СЕН 328.00 – Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 328.00-нысан

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі 328.00-нысан

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 328.00-нысан

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

СЕН 328.00 - Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш

2026 жылы 328.00-нысаны ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 628 бұйрығымен бекітілген Салықтық есептілікті ұсыну қағидаларына (2-қосымша) сәйкес толтырылады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 235 бұйрығымен тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті алу туралы хабарлама нысаны бекітілді. 

Бекітілген нысанның қолданысы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

Тиісті бұйрық Салық кодексінің нормаларын (49 және 82-баптары) іске асыру мақсатында әзірленді.

Өтінішті тапсыру мерзімі

Импортталған тауарларды есепке алу күні

Тауарларды әкелу күні

Импортқа ҚҚС төлеу мерзімі

Бағаны анықтау

ҚҚС төлеуге арналған БСК

Өтінішті тапсыру мерзімі

ҚР СК 530-бабының 2-тармағына сәйкес ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды, оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарларды импорттау кезінде салық төлеуші тұрған (тұрғылықты) жері бойынша салық органына тауарларды, оның ішінде лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті (328.00-нысан), егер ҚР СК 530-бабының 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда не электрондық нысанда ғана ұсынуға міндетті.

ҚР СК 530-бабының 6-тармағы негізінде тауарлар, оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарлар, лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша тауарлар (лизинг нысаналары) есепке қабылданған немесе лизинг шартында (келісімшартында) көзделген төлем мерзімі басталатын күнтізбелік ай осындай тауарларды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттау кезінде жанама салықтарды есептеу мен төлеуге арналған салықтық кезең болып табылады.

Импортталған тауарларды есепке алу күні

ҚР СК 516-бабының 2-тармағына сәйкес импортталған тауарларды есепке алу күні:

1) ХҚЕС және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес осындай тауарларды бухгалтерлік есепке алуда тану (көрсету) күндерінің неғұрлым ертерегі;

2) мұндай тауарларды ҚР аумағына әкелу күні болып табылады.

Салық төлеушіде ҚР СК 516-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген күндердің екеуі де болған жағдайда, көрсетілген күндердің неғұрлым кешірегі импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн болып табылады.

Тауарларды әкелу күні

ҚР СК 516-бабының 2-тармағы негізінде ҚР аумағына тауарларды әкелген күн мыналар болып табылады:

  • тауарларды әуе немесе теңіз кемелерімен тасымалдау кезінде – ҚР аумағында орналасқан әуежайға немесе портқа әкелген күн;
  • тауарларды халықаралық автомобиль қатынасымен тасымалдау кезінде – ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өту күні;
  • тауарларды халықаралық және мемлекетаралық теміржол көлігі қатынасымен тасымалдау кезінде – ҚР Үкіметі белгілеген шекара маңындағы бірінші өткізу пунктіне (станциясына) әкелген күн;
  • тауарларды магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы немесе электр беру желілері арқылы тасымалдау кезінде – тауарларды тапсыру пунктіне әкелген күн;
  • тауарларды халықаралық пошта жөнелтілімдері арқылы жіберу кезінде – Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында пошта штемпелі қойылған күн.

Тауарларды ҚР аумағына әкелу күні туралы мәліметтер болмаған кезде ҚР СК 516-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген күн импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн болып табылады.

ХҚЕС және (немесе) ҚР бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес тауарларды бухгалтерлік есепке алуда тану (көрсету) болмаған кезде ҚР СК 516-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген күн импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн болып табылады.

Импортқа ҚҚС төлеу мерзімі

ҚР СК 503-бабының 1-тармағы негізінде, егер ҚР СК 503-бабында өзгеше белгіленбесе, ҚҚС мөлшерлемесі 16% құрайды және салық салынатын импорт мөлшеріне қолданылады.

ҚР СК 530-бабының 5-тармағына сәйкес импортталған тауарлар бойынша ҚҚС салық төлеушілердің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей төленеді.

