Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам немесе тәуелсіз жұмыскерлер – бұл дара кәсіпкерлерді (ДК), жеке практикамен (ЖП) айналысатын тұлғаларды, шаруашылық серіктестігінің құрылтайшыларын (қатысушыларын) және акционерлік қоғамның құрылтайшыларын (қатысушыларын), акционерлерін, өндірістік кооператив мүшелерін қоспағанда, өз қызметін мемлекеттік тіркеусіз табыс табу мақсатында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру (өткізу) жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын жеке тұлғалар. Басқаша айтқанда, бұл жұмыс берушілермен ресми түрде жасалған еңбек шартынсыз қаражат табатындар, жалдаусыз жұмыс істейтіндер. 

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР

2026 жылғы 1 қаңтарға дейін өзін-өзі жұмыспен қамтығандар

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР

Арнаулы салық режимі - салық төлеуші Салық кодексінде белгіленген шарттарды сақтаған кезде салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен өзгеше, жекелеген салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есептеу, төлеу, сондай-ақ олар бойынша салықтық есептілікті ұсыну тәртібі; (ҚР Салық кодексінің 6-бабы)

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Салық реформасы шеңберінде арнаулы салық режимдерін айтарлықтай оңтайландыру жүргізілді.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексінде үш арнаулы салық режимін қолдану көзделген:

  • Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимі;
  • Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі;
  • Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі.

Мынадай арнаулы салық режимдерінің күші жойылды:

  • бөлшек салықтың АСР;
  • патент негізінде АСР;
  • мобильді қосымша пайдаланылатын АСР;
  • тіркелген шегерім пайдаланылатын АСР;

Салық кодексінің 715-бабында режимдер бойынша барлық жалпы талаптар бір кестеге жинақталған:

Арнаулы салық режимдерінің түрлері

Субъектілер

Шекті кіріс мөлшері (қаржы жылының 1 қаңтарына айлық есептік көрсеткіш)

Мөлшерлеме, кіріс %-ы

Қызмет түрлері/жер учаскесінің болуы

А.

1

2

3

4

5

1

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимі

жеке тұлғалар – Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар

бір айда 300

жеке табыс салығы – 0

әлеуметтік төлемдер – 4*

арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімі

2

Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі

дара кәсіпкерлер мен Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғалары

бір жылда 600 000

4% мөлшеріндегі (жергілікті өкілді органдардың мөлшерлемені 50%-ға дейін төмендету/арттыру құқығымен) жеке табыс салығы/ корпоративтік табыс салығы

және белгіленген мөлшерлердегі әлеуметтік төлемдер*

арнаулы салық режимін қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерінің тізімі

3

Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі

шаруа немесе фермер қожалықтары

-

жеке табыс салығы – 0,5

Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген шекті алаңдарда жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқықтарында (қайталама жер пайдалану құқығын қоса алғанда) жер учаскелері болған кезде

* Әлеуметтік төлемдердің мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген.

Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары осы арнаулы салық режимінің күші қолданылмайтын қызмет түрлерінен кірістер алған кезде тиісті салықтарды есептеуді, төлеуді және олар бойынша салықтық есептілікті ұсынуды мынадай салық салу режимдерінде:

  • оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимінде оны қолдану шарттарына сәйкес келген кезде;
  • жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізеді.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимі

  • Кім қолдана алады: ДК мәртебесі жоқ және қызметкерлері жоқ жеке тұлғалар.
  • Кіріс: айына 300 АЕК-ке дейін.
  • Салық жүктемесі: кірістің 4% (әлеуметтік төлемдер), ЖТС төленбейді.
  • Есептілік: декларация жоқ - есептеу e-Salyq Business мобильді қосымшасындағы чектер бойынша автоматты түрде қалыптастырылады.

Салық кодексінің 718-бабына сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арнаулы салық режимін қолдану тәртібі мен талаптарын сақтау кезінде қолдануға құқылы.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар деп мынадай талаптарға сәйкес келетін:

  • өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызметтің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыратын жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлер болып табылмайтын) – Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар танылады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітті, ол 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және 40 қызмет түрін қамтиды.

  • жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын;
  • күнтізбелік айдағы кірісі тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінен аспайтын жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлер болып табылмайтын) – Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар танылады.

