-
Бухгалтер сөздігі
-
А
- аванстық есеп
- аванстық төлемдер
- Азаматтығы жоқ адам
- Азаматтық
- Айлық есептік көрсеткіш
- Айлық жалақының ең төмен мөлшері
- Айлық жалақының ең төменгі мөлшері
- Айналым күні
- Айыппұл
- Айырбастау
- акциз
- Акциздік өнім
- АҚС-тан МЗЖ
- Ақша аударымы
- Ақша аударымы
- Ақша қаражаты
- Ақша қаражатының қозғалысы
- ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп
- Ақша операциялары
- Ақшалай есеп айырысулар
- Алимент
- алты күндік
- Алып қою тізбесі
- Амортизация
- Апостиль
- Арзандатылған тауар
- арнаулы мобильді қосымша
- АСР дегі шаруа қожалығы
- Аттестаттау
- Аудитор
- Аутсорсинг
- аутстаффинг
- Ауыр жұмыстар
- Ауысымдық жұмыс
- ауысымдық кесте
- АЭА
-
Ә
-
Б
- Бағалы қағаз
- Бағамдық айырма
- бажсыз сауда
- Бақылау чегі
- Бала күтімі бойынша демалыс
- Бала күтімі бойынша төлемдер
- Бала туғанда
- Баланстан тыс шоттар
- банк үзіндісі
- Банкроттық
- Бас бухгалтер
- Бас кiтап
- бастапқы құжаттардың нысандары
- Бейрезидент
- Бейрезиденттің кірісі
- Бересі
- Бизнесті бөлшектеу
- Биологиялық актив
- біліктілігі
- Бір сорттан басқа сортқа көшіру
- бірыңғай жер салығы
- БКМ
- БКМ чегі
- болашақ кезеңдердің шығыстарына
- Бос уақыт
- босқын
- бөлек есепке алу
- бөлу балансында
- Бөлшек салықтың АСР
- Бөлшек сауда
- бөлшек сауда салығы
- БСК
- БСН
- БТБА
- бухгалтер
- бухгалтерлік есеп
- Бухгалтерлік есеп тіркелімдері
- бухгалтерлік құжаттар
- Бюджеттік сыныптама коды
-
В
-
Г
-
Д
- Дактилоскопиялық тіркеу
- Дара кәсіпкер
- Дебиторлық берешек
- Декреттік
- декреттік демалыс
- Демалыс
- Демалыс ақысын есептеу
- Демалыс бойынша резерв
- Демалыс кестесі
- демалыс күндері
- Демалыс төлемдерін есептеу
- демалыс уақыты
- демалыстан кері шақыртып алу
- Деңгейлес мониторинг
- депозитарий
- Дербес деректер
- Дербес деректер
- Дивидендтер
- ДК жабу
- ДСН-код
-
Е
- ЕБМ
- Ең төменгі баға
- Ең төменгі бөлшек баға
- еңбек биржасы
- Еңбек кітапшасы
- Еңбек қауiпсiздiгi
- Еңбек мобильділігі орталығы
- Еңбек нормалары
- Еңбек өтілі
- Еңбек тәртібі
- Еңбек шартын бұзу
- Еңбекақы төлеу қоры
- Еңбекке жарамсыздық парағы
- Еңбекке сағат бойынша ақы төлеу
- Еңбекке уақытша жарамсыздық
- Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы
- Еңбекті қорғау
- Еңбекші көшіп келушілер
- Ерікті зейнетақы жарналары
- есеп құжаттамасы
- Есеп саясаты
- есепке жазу әдісі
- ЕТЖ
- ЕШЕБЖ
-
Ж
- жиынтық есебі
- жалақы
- Жалақыдан бірыңғай төлем
- Жалақысы сақталмайтын демалыс
- Жалдамалы жұмыскер
- Жалдау
- жалпыға бірдей белгіленген режим
- Жалпыға бірдей декларациялау
- Жанама әдіс
- Жанама салықтар
- Жарғылық капитал
- жарғылық капиталын ұлғайту
- Жарнама
- Жарнама қызметтері
- Жарнамалық акция
- Жастар практикасы
- ЖБР
- Жеке іс
- Жеке карточка
- Жеке көмекші
- жеке куәлігі
- жеке практикамен айналысатын адам
- Жеке шот
- Жекеше нотариус
- жеңілдетілген режим
- жер салығы
- ЖЕШ
- ЖЖМ
- ЖЖМ есептен шығару
- ЖЖМ талоны
- ЖКД
- ЖМЗЖ
- Жолдама парағы
- жоспардан тыс тексеру
- Жосықсыз өнім беруші
- ЖСН
- ЖТС
- ЖТС бойынша декларация
- Жүк алушы
- Жүк жөнелтуші
- Жүк тасымалы
- жүктілікке байланысты демалыс
- Жұмыс ауысымы
- Жұмыс істеген сағаттар
- жұмыс орны
- Жұмыс режимі
- Жұмыс уақыты
- Жұмыс уақытын есепке алу
- жұмыс уақытының балансы
- Жұмыскердің кірісі
- жұмыскерлерді жеткізу
- Жұмыссыз
- Жұмыстан шығару
- Жұмыстың жүріп-тұру сипаты
- ЖШС
- ЖШС ашу
- ЖШС жабу
-
З
-
И
-
І
-
К
- Кадр құжаттары
- Кадрлық қызметкері
- Камералдық бақылау
- Кассалық аппарат
- Кассалық кiтап
- Кассалық шығыс ордері
- Кәдеге жарату алымы
- кәмелетке толмаған
- кәсіпкерлік субъектілері
- Кедендік алымдар
- Кедендік баж
- Кедендік декларация
- Кедендік декларациялау
- Кедендік тазарту
- Кедендік төлемдер
- Кейінге қалдырылған салық
- кері импорт
- Кері экспорт
- Кесiмдi ақы төлеу
- Кету қағазы
- Кешбэк
- Кешенді тексеру
- Кірістер мен мүлік туралы декларация
- Кірістер туралы анықтама
- консалтингілік қызмет көрсету
- Консулдық алым
- Консультациялық көрсетілетін қызметтер
- Контрагент
- Корпоративтік кеш
- Корпоративтік шот
- Көлiк салығы
- Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі
- Көліктік-экспедиторлық қызметтер
- көп балалы ана
- Көп балалы отбасы
- Көшіп келуші
- Кредиторлық берешек
- Криптовалюта
- КСА
- КСМ
- КТС
- КТС бойынша шегеруге
- Навигациялық пломба
-
Қ
- Қайта қаржыландыру мөлшерлемесі
- Қайта ұйымдастыру
- Қайырымдылық көмек
- Қандас
- Қаржылық есептілік
- Қаржылық жалдау
- Қарыз
- Қарыз еңбегі
- қауіпсіздік техникасы
- Қашықтан аралас жұмыс істеу
- Қашықтан жұмыс істеу
- ҚҚС
- ҚҚС бойынша декларация
- ҚҚС бойынша есептен шығару
- ҚҚС бойынша куәлік
- ҚҚС бойынша шек
- ҚҚС қайтару
- ҚҚС төлемеуші
- ҚҚС төлеушілер
- ҚҚС түзету
- ҚҚС-нан босату
- қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы
- қолма-қол ақшасыз төлемдер
- Қоныс аударушы
- Қорларды босатуға арналған жүкқұжат
- қорларды есепке алу
- қоршаған ортаға жағымсыз әсері
- Қоса атқарылатын жұмыс
- Қосымша декларация
- қосымша демалыс
- Қосымша есептілік
- қосымша келісім
- Қосымша шот-фактура
- ҚСХҚЕС
- Құжат айналымы
- құжаттарды жою
- құжаттарды сақтау
- Құжаттық тексеру
- Құн өсімінен түсетін кіріс
- құндық балансы
- Құрбан айт
- Құрылтай құжаттары
- Құрылтайшы
- құрылымдық бөлімшесі
- Қызмет түрі
- қызметін тоқтату
- Қызметкерлерді оқыту
- қызметті қайта бастау
- Қызметті тоқтата тұру
- Қызметтік жазба
- қысқартылған жұмыс уақыты
-
Л
-
М
- Майнинг
- Маркетингтік көрсетілетін қызметтер
- Материалдық жауапты тұлға
- Материалдық көмек
- материалдық тұлға
- Мәмілелер мониторингі
- МӘМС
- МӘМСА
- МӘМСЖ
- МЕА
- Медианалық жалақы
- Медицинаға арналған салықтық шегерім
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
- мемлекеттік көрсетілетін қызмет
- мемлекеттік сатып алу
- Мемлекеттік-жекешелік әріптестік
- Мереке күні
- Мерекелер күнтізбесі
- МЗЖ
- микробизнес
- Минустық ЭШФ
- МКЗЖ
- Мобильді аударымдар
- Мобильді қосымша
- Монетарлық баптар
- Мөр
- Мөртабан
- мүгедек бала
- Мүгедектігі бар адам
- Мүлік салығы
- Мүліктік кіріс
- мүшелік жарналар
-
Н
-
О
-
Ө
-
П
-
Р
-
С
- Сақтандыру
- Сақтандыру төлемi
- Салық берешегі
- салық есептілігі нысандары
- Салық жеңiлдiктерi
- Салық режимі
- Салық салу объектісі
- Салық салынатын импорт
- Салық салынатын кіріс
- Салық тәуекелі
- салық тіркелімдерінің нысандары
- Салық төлеушіні тіркеу
- Салық төлеушінің кабинеті
- Салықтық база
- Салықтық есепке алу
- Салықтық есепке алу саясаты
- Салықтық есептілік
- Салықтық жүктеме
- Салықтық жүктеме коэффициенті
- Салықтық мөлшерлеме
- Салықтық өтініш
- Салықтық тексеру
- Салықтық тіркелім
- Салықтық шегерім
- Салықтық шегерім
- салықтық шегерімді
- сатып алу-сату
- Сәйкестендіру құралдары
- Сәйкестендіру нөмірі
- сенiмхат
- Сенімхаттар журналы
- СТ-1
- стандартты шегерім
- Статистикалық есептілік
- Субсидия
- Сынақ мерзімі
- сыртқы (көрнекі) жарнама
- Сыртқы жарнама
-
Т
- табелі
- табыс ДК
- табыс салығы
- тақырыптық тексеру
- Талап мерзiмi
- Таңбалау
- Тарату балансы
- Тарату есептілігі
- Тарифтік мөлшерлеме
- Тауар таңбасы
- тауар экспорты
- Тауар-көлiк жүкқұжаты
- Тауарға ілеспе құжаттар
- Тауардың шығарылған жері туралы сертификат
- тауарларды әкелу
- тауарларды әкету
- Тауарларды сыныптау
- Тауарлық чек
- Тәртіптік жаза
- тәуекел дәрежесі
- Тәуекел дәрежесінің критерийлері
- Тәуекелдерді басқару жүйесі
- Тәуекелдің жоғары дәрежесі
- Тәулікақы
- Тендер
- ТІЖ
- ТІЖ растау
- Тіркелген активтер
- ТҚЖБ
- ТМҚ
- ТМҚ есептен шығару
- Толық емес жұмыс күні
- Төлем белгілеу коды
- Төлем көзіндегі ЖТС
- Төлем көзіндегі КТС
- Төлем көзінен кірістерге
- Түгендеу
- түзетілген ЭШФ
- тұруына ықтиярхат
- Тынығу уақыты
-
У
-
Ү
-
Ұ
-
Ф
-
Х
-
Ц
-
Ш
-
Э
Жеке еңбек шарты (ЖЕШ) - жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес жұмыскер белгілі бір жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші жұмыскерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, осы Кодексте, ҚР заңдарында және ҚР өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, жұмыскерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді.
