Есепке алу құжаттамасы – бұл бухгалтерлік құжаттама, бастапқы есепке алу құжаттары, салықтық тіркелімдер, салықтық есепке алу саясаты және салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін, сондай-ақ салық міндеттемесін есептеу үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттар.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап есепке алу құжаттамасы

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі есепке алу құжаттамасы

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап есепке алу құжаттамасы

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

ҚР Салық кодексінің 202-бабына сәйкес салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты қорыту және жүйелеу, сондай-ақ салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есептеу және салықтық есептілікті жасау мақсатында салық төлеушінің (салық агентінің) осы Кодекстің талаптарына сәйкес есепке алу құжаттамасын жүргізу процесі салықтық есепке алу болып табылады.

Есепке алу құжаттамасы нені қамтиды

Есепке алу құжаттамасында:

1) «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оны жүргізу жөніндегі міндет жүктелген тұлғалар үшін – бухгалтерлік құжаттама;

2) осы файлдарды ерікті түрде ұсынатын тұлғалар үшін – тексерудің стандартты файлы;

3) ҚР СК 202-бабының 4-тармағында аталған тұлғалар үшін – бастапқы есепке алу құжаттары;

4) шот-фактура;

5) салықтық тіркелімдер;

6) салықтық нысандар;

7) салықтық есепке алу саясаты;

8) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін, сондай-ақ салықтық міндеттемені есептеу үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттар қамтылады.

Салықтық есепке алу бухгалтерлік есепке алу деректеріне негізделеді. Бухгалтерлік құжаттаманы жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленеді.

Салық төлеуші (салық агенті) есепке алу құжаттамасын қазақ және (немесе) орыс тілдерінде қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде жасайды. (ҚР СК 206-бабы)

Шет тілдерінде жасалған жекелеген құжаттар болған кезде салық органы салық төлеушіден (салық агентінен) олардың қазақ немесе орыс тіліне аудармасын талап етуге құқылы.

Есепке алу құжаттамасын жасау және сақтау

Салық төлеуші (салық агенті) есепке алу құжаттамасын электрондық нысанда жасаған кезде салықтық тексеру барысында салық органдарының лауазымды адамдарының талап етуі бойынша, электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде тіркелген шот-фактураларды, бухгалтерлік құжаттаманы және бастапқы есепке алу құжаттарын қоспағанда, осындай құжаттаманың көшірмелерін қағаз жеткізгіштерде ұсынуға міндетті.

Салық төлеуші (салық агенті) салық салу объектілеріне немесе салық салуға байланысты объектілерге қатысты есепке алу құжаттамасын салықтың немесе бюджетке төленетін төлемнің әрбір түрі үшін ҚР СК 65-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі өткенге дейін, бірақ кемінде бес жыл сақтайды.

Есепке алу құжаттамасын сақтау мерзімі, егер олар белгілеген сақтау мерзімі осы тармақта белгіленген мерзімінен асып кететін болса, ҚР СК 206-бабының 4 және -5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, осындай есепке алу құжаттамасының негізінде салықтық міндеттеме есептелген кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнен басталады.

Салық төлеуші І топтың тiркеп-белгіленген активінің, ҚР СК 303 – 313-баптарына сәйкес түзілген амортизацияланатын активтердің жеке топтарының, оның ішінде мүліктік жалдау (жалға беру) шарты бойынша берілген (алынған) тiркеп-белгіленген активтің құнын растайтын есепке алу құжаттамасын осындай актив бойынша амортизациялық аударымдар есептелген соңғы салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнен бастап бес жыл өткенге дейін сақтайды.

Салық төлеуші II, III және IV топтың тiркеп-белгіленген активінің, оның ішінде мүліктік жалдау (жалға беру) шарты бойынша берілген (алынған) тiркеп-белгіленген активінің құнын растайтын есепке алу құжаттамасын ҚР СК 65-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде, бірақ осындай актив тiркеп-белгіленген активтер тобының құндық балансына енгізілген салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнен бастап кемінде бес жыл сақтайды.

Салық төлеуші салық салу мақсатында амортизацияға жатпайтын активтердің құнын растайтын есепке алу құжаттамасын салық төлеушіде амортизацияға жатпайтын активтің шығып қалуы орындалған салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнен бастап бес жыл бойы сақтайды.

Салық салу объектілеріне немесе салық салуға байланысты объектілерге қатысты, салық төлеушінің (салық агентінің) ҚР СК 17-бөліміне  сәйкес салықтық преференциялар мен жеңілдіктерді қолдануы көзделген салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша есепке алу құжаттамасы ҚР СК 65-бабында  белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі бойы сақталады.

Салық төлеушіні қайта ұйымдастырған кезде қайта ұйымдастырылған тұлғаның есепке алу құжаттамасын сақтау жөніндегі міндеттеме оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) жүктеледі.