Арнаулы салық режимiн қолданудың тәртiбi мен шарттары

  • ЖТС, әлеуметтік төлемдерді есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін белгілейді;
  • Салық кезеңінде, яғни бір айда алынған кіріс салық салу объектісі болып табылады;
  • Өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысуды жүзеге асыру күні кірісті тану күні болып табылады;
  • Күнтізбелік ай салықтық кезең болып табылады;
  • Арнайы мобильді қосымшаны пайдалану немесе ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі жоқ жерлерде ЖТС мен әлеуметтік төлемдерді дербес есептеу және төлеу жолымен.

ҚР СК 719-бабының негізінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимі төлем көзінен ұсталатын салықты (бұдан ҚР СК 77-тарауының мақсатында – жеке табыс салығы), әлеуметтік төлемдерді қоспағанда, ЖТС есептеудің және төлеудің оңайлатылған тәртібін белгілейді.

Арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізіміне енгізілген қызметті жүзеге асыруға байланысты салықтық кезең үшін алынған кіріс өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимінде салық салу объектісі болып табылады.

Бұл ретте өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысуларды жүзеге асыру күні, оның ішінде ақшаны немесе оның баламасын алу немесе төлеу күні кірісті тану күні болып табылады.

      Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалардың (қызметін жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде жүзеге асыратын жеке тұлғаларды қоспағанда) кірістерін есепке алу арнаулы мобильді қосымшаның чектері және өзге де көздерден алынған кірістер туралы басқа да мәліметтер негізінде арнаулы мобильді қосымшада қалыптастырылатын кірістер тізілімде жүргізіледі.

     Қызметін жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде жүзеге асыратын жеке тұлғалардың өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режиміндегі кірістерін есепке алу операциялардың күні, атауы, әрбір операциядан алынған сомалар, әрбір күн үшін, ай үшін қорытынды сома көрсетіле отырып, өздері дербес әзірлеген қарапайым нысанда жүргізіледі.

Күнтізбелік ай өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдану үшін салықтық кезең болып табылады.

   Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арнаулы мобильді қосымшаны міндетті түрде пайдалана отырып немесе қызметін жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде жүзеге асыру кезінде жеке табыс салығын және әлеуметтік төлемдерді дербес есептеу және төлеу жолымен арнаулы салық режимін қолданады.

   Қызметті интернет-платформаны пайдалана отырып жүзеге асыру кезінде арнаулы салық режимін қолдану осы Кодекстің 721-бабының ережелері ескеріле отырып жүргізіледі.

ЖТС және әлеуметтік төлемдерді есептеу және төлеу

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР көзден ұсталатын салықты және әлеуметтік төлемдерді қоспағанда, ЖТС есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін белгілейді.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 0% мөлшерлеме бойынша ЖТС және 4% мөлшерінде әлеуметтік төлемдер төлейді:

  • ӘА - бір айдағы кірістің 1% (7 ЕТЖ-дан және АСР бойынша шектен жоғары емес);
  • МЗЖ - бір айдағы кірістің 1% (АСР бойынша шектен жоғары емес);
  • ЖМЗЖ - бір айдағы кірістің 1% (АСР бойынша шектен жоғары емес);
  • МӘМСЖ - кірістің 1% (МӘМС туралы ҚРЗ сәйкес).

ҚР СК 720-бабында белгіленгендей, жеке табыс салығының сомасын есептеу осы баптың 2-тармағында көзделген азайту ескеріле отырып, салық салу объектісіне 0 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану арқылы жүргізіледі.

Әлеуметтік төлемдерді есептеу мен төлеу осы баптың 2-тармағында көзделген азайту ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізіледі.

Арнаулы салық режимінде ЖТС пен әлеуметтік төлемдердің сомасын есептеуді өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам қызметін жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану арқылы жүргізеді.

Салық кезеңінде ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі жоқ жерлерде қызметті жүзеге асырудан түсетін табыстар бойынша арнаулы салық режимінде жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдердің сомасын есептеуді өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам жүргізеді.

Бұл ретте арнаулы мобильді қосымшада өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамның салықтық кезеңде алған барлық кірістерінің сомасы және есептелген жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдердің сомасы көрсетіледі.

ЖТС бюджетке есептi айдан кейiнгi айдың 25-iнен кешiктiрiлмей төленуге тиiс.

Әлеуметтік төлемдерді арнаулы салық режимінде төлеу Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде жүргізіледі.

