ҚР Заңнамасында тапсыру актісінің бекітілген нысаны жоқ.

Өткiзу актiсiн жасау қажеттiгi заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде, оның мүлкi мен мiндеттемелерiн (iшiнара немесе толық) басқа заңды тұлғаға берген кезде туындайды.

Өткізу актісін қосылатын тарап жасайды және қосылатын тұлға мүлкінің меншік иесі бекітеді.

Өткізу актісі ҚР Азаматтық кодексінің талаптарына сәйкес болуы тиіс.

Мәселен, ҚР Азаматтық кодексі 47-бабына сәйкес - Қайта құрылған заңды тұлғаның мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерi жаңадан пайда болған заңды тұлғаға қосылған немесе бiрiктiрiлген кезде - өткізу актісіне сәйкес, бөлiнген және бөлiп шығарылған жағдайда - бөлу балансына сәйкес ауысады.

Өткiзу актiсi мен мен айыру балансында қайта құрылған заңды тұлғаның барлық несие берушiлерi мен борышқорларына қатысты, барлық мiндеттемелерi бойынша, соның iшiнде тараптар дауласқан мiндеттемелер бойынша да құқықты мирасқорлығы туралы ережелер болуға тиiс.

Өткiзу актiсi мен бөлу балансын заңды тұлғаның мүлкiн меншiктенушi немесе заңды тұлғаны қайта құру туралы шешiм қабылдаған орган бекiтедi және құрылтай құжаттарымен бiрге жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды тiркеуге немесе нақтылы бар заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарына өзгерiстер енгiзу үшiн олар құрылтай құжаттарымен бiрге тапсырылады.

Құрылтай құжаттарымен бiрге тиiстi өткiзу актiсiнiң немесе бөлу балансының тапсырылмауы, сондай-ақ оларда қайта құрылған заңды тұлғаның мiндеттемелерi бойынша құқықты мирасқорлығы туралы ережелердiң болмауы жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға әкелiп соқтырады.

Егер заң құжаттарында немесе қайта құру туралы шешiмде өзгеше көзделмесе, мүлiк (құқықтар мен мiндеттер) құқықты мирасқорына ол тiркелген кезден бастап ауысады.

«ЖШС және ҚЖС туралы» ҚР Заңының 62-бабының 2-тармағына сәйкес: ЖШС-ті басқа ЖШС-ке қосу қосылатын серіктестіктердің мүлкін қосатын серіктестіктің мүлкіне қосу жолымен жүзеге асырылады. Бұл ретте қосылатын серiктестiктер тоқтатылады, ал олардың барлық құқықтары мен мiндеттерi өткізу актiсiне сәйкес жарғысына қайта ұйымдастыруға байланысты өзгерiстер енгiзiлетiн қосатын серiктестiкке ауысады.

ҚР Салық кодексінің 62-бабының 1-тармағына сәйкес: Заңды тұлға бірігу, қосылу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде бұл туралы орналасқан жеріндегі салық органына жазбаша хабарлайды.

Өткізу актісі бекітілген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде бірігу, қосылу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға өзінің орналасқан жеріндегі салық органына бір мезгілде:
1)
таратудың салықтық есептілігін;

2) тапсыру актісін ұсынады.

Тапсыру актісі (үлгі)

Акционерлік қоғамды (АҚ) жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) етіп қайта құру кезінде жасалатын тапсыру актісінің нысаны.

"__________" АҚ акционерлерінің жалпы жиналысы
20___ жылғы "___" _________№____ хаттамасымен
БЕКІТТІ

ТАПСЫРУ АКТІСІ

___________________қаласы                                                      "___"  _________ 20____ жыл

Осы актіні мынадай құрамда комиссия жасады:

  1. Жарғы негізінде әрекет ететін "___________" АҚ президенті ___________________.
  2. Бас бухгалтер ___________________.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 45-47-баптарына және қайта құру нысанында қайта ұйымдастыру туралы _________________ әкімдігінің ___ жылғы   "__"______ №____ қаулысына сәйкес, "________" АҚ-ның барлық мүлкі, құқықтары мен міндеттері жаңадан құрылған "_____________" ЖШС-не ауысады, атап айтқанда:

1. Мүлік:

1.1. Активтер:

1.1.1. Негізгі құралдар:

  • _______ қаласы, ______ көшесі, №_____ үй мекенжайы бойынша орналасқан, 20___ жылғы "__" _________ _______________ негізінде тиесілі жалпы алаңы ____ ғимарат, оның ішінде негізгі алаңы _______.
  • _______ қаласы, ______ көшесі, №_____ үй мекенжайы бойынша орналасқан, 20___ жылғы "__" _________ _______________ негізінде тиесілі жалпы ауданы ____________ га жер учаскесі, кадастрлық нөмірі __________, нысаналы мақсаты _______.
  • _______ маркалы автомобиль, қозғалтқыш №_______, шанақ №_______, шасси №_______, түсі _______, тіркеу № _______, көлік құралын тіркеу туралы 20___ жылғы "___" ________ № ____ куәлік негізінде тиесілі.
  • ___________ маркалы компьютер, түгендеу нөмірі ______.
  • Түгендеу нөмірі _________ кеңсе үстелі
  • ________

1.1.2. ____________ теңге сомасындағы ақша қаражаты.

1.1.3. Дебиторлық берешек:

  • "_____" ЖШС - _______ теңге.
  • "_____" АҚ - _______ теңге.

Баланс _______ теңге.

1.2. Пассивтер

1.2.3. Кредиторлық берешек:

  • "_____" ЖШС - _______ теңге.
  • "_____" АҚ - _______ теңге.

Баланс _________ теңге.

2. Құжаттама

2.1. Бухгалтерлік құжаттар:

  • ________________
  • ________________

2.2. Салықтық есептілік:

  • ________________
  • ________________

2.3. Мүлікке құқықтарды растайтын құжаттар:

  • ________________
  • ________________

3. Құқықтары мен міндеттері

Жаңадан құрылатын "_________________" ЖШС "_________________" АҚ-ның барлық мүлкі бойынша, барлық құқықтары мен міндеттері бойынша және қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның барлық кредиторлары мен борышкерлеріне қатысты барлық міндеттемелері бойынша, тараптар даулайтын міндеттемелерді қоса алғанда, құқықтық мирасқоры болып табылады. Мүлік (құқықтар мен міндеттер) құқықтық мирасқорға ол мемлекеттік тіркелген кезде, ал құқықтары тіркелуге жататын мүлік - мүлікке құқықтар тіркелген кезден бастап ауысады.

Комиссия мүшелері:

"_____________" АҚ президенті

Бас бухгалтер