Бағаны анықтау

ҚР СК 518-бабының 2-тармағына сәйкес сатып алынған тауарлардың құны салық салу мақсатында бағаны айқындау қағидаты негізінде айқындалады.

Салық салу мақсатында бағаны айқындау қағидаты шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес тауарлар үшін төленуге жататын мәміле бағасының негізінде сатып алынған тауарлар құнын айқындауды білдіреді.

Егер шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасы сатып алынған тауарлардың, сондай-ақ басқа да шығыстардың құнынан тұратын болса және бұл ретте сатып алынған тауарлардың құны және (немесе) басқа да шығыстардың құны бөлек көрсетілсе, онда тек сатып алынған тауарлардың құны ғана салық салынатын импорттың мөлшері болып табылады.

Егер шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасы сатып алынған тауарлардың, сондай-ақ басқа да шығыстардың құнынан тұратын болса және бұл ретте сатып алынған тауарлардың құны және (немесе) басқа да шығыстардың құны бөлек көрсетілмесе, онда шартта (келісімшартта) көрсетілген мәміле бағасы салық салынатын импорттың мөлшері болып табылады.

Бағалардың ең төмен деңгейiн бағалардың ең төмен деңгейiн айқындау тәртiбiне сәйкес бағалардың ең төмен деңгейi қолданылатын жекелеген тауар түрлерiнiң тiзбесiне енгiзiлген тауарлар бойынша уәкiлеттi орган айқындайды.

Оларға қатысты бағаның ең төменгi деңгейi қолданылатын тауарлардың жекелеген түрлерiнiң тiзбесi Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң м.а. 2025 жылғы 31 қазандағы № 658 қаулысымен бекітілген

ҚҚС төлеуге арналған БСК

105 115 - ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарларға ҚҚС.

2026 жылы тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті (328.00-нысан) толтыру мысалы

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі 328.00-нысан

СЕН 328.00 - Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш.

01.01.2021 жылдан бастап 328.00-нысандағы Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішке Декларацияның мәртебесі берілді, осыған байланысты импортталған тауарлар бойынша декларацияның (320.00-нысан) күші жойылды. Осылайша, ЕАЭО аумағынан тауарды импорттау кезінде салық төлеушілер 328.00-нысаны бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті ғана ұсынуға міндетті болады және бұл өтініш салық декларациясы болып табылады.

328.00-нысанның өтініші тауарларды әкелу туралы және салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған үш бөлімнен және оған қосымшадан тұрады.
Өтініштің бірінші және үшінші бөлімдерін және оған қосымшаны салық төлеуші, екінші бөлімді мемлекеттік кірістер органы толтырады.

Өтінішті тапсыру мерзімі

Импортталған тауарларды есепке алу күні

Тауарларды әкелу күні

Импортқа ҚҚС төлеу мерзімі

Бағаны анықтау

Оларға қатысты бағаның ең төменгі деңгейі қолданылатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесі

ҚҚС төлеуге арналған БСК

Өтінішті тапсыру мерзімі

328.00-нысан бойынша Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті тапсыру мерзімі (ай сайын) - әр айдың 20-сы.

ҚР СК 456-бабының 2-тармағы негізінде ЕЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан ҚР аумағына тауарлардың, оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарлардың импорты кезінде салық төлеуші орналасқан (тұрғылықты) жеріндегі салық органына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-ынан кешіктірмей ұсынуға міндетті.

ҚР СК 456-бабының 6-тармағына сәйкес тауарлар, оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарлар, лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша тауарлар (лизинг нысаналары) есепке қабылданған немесе лизинг шартында (келісімшартында) көзделген төлем мерзімі басталатын күнтізбелік ай осындай импортталған тауарларды ЕЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан ҚР аумағына импорттау кезінде жанама салықтарды есептеу мен төлеуге арналған салықтық кезең болып табылады.