Қызметін интернет-платформаны пайдалана отырып жүзеге асыратын өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың арнаулы салық режимін қолдануы

Интернет-платформа операторы Салық кодексінің 3-бабының 13) тармақшасына сәйкес салық агенті болып табылады, ол өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолданатын және қызметін интернет-платформаны пайдалана отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес орындаушылар болып табылатын жеке тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде және "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдерді ұстап қалуды және аударуды жүргізеді.

Салық агенті Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне және "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік төлем сомаларын ұстап қалуды жүргізеді.

Ұсталған ЖТС сомаларын бюджетке аударуды салық агенті есепті айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей жүргізеді.

Ұсталған әлеуметтік төлем сомаларын төлеуді салық агенті Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде және "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде жүргізеді.

ҚР СК 716-бабының 9-тармағына сәйкес таңдалған арнаулы салық режимін қолдануды бастау күні мыналар болып табылады:

   өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін таңдаған жеке тұлғалар үшін:

  • арнаулы мобильді қосымшада алғашқы чек қалыптастырылған айда көрсетілген чектің қалыптастырылған күні;
  • жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде – төлем құжаттарында көрсетілген кезең;

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі

2026 жылғы 1 қаңтарға дейін өзін-өзі жұмыспен қамтығандар

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтығандар

Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) бастапқыда дара кәсіпкерлер ретінде тіркелмеген өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін, егер олар жеке тұлғаларға ғана қызмет көрсетсе және олардың кіріс сомасы жылына 4 млн теңгеден аспаса, 5 жылға (2019 жылдан 2023 жылға дейін) уақытша енгізілді.

Бұрын БЖТ төлеген азаматтар дара кәсіпкер (ДК) ретінде тіркеліп, салық салудың қолайлы режимін таңдауы қажет. Мұны «e-Salyq Business», «Egov Mobile» мобильді қосымшалары және кейбір екінші деңгейдегі банктер (Halyq bank, Kaspi bank, BankCenterCredit) арқылы жасауға болады.

БЖТ енгізудің негізгі, тіпті жалғыз мақсаты – өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру жүйелеріне тарту. Сондықтан бұл төлемдері төмен жеңілдікті кезең болды. Және ол аяқталды.

САЛЫҚ САЛУДЫҢ ҚАНДАЙ РЕЖИМІН ТАҢДАУ КЕРЕК

E-Salyq Business мобильді қосымшасы

Ең ыңғайлы режимдердің бірі E-Salyq Business арнайы мобильді қосымшасы пайдаланылатын арнаулы салық режимі (АСР) болып табылады.

Бұл режимнің қолайлылығы мынада:

– ДК ретінде тіркелу салық органдарына бармай, E-Salyq Business мобильді қосымшасы арқылы жүргізіледі;

– мобильді қосымша алынған кірістердің есебін автоматты түрде жүргізуге мүмкіндік береді;

– мобильді қосымша арқылы бақылау-касса машинасының (БКМ) чегін алмастыратын мобильді қосымшаның чегі беріледі, тиісінше БКМ сатып алудың қажеті жоқ;

– мобильді қосымша салықты (салық мөлшерлемесі кірістің 1%) және әлеуметтік төлемдерді есептейді;

– декларация беру бойынша міндеттемелер жоқ;

– мобильді қосымша салық органдарына бармай-ақ кәсіпкерлік қызметті тоқтатуға мүмкіндік береді;

– мобильдік қосымша салық режимін таңдауға немесе ауыстыруға, салық төлеуге, төлемдерді (есепке алу, қайтару) басқаруға мүмкіндік береді.

Бұл режимді 2024 жылы кірісі 13,0 млн теңгеден (жылына 3 528 АЕК) аспайтын, 33 қызметтің бір немесе бірнеше түрін жалдамалы жұмыскерлерсіз жүзеге асыратын азаматтар қолдана алады (Салық кодексінің 686-2-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы).

Мобильді қосымша қолданылатын АСР – қызмет көрсету саласы үшін ыңғайлы және тиімді режим. Ол қағазбастылықты қысқартады, есеп айырысудағы қателіктерді жояды, салық жүктемесін төмендетеді. Кәсіпкердің салықты уақытында төлеуі ғана қалады – қалғанын қосымша өзі төлейді.

Тағы қандай оңайлатылған режимдерді қолдануға болады?

