Салық шегерімі - бұл салық жүктемесін азайту.

Жеке тұлғаның өзге де салықтық шегерімдерді, оның ішінде медицинаға арналған салықтық шегерімдерді қолдануға құқығы бар.


2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салықтық шегерімдер

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап медицинаға салықтық шегерім

2025 жылғы 1 қаңтарға дейін медицинаға салықтық шегерім


2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салықтық шегерімдер

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Салық реформасы шеңберінде салық шегерімдерін айтарлықтай оңтайландыру жүргізілді.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексіне сәйкес мынадай салық шегерімдері алып тасталды:

  • көп балалы отбасылар үшін;
  • оқуға;
  • медицинаға;
  • сыйақылар бойынша.

Салық кодексінің 401-бабына сәйкес жеке тұлғаның жеке салықтық шегерімдердің мынадай түрлерін қолдануға құқығы бар:

  • Әлеуметтік төлемдердің салықтық шегерімі, ол мыналарды қамтиды: АҚС шарттары бойынша жеке тұлғалардың кірістерінен ұсталатын МЗЖ, МӘМСЖ, ӘА;
  • 30 АЕК құрайтын базалық салықтық шегерім;
  • Әлеуметтік салық шегерімдері, бұл ҰОС қатысушылары, I-III топтағы мүгедектер, мүгедек балалардың ата-аналары үшін шегерімдер.

Жеке тұлға салықтық шегерімдерін:

1) салық агентінде;

2) салық агентінде қолданбаған кезде дербес қолданады.

Салық салу объектісін айқындау кезінде салық шегерімдері олар жоғарыда көрсетілген тәртіппен дәйектілікпен қолданылады.

Әлеуметтік төлемдердің салықтық шегерімі

Базалық салықтық шегерім

Әлеуметтік салықтық шегерімдер

Жеке тұлғаның салықтық шегерімдерді дербес қолдануы

Салық агентінде салықтық шегерімдерді қолдану

Әлеуметтік төлемдердің салықтық шегерімі

ҚР СК 402-бабында белгіленгендей әлеуметтік төлемдердің салықтық шегерімі мыналарды қамтиды:

Жұмыскерлердің еңбек шарттары бойынша кірістерінен ұсталатын әлеуметтік аударымдарды ЖТС бойынша шегерімге жатқызуға болмайды. Бұл тек қана АҚС бойынша кірістер үшін көзделген.

2025 жылы көрсетілген шегерімдер жеке ретінде қолданылды, ал 2026 жылдан бастап олар әлеуметтік төлемдер бойынша жалпы шегерімнің құрамына енгізілді.

Базалық салықтық шегерім

Базалық салықтық шегерім 30 АЕК құрайды.

Базалық салықтық шегерім әрбір күнтізбелік ай үшін қолданылады, алайда оның жалпы сомасы күнтізбелік жыл үшін 360 АЕК-тен аспауға тиіс.

Базалық салықтық шегерім – айына 30 АЕК бұрын қолданыста болған 14 АЕК мөлшеріндегі стандартты шегерімді ауыстырады.

Әлеуметтік салықтық шегерімдер

Әлеуметтік салықтық шегерімдер жаңа ҚР СК 404-бабында айқындалған және мыналарды қамтиды:

  • 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін - 5 000 АЕК;
  • Мынадай тұлғалар үшін 882 АЕК:

- 3 топтағы мүгедектігі бар;

- мүгедек
тігі бар бала;

- Ұлы Отан соғысына қатысушы, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адам және (немесе) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагері;

- Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адам;

- 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адам.

  • 882 АЕК, егер тұлға:

- он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір мүгедектігі бар бала үшін – осындай мүгедектігі бар баланың ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;

- өмір бойына әрбір "бала кезінен мүгедектігі бар адам" деген себеппен мүгедектігі бар адам деп танылған осындай адам үшін – адамның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;

- асырап алынған бала он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір бала асырап алушы үшін – осындай адамдардың бірі;

- жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы қабылдайтын отбасына беру туралы шарттың қолданылу мерзімі кезеңінде жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы қабылдайтын отбасына қабылдап алған әрбір ата-ана
болса.

