Салықтық шегерім - бұл салық жүктемесінің азаюы. Басқаша айтқанда, бұл салық салынатын кіріс азайтылатын сома.

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Салық реформасы шеңберінде салықтық шегерімдерді айтарлықтай оңтайландыру жүргізілді.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексіне сәйкес мынадай салықтық шегерімдер алып тасталды:

  • көп балалы отбасылар үшін;
  • оқуға;
  • медицинаға;
  • сыйақылар бойынша.

Салық кодексінің 401-бабына сәйкес жеке тұлғаның мынадай жеке салықтық шегерімдерді қолдануға құқығы бар:

  • Әлеуметтік төлемдердің салықтық шегерімі, ол мыналарды қамтиды: АҚС шарттары бойынша жеке тұлғалардың кірістерінен ұсталатын МЗЖ, МӘМСЖ, ӘА;
  • 30 АЕК құрайтын базалық салықтық шегерім;
  • Әлеуметтік салық шегерімдері, бұл ҰОС қатысушылары, I-III топтағы мүгедектер, мүгедек балалардың ата-аналары үшін шегерімдер.

Жеке тұлға салықтық шегерімдерін:

1) салық агентінде;

2) салық агентінде қолданбаған кезде дербес қолданады.

Салық салу объектісін айқындау кезінде салық шегерімдері олар жоғарыда көрсетілген тәртіппен дәйектілікпен қолданылады.

Әлеуметтік салықтық шегерімдер

Әлеуметтік салықтық шегерімдер жаңа ҚР СК 404-бабында айқындалған және мыналарды қамтиды:

  • 1 және 2-топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін - 5 000 АЕК;
  • Мынадай тұлғалар үшін 882 АЕК:

- 3-топтағы мүгедектігі бар;

-
мүгедектігі бар бала;

- Ұлы Отан соғысына қатысушы, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адам және (немесе) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагері;

- Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адам;

- 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адам.

  • 882 АЕК, егер тұлға:

- он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір мүгедектігі бар бала үшін – осындай мүгедектігі бар баланың ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;

- өмір бойына әрбір "бала кезінен мүгедектігі бар адам" деген себеппен мүгедектігі бар адам деп танылған осындай адам үшін – адамның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;

- асырап алынған бала он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір бала асырап алушы үшін – осындай адамдардың бірі;

- жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы қабылдайтын отбасына беру туралы шарттың қолданылу мерзімі кезеңінде жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы қабылдайтын отбасына қабылдап алған әрбір ата-ана
болса.

882 АЕК шегерімі:

  • қорғаншылыққа және қамқоршылыққа мұқтаж адамдардың қорғаншылары және қамқоршылары болып табылатын тиісті білім беру ұйымдары, медициналық ұйымдар, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары әкімшіліктерінің жұмыскерлеріне қатысты олардың осындай ұйымдарымен еңбек қатынастарында болуына байланысты;
  • Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасына сәйкес асырап алынатын баланың (балалардың) анасымен немесе әкесімен некеге тұратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдарға қатысты қолданылмайтынын атап өту керек.

Әлеуметтік салықтық шегерімдер осы салықтық шегерімдерді қолдану үшін негіз туындаған, бар немесе болған күнтізбелік жылда қолданылады.

Жеке тұлғаның салықтық шегерімдерді дербес https://uchet.kz/bitrix/images/1.gifқолдануы

Жеке тұлға әлеуметтік төлемдердің салықтық шегерімін және әлеуметтік салықтық шегерімді салықтық шегерімдерді қолдану құқығын растайтын құжаттардың негізінде қолданады. Мұндай құжаттардың түпнұсқалары жеке тұлғада талап қою мерзімі ішінде - 3 жыл сақталады.

Салық агентінде түзілген салықтық шегерімдердің асып кету сомасын, сондай-ақ салық агентінде қолданылмаған салықтық шегерімнің сомасын жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын салық салынатын кірісін есептеу кезінде жеке тұлға өзі дербес ескереді. (ҚР СК 409-бабы)

Әлеуметтік төлемдерді салықтық шегеруді жеке тұлға мынадай күндердің неғұрлым соңғысы келетін салық кезеңінде МӘМСЖ және (немесе) МЗЖ төленгенін растайтын құжаттың негізінде дербес қолданады:

  • жарналарды есептеу күні;
  • жарналарды төлеу күні.

Салық агентінде салықтық шегерімдерді қолдану

ҚР СК 437-бабына сәйкес төлем көзінен салық салуға жататын кірістерге салықтық шегерімдер Салық кодексінің 401-404-баптарында белгіленген нормаларға сәйкес қолданылады.

Базалық салықтық шегерім мен әлеуметтік салықтық шегерімдерді салық агенті төлем көзінен мыналардың:

1) жеке тұлғаның салықтық шегерімдерді қолдану туралы өтініші;

2) әлеуметтік салықтық шегерімді қолдану үшін растайтын құжаттардың көшірмелері негізінде қолданады.

Жеке тұлға базалық салықтық шегерімді бір салық агентінен ғана қолдануға құқылы.

Салық агентінде күнтізбелік ай үшін жұмыскердің кірісі және тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кіріс түріндегі бір жеке тұлғаға кірістерді төлеу бойынша міндеттемелері болған кезде базалық салықтық шегерім күнтізбелік ай үшін базалық салықтық шегерім сомасы шегінде мынадай ретпен:

      1) жұмыскердің кірісіне – осындай кіріс сомасы шегінде;

      2) салық агентіне тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кіріске – базалық салықтық шегерімнің қалған мөлшерінде қолданылады.

Салық агенті қайта ұйымдастырылған жағдайларды қоспағанда, ол күнтізбелік жыл ішінде ауысқан кезде алдыңғы салық агентінде түзілген базалық салықтық шегерімнің қолданылмаған сомасы басқа салық агентінде ескерілмейді.

Бір салық агентінде түзілген әлеуметтік салықтық шегерімнің қолданылмаған сомасы Салық кодексінде белгіленген шектерде басқа салық агентінде ескеріледі.

Бұл үшін жеке тұлға Салық кодексінің 446-бабында айқындалған тәртіппен күнтізбелік жылдың басынан басталған кезең үшін әлеуметтік салықтық шегерімді қолданған салық агенті (салық агенттері) берген жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтаманы ұсынады.

Салық агентінде әлеуметтік төлемдердің салықтық шегерімі МЗЖ, АҚС шарттары бойынша жеке тұлғалардың кірістерінен әлеуметтік аударымдардың және "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына  сәйкес есептелген МӘМС жарналарының сомасына қолданылады. (ҚР СК 438-бабы)