-
Бухгалтер сөздігі
-
А
- аванстық есеп
- аванстық төлемдер
- Азаматтығы жоқ адам
- Азаматтық
- Айлық есептік көрсеткіш
- Айлық жалақының ең төмен мөлшері
- Айлық жалақының ең төменгі мөлшері
- Айналым күні
- Айыппұл
- Айырбастау
- акциз
- Акциздік өнім
- АҚС-тан МЗЖ
- Ақша аударымы
- Ақша аударымы
- Ақша қаражаты
- Ақша қаражатының қозғалысы
- ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп
- Ақша операциялары
- Ақшалай есеп айырысулар
- Алимент
- алты күндік
- Алып қою тізбесі
- Амортизация
- Апостиль
- Арзандатылған тауар
- арнаулы мобильді қосымша
- АСР дегі шаруа қожалығы
- Аттестаттау
- Аудитор
- Аутсорсинг
- аутстаффинг
- Ауыр жұмыстар
- Ауысымдық жұмыс
- ауысымдық кесте
- АЭА
-
Ә
-
Б
- Бағалы қағаз
- Бағамдық айырма
- бажсыз сауда
- Бақылау чегі
- Бала күтімі бойынша демалыс
- Бала күтімі бойынша төлемдер
- Бала туғанда
- Баланстан тыс шоттар
- банк үзіндісі
- Банкроттық
- Бас бухгалтер
- Бас кiтап
- бастапқы құжаттардың нысандары
- Бейрезидент
- Бейрезиденттің кірісі
- Бересі
- Бизнесті бөлшектеу
- Биологиялық актив
- біліктілігі
- Бір сорттан басқа сортқа көшіру
- бірыңғай жер салығы
- БКМ
- БКМ чегі
- болашақ кезеңдердің шығыстарына
- Бос уақыт
- босқын
- бөлек есепке алу
- бөлу балансында
- Бөлшек салықтың АСР
- Бөлшек сауда
- бөлшек сауда салығы
- БСК
- БСН
- БТБА
- бухгалтер
- бухгалтерлік есеп
- Бухгалтерлік есеп тіркелімдері
- бухгалтерлік құжаттар
- Бюджеттік сыныптама коды
-
В
-
Г
-
Д
- Дактилоскопиялық тіркеу
- Дара кәсіпкер
- Дебиторлық берешек
- Декреттік
- декреттік демалыс
- Демалыс
- Демалыс ақысын есептеу
- Демалыс бойынша резерв
- Демалыс кестесі
- демалыс күндері
- Демалыс төлемдерін есептеу
- демалыс уақыты
- демалыстан кері шақыртып алу
- Деңгейлес мониторинг
- депозитарий
- Дербес деректер
- Дербес деректер
- Дивидендтер
- ДК жабу
- ДСН-код
-
Е
- ЕБМ
- Ең төменгі баға
- Ең төменгі бөлшек баға
- еңбек биржасы
- Еңбек кітапшасы
- Еңбек қауiпсiздiгi
- Еңбек мобильділігі орталығы
- Еңбек нормалары
- Еңбек өтілі
- Еңбек тәртібі
- Еңбек шартын бұзу
- Еңбекақы төлеу қоры
- Еңбекке жарамсыздық парағы
- Еңбекке сағат бойынша ақы төлеу
- Еңбекке уақытша жарамсыздық
- Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы
- Еңбекті қорғау
- Еңбекші көшіп келушілер
- Ерікті зейнетақы жарналары
- есеп құжаттамасы
- Есеп саясаты
- есепке жазу әдісі
- ЕТЖ
- ЕШЕБЖ
-
Ж
- жиынтық есебі
- жалақы
- Жалақыдан бірыңғай төлем
- Жалақысы сақталмайтын демалыс
- Жалдамалы жұмыскер
- Жалдау
- жалпыға бірдей белгіленген режим
- Жалпыға бірдей декларациялау
- Жанама әдіс
- Жанама салықтар
- Жарғылық капитал
- жарғылық капиталын ұлғайту
- Жарнама
- Жарнама қызметтері
- Жарнамалық акция
- Жастар практикасы
- ЖБР
- Жеке іс
- Жеке карточка
- Жеке көмекші
- жеке куәлігі
- жеке практикамен айналысатын адам
- Жеке шот
- Жекеше нотариус
- жеңілдетілген режим
- жер салығы
- ЖЕШ
- ЖЖМ
- ЖЖМ есептен шығару
- ЖЖМ талоны
- ЖКД
- ЖМЗЖ
- Жолдама парағы
- жоспардан тыс тексеру
- Жосықсыз өнім беруші
- ЖСН
- ЖТС
- ЖТС бойынша декларация
- Жүк алушы
- Жүк жөнелтуші
- Жүк тасымалы
