-
Бухгалтер сөздігі
-
А
- аванстық есеп
- аванстық төлемдер
- Азаматтығы жоқ адам
- Азаматтық
- Айлық есептік көрсеткіш
- Айлық жалақының ең төмен мөлшері
- Айлық жалақының ең төменгі мөлшері
- Айналым күні
- Айыппұл
- Айырбастау
- акциз
- Акциздік өнім
- АҚС-тан МЗЖ
- Ақша аударымы
- Ақша аударымы
- Ақша қаражаты
- Ақша қаражатының қозғалысы
- ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп
- Ақша операциялары
- Ақшалай есеп айырысулар
- Алимент
- алты күндік
- Алып қою тізбесі
- Амортизация
- Апостиль
- Арзандатылған тауар
- арнаулы мобильді қосымша
- АСР дегі шаруа қожалығы
- Аттестаттау
- Аудитор
- Аутсорсинг
- аутстаффинг
- Ауыр жұмыстар
- Ауысымдық жұмыс
- ауысымдық кесте
- АЭА
-
Ә
-
Б
- Бағалы қағаз
- Бағамдық айырма
- бажсыз сауда
- Бақылау чегі
- Бала күтімі бойынша демалыс
- Бала күтімі бойынша төлемдер
- Бала туғанда
- Баланстан тыс шоттар
- банк үзіндісі
- Банкроттық
- Бас бухгалтер
- Бас кiтап
- бастапқы құжаттардың нысандары
- Бейрезидент
- Бейрезиденттің кірісі
- Бересі
- Бизнесті бөлшектеу
- Биологиялық актив
- біліктілігі
- Бір сорттан басқа сортқа көшіру
- бірыңғай жер салығы
- БКМ
- БКМ чегі
- болашақ кезеңдердің шығыстарына
- Бос уақыт
- босқын
- бөлек есепке алу
- бөлу балансында
- Бөлшек салықтың АСР
- Бөлшек сауда
- бөлшек сауда салығы
- БСК
- БСН
- БТБА
- бухгалтер
- бухгалтерлік есеп
- Бухгалтерлік есеп тіркелімдері
- бухгалтерлік құжаттар
- Бюджеттік сыныптама коды
-
В
-
Г
-
Д
- Дактилоскопиялық тіркеу
- Дара кәсіпкер
- Дебиторлық берешек
- Декреттік
- декреттік демалыс
- Демалыс
- Демалыс ақысын есептеу
- Демалыс бойынша резерв
- Демалыс кестесі
- демалыс күндері
- Демалыс төлемдерін есептеу
- демалыс уақыты
- демалыстан кері шақыртып алу
- Деңгейлес мониторинг
- депозитарий
- Дербес деректер
- Дербес деректер
- Дивидендтер
- ДК жабу
- ДСН-код
-
Е
- ЕБМ
- Ең төменгі баға
- Ең төменгі бөлшек баға
- еңбек биржасы
- Еңбек кітапшасы
- Еңбек қауiпсiздiгi
- Еңбек мобильділігі орталығы
- Еңбек нормалары
- Еңбек өтілі
- Еңбек тәртібі
- Еңбек шартын бұзу
- Еңбекақы төлеу қоры
- Еңбекке жарамсыздық парағы
- Еңбекке сағат бойынша ақы төлеу
- Еңбекке уақытша жарамсыздық
- Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы
- Еңбекті қорғау
- Еңбекші көшіп келушілер
- Ерікті зейнетақы жарналары
- есеп құжаттамасы
- Есеп саясаты
- есепке жазу әдісі
- ЕТЖ
- ЕШЕБЖ
-
Ж
- жиынтық есебі
- жалақы
- Жалақыдан бірыңғай төлем
- Жалақысы сақталмайтын демалыс
- Жалдамалы жұмыскер
- Жалдау
- жалпыға бірдей белгіленген режим
- Жалпыға бірдей декларациялау
- Жанама әдіс
- Жанама салықтар
- Жарғылық капитал
- жарғылық капиталын ұлғайту
- Жарнама
- Жарнама қызметтері
- Жарнамалық акция
- Жастар практикасы
- ЖБР
- Жеке іс
- Жеке карточка
- Жеке көмекші
- жеке куәлігі