Оларды қолдану шарттарына сәйкес келген кезде басқа АСР қолдануға болады, мысалы:

  • патент - шығыстарды есептемегенде салық мөлшерлемесі кірістен 1% (патент 1 айдан бір жылға дейін сатып алынады);
  • оңайлатылған декларация - шығыстарды есептемегенде салық мөлшерлемесі кірістен 3% (есептілік жарты жылда 1 рет ұсынылады).

Әлеуметтік төлемдерді төлеу

Аталған режимдерді қолдану кезінде әлеуметтік төлемдерді де төлеу қажет екенін есте сақтау қажет.

Жеңілдікті санаттарға жатпайтын кәсіпкердің әлеуметтік төлемдерінің ең төменгі сомасы 2024 жылға 18 700 теңгені құрайды.

 Жеңілдікті санаттарға:

  • мүгедектігі бар адамдар,
  • зейнеткерлер, ҰОС қатысушылары және оларға теңестірілгендер,
  • декреттік демалыстағылар,
  • студенттер жатады.

МАҢЫЗДЫ: Әлеуметтік төлемдер салық болып табылмайды және кәсіпкердің өзінің пайдасына төленеді (міндетті зейнетақы жарналары – минималды 8 500 теңге, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары – минималды 1 275 теңге, әлеуметтік аударымдар – минималды 2 975 теңге, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары - 5 950 теңге).

 

2024 жылғы 1 қаңтарға дейін өзін-өзі жұмыспен қамтығандар

Өзін-өзі жұмыспен қамтуды ресімдеу үшін мынадай талаптарға жауап беру қажет:

  1. Кәмелетке толған болу.
  2. ҚР азаматтығының болуы.
  3. Жеке тұлға болу керек.
  4. Тек жеке тұлғалармен ғана жұмыс істеуге болады.

Егер сіз осы талаптарға сай болсаңыз, онда шартты тіркеуге көшуге болады. ҚР-да өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін 2019 жылы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін салық - БЖТ (бірыңғай жиынтық төлем) енгізілді. Бұл үшін тек БЖТ төлеу керек. БЖТ төлеу фактісі сіздің қызметіңіздің басталуы болып саналады. Бірнеше ай бұрын бірден төлеуге болады, бірақ егер сіз қандай да бір айда жұмыс істеуді жоспарламасаңыз, онда осы ай үшін салық төлеудің қажеті жоқ.

Егер сіз бұдан былай өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам ретінде жұмыс істемесеңіз, онда бұл туралы салық органдарына хабарлаудың қажеті жоқ. БЖТ төлемі тоқтатылысымен, сізге өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам мәртебесі алынып тасталады және қызмет тоқтатылады. Бұл жағдайда өсімақы мен қарыздар есептелмейді.

Бірыңғай жиынтық төлем 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіледі және 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) - бұл бейресми жұмыспен қамтылған тұлғаларға дара кәсіпкер ретінде тіркеусіз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін режим. Қазақстанда Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) 2019 жылдан бастап енгізілді, ол бейресми жұмыспен қамтылғандардың қызметін салық органдарында тіркеудің оңайлатылған тәртібін көздейді.

БЖТ төлемнің төрт міндетті түрін біріктіреді:

  • жеке табыс салығы (ЖТС);
  • мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар;
  • БЖЗҚ-ға зейнетақы төлемдері;
  • Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорына аударымдар.

Бірыңғай жиынтық төлемнің (БЖТ) ай сайынғы мөлшері:

  • республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және облыстық маңызы бар қалаларда тұратын жеке тұлғалар үшін – 1 АЕК;
  • басқа елді мекендерде тұратын жеке тұлғалар үшін – 0,5 АЕК. Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған АЕК мөлшері қолданылады.

БЖТ сомасын «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ мынадай пропорцияда бөледі:

10% – жеке табыс салығы (ЖТС);
20% – әлеуметтік аударымдар (ӘА);
30% – міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ);
40% – міндетті медициналық сақтандыруға (МӘМС) аударымдар.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған жеке тұлғаларға БЖТ төлеу:

  • міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы болуға;
  • зейнетақы жинақтарын жүргізуге және зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне қарай базалық зейнетақы төлемін алуға;
  • еңбек ету қабілетінен айырылған, жұмысынан айырылған, асыраушысынан айырылған, жүкті болған және босанған, бала асырап алған, 1 жасқа дейінгі бала күтімі болған жағдайларда әлеуметтік төлемдер алуға мүмкіндік береді;
  • қызметі еңбек өтіліне есептеледі;