- жүктілікке байланысты демалыс
- Жұмыс ауысымы
- Жұмыс істеген сағаттар
- жұмыс орны
- Жұмыс режимі
- Жұмыс уақыты
- Жұмыс уақытын есепке алу
- жұмыс уақытының балансы
- Жұмыскердің кірісі
- жұмыскерлерді жеткізу
- Жұмыссыз
- Жұмыстан шығару
- Жұмыстың жүріп-тұру сипаты
- ЖШС
- ЖШС ашу
- ЖШС жабу
-
З
-
И
-
І
-
К
- Кадр құжаттары
- Кадрлық қызметкері
- Камералдық бақылау
- Кассалық аппарат
- Кассалық кiтап
- Кассалық шығыс ордері
- Кәдеге жарату алымы
- кәмелетке толмаған
- кәсіпкерлік субъектілері
- Кедендік алымдар
- Кедендік баж
- Кедендік декларация
- Кедендік декларациялау
- Кедендік тазарту
- Кедендік төлемдер
- Кейінге қалдырылған салық
- кері импорт
- Кері экспорт
- Кесiмдi ақы төлеу
- Кету қағазы
- Кешбэк
- Кешенді тексеру
- Кірістер мен мүлік туралы декларация
- Кірістер туралы анықтама
- консалтингілік қызмет көрсету
- Консулдық алым
- Консультациялық көрсетілетін қызметтер
- Контрагент
- Корпоративтік кеш
- Корпоративтік шот
- Көлiк салығы
- Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі
- Көліктік-экспедиторлық қызметтер
- көп балалы ана
- Көп балалы отбасы
- Көшіп келуші
- Кредиторлық берешек
- Криптовалюта
- КСА
- КСМ
- КТС
- КТС бойынша шегеруге
- Навигациялық пломба
-
Қ
- Қайта қаржыландыру мөлшерлемесі
- Қайта ұйымдастыру
- Қайырымдылық көмек
- Қандас
- Қаржылық есептілік
- Қаржылық жалдау
- Қарыз
- Қарыз еңбегі
- қауіпсіздік техникасы
- Қашықтан аралас жұмыс істеу
- Қашықтан жұмыс істеу
- ҚҚС
- ҚҚС бойынша декларация
- ҚҚС бойынша есептен шығару
- ҚҚС бойынша куәлік
- ҚҚС бойынша шек
- ҚҚС қайтару
- ҚҚС төлемеуші
- ҚҚС төлеушілер
- ҚҚС түзету
- ҚҚС-нан босату
- қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы
- қолма-қол ақшасыз төлемдер
- Қоныс аударушы
- Қорларды босатуға арналған жүкқұжат
- қорларды есепке алу
- қоршаған ортаға жағымсыз әсері
- Қоса атқарылатын жұмыс
- Қосымша декларация
- қосымша демалыс
- Қосымша есептілік
- қосымша келісім
- Қосымша шот-фактура
- ҚСХҚЕС
- Құжат айналымы
- құжаттарды жою
- құжаттарды сақтау
- Құжаттық тексеру
- Құн өсімінен түсетін кіріс
- құндық балансы
- Құрбан айт
- Құрылтай құжаттары
- Құрылтайшы
- құрылымдық бөлімшесі
- Қызмет түрі
- қызметін тоқтату
- Қызметкерлерді оқыту
- қызметті қайта бастау
- Қызметті тоқтата тұру
- Қызметтік жазба
- қысқартылған жұмыс уақыты
-
Л
-
М
- Майнинг
- Маркетингтік көрсетілетін қызметтер
- Материалдық жауапты тұлға
- Материалдық көмек
- материалдық тұлға
- Мәмілелер мониторингі
- МӘМС
- МӘМСА
- МӘМСЖ
- МЕА
- Медианалық жалақы
- Медицинаға арналған салықтық шегерім
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
- мемлекеттік көрсетілетін қызмет
- мемлекеттік сатып алу
- Мемлекеттік-жекешелік әріптестік
- Мереке күні
- Мерекелер күнтізбесі
- МЗЖ
- микробизнес
- Минустық ЭШФ
- МКЗЖ
- Мобильді аударымдар
- Мобильді қосымша
- Монетарлық баптар
- Мөр
- Мөртабан
- мүгедек бала
- Мүгедектігі бар адам
- Мүлік салығы
- Мүліктік кіріс
- мүшелік жарналар
-
Н
-
О
-
Ө
-
П
-
Р
-
С
- Сақтандыру
- Сақтандыру төлемi
- Салық берешегі
- салық есептілігі нысандары
