Жарнама қызметтері - адамдардың белгісіз тобына арналған және жеке немесе заңды тұлғаға, тауарларға, тауар белгілеріне, жұмыстарға қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған ақпаратты жасау, тарату және орналастыру жөніндегі қызметтер.

«Жарнама туралы» ҚР Заңының 3-бабына сәйкес: жарнама - кез келген құралдардың көмегiмен кез келген нысанда таратылатын және (немесе) орналастырылатын, белгілі бір адамдар тобына арналмаған және жеке немесе заңды тұлғаға, тауарларға, тауар белгiлерiне, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткiзуге ықпал ететін ақпарат.

Бейрезиденттен сатып алынған жарнамалық қызметтерге салық салу

Салық кодексінің 645-бабының 9-тармағына сәйкес мыналар салық салуға жатпайды:

11) осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген кірістерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кірістер.

Салық кодексінің 644-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында мыналар көрсетілген:

3) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде басқарушылық, қаржылық, консультациялық, инжинирингтік, маркетингтік, аудиторлық, заң (соттарда, төрелікте немесе аралық сотта өкілдік ету және құқықтар мен заңды мүдделерді қорғау бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ нотариаттық көрсетілетін қызметтерді қоспағанда) қызметтерін көрсетуден түсетін кіріс.

4) уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғаның жұмыстардың, қызметтердің нақты орындалған, көрсетiлген жерiне қарамастан, оларды орындаудан, көрсетуден түсетiн кірістері, сондай-ақ осы бапта белгiленген өзге де кірістер.

Салық салуда жеңілдігі бар мемлекеттердің тізбесі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 142 бұйрығымен бекітілген.

Салық кодексінің 648абы негізінде салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша салық органына СЕН 101.04 есеп-қисабын - «Бейрезиденттің кірісінен төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп-қисапты» мынадай мерзімдерде:

1) бірінші, екінші және үшінші тоқсандар үшін - бейрезидентке кіріс төлеу жүргізілген тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей;

2) төртінші тоқсан үшін - бейрезидентке кіріс төлеу жүргізілген және (немесе) бейрезиденттің есептелген, бірақ төленбеген табысы шегерімге жатқызылған, осы Кодекстің 314абында белгіленген есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей ұсынуға міндетті.

Егер жарнама қызметтері салық салуда жеңілдігі бар мемлекеттің аумағында тіркелмеген және ҚР шегінен тыс жерде көрсетілген бейрезиденттерден сатып алынса, онда оларға Салық кодексінің 645-бабы 9-тармағының 11) тармақшасының негізінде төлем көзінен КТС салынбайды.

Бұл жағдайда 101.04-нысанының Салық есептілігін жасау қағидаларына сәйкес бейрезидентке төленген кіріс сомасы 101.04-нысаны бойынша есеп-қисапқа қосымшада көрсетіледі. 101.04 есеп-қисапқа қосымшада А, В, С, D, E, F, G және V бағандарындағы мәліметтер толтырылады. Бұл анықтамалық ақпарат 101.04 есеп-қисабының өзінде көрсетуге жатпайды. Демек, ҚР резиденті 101.04-нысанын Салық кодексінің 648-бабында белгіленген мерзімде тапсыруы қажет.

Егер жарнамалық қызметтер салық салуда жеңілдігі бар мемлекеттің аумағында тіркелген және ҚР шегінен тыс жерде көрсетілген бейрезиденттерден сатып алынса, онда оларға төлем көзінен КТС салынады. Бұл жағдайда бейрезидент есептелген және төленген кірістер бойынша СК 648-бабында белгіленген мерзімде СЕН 101.04 тапсырады.

ҚР ҰЖ 03-2019 экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ)

Кәсіпорынның негