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына экспортқа өткізу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында осындай шикi мұнайды және шикі мұнай өнімдерін экспортқа берудің экспорттық маршрутының басында көлік ұйымының тауарларды қабылдау-тапсыру актісінде көрсетілген шикi мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің көлемі ретінде айқындалады.

Салықтық кезең

Экспортқа рента салығы бойынша салықтық кезең күнтiзбелiк тоқсан болып табылады.

Егер тауарларға уақытша және толық кедендік декларацияларды ресімдеу күндері әртүрлі салықтық кезеңдерге тура келсе, онда экспортқа рента салығын төлеу бойынша міндеттемелер тауарларға уақытша және толық декларацияларда көрсетілген, ЕАЭО-ның кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі шеңберінде шикі мұнайды және шикі мұнай өнімдерін беру жүзеге асырылатын уақыт кезеңіне тура келетін салықтық кезеңде туындайды.

Төлеу мерзімдері

Салық төлеуші бюджетке салықтың есептелген сомасын салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірмей төлеуге міндетті.

Салық есептілігі

Кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндіру салығы, экспортқа рента салығы, қатты пайдалы қазбаларға тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем және роялти бойынша декларация (590.00-нысан) пайдалы қазбаларды өндіру салығын (бұдан әрі - ПҚӨС) есептеуге арналған.

Декларацияны әрбір жасалған жеке келісімшарт/жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия шеңберінде техногендік минералдық түзілімдерден пайдалы қазбаларды алуды қоса алғанда, мұнайды, минералдық шикізатты, жерасты сулары мен емдік балшықты өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар жасайды. 

Экспортқа рента салығы бойынша декларация салық төлеушінің тұрған жеріндегі салық органына салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей тапсырылады.

  • 1-тоқсан - 15 мамырдан кешіктірмей,
  • 2-тоқсан - 15 тамыздан кешіктірмей,
  • 3-тоқсан - 15 қарашадан кешіктірмей,
  • 4-тоқсан - 15 ақпаннан кешіктірмей.

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі рента салығы

Жер қойнауын пайдаланушы салықтық міндеттемені орындау есебіне заттай нысанда берген пайдалы қазбалардың экспортқа өткізілетін және мемлекет атынан алушы немесе осындай өткізуге мемлекет атынан алушы уәкілеттік берген тұлға өткізетін көлемдерді қоспағанда, экспортқа өткізілетін шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің көлемі экспортқа рента салығын салу объектісі болып табылады. (ҚР Салық кодексінің 714-бабы)

Экспорт деп:
1)
Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімінде жүзеге асырылатын тауарларды әкету;
2)
тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына әкету;
3)
Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағына қайта өңдеу үшін бұрын әкетілген алыс-берiс шикiзатының қайта өңдеу өнімдерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағында өткізу түсініледі.

Рента салығын төлеушілер

Рента салығының мөлшерлемелері

Салық кезеңі

Төлеу мерзімдері

Салықтық есептілік

Рента салығын төлеушілер

ҚР СК 713-бабына сәйкес - шикі мұнай мен шикі мұнай өнімдерін экспортқа өткізетін жеке және заңды тұлғалар экспортқа рента салығын төлеушілер болып табылады, бұған:

  • ҚР Салық кодексінің 722-бабының 1-тармағында көрсетілген келісімшарттар шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылар;
  • жер қойнауын пайдалануға баламалы салық төлеушілер болып табылатын жер қойнауын пайдаланушылар өндірген шикі мұнай мен газ конденсаты экспортының көлемдері кірмейді.

Осы бөлімнің мақсаттары үшін шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері деп Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 2709 00 қосымша позициясында сыныпталатын тауарлар танылады.

Рента салығының мөлшерлемелері

Экспортқа рента салығының мөлшерлемелері ҚР СК 716-бабында регламенттелген.

Салық кезеңі

Экспортқа рента салығы бойынша салықтық кезең күнтізбелік тоқсан болып табылады.

Егер тауарларға уақытша және толық кедендік декларацияларды ресімдеу күндері әртүрлі салықтық кезеңдерге тура келсе, онда экспортқа рента салығын төлеу бойынша міндеттемелер тауарларға уақытша және толық декларацияларда көрсетілген, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі шеңберінде шикі мұнайды және шикі мұнай өнімдерін беру жүзеге асырылатын уақыт кезеңіне тура келетін салықтық кезеңде туындайды.

Төлеу мерзімдері

Салық төлеуші бюджетке салықтың есептелген сомасын салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірмей төлеуге міндетті. (ҚР СК 718-бабы)

Салықтық есептілік

Экспортқа рента салығы бойынша декларация салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына СЕН 570.00 салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей табыс етіледі:

1-тоқсан - 15 мамырдан кешіктірмей,
2-тоқсан - 15 тамыздан кешіктірмей,
3-тоқсан - 15 қарашадан кешіктірмей,
4-тоқсан - 15 ақпаннан кешіктірмей.

Қаржы министрінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 409 бұйрығымен «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

  • СЕН 570.00 - экспортқа рента салығын салу объектісінен көмір экспорты алынып тасталды (ҚР Салық кодексінің 713 және 714-баптары).

2022 жылы СЕН 570.00 жасау қағидаларына өзгерістердің салыстырмалы кестесі

«Экспортқа рента салығы бойынша декларация» (570.00-нысан) салық есептілігін жасау қағидалары