Кіммен ЕШ жасауға жол берілмейді
Кіммен ЕШ жасауға жол беріледі
ЕШ жасасу, өзгерту және толықтыру тәртібі
Кіммен ЕШ жасауға жол берілмейді
Мынадай:
1) медициналық қорытынды негізінде адамның денсаулық жағдайына байланысты істеуге болмайтын жұмысты орындауға;
2) ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарға, сондай-ақ жұмыс берушінің мүлкі мен басқа да құндылықтарының сақталуын қамтамасыз етпегені үшін жұмыскердің толық материалдық жауаптылығы көзделетін лауазымдар мен жұмыстарға, сондай-ақ орындалуы олардың денсаулығы мен имандылық тұрғысынан дамуына зиян келтіруі мүмкін жұмыстарға (ойын бизнесі, түнгі ойын-сауық орындарындағы жұмыс, алкоголь өнімдерін, темекі бұйымдарын, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру, тасымалдау мен сату) он сегіз жасқа толмаған азаматтармен;
3) соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес белгілі бір лауазымға тұру немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айырылған азаматтармен;
4) жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органның рұқсатын алғанға дейін не шетелдік жұмыскер өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтаманы немесе еңбекші көшіп келушіге халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен берілген рұқсатты алғанға дейін немесе ҚР заңдарында белгіленген шектеулерді немесе ерекшеліктерді сақтамай, ҚР
аумағында уақытша болатын шетелдіктермен және азаматтығы жоқ адамдармен;
5) білім беру ұйымынан оқу нысаны көрсетілген немесе қабылдайтын ұйымнан кәсіптік даярлаудан және (немесе) тағылымдамадан өтуі туралы анықтамаларды және білім алу мақсатында болуға арналған рұқсатты ұсынбаған, ҚР
аумағында уақытша болатын шетелдік студенттермен және тағылымдамадан өтушілермен;
6) ҚР аумағында уақытша болатын, отбасына қосылу мақсатында келуге және онда болуға арналған рұқсатты және ҚР
заңнамасында танылатын, ҚР
азаматымен некеде тұрғанын растайтын құжатты ұсынбаған;
7) бір жұмыс беруші жеке тұлғаның үй шаруашылығында жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) бойынша бір мезгілде бестен көп еңбекші көшіп келушімен еңбек шартын жасасуына жол берілмейді (ҚР Еңбек кодексінің 26-бабының 1-тармағы).
Кіммен ЕШ жасауға жол беріледі
Он алты жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі.
Еңбек шарты:
1) орта білім беру ұйымында негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайларда, он бес жасқа толған азаматтармен;
2) оқудан бос уақытта, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін он төрт жасқа толған оқушылармен;
3) кинематография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, цирктерде денсаулығына және имандылық тұрғысынан дамуына нұқсан келтірмей, шығармалар жасауға және (немесе) орындауға қатысу үшін осы тармақтың 2) тармақшасында айқындалған талаптарды сақтай отырып, он төрт жасқа толмаған адамдармен еңбек шарты жасалуы мүмкін.
Осы баптың 2-тармағында айқындалған жағдайларда еңбек шартына кәмелетке толмаған адаммен қатар оның заңды өкілдерінің біреуі қол қоюға тиіс. ҚР ЕК 31-бабы.
ЕШ нені қамтуы тиіс
Еңбек шартында:
1) тараптардың деректемелері:
- жұмыс беруші жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрақты тұрғылықты жерінің мекенжайы және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтер, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні;
- жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі);
- жұмыс беруші заңды тұлғаның және оның орналасқан жерінің атауы, жұмыс беруші заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күні, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi;
- жұмыскердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрақты тұрғылықты жерінің мекенжайы және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтер, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні, жеке сәйкестендіру нөмірі;
2) белгілі бір мамандық, кәсіп, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысы (еңбек функциясы);
3) жұмыстың орындалатын орны;
4) еңбек шартының мерзімі;
5) жұмыстың басталу күні;
6) жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимі;
7) еңбекке ақы төлеу мөлшері мен өзге де шарттары;
8) егер жұмыс ауыр жұмыстарға жататын болса және (немесе) зиянды және (немесе) қауіпті жағдайларда орындалатын болса, еңбек жағдайларының сипаттамасы, кепілдіктер мен жеңілдіктер;
9) жұмыскердің құқықтары мен міндеттері;
10) жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері;
11) еңбек шартын өзгерту мен тоқтату тәртібі;
12) тараптардың жауаптылығы;
13) жасалу күні мен реттік нөмірі болуға тиіс.