- Салық жеңiлдiктерi
- Салық режимі
- Салық салу объектісі
- Салық салынатын импорт
- Салық салынатын кіріс
- Салық тәуекелі
- салық тіркелімдерінің нысандары
- Салық төлеушіні тіркеу
- Салық төлеушінің кабинеті
- Салықтық база
- Салықтық есепке алу
- Салықтық есепке алу саясаты
- Салықтық есептілік
- Салықтық жүктеме
- Салықтық жүктеме коэффициенті
- Салықтық мөлшерлеме
- Салықтық өтініш
- Салықтық тексеру
- Салықтық тіркелім
- Салықтық шегерім
- Салықтық шегерім
- салықтық шегерімді
- сатып алу-сату
- Сәйкестендіру құралдары
- Сәйкестендіру нөмірі
- сенiмхат
- Сенімхаттар журналы
- СТ-1
- стандартты шегерім
- Статистикалық есептілік
- Субсидия
- Сынақ мерзімі
- сыртқы (көрнекі) жарнама
- Сыртқы жарнама
-
Т
- табелі
- табыс ДК
- табыс салығы
- тақырыптық тексеру
- Талап мерзiмi
- Таңбалау
- Тарату балансы
- Тарату есептілігі
- Тарифтік мөлшерлеме
- Тауар таңбасы
- тауар экспорты
- Тауар-көлiк жүкқұжаты
- Тауарға ілеспе құжаттар
- Тауардың шығарылған жері туралы сертификат
- тауарларды әкелу
- тауарларды әкету
- Тауарларды сыныптау
- Тауарлық чек
- Тәртіптік жаза
- тәуекел дәрежесі
- Тәуекел дәрежесінің критерийлері
- Тәуекелдерді басқару жүйесі
- Тәуекелдің жоғары дәрежесі
- Тәулікақы
- Тендер
- ТІЖ
- ТІЖ растау
- Тіркелген активтер
- ТҚЖБ
- ТМҚ
- ТМҚ есептен шығару
- Толық емес жұмыс күні
- Төлем белгілеу коды
- Төлем көзіндегі ЖТС
- Төлем көзіндегі КТС
- Төлем көзінен кірістерге
- Түгендеу
- түзетілген ЭШФ
- тұруына ықтиярхат
- Тынығу уақыты
-
У
-
Ү
-
Ұ
-
Ф
-
Х
-
Ц
-
Ш
-
Э
- Бухгалтер сөздігі
- О
- Онлайн-сауда
ҚР Салық кодексінің 1-бабының 65-тармағына сәйкес - Онлайн-сауда - тауарлармен электрондық сауда - бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:
- тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелерді ресімдеу электрондық нысанда жүзеге асырылса;
- тауарлар үшін ақы төлеу қолма-қол емес төлеммен жүргізілсе;
- тауарларды сатып алушыға (алушыға) жеткізетін өз қызметі болса не жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, курьерлік және (немесе) пошталық қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен шарттар болса, интернет-дүкен және (немесе) интернет-алаң арқылы ақпараттық технологиялар көмегімен жүзеге асырылатын, жеке тұлғаларға тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет.
Электрондық саудаға салық салу
Жалпы ережелер
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 Заңына сәйкес:
электрондық сауда – тауарларды өткізу жөніндегі, ақпараттық-коммуникациялық техногиялар арқылы жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызмет.
Электрондық сауда алаңы - электрондық саудаға қатысушыларды инфрақұрылыммен, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, олардың арасында жұмыстар мен қызметтер көрсетуге арналған шарттар жасасуды қамтамасыз ететін интернет-ресурс.
Электрондық саудадағы делдал - электрондық сауданы ұйымдастыру жөнінде қызметтер көрсететін тұлға.
Электрондық саудаға қатысушылар - сатып алушы, сатушы және (немесе) электрондық сауда алаңы ретінде қатысатын жеке және заңды тұлғалар.
