МӘМСА - әлеуметтік медициналық сақтандырудың міндетті аударымдары.

Аударымдар - жұмыс берушiлер әлеуметтiк медициналық сақтандыру қорына өз қаражаты есебiнен төлейтiн, аударымдарды төлеу жүзеге асырылған медициналық қызметтердi тұтынушыларға мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру жүйесiнде медициналық көмек алуға құқық беретiн ақша.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап МӘМСА

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі МӘМСА

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап МӘМСА

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексінің (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) күшіне енуіне байланысты ҚР Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңына тиісті өзгерістер енгізілді.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда міндетті медициналық жарналарды (МӘМС және МӘМСЖ) есептеу ережелері өзгереді:

  • МӘМС аударымдары есептелетін шекті кіріс 40 ЕТЖ-ге дейін арттырылды; (МӘМС туралы Заңның 27-бабының 2-2-тармағы)
  • МӘМС жарналарын есептеу үшін шек 20 ЕТЖ деңгейінде белгіленді. (МӘМС туралы Заңның 28-бабының 5-2-тармағы)

Медициналық сақтандыру қорына аударымдарды мемлекет жүргiзетiн азаматтар санатынан жұмыссыз ретiнде тiркелген адамдар шығарылды.

Жарналарды төлеушілерге өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар қосылды.


МӘМСА төлеушілері

МӘМС-ке аударымдар

Есептеу мерзімдері

Аударуға арналған деректемелер

МӘМСА төлеушілері

Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаларды қоса алғанда, осы Заңның 6-тарауында белгіленген тәртіппен аударымдар мен жарналарды есептейтін (ұстап қалатын) және қорға аударатын жұмыс берушілер және арнаулы салық режимдерін қолданатын және Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 820-бабында белгіленген бірыңғай төлем шеңберінде қорға аударымдар төлеуді жүзеге асыратын жұмыс берушілер аударымдарды төлеушілер болып табылады (МӘМС туралы Заңның 15-бабы)

МӘМС-ке аударымдар

Жұмыс берушілердің қорға төленуге тиіс аударымдары:

  • 2017 жылғы 1 шілдеден бастап – аударымдарды есептеу объектісінің 1 пайызы;
  • 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – аударымдарды есептеу объектісінің 1,5 проценті;
  • 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – аударымдарды есептеу объектісінің 2 проценті;
  • 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – аударымдарды есептеу объектісінің 3 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

1-1. Бірыңғай төлем төлеушілер үшін Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 822-бабының 1-тармағында белгіленген бірыңғай төлем мөлшерлемесінен аударымдар мөлшері:

  • 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 15,0 пайызды;
  • 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 13,95 пайызды;
  • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 12,6 пайызды;
  • 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 12,1 пайызды;
  • 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 11,6 пайызды;
  • 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 11,4 пайызды құрайды.

2. Осы Заңның 29-бабына сәйкес есептелген, кіріс түрінде жұмыскерге, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшіге төленетін жұмыс берушінің шығыстары аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.

2-1. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 802-бабының 2-тармағында көрсетілген, арнаулы салық режимдерін қолданатын, микрокәсіпкерлік және шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын, жұмыс берушінің жұмыскерге Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 426-бабында көзделген кіріс түрінде төлейтін шығыстары аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.

2-2. Аударымдарды есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы кіріс жұмыскердің барлық есепке жазылған кіріс түрлерінің сомасы бойынша есептелуге тиіс және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 40 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

Есептеу мерзімдері

Жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің аударымдарын және (немесе) жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды жұмыс беруші ай сайын жүзеге асырады. (МӘМС туралы Заңның 30-бабы)

1-1. Бірыңғай төлемді төлеушілер қорға аударымдар мен жарналарды екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жалпы сомамен ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей, Мемлекеттік корпорацияның банктік шотына осындай бірыңғай төлем аударылатын айды көрсете отырып аударады. (ҚР СК 823-бабының 5-тармағы).

2. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды осындай шарттар жасасқан салық агенттері ай сайын жүзеге асырады.

2-1. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке көмекшілердің жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды осындай шарттар жасасқан заңды тұлғалар ай сайын жүзеге асырады.

3. Дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың ай сайынғы жарналарын есептеу және төлеу Мемлекеттік корпорацияның қордың шотына кейіннен аударуы үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

3-1. Өздері төлейтіндердің жарналарын қорға төлеу Мемлекеттік корпорацияның қордың шотына кейіннен аударуы үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі.

Осы баптың 3-тармағында және осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған адамдар қорға алдағы кезеңге жарналар төлеуді жүзеге асыруға құқылы.

3-2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының шетелдік мекемесіне жұмысқа жіберілген, Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі персоналымен бірге жүретін жұбайының (бірге жүретін зайыбының) жарналарын төлеу олардың өтініші бойынша Мемлекеттік корпорация арқылы қордың шотына кейіннен аудару үшін дипломатиялық қызмет персоналының жалақысынан ұлттық валютада ұстап қалу жолымен жүргізілуі мүмкін.

3-3. Заңның 14-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасында аталған адамдардың жарналарын есептеу және төлеу Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 720-бабының және Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 102-1-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

4. Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша оның филиалдары мен өкілдіктері аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушілер ретінде қарастырылуы мүмкін.

5. Аударымдар және (немесе) жарналар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында төленеді.