- жеке практикамен айналысатын адам
- Жеке шот
- Жекеше нотариус
- жеңілдетілген режим
- жер салығы
- ЖЕШ
- ЖЖМ
- ЖЖМ есептен шығару
- ЖЖМ талоны
- ЖКД
- ЖМЗЖ
- Жолдама парағы
- жоспардан тыс тексеру
- Жосықсыз өнім беруші
- ЖСН
- ЖТС
- ЖТС бойынша декларация
- Жүк алушы
- Жүк жөнелтуші
- Жүк тасымалы
- жүктілікке байланысты демалыс
- Жұмыс ауысымы
- Жұмыс істеген сағаттар
- жұмыс орны
- Жұмыс режимі
- Жұмыс уақыты
- Жұмыс уақытын есепке алу
- жұмыс уақытының балансы
- Жұмыскердің кірісі
- жұмыскерлерді жеткізу
- Жұмыссыз
- Жұмыстан шығару
- Жұмыстың жүріп-тұру сипаты
- ЖШС
- ЖШС ашу
- ЖШС жабу
-
З
-
И
-
І
-
К
- Кадр құжаттары
- Кадрлық қызметкері
- Камералдық бақылау
- Кассалық аппарат
- Кассалық кiтап
- Кассалық шығыс ордері
- Кәдеге жарату алымы
- кәмелетке толмаған
- кәсіпкерлік субъектілері
- Кедендік алымдар
- Кедендік баж
- Кедендік декларация
- Кедендік декларациялау
- Кедендік тазарту
- Кедендік төлемдер
- Кейінге қалдырылған салық
- кері импорт
- Кері экспорт
- Кесiмдi ақы төлеу
- Кету қағазы
- Кешбэк
- Кешенді тексеру
- Кірістер мен мүлік туралы декларация
- Кірістер туралы анықтама
- консалтингілік қызмет көрсету
- Консулдық алым
- Консультациялық көрсетілетін қызметтер
- Контрагент
- Корпоративтік кеш
- Корпоративтік шот
- Көлiк салығы
- Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі
- Көліктік-экспедиторлық қызметтер
- көп балалы ана
- Көп балалы отбасы
- Көшіп келуші
- Кредиторлық берешек
- Криптовалюта
- КСА
- КСМ
- КТС
- КТС бойынша шегеруге
- Навигациялық пломба
-
Қ
- Қайта қаржыландыру мөлшерлемесі
- Қайта ұйымдастыру
- Қайырымдылық көмек
- Қандас
- Қаржылық есептілік
- Қаржылық жалдау
- Қарыз
- Қарыз еңбегі
- қауіпсіздік техникасы
- Қашықтан аралас жұмыс істеу
- Қашықтан жұмыс істеу
- ҚҚС
- ҚҚС бойынша декларация
- ҚҚС бойынша есептен шығару
- ҚҚС бойынша куәлік
- ҚҚС бойынша шек
- ҚҚС қайтару
- ҚҚС төлемеуші
- ҚҚС төлеушілер
- ҚҚС түзету
- ҚҚС-нан босату
- қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы
- қолма-қол ақшасыз төлемдер
- Қоныс аударушы
- Қорларды босатуға арналған жүкқұжат
- қорларды есепке алу
- қоршаған ортаға жағымсыз әсері
- Қоса атқарылатын жұмыс
- Қосымша декларация
- қосымша демалыс
- Қосымша есептілік
- қосымша келісім
- Қосымша шот-фактура
- ҚСХҚЕС
- Құжат айналымы
- құжаттарды жою
- құжаттарды сақтау
- Құжаттық тексеру
- Құн өсімінен түсетін кіріс
- құндық балансы
- Құрбан айт
- Құрылтай құжаттары
- Құрылтайшы
- құрылымдық бөлімшесі
- Қызмет түрі
- қызметін тоқтату
- Қызметкерлерді оқыту
- қызметті қайта бастау
- Қызметті тоқтата тұру
- Қызметтік жазба
- қысқартылған жұмыс уақыты
-
Л
-
М
- Майнинг
- Маркетингтік көрсетілетін қызметтер
- Материалдық жауапты тұлға
- Материалдық көмек
- материалдық тұлға
- Мәмілелер мониторингі