ЕШ қандай мерзімге жасалады
1) белгіленбеген мерзімге;
2) осы тармақтың 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында белгіленген жағдайлардан басқа, бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге.
Еңбек шартының мерзімі аяқталған кезде тараптар оны белгіленбеген немесе кемінде бір жыл белгілі бір мерзімге ұзартуға құқылы.
Егер еңбек шартының қолданылу мерзімі өткен жағдайда тараптардың ешқайсысы соңғы жұмыс күні (ауысым) ішінде еңбек қатынастарын тоқтату туралы хабардар етпесе, ол бұрын жасалған дәл сол мерзімге ұзартылған деп есептеледі.
Белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шарты көп дегенде екі ретке ұзартылуы мүмкін.
Еңбек қатынастары жалғасқан кезде еңбек шарты белгіленбеген мерзімге жасалған болып есептеледі.
Осы тармақшаның төртінші және бесінші бөліктерінің ережелері дербес білім беру ұйымдарының және олардың ұйымдарының шетелдік жұмыскерлеріне қолданылмайды;
3) белгілі бір жұмыстың орындалу уақытына;
4) уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру уақытына;
5) маусымдық жұмысты орындау уақытына;
6) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жергілікті атқарушы органдар беретін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттың, еңбекші көшіп келушіге рұқсаттың және өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтаманың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін мерзімдері шегінде жасалуы мүмкін. ҚР ЕК 30-бабы.
ЕШ жасасу, өзгерту және толықтыру тәртібі
ҚР ЕК 33-бабы Еңбек шарты кемінде екі данада жазбаша нысанда жасалады және оған тараптар қол қояды. Еңбек шартының бір-бір данасы жұмыскер мен жұмыс берушіде сақталады. Еңбек шартын жасасу, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында жүргізілуі мүмкін.
Еңбек шартына, оның ішінде басқа жұмысқа ауыстыру кезінде, өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тараптар осы баптың 1-тармағында көзделген тәртіппен қосымша келісім түрінде жазбаша нысанда жүзеге асырады.
Еңбек шартының талаптарын өзгерту туралы хабарламаны еңбек шарты тараптарының бірі береді және екінші тарап оны берілген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды. Еңбек шартының талаптарын өзгерту, оның ішінде басқа жұмысқа ауыстыру кезінде өзгерту туралы хабарлама алған тарап қабылданған шешім туралы осы бапта белгіленген мерзімде екінші тарапқа хабарлауға міндетті.
Адамды жұмысқа жіберу еңбек шартын жасасқаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
Жұмыс берушінің кінәсінен еңбек шарты болмаған және (немесе) тиісті түрде ресімделмеген жағдайда, ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады. Бұл жағдайда еңбек қатынастары жұмыскер жұмысқа кіріскен күннен бастап туындады деп есептеледі.
Еңбек шартының жұмыс берушінің кінәсінен жарамсыз деп танылуы бұрынғы жұмыскердің еңбегіне ақы алу, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемін, өзге де төлемдер мен жеңілдіктер алу құқығынан айырылуына әкеп соқпайды.
Еңбек шартының жекелеген талаптарының жарамсыз деп танылуы еңбек шартының тұтастай жарамсыздығына әкеп соқпайды.
Жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негізі туралы белгісі бар
еңбек шарты жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжат болуы мүмкін. ҚР ЕК 35-бабы. .
Қайта ұйымдастыруға немесе экономикалық, технологиялық жағдайлардың, еңбекті ұйымдастыру жағдайларының өзгеруіне және (немесе) жұмыс берушінің жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты өндірісті ұйымдастырудағы өзгерістерге орай, жұмыскер өз мамандығына немесе кәсібіне, тиісті біліктілігіне сәйкес жұмысын жалғастырған кезде, еңбек жағдайларын өзгертуге жол беріледі. Еңбек жағдайлары өзгерген кезде еңбек шартына тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі. ҚР ЕК 46-бабы.