6. Есепке жазылған (ұстап қалған) аударымдарды және (немесе) жарналарды қордың шотына Мемлекеттік корпорацияның кейіннен аударуы үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы:

1) дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (осы тармақтың 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар – кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;

2) дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген тұлғалардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар өз пайдасына – ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;

6) дербес төлеушілер – есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей аударады.

7. Банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан аударымдардың және (немесе) жарналардың сомасына төлем тапсырмасының акцептін алған күн – қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылатын аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу күні, төлеушінің аударымдарды және (немесе) жарналарды банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға енгізген күні қолма-қол ақша нысанында жүзеге асырылатын аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу күні болып есептеледі.

Аударуға арналған деректемелер

МӘМСА және МӘМСЖ аударуға арналған деректемелер:

• KZ92009MEDS368609103

• 160440007161

• GCVPKZ2A

Төлем белгілеу кодтары (ТБК):

ТБК

Төлемнің мақсаты

121

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС)

122

Қоса беріліп отырған тізімге сәйкес МӘМС-ке жарналар. (МӘМСЖ)

124

МӘМС және МӘМСЖ уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл


2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі МӘМСА

МӘМСА - әлеуметтік медициналық сақтандырудың міндетті аударымдары.

Аударымдар - жұмыс берушiлер әлеуметтiк медициналық сақтандыру қорына өз қаражаты есебiнен төлейтiн, аударымдарды төлеу жүзеге асырылған медициналық қызметтердi тұтынушыларға мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру жүйесiнде медициналық көмек алуға құқық беретiн ақша.

МӘМСА төлеушілер

МӘМС-ке аударымдар

Есептеу мерзімдері

Аударуға арналған деректемелер

МӘМСА төлеушілер

Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаларды қоса алғанда, жұмыс берушілер, сондай-ақ қорға аударымдар мен жарналарды есептейтін (ұстап қалатын) және аударатын шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері аударым төлеушілер болып табылады.

2023 жылғы 19 ақпаннан бастап МӘМС-ке аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдеріне бірыңғай төлем бойынша (2023 жылғы 1 ақпандағы № 21 бұйрық) енгізілген толықтырулар қолданысқа енгізілді (2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрық).

МӘМС-ке аударымдар

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар

1. Жұмыс берушілердің қорға төленуге тиіс аударымдары:

  • 2017 жылғы 1 шілдеден бастап - аударымдарды есептеу объектісінің 1 пайызы;
  • 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - аударымдарды есептеу объектісінің 1,5 пайызы;
  • 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - аударымдарды есептеу объектісінің 2 пайызы;
  • 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - аударымдарды есептеу объектісінің 3 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

1-1. Бірыңғай төлем төлеушілер үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-3-бабының 1-тармағында белгіленген бірыңғай төлем мөлшерлемесінен аударымдар мөлшері:

  • 2023 жылғы 1 қаңтарда - 15,0 пайыз;
  • 2024 жылғы 1 қаңтарда - 13,95 пайыз; («Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 6 сәуірдегі № 71-VІIІ Қазақстан Республикасының Заңымен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Заңға 27-баптың 1-1-тармағының үшінші абзацына өзгерістер енгізілді)
  • 2025 жылғы 1 қаңтарда - 12,6 пайыз;
  • 2026 жылғы 1 қаңтарда - 12,1 пайыз;
  • 2027 жылғы 1 қаңтарда - 11,6 пайыз;
  • 2028 жылғы 1 қаңтарда - 11,4 пайыз.

2. Жұмыс берушінің жұмыскерге, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшіге осы Заңның 29-бабына сәйкес есептелген кірістер түрінде төленетін шығыстары аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.

2-1. Микрокәсіпкерлік және шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 77-тарауының 3-параграфында және 78-тарауында көзделген арнаулы салық режимдерін қолданатын, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 322-бабында көзделген жұмыскерге кіріс түрінде төленетін жұмыс берушінің шығыстары аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.

Бұл ретте бірыңғай төлемнен аударымдарды есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табыс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінің 10 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

Есептеу мерзімдері

Жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің МӘМС аударымдарын және (немесе) МӘМС жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды жұмыс беруші ай сайын жүзеге асырады.

МӘМС-тің есептелген (ұсталған) аударымдары және (немесе) МӘМС жарналары кейіннен Мемлекеттік корпорацияның қордың шотына аударуы үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы:

1) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (осы тармақтың 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар – кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей;

2) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, жеке практикамен айналысатын тұлғалар өз пайдасына - ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;

3) дербес төлеушілер - есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей аударады. МӘМС туралы Заңның 30-бабы.

МӘМС туралы заңның 31-бабының негізінде МӘМС аударымдарының және (немесе) МӘМС жарналарының уақтылы аударылмаған сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады және төлеуші әрбір кешіктірілген күн үшін (қорға төлеу күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде есептелген өсімпұлмен қордың шотына аударуға тиіс.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы». Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 шілдеде № 15361 болып тіркелді.

Аударуға арналған деректемелер

МӘМС (МӘМСЖ) жарналарды аударуға арналған деректемелер:

• KZ92009MEDS368609103
• 160440007161
• GCVPKZ2A

МӘМСА үшін ТБК - 121
МӘМСЖ үшін ТБК - 122