- МӘМС
- МӘМСА
- МӘМСЖ
- МЕА
- Медианалық жалақы
- Медицинаға арналған салықтық шегерім
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
- мемлекеттік көрсетілетін қызмет
- мемлекеттік сатып алу
- Мемлекеттік-жекешелік әріптестік
- Мереке күні
- Мерекелер күнтізбесі
- МЗЖ
- микробизнес
- Минустық ЭШФ
- МКЗЖ
- Мобильді аударымдар
- Мобильді қосымша
- Монетарлық баптар
- Мөр
- Мөртабан
- мүгедек бала
- Мүгедектігі бар адам
- Мүлік салығы
- Мүліктік кіріс
- мүшелік жарналар
-
Н
-
О
-
Ө
-
П
-
Р
-
С
- Сақтандыру
- Сақтандыру төлемi
- Салық берешегі
- салық есептілігі нысандары
- Салық жеңiлдiктерi
- Салық режимі
- Салық салу объектісі
- Салық салынатын импорт
- Салық салынатын кіріс
- Салық тәуекелі
- салық тіркелімдерінің нысандары
- Салық төлеушіні тіркеу
- Салық төлеушінің кабинеті
- Салықтық база
- Салықтық есепке алу
- Салықтық есепке алу саясаты
- Салықтық есептілік
- Салықтық жүктеме
- Салықтық жүктеме коэффициенті
- Салықтық мөлшерлеме
- Салықтық өтініш
- Салықтық тексеру
- Салықтық тіркелім
- Салықтық шегерім
- Салықтық шегерім
- салықтық шегерімді
- сатып алу-сату
- Сәйкестендіру құралдары
- Сәйкестендіру нөмірі
- сенiмхат
- Сенімхаттар журналы
- СТ-1
- стандартты шегерім
- Статистикалық есептілік
- Субсидия
- Сынақ мерзімі
- сыртқы (көрнекі) жарнама
- Сыртқы жарнама
-
Т
- табелі
- табыс ДК
- табыс салығы
- тақырыптық тексеру
- Талап мерзiмi
- Таңбалау
- Тарату балансы
- Тарату есептілігі
- Тарифтік мөлшерлеме
- Тауар таңбасы
- тауар экспорты
- Тауар-көлiк жүкқұжаты
- Тауарға ілеспе құжаттар
- Тауардың шығарылған жері туралы сертификат
- тауарларды әкелу
- тауарларды әкету
- Тауарларды сыныптау
- Тауарлық чек
- Тәртіптік жаза
- тәуекел дәрежесі
- Тәуекел дәрежесінің критерийлері
- Тәуекелдерді басқару жүйесі
- Тәуекелдің жоғары дәрежесі
- Тәулікақы
- Тендер
- ТІЖ
- ТІЖ растау
- Тіркелген активтер
- ТҚЖБ
- ТМҚ
- ТМҚ есептен шығару
- Толық емес жұмыс күні
- Төлем белгілеу коды
- Төлем көзіндегі ЖТС
- Төлем көзіндегі КТС
- Төлем көзінен кірістерге
- Түгендеу
- түзетілген ЭШФ
- тұруына ықтиярхат
- Тынығу уақыты
-
У
-
Ү
-
Ұ
-
Ф
-
Х
-
Ц
-
Ш
-
Э
- Бухгалтер сөздігі
- Т
- тұруына ықтиярхат
Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат - Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктің жеке басын куәландыратын және оның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алғандығын растайтын құжат.
Жеке басын куәландыратын құжаттар
Тұруға ықтиярхаты бар азаматқа салық салу
Жеке басын куәландыратын құжаттар
«Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» 29.01.2013 жылғы № 73-У ҚР Заңының 6-бабына сәйкес:
Жеке басты куәландыратын құжаттар:
1) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;
3) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат;...