Импортталған тауарларды есепке алу күні

ҚР СК 442-бабының 2-тармағына сәйкес импортталған тауарларды есепке алу күні:

1. осындай тауарларды ХҚЕС және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепте тану (көрсету) күндерінің неғұрлым ертерегі;

2. Мұндай тауарларды ҚР аумағына әкелу күні.

Салық төлеушіде ҚР СК 442-бабының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген екі күн болса, көрсетілген күндердің ең соңғысы импортталған тауарларды есепке алу күні болып танылады.

Тауарларды әкелу күні

ҚР СК 442-бабы 2-тармағының мақсаттары үшін ҚР аумағына тауарларды әкелу күні:

  • тауарларды әуе немесе теңіз кемелерімен тасымалдау кезінде - ҚР аумағында орналасқан әуежайға немесе портқа әкелу күні;
  • тауарларды халықаралық автомобиль қатынасында тасымалдау кезінде - ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күн.
  • тауарларды халықаралық және мемлекетаралық қатынаста темір жол көлігімен тасымалдау кезінде - ҚР Үкіметі белгілеген бірінші шекара маңындағы өткізу пунктіне (станциясына) әкелу күні;
  • тауарларды магистральдық құбырлар жүйесі бойынша немесе электр беру желілері бойынша тасымалдау кезінде - тауарларды тапсыру пунктіне әкелу күні;
  • тауарларды халықаралық почта жөнелтімдері бойынша жіберу кезінде - Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында пошта штемпелінің қойылған күні болып табылады.

Тауарларды ҚР аумағына әкелу күні туралы мәліметтер болмаған кезде ҚР СК 442-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген күн импортталған тауарларды есепке алу күні болып табылады.

Импортқа ҚҚС төлеу мерзімі

ҚР СК 456-бабы 5-тармағының негізінде импортталған тауарлар бойынша ҚҚС салық төлеушілердің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей төленеді.

ҚР СК 422-бабының 1-тармағына сәйкес импортқа ҚҚС мөлшерлемесі 12%-ды құрайды және салық салынатын импорт мөлшеріне қолданылады.

Бағаны анықтау

ҚР СК 444-бабының 2-тармағына сәйкес сатып алынған тауарлардың құны салық салу мақсатында бағаны айқындау қағидаты негізінде айқындалады.

Салық салу мақсатында бағаны айқындау қағидаты шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес тауарлар үшін төленуге жататын мәміле бағасы негізінде сатып алынған тауарлардың құнын айқындауды білдіреді.

Егер шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасы сатып алынған тауарлардың құнынан, сондай-ақ басқа да шығыстардан тұрса және бұл ретте сатып алынған тауарлардың құны және (немесе) басқа да шығыстардың құны жеке көрсетілсе, онда салық салынатын импорт мөлшері тек сатып алынған тауарлардың құны болып табылады.

Егер шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасы сатып алынған тауарлардың құнынан, сондай-ақ басқа да шығыстардан тұрса және бұл ретте сатып алынған тауарлардың құны және (немесе) басқа да шығыстардың құны жеке көрсетілмесе, онда салық салынатын импорт мөлшері шартта (келісімшартта) көрсетілген мәміле бағасы болып табылады.

Сатып алынған тауарлардың құнын айқындау үшін импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес бағалардың ең төменгі деңгейі қолданылады.

Өздеріне қатысты ең төмен бағалар деңгейі қолданылатын жекелеген тауарлар түрлерінің тізбесі

Өздеріне қатысты ең төмен бағалар деңгейі қолданылатын жекелеген тауарлар түрлерінің тізбесін ҚР Үкіметі бекітеді.

«Өздеріне қатысты ең төмен бағалар деңгейі қолданылатын жекелеген тауарлар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 882 қаулысы.

ҚР СК 437-бабы 1-тармағының негiзiнде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң шетел валютасындағы құны тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сату бойынша айналым жасалған күннiң алдындағы соңғы жұмыс күнi айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледi.

ҚҚС төлеуге арналған БСК

105 115 - ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарларға ҚҚС.

2025 жылы тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті (328.00-нысан) толтыру және ұсыну қағидалары