Ең төменгі баға – бұл нақты тауар немесе қызмет сатылуы мүмкін ең төменгі бағаны белгілейтін үкімет белгілеген реттеу. Ең төменгі баға деңгейін енгізудің негізгі мақсаты – өндірушілерге әділ кірісті қамтамасыз ету және оларды нарықтағы тым төмен бағалардан қорғау.

Сатып алынған тауарлардың құнын айқындау үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты бағалардың ең төменгі деңгейін қолдану қағидаларына сәйкес бағалардың ең төменгі деңгейі (БТД) мынадай формула бойынша есептеледі:

      где:

– средняя цена предприятий-производителей;

– средняя стоимость товаров ввезенных в Республику Казахстан с территории государств-членов ЕАЭС.  

Уәкілетті орган жыл сайын 15 (он бесінші) наурыздан, 15 (он бесінші) маусымнан, 15 (он бесінші) қыркүйектен және 15 (он бесінші) желтоқсаннан кешіктірмей тауардың әрбір түріне БТД-ны есептейді және өзінің ресми интернет-ресурсында жариялайды.    

Уәкілетті орган жыл сайын 28 (жиырма сегізінші) ақпанға, 31 (отыз бірінші) мамырға, 31 (отыз бірінші) тамызға дейін және 30 (отызыншы) қарашаға дейін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органнан әрбір тауарға қатысты ақпарат ұсынылған айдың алдындағы 3 (үш) ай үшін тауарларға өндіруші-кәсіпорындардың орташа бағаларын сұратады.

Мемлекеттік кіріс органы жыл сайын 28 (жиырма сегізінші) ақпанға, 31 (отыз бірінші) мамырға, 31 (отыз бірінші) тамызға дейін және 30 (отызыншы) қарашаға дейін уәкілетті органға әрбір тауарға қатысты ақпаратты ұсыну айының алдындағы 3 (үш) ай ішінде Өтініштерде көрсетілген, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасына әкелінген тауарлардың орташа құны туралы ақпаратты ұсынады.

   БТД жыл сайын 1 (бірінші) қаңтар мен 31 (отыз бірінші) наурыз, 1 (бірінші) сәуір мен 30 (отызыншы) маусым, 1 (бірінші) шілде мен 30 (отызыншы) қыркүйек және 1 (бірінші) қазан мен 31 (отыз бірінші) желтоқсан аралығындағы кезеңде қолданылады.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі бағалары бар тауарлардың тізбесі