882 АЕК шегерімі:

  • қорғаншылыққа және қамқоршылыққа мұқтаж адамдардың қорғаншылары және қамқоршылары болып табылатын тиісті білім беру ұйымдары, медициналық ұйымдар, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары әкімшіліктерінің жұмыскерлеріне қатысты олардың осындай ұйымдарымен еңбек қатынастарында болуына байланысты;
  • Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасына сәйкес асырап алынатын баланың (балалардың) анасымен немесе әкесімен некеге тұратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдарға қатысты қолданылмайтынын атап өту керек.

Әлеуметтік салықтық шегерімдер осы салықтық шегерімдерді қолдану үшін негіз туындаған, бар немесе болған күнтізбелік жылда қолданылады.

Жеке тұлғаның салықтық шегерімдерді дербес қолдануы

Жеке тұлға әлеуметтік төлемдердің салықтық шегерімін және әлеуметтік салықтық шегерімді салықтық шегерімдерді қолдану құқығын растайтын құжаттардың негізінде қолданады. Мұндай құжаттардың түпнұсқалары жеке тұлғада талап қою мерзімі ішінде - 3 жыл сақталады.

Салық агентінде түзілген салықтық шегерімдердің асып кету сомасын, сондай-ақ салық агентінде қолданылмаған салықтық шегерімнің сомасын жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын салық салынатын кірісін есептеу кезінде жеке тұлға өзі дербес ескереді. (ҚР СК 409-бабы)

Әлеуметтік төлемдерді салықтық шегеруді жеке тұлға мынадай күндердің неғұрлым соңғысы келетін салық кезеңінде МӘМСЖ және (немесе) МЗЖ төленгенін растайтын құжаттың негізінде дербес қолданады:

  • жарналарды есептеу күні;
  • жарналарды төлеу күні.

Салық агентінде салықтық шегерімдерді қолдану

ҚР СК 437-бабына сәйкес төлем көзінен салық салуға жататын кірістерге салықтық шегерімдер Салық кодексінің 401-404-баптарында белгіленген нормаларға сәйкес қолданылады.

Базалық салықтық шегерім мен әлеуметтік салықтық шегерімдерді салық агенті төлем көзінен мыналардың:

1) жеке тұлғаның салықтық шегерімдерді қолдану туралы өтініші;

2) әлеуметтік салықтық шегерімді қолдану үшін растайтын құжаттардың көшірмелері негізінде қолданады.

Жеке тұлға базалық салықтық шегерімді бір салық агентінен ғана қолдануға құқылы.

Салық агентінде күнтізбелік ай үшін жұмыскердің кірісі және тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кіріс түріндегі бір жеке тұлғаға кірістерді төлеу бойынша міндеттемелері болған кезде базалық салықтық шегерім күнтізбелік ай үшін базалық салықтық шегерім сомасы шегінде мынадай ретпен:

1) жұмыскердің кірісіне – осындай кіріс сомасы шегінде;

2) салық агентіне тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кіріске – базалық салықтық шегерімнің қалған мөлшерінде қолданылады.

Салық агенті қайта ұйымдастырылған жағдайларды қоспағанда, ол күнтізбелік жыл ішінде ауысқан кезде алдыңғы салық агентінде түзілген базалық салықтық шегерімнің қолданылмаған сомасы басқа салық агентінде ескерілмейді.

Бір салық агентінде түзілген әлеуметтік салықтық шегерімнің қолданылмаған сомасы Салық кодексінде белгіленген шектерде басқа салық агентінде ескеріледі.

Бұл үшін жеке тұлға Салық кодексінің 446-бабында айқындалған тәртіппен күнтізбелік жылдың басынан басталған кезең үшін әлеуметтік салықтық шегерімді қолданған салық агенті (салық агенттері) берген жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтаманы ұсынады.

Салық агентінде әлеуметтік төлемдердің салықтық шегерімі «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген АҚС шарттары бойынша жеке тұлғалардың кірістерінен әлеуметтік аударымдар мен МӘМС жарналарының сомасына қолданылады. (ҚР СК 438-бабы)

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап медицинаға салықтық шегерім

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексінің 350-бабына сәйкес медицинаға салықтық шегерім төлемге мынадай шығыстар бойынша қолданылады:

1) медициналық қызметтер (косметологиялық қызметтерден басқа);

2) ауырған жағдайда ерікті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары.

Осы баптың ережелері ҚР СК 319-бабы 2-тармағының 10-2) тармақшасында көзделген жағдайларға қолданылмайды.

Медицинаға арналған салықтық шегерімді:

1) Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғасы өз пайдасына жұмсалған медицинаға арналған шығыстар бойынша;

2) заңды өкілдердің бірі он сегіз жасқа толмаған, өзі өкілдік ететін Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғасының пайдасына медицинаға жұмсалған шығыстар бойынша қолданады. Он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған, өзі өкілдік ететін адам медицинаға арналған салықтық шегерімді дербес қолданған жағдайда заңды өкіл көрсетілген салықтық шегерімді қолданбайды.

Медицинаға арналған салықтық шегерім күнтізбелік жылға айқындалған айлық есептік көрсеткіштің 118 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде қолданылады.

Бұл ретте медицинаға арналған салықтық шегерімнің және осы Кодекстің 341-бабы 1-тармағының 23) тармақшасына сәйкес жеке тұлғаның медициналық көрсетілетін қызметтерге (косметологиялықтан басқа) шығыстарын және (немесе) жұмыс берушінің ауырған жағдайда ерікті сақтандыру шарттары бойынша жұмыскердің пайдасына сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге жұмсаған шығыстарын жабу үшін кірісті түзетудің жалпы сомасы жиынтығында күнтізбелік жылда айлық есептік көрсеткіштің 118 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

Медицинаға арналған салықтық шегерімді қолдану үшін мыналар растайтын құжаттар болып табылады:

1) жазбаша нысанда жасалған жағдайда – медициналық көрсетілетін қызметтердің құны бөліп көрсетілген, ақылы медициналық қызметтерді көрсетуге арналған шарт;

2) медициналық көрсетілетін қызметтердің құны туралы ақпаратты қамтитын ауру тарихынан үзінді көшірме;

3) адам ҚР СК 350-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салықтық шегерімді қолданған кезде ауырған жағдайдан ерікті сақтандыру шарты;

4) ауырған жағдайдан ерікті сақтандыру шарты бойынша медициналық көрсетілетін қызметтерді немесе сақтандыру сыйлықақыларын төлеу фактісін растайтын құжат.

Медициналық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге арналған шығыстар бойынша салықтық шегерімдер неғұрлым кеш болатын мынадай күндердің біріне тура келетiн салықтық кезеңде қолданылады:

  • медициналық көрсетілетін қызметтерді алу күні;
  • медициналық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу күні.

Ауырған жағдайдан ерікті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге арналған шығыстар бойынша салықтық шегерімдер неғұрлым кеш болатын мынадай күндердің біріне тура келетiн салықтық кезеңде қолданылады:

  • ауырған жағдайдан ерікті сақтандыру шартында белгіленген, сақтандыру сыйлықақыларын өтеу күні;
  • сақтандыру сыйлықақыларын төлеу күні.

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде ұсынылған медициналық көрсетілетін қызметтерге шетел валютасымен ақы төленген кезде ҚР СК 350-бабының 1-тармағында көрсетілген шығыстарды теңгемен қайта есептеу төлемді жүзеге асыру күніне Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамы қолданыла отырып жүзеге асырылады.

Медицинаға арналған шегерім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 118 АЕК-ке дейін ұлғайтылды, 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін ол 94 АЕК құрады.

2025 жылғы 1 қаңтарға дейін медицинаға салықтық шегерім

Жеке тұлғаның өзге де салықтық шегерімдерді, оның ішінде медицинаға арналған салықтық шегерімдерді қолдануға құқығы бар. 

Медицинаға арналған салықтық шегерім

Салықтық шегерімді қолдану үшін растайтын құжаттар

Шегерімді қолдану күні

Медицинаға арналған шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы талап нысаны 

Медицинаға арналған салықтық шегерім

ҚР Салық кодексінің 348-бабына сәйкес:

1. Медицинаға арналған салықтық шегерім медициналық көрсетілетін қызметтерге (косметологиялықтан басқа) ақы төлеуге арналған шығыстар бойынша қолданылады.

2. Медицинаға арналған салықтық шегерімді Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғасы өз пайдасына жұмсалған медицинаға арналған шығыстар бойынша қолданады.

Осы баптың ережелері осы Кодекстің 319-бабы 2-тармағының 10-1) тармақшасында көзделген жағдайларға қолданылмайды - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы төтенше комитетінің шешімімен ауруды пандемия деп тану салдарынан шектеу іс-шараларының, оның ішінде карантиннің енгізілуіне байланысты зертханалық зерттеп-қарауға, жеке-дара қорғану құралдарымен қамтамасыз етуге, медициналық қарап-тексерулер жүргізуге, профилактикалық екпелерге, медициналық байқауға, емдеуге, оқшаулауға, емдеуге жатқызуға бағытталған, жұмыс берушінің жұмыскерлер пайдасына шығыстары (жұмыскерлер шығыстарының орнын толтыруды қоса алғанда);

3. Медицинаға арналған салықтық шегерім күнтізбелік жылға айқындалған айлық есептік көрсеткіштің 94 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде қолданылады.

Салықтық шегерді қолдану үшін растайтын құжаттар

Медицинаға арналған салықтық шегерімді қолдану үшін мыналар растайтын құжаттар болып табылады:

1) жазбаша нысанда жасалған жағдайда – медициналық көрсетілетін қызметтердің құны бөліп көрсетілген ақылы медициналық қызметтерді көрсетуге арналған шарт;

2) медициналық көрсетілетін қызметтердің құны туралы ақпаратты қамтитын үзінді көшірме;

3) медициналық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу фактісін растайтын құжат.

Шегерімді қолдану күні

Медициналық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге арналған шығыстар бойынша салықтық шегерімдер неғұрлым кеш болатын мынадай күндердің біріне тура келетiн салықтық кезеңде қолданылады:

  • медициналық көрсетілетін қызметтерді алу күні;
  • медициналық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу күні.

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде ұсынылған медициналық көрсетілетін қызметтерге шетел валютасымен ақы төленген кезде осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстарды теңгемен қайта есептеу төлемді жүзеге асыру күніне Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамы қолданыла отырып жүзеге асырылады.

Медицинаға арналған шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы талап нысаны

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 23 қаңтардағы № 56 бұйрығымен жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында медицинаға жұмсаған шығыстары туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талаптарының нысаны және оны жасау қағидалары бекітілді.

Нысанды денсаулық сақтау субъектілері мемлекеттік кірістер органдарының талап етуі бойынша ұсынады.

1) электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған жағдайда - хабарламалардың кепілді жеткізілуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша электрондық тәсілмен және басшының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады;

2) электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмағандар - өзі келу тәртібімен немесе пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен.

Мәліметтер әрбір медициналық қызмет бөлінісінде жеке ұсынылады.

Ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша Талап жасау мүмкін болмаған
жағдайда, сондай-ақ техникалық қателер туындаған жағдайда Талап «Microsoft Excel» не «Microsoft Access» форматында электрондық түрде жасалады және ұсынылады.