Электрондық сауданы ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсететін тұлғалар жататын электрондық саудадағы делдалдар электрондық саудаға қатысушыларға теңестіріледі.
Электрондық сауда алаңдары:
1) электрондық сауда алаңында жұмыс істейтін электрондық саудаға қатысушылармен танысуға;
2) қызықтыратын тауарларды сатып алушылар мен сатушыларды іздеуді, сондай-ақ электрондық саудаға қатысушылар электрондық сауда алаңына орналастыратын тауарларға қажеттіліктер мен ұсыныстар туралы ақпарат алуды жүзеге асыруға;
3) сәйкестендіру құралдарын пайдалану арқылы қауіпсіз электрондық құжат айналымын электрондық сауда қатысушылары арасында жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ өзгерістер ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету және сатып алушының өз міндеттемелерін орындауы үшін шарттарды қамтамасыз ету бөлігінде электрондық саудадағы делдалдарға қойылатын талаптарды белгілейді.
Осылайша, электрондық сауданы ұйымдастырушылар, яғни делдалдар кәсіпкерлерге ұсынатын интернет-алаңдарда тауарларды сату тауарлардың электрондық саудасына жатады.
Электрондық сауданы жүзеге асыру үшін сатушының не тауарларды өткізу үшін өзінің электрондық сауда алаңы болуы, не осындай алаңның иесімен онда өз тауарларын орналастыру туралы шарт жасасуы тиіс.
Сатушы интернет-дүкенде сатушы ретінде құқықтары мен міндеттері нақты айқындалуға тиіс жария шартты немесе оферта орналастырады тауарларды сатып алушы, сатып алынатын тауарлар үшін ақы төлеу шарттары мен түрлері, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес тауарларды алу және оларды қайтару шарттары дербес деректерді қорғау туралы ақпаратты, тауардың сипаттамасын және толыққанды сауданы жүзеге асыру үшін қажетті өзге де шарттар мен талаптарды қамтиды.
Электрондық сауда электрондық сауда қатысушыларының электрондық байланыс құралдарын пайдалана отырып, тауарларды сатып алу-сатуға келісім (шарт) негізінде сауда мәмілелерін жасасу жолымен жүзеге асырылады.
Электрондық саудаға қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау сауда қызметінің субъектілері үшін көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Өзі өндірген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) қоспағанда, сатушының тауарларға меншік құқығын растайтын құжаттардың болуы оны сатушы электрондық коммерция мақсатында пайдаланатын интернет-ресурстар арқылы өткізу үшін шарт болып табылады.
Жоғарыда сипатталған және басқа да ережелер Тауарлардың ішкі саудасы қағидаларында айқындалған.
Электрондық сауда алаңдарына әлеуметтік желілерді де жатқызуға болады.
Ішкі сауда қағидаларына сәйкес тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) әлеуметтік желілер арқылы өткізу кезінде сатушы (оның ішінде интернет-дүкен) тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сауда қызметін реттеу туралы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) әлеуметтік желілер арқылы сатуға тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) негізгі тұтынушылық қасиеттері, сатушының атауы, оның заңды мекенжайы және ҚР ұялы байланыс операторында тіркелген абоненттік нөмірі туралы мәліметтер қамтылған интернет-ресурстарға (электрондық сауда алаңы, интернет-дүкен, ақпараттық-жарнамалық сауда алаңы) сілтеме орналастырылған кезде жол беріледі.
Бұрын қолданыста болған тауарлар Қағидалардың 9-параграфында көзделген шарттар сақталған кезде интернет-ресурстар арқылы сатуға жатады.
Төлемдер
Электрондық коммерция мәмілелері бойынша төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру тәсілдері «Ақша төлемі мен аударымы туралы» Заңда (бұдан әрі - Заң) белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Заңның 25-бабының 7-тармағында қолма-қол ақшасыз төлемдер және (немесе) ақша аударымдары осы Заңда және ҚР ҰБ нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен банк шоттарын пайдалана отырып, сондай-ақ оларды теңгемен және шетел валютасымен пайдаланбай төлем құралдары негізінде жүзеге асырылатыны айқындалған.
Қолма-қол жасалмайтын төлемдерді жүзеге асыру қағидалары бойынша Қазақстан Республикасының аумағында ақша аударымдары «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңның 25, 45-57-баптарының, «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заңның 6-бабының, «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 5, 7, 12 және 13-баптарының талаптарына сәйкес теңгемен және шетел валютасымен банк шоттарын пайдаланумен және банк шоттарын ашпай жүзеге асырылады.