Тұруға ықтиярхат беру
«Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, босқын куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 852 Қаулысына сәйкес:
- Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін құжаттандырылатын адамның тұрақты тіркелген жері бойынша уәкілетті мемлекеттік орган береді.
Тұру ықтиярхатын алу үшін алдымен тұрақты тұруға рұқсат алу қажет. Бұл рұқсат тіркелген жері бойынша полиция департаментінде немесе ХҚКО-да беріледі.
ҚР-да тұрақты тұруға рұқсатты ресімдеу үшін ішкі істер органдарына жүгіну және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 275 бұйрығымен бекітілген құжаттар тізбесін ұсыну қажет:
1) ҚР-да тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтініш-сауалнама;
2) қолданылу мерзімі өтініш берілген күні күнтізбелік 180 күннен астам ұлттық паспорттың көшірмесі және түпнұсқасы, көрсетілетін қызметті алушының азаматтығы жоқ адамның құжаты;
3) он алты жасқа толмаған баланың туу туралы куәлігінің немесе жеке басын куәландыратын басқа құжаттың көшірмесі және түпнұсқасы;
4) кету парағы ретінде қызмет етуі мүмкін оның азаматтығы мемлекетінің жазбаша келісімі;
5) өтініш берушінің қолы қойылған қазақ не орыс тіліндегі өмірбаяны (құжаттың қолданылу мерзімі 180 күнтізбелік күннен аспайды);
6) өзінің төлем қабілеттілігін растау туралы құжат (құжаттың қолданылу мерзімі 180 күнтізбелік күннен аспайды);
7) соттылығы (соттылығының болмауы) туралы құжат;
8) 14-тен 18 жасқа дейінгі баланың Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға нотариалды куәландырылған келісімі;
9) өтініш берушіге тұруға тұрғын үй беру және тұрақты тіркеу есебіне қою туралы нотариалды куәландырылған шарт не жеке немесе заңды тұлғамен нотариалды куәландырылған келісім (құжаттың қолданылу мерзімі күнтізбелік 180 күннен аспайды);
10) шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың жоқтығы туралы шетелдікті медициналық куәландыру туралы анықтама;
11) көлемі 35х45 мм бір фотосурет;
12) басқа мемлекеттің азаматтығының жоқтығы немесе тоқтатылғаны туралы анықтама.
Рұқсат беру туралы өтiнiш оң қаралған жағдайда шетелдiк тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелуге және шетелдiктiң тұруға ықтиярхаты құжатталуға тиiс.
Көшіп келушілерге ұлттық қауіпсіздік органдарының оң келісімінсіз Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруге тыйым салынады.
Төлем қабілеттілігін растау
ҚР-ға келушілерге және тұруға ықтиярхат алуға ниет білдіргендерге қойылатын негізгі талап олардың төлем қабілеттілігінің дәлелі болып табылады.
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар төлем қабілеттілігін растау үшін ішкі істер органдарына банк басқармасының төрағасы немесе банктің уәкілетті адамы қол қойған ҚР резидент банкінің банк шотында (шоттарында):
- тұрақты тұруға қалдыру туралы өтініш берілген күні белгіленген 1320 АЕК баламасына тең немесе одан асатын;
- өтініш беруші тұру ниеті бар елді мекенде отбасының бір мүшесіне 15 шаршы метр есебінен тұрғын үй сатып алу үшін жеткілікті ақшаның болуы туралы құжатты тапсырады.
Соманың мөлшері жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуді жүзеге асыратын тиісті уәкілетті орган берген құжат негізінде осы елді мекендегі тұрғын үйдің орташа нарықтық құнына сәйкес айқындалады.
Жеке немесе заңды тұлғамен өтініш білдірушіге тұрғын үй беру туралы шарт болған кезде тұрғын үй сатып алу үшін ақшаның бар екендігі туралы банктің құжаты талап етілмейді.
Егер тұрақты тұруға рұқсат алу туралы өтінішпен отбасының бірнеше мүшесі жүгінсе, онда 16 жасқа толған әрбір адам 1320 АЕК мөлшерінде соманың болуын растауға тиіс. Тұрғын үй болмаған жағдайда оны сатып алуға жеткілікті соманың болуы туралы растау отбасының кез келген жастағы әрбір мүшесіне 15 шаршы метр есебінен ұсынылады.
Өздерінің төлем қабілеттілігін растамауға тиіс:
- этникалық қазақтар;
- бұрынғы отандастар, Қазақстан Республикасының немесе Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының азаматтығында туған немесе бұрын болған адамдар және олардың отбасы мүшелері;
- азаматтығы алынатын Тараптың аумағында тұру мерзіміне қарамастан, олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы өтінішхат беруге құқығының болуына байланысты халықаралық шарттар негізінде жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құқығы бар елдердің азаматтары және олардың отбасы мүшелері (Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы Азаматтық алудың оңайлатылған тәртібі туралы келісім және Тұрмыстағы әйелдің азаматтығы туралы конвенция).
Тұруға ықтиярхат беру мерзімі
Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге он алты жастан бастап он жыл мерзімге, бірақ олардың азаматтығы елінің паспортының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.
ҚР-да тұру құқығына қолда бар құжаттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы немесе жаңа құжат беру туралы өтініш оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 1 айдан кешіктірілмей, ал жоғалған жағдайда - үш тәуліктен кешіктірілмей тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарына беріледі.
Тұруға ықтиярхатты ресімдеу
Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты ресімдеу үшін уәкілетті мемлекеттік органға мынадай құжаттарды жеке өзі ұсынуы және Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы қажет:
- мемлекеттік баж төленгені туралы құжат;
- көлемі 3,5 х 4,5 сантиметр 2 фотосурет;
- жарамды ұлттық паспорт.
Шетелдіктің ҚР-да тұруға ықтиярхатын толтыру кезінде тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және басқа да деректер ұлттық паспорттарға сәйкес жазылады.
Шетелдіктің ҚР-да тұруына ықтиярхат ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге он алты жастан бастап беріледі, он алты жасқа дейінгі балаларға тұруға ықтиярхат талап етілмейді.
Жоғарыда көрсетілген құжаттарды тапсырған және тұруға ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін алған сәттен бастап - күнтізбелік 17 күн мерзім. Жеделдетілген тәртіппен - ресімделген күннен бастап 7 жұмыс күні.
Тұруға ықтиярхаты бар азаматқа салық салу
ҚР Салық кодексінің 217-бабына сәйкес салық салу мақсатында ҚР резиденті болып:
- ҚР-да тұрақты болатын;
- ҚР-да тұрақты емес, бірақ өмірлік мүдделерінің орталығы ҚР-да орналасқан жеке тұлға танылады.
Егер Салық кодексінің 217-бабы 2-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, жеке тұлға ағымдағы салық кезеңінде аяқталатын кез келген кезекті 12 айлық кезеңде кемінде 183 күнтізбелік күн (келу және кету күндерін қоса алғанда) ҚР-да болса, ағымдағы салық кезеңі үшін ҚР-да тұрақты болатын болып танылады.
Жеке тұлғаның өмірлік мүдделер орталығы мынадай шарттарды бір мезгілде орындаған кезде:
1) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының азаматтығы немесе Қазақстан Республикасында тұруға рұқсаты (тұруға ықтиярхаты) бар болса;
2) жеке тұлғаның жұбайы (зайыбы) және (немесе) жақын туыстары Қазақстан Республикасында тұрса;
3) Қазақстан Республикасында жеке тұлғаға және (немесе) жұбайына және (немесе) оның жақын туыстарына меншік құқығымен немесе өзге де негіздерде тиесілі, оның тұруы және (немесе) жұбайының және (немесе) оның жақын туыстарының тұруы үшін кез келген уақытта қолжетімді жылжымайтын мүлкі болса, Қазақстан Республикасында орналасқан болып танылады.
Осылайша, салық салу мақсатында ҚР-да тұруға ықтиярхаты бар азамат ҚР резиденті болып танылады, Сондықтан оның кірістеріне салық салу тәртібі ҚР резиденттері үшін сияқты болады және оның кірістерінен барлық жалақы салықтары мен аударымдар: ЖТС, МЗЖ, ӘС, ӘА, МӘМСА және МӘМСЖ есептеледі.