ЕШ тоқтату негіздері
Еңбек шартын тоқтату үшін негіздер:
1) тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу;
2) еңбек шарты мерзімінің аяқталуы;
3) жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу;
4) жұмыскердің басқа жұмыс берушіге ауысуына байланысты;
5) жұмыскердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу;
6) тараптардың еркінен тыс мән-жайлар;
7) жұмыскердің еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартуы;
8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайлардан басқа, жұмыскердің сайланбалы жұмысқа (лауазымға) ауысуы немесе еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін жоққа шығаратын лауазымға тағайындалуы;
9) еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы болып табылады.
ЕШ бұзу тәртібі
ҚР ЕК 50-бабына сәйкес Еңбек шарты тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін.
Еңбек шартын тараптардың келісімі бойынша бұзуға ниет білдірген, еңбек шартының бір тарапы еңбек шартының екінші тарапына хабарлама жібереді.
Хабарламаны алған тарап үш жұмыс күні ішінде екінші тарапқа қабылданған шешім туралы жазбаша нысанда
хабарлауға міндетті.
Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу
күні жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы келісім бойынша айқындалады.
Белгiлi бiр мерзiмге жасалған еңбек шарты оның мерзiмiнiң өтуіне байланысты тоқтатылады.
2. Егер жүкті әйел бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталған күні мерзімі он екі және одан көп апта жүктілігі туралы анықтама ұсынса, сондай-ақ үш жасқа дейінгі баласы бар, бала асырап алған және бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалысқа өз құқығын пайдалануға ниет білдірген жұмыскер уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру жағдайынан басқа, еңбек шартының мерзімін ұзарту туралы жазбаша өтініш берсе, онда жұмыс беруші еңбек шартының мерзімін бала күтімі бойынша демалыс аяқталған күнді қоса алып ұзартуға міндетті.
3. Белгiлi бiр жұмыстың орындалу уақытына жасалған еңбек шартының мерзiмi өткен күн жұмыстың аяқталған күні болып табылады.
4. Уақытша болмаған жұмыскердi алмастыру уақытына жасалған еңбек шарты мерзiмiнiң өткен күнi жұмыс орны (лауазымы) сақталған жұмыскердiң жұмысқа шығатын күнi не жұмыс орны (лауазымы) сақталған жұмыскермен еңбек шарты тоқтатылған күн болып табылады. ҚР ЕК 51-бабы
Егер еңбек, ұжымдық шарттарда хабардар етудің неғұрлым ұзақ мерзімі көзделмесе, жұмыс беруші еңбек шартын бұзу кезінде еңбек шартын бұзу туралы жұмыскерді кемінде бір ай бұрын хабардар етуге міндетті. Еңбек шартын жұмыскердің келісімімен бұзу хабардар ету мерзімі өткенге дейін жүргізілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы ҚР Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін екі жылдан кем уақыт қалған қызметкерлермен еңбек шартын бұзуға жол берілмейді. ҚР КК 53-бабының 1-тармағы.
Жұмыскер бұл туралы жұмыс берушіні кемінде бір ай бұрын
жазбаша хабардар ете отырып, еңбек шартын өз бастамасы бойынша бұзуға құқылы. Еңбек шартында жұмыскердің еңбек шартын бұзу туралы жұмыс берушіні хабардар етуінің неғұрлым ұзақ мерзімін белгілеуіне жол беріледі.
Еңбек шарты жұмыскердің бастамасы бойынша жұмыс берушінің жазбаша келісімімен хабардар ету мерзімі өткенге дейін бұзылуы мүмкін. ҚР КК 56-бабының 1, 2-тармақтары.