Банк шоттарын ашпастан жүзеге асырылатын қолма-қол ақшасыз төлемдерге және (немесе) ақша аударымдарына ақша жөнелтуші және (немесе) бенефициар банк шоттарын пайдаланбастан жүзеге асыратын және ақша жөнелтуші көрсеткен бенефициардың пайдасына аудару үшін қолма-қол ақшаны салу және (немесе) бенефициардың қолма-қол ақшаны алуы арқылы жүргізілетін төлемдер мен ақша аударымдары жатады.
Қолма-қол ақшасыз төлемдер және (немесе) ақша аударымдары электрондық нысанда немесе қағаз тасымалдағышта ұсынылған, сондай-ақ қашықтан кіру жүйесін пайдалана отырып, банк жүйесінде қалыптастырылған жөнелтушінің төлем құжаттарының негізінде жүзеге асырылады.
Қағаз тасымалдағышта жасалатын төлем құжаттарының нысандары Қағидаларда айқындалады. Электрондық нысанда жіберілетін төлем құжаттары төлем құжатының әрбір түрі мен нысаны үшін Қағидаларда белгіленген деректемелерді қамтиды.
Бухгалтерлік есеп
«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» ҚР Заңының 7-бабына сәйкес есепте барлық оқиғалар мен операциялар нысанын уәкілетті орган бекіткен бастапқы есепке алу құжаттарының негізінде көрсетіледі.
Бастапқы құжаттар операция немесе оқиға жасалған кезде не олар аяқталғаннан кейін тікелей жасалуға тиіс.
Тауарларды өткізу кезінде Бухгалтерлік есепті жүргізу ережесіне сәйкес қорларды бір жаққа босатуға жүкқұжат ресімделеді.
Тауарларды интернет-дүкен арқылы өткізу кезінде сатушы қорларды сатып алушының жағына жіберуге арналған жүкқұжатты және тауарды сатып алушыға дейін жеткізген жағдайда тауарды жеткізу жөніндегі ілеспе-тауар құжаттарын (тауар-көлік жүкқұжатын) ресімдейді.
Сатушы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Бухгалтерлік есепті жүргізу ережесінің, Үлгі шот жоспарының, Қаржылық есептілік стандарттарының ережелеріне сәйкес тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыру кезінде бухгалтерлік есепті жүзеге асырады, оларға сәйкес сатушыда есеп саясаты әзірленеді.
Тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыру кезінде шоттардың ұсынылатын корреспонденциясы:
|
Жағдайды сипаттау |
ДТ |
КТ |
|
Сатып алушыдан төлем алынды |
1030 «Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты» немесе 1020 «Жолдағы ақша қаражаты» |
3510 «Алынған аванстар» |
|
Сатып алушыға ҚҚС-сыз сомаға сатылған тауар |
1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» |
6010 «Сатудан түскен кіріс» |
|
ҚҚС есептелді |
1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» |
3130 «ҚҚС» |
|
Сатылған тауарлардың өзіндік құнын есептен шығару |
7010 «Өзіндік құн бойынша шығыстар» |
1330 «Тауарлар» |
|
Алынған авансты жабу |
3510 «Алынған аванстар» |
1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» |
|
Егер ақша POS-терминал арқылы төленсе, ақшаны есеп шотқа аудару |
1030 «Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты» |
1020 «Жолдағы ақша қаражаты» |
Электрондық саудаға салық салу
ҚР Салық кодексінің 28-бабына сәйкес - Тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының корпоративтік табыс салығының есептелген сомасын азайту, дара кәсіпкер кірісінің салық салынатын сомасын дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту, жеке тұлғаның салық салынатын кірісін дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту бөлігіндегі нормаларын қолданатын тұлғалар осындай қызмет жөніндегі ақпаратты орналасқан жеріндегі салық органына уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша беруге міндетті.
Тауарлармен электрондық сауда кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалар салық органының сұрау салуы бойынша мәліметтерді уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынады.
Салық кодексінің 24-бабының 17-тармақшасында ҚР СК 88-бабы 1-тармағының 10) тармақшасында көзделген қызмет бойынша тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілер бойынша банктік шоттардың бар екені және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде ұсыну белгіленген;
ҚР Салық кодексінің 88-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қоюға мынадай қызмет түрлерін тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілер жатады.
Бұл ретте, ҚР СК 88-бабының 4-тармағына сәйкес - Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын тәртіппен, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның негізінде жүргізіледі.
ҚР СК 293-бабының 3-тармағына сәйкес - тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеуші Салық кодексінің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100%-ға азайтады. Егер оң бағамдық айырма сомасының осындай қызмет бойынша операциялар бойынша туындаған теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуін ескере отырып, тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асырудан түскен табыстар жылдық жиынтық табыстың кемінде 90%-ын құраған жағдайда осы тармақтың ережелері қолданылады. Осы шарт сақталмаған жағдайда салық төлеушiнiң осы баптың ережелерiн қолдануға құқығы жоқ. ҚР СК 293-бабының 3-тармағы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болды.
ҚР Салық кодексінің 166-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан аумағында ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде БКМ қолданылады және сатып алушыға БКМ чегі беріледі.
БКМ қолдану мақсатында «Ақшалай есеп айырысу» ұғымы енгізіледі, ҚР Салық кодексінің 165-бабы - ақшалай есеп айырысулар - қолма-қол ақша және (немесе) төлем карточкаларын және (немесе) ұтқыр төлемдерді пайдалана отырып есеп айырысу арқылы тауарды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін жүзеге асырылатын есеп айырысулар;
Егер сатып алушы төлем картасының көмегімен POS-терминал арқылы төлем жасаса немесе интернет арқылы картадан аударым жасаса, онда сатушы осындай төлемдерді алған кезде сатып алушыға БКМ бақылау чегін беруге міндетті.
МКК-ның 2018 жылғы 31 шілдедегі № КГД-19-ЮЛ-Б-1286-КГД-20285 хатында картадан, оның ішінде сайт арқылы төлем алу кезінде сатушы төлемді БКМ арқылы тексеріп, сатып алушыға БКМ чегін беруі қажет деп белгіленген.
ҚР СК 166-бабына сәйкес сатушы ДБФ бар БКМ сатып алуы және БКМ бақылау чектерін беруі тиіс:
- тауарларды өзі шығарған кезде, өз курьері арқылы алған кезде сатып алушыдан қолма-қол ақшамен төлем алған кезде;
- төлемді POS-терминал арқылы алған кезде;
- сайт арқылы төлем алған кезде, яғни сатып алушы төлем картасынан ақша аударған жағдайда.
Электрондық сауданы жүзеге асыру кезiнде сатушы арнаулы салық режимiн де (егер ол акцизделетiн тауарларды көтерме саудада сатпаса), сондай-ақ жалпыға бiрдей белгiленген салық салу режимiн де қолдана алады.
Арнаулы салық режимдерiн қолдану кезiнде сатушы қолданылатын режимдерге сәйкес салықтар төлейдi, бiрақ сатушының АСР қолдану кезiнде ҚР СК ережелерiнде көзделген жеңiлдiктердi қолдануға құқығы жоқ.
ҚР СК 357-бабының 2-тармағына сәйкес ДК кірісінің салық салынатын сомасын тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын ДК салық салынатын кірісіне азайту, егер осындай қызмет операциялары бойынша пайда болған теріс бағамдық айырма сомасынан оң бағамдық айырма сомасының асып кетуі ескеріле отырып, тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асырудан түсетін кірістер ДК салықтық кезең үшін жиынтық түрде алған кірісінің кемінде 90% құраса, жүргізіледі. Бұл шарт сақталмаған кезде ДК осы тармақтың бірінші бөлігі үшінші және төртінші абзацтарының ережелерін қолдануға құқылы емес.
ҚР ҚМ 2018 жылғы 16 ақпандағы № 222 бұйрығымен Тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын және КТС, ЖТС азайтуды қолданатын тұлғалардың ұсыну қағидалары, мерзімдері мен нысандары бекітілді.
Тұлғалар үшін ақпаратты ұсыну бойынша есепті кезең күнтізбелік жыл болып табылады.
Ақпарат есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей ұсынылады.
Ақпаратты келу тәртібінде де, электрондық нысанда да СЕӨС АЖ немесе Салық төлеушінің кабинеті арқылы ұсынуға болады.
Салық салудың басқа режимін қолданған кезде (жалпыға бірдей белгіленгеннен басқа) КТС (ЖТС) азайту бойынша жеңілдік қолданылмайды.
ҚР ҰЖ 03-2019 экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ)
Кәсіпорынның негізгі экономикалық қызмет түрін айқындау әдістемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № 35 бұйрығы.