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі есепке алу құжаттамасы

ҚР Салық кодексінің 190-бабына сәйкес салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты қорыту және жүйелеу, сондай-ақ салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есептеу және салықтық есептілікті жасау мақсатында салық төлеушінің (салық агентінің) Салық кодексінің талаптарына сәйкес есепке алу құжаттамасын жүргізу процесі салықтық есепке алу болып табылады .
Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уәкілетті өкілі жай серiктестiк нысанында осындай қызмет бойынша тұтастай және бірлескен қызмет туралы шартқа әрбір қатысушының қатысу үлесі бойынша да жүзеге асыратын салықтық есепке алу жиынтық салықтық есепке алу болып табылады.

2. Есепке алу құжаттамасы:
1)
"Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оны жүргізу жөніндегі міндет жүктелген тұлғалар үшін – бухгалтерлік құжаттаманы;
2)
осы файлдарды ерікті түрде ұсынатын тұлғалар үшін – тексерудің стандартты файлы;
3)
осы баптың 4-тармағында аталған тұлғалар үшін – бастапқы есепке алу құжаттарын;
4) салық нысандары
н;
5)
салықтық есепке алу саясатын;
6)
салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін, сондай-ақ салықтық міндеттемені есептеу үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттарды қамтиды.

Салық кодексінің 193-бабы негізінде:

1. Салық төлеуші (салық агенті) есепке алу құжаттамасын қазақ және (немесе) орыс тілдерінде қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде жасайды.

Шет тілдерінде жасалған жекелеген құжаттар болған кезде салық органы салық төлеушіден (салық агентінен) оларды қазақ немесе орыс тіліне аударуды талап етуге құқылы.

2. Салық төлеуші (салық агенті) есепке алу құжаттамасын электрондық нысанда жасаған кезде салықтық тексеру барысында салық органдарының лауазымды адамдарының талап етуі бойынша электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде тіркелген шот-фактураларды, бухгалтерлік құжаттаманы және бастапқы есепке алу құжаттарын қоспағанда, осындай құжаттаманың көшірмелерін қағаз жеткізгіштерде ұсынуға міндетті.

3. Салық төлеуші (салық агенті) салық салу объектілеріне немесе салық салуға байланысты объектілерге қатысты есепке алу құжаттамасын салықтың немесе бюджетке төленетін төлемнің әрбір түрі үшін осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі өткенге дейін, бірақ кемінде бес жыл сақтайды.

Есепке алу құжаттамасын сақтау мерзімі, егер олар белгілеген сақтау мерзімі осы тармақта белгіленген мерзімінен асып кетсе, ҚР СК 193-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, осындай есепке алу құжаттамасының негізінде салықтық міндеттеме есептелген кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнен басталады.

4. Салық төлеуші І-топтың тіркелген активінің, осы Кодекстің 258, 259 және 260-баптарына сәйкес түзілген амортизацияланатын активтердің жекелеген топтарының, оның ішінде мүліктік жалдау (жалға беру) шарты бойынша берілген (алынған) тіркелген активтің құнын растайтын есепке алу құжаттамасын осындай актив бойынша амортизациялық аударымдар есептелген соңғы салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнен бастап бес жыл өткенге дейін сақтайды.

Салық төлеуші II, III және IV топтың тіркелген активінің, оның ішінде мүліктік жалдау (жалға беру) шарты бойынша берілген (алынған) тіркелген активінің құнын растайтын есепке алу құжаттамасын осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде, бірақ осындай актив тіркелген активтер тобының құндық балансына қосылған салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнен бастап кемінде бес жыл сақтайды.

5. Салық төлеуші салық салу мақсатында амортизациялауға жатпайтын активтердің құнын растайтын есепке алу құжаттамасын салық төлеушіде амортизациялауға жатпайтын активтің шығып қалуы болған салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнен бастап бес жыл бойы сақтайды.

6. Салық төлеушіні қайта ұйымдастырған кезде қайта ұйымдастырылған тұлғаның есепке алу құжаттамасын сақтау жөніндегі міндеттеме оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) жүктеледі.

ҚР Салық кодексінің 160-бабына сәйкес - 1. Есепке алуды жүргізу тәртібі бұзылған жағдайда, есепке алу құжаттамасы жоғалған немесе жойылған кезде салық органдары салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді осы бапта және осы Кодекстің 161, 162 және 163-баптарында айқындалған тәртіппен жанама әдістер (активтер, міндеттемелер, айналымдар, шығындар, шығыстар) негізінде айқындайды.

2. ҚР СК 161-бабына сәйкес салық органдарының талаптары негізінде сұратылатын салықтық міндеттемелерді есептеу үшін салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін негіз болып табылатын құжаттардың болмауы немесе оларды салық төлеушінің (салық агентінің) ұсынбауы есепке алуды жүргізу тәртібін бұзу, есепке алу құжаттамасын жоғалту немесе жою деп түсініледі.