Жауапкершілік
ӘҚБтК 86-бабының негізінде - Жұмыс берушінің адамды еңбек шартын жасаспай жұмысқа жіберуі - лауазымды адамдарға - 30, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 60, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 80, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 150 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет (әрекетсiздiк) - лауазымды адамдарға - 60, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 80, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - 100, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - 200 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған әрекет (әрекетсіздік), - лауазымды адамдарға - 50, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 80, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 150, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға
әкеп соғады.
Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет (әрекетсiздiк) - лауазымды адамдарға - 70, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 150, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - 200, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - 300 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Электрондық еңбек шарты
Қазақстан Республикасының еңбек нарығы белсенді түрде цифрландырылуда. Электрондық еңбек шарттарын жасасу қарқын алуда. Электрондық түрде жасалатын еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі (ЕШЕБЖ) енгізіледі. Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі - еңбек шарттарын, еңбек қызметін және қызметкерлер санын есепке алуды автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе. ҚР КК 1-бабы 1-тармағының 35-1-тармақшасы.
Электрондық еңбек шарттары жазбаша нысанда жасалатын еңбек шартының дәстүрлі нысанына қосымша опция болып табылады, Еңбек шарттарын тіркеу https://www.enbek.kz сайты арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін Электрондық еңбек биржасының (бұдан әрі - ЭЕБ) www.enbek.kz порталында тіркелу қажет, кәсіпорын туралы мәліметтер ЭЦҚ-мен расталуы тиіс.
ЕШЕБЖ-ның негізгі артықшылықтары:
- қағаз құжаттарды жинау қажеттілігінің болмауына байланысты жұмысқа орналастыру процесін жеңілдету,
- шарттың, жарналардың және қорларға аударымдардың болуын бейнелеу, сондай-ақ жұмыс берушінің қызметкер алдындағы міндеттемелерін бекіту арқылы әлеуметтік тәуекелдерден қорғау.
Шарттар екі тілде: қазақ және орыс тілдерінде жасалуы мүмкін.
Жұмыс беруші ақпаратты ЕШЕБЖ-мен кадрлық қамтамасыз етуді ықпалдастыру арқылы немесе «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы немесе ЕШЕБЖ-мен ықпалдастырылған еңбек шарттарын есепке алуды автоматтандыру жөніндегі басқа да ақпараттық жүйелер арқылы ЕШЕБЖ-ға енгізеді:
- қызметкермен еңбек шартын жасасу және тоқтату туралы;
- еңбек шартына енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы
ҚР ЕК 23-бабы 2-тармағының 27-тармақшасына сәйкес - Жұмыс беруші: еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен жұмыскермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, оған енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізуге міндетті.
Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕШЕБЖ) мәліметтерді енгізу мерзімдері:
1) жаңадан жасалған еңбек шарттары туралы - екі тарап еңбек шартына қол қойған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) қолданылу мерзімі өтпеген еңбек шарттары туралы:
- жұмыскерлер саны 2000 адамға дейінгі кәсіпорындар үшін - Қағидалар күшіне енген күннен бастап 1 жыл ішінде;
- жұмыскерлер саны 2000 адамнан асатын кәсіпорындар үшін - Қағидалар күшіне енген күннен бастап 2 жыл ішінде;
3) еңбек шартына өзгерістер мен толықтырулар туралы - екі тарап қол қойған күннен бастап күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей;
4) жұмыскер жұмысқа қайта алынған жағдайда түзету туралы - қалпына келтірілген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде;
5) мәліметтерді дұрыс енгізбеген кезде қатені түзету туралы - бастапқы деректерді енгізген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде;
6) жұмыскердің және (немесе) жұмыс берушінің деректемелері дұрыс енгізілмеген кезде мәліметтерді жою - бастапқы деректемелер енгізілген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде;
7) еңбек шартын тоқтату туралы - еңбек шарты тоқтатылған күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей.
ЕШЕБЖ-дан мәліметтерді жеке және заңды тұлғаларға еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ҚР дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, электрондық немесе қағаз нысандағы сұрау салу негізінде ұсынады.
Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде еңбек шарты туралы мәліметтерді ұсыну және алу қағидалары, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 3 қыркүйектегі № 353 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 қыркүйекте № 21173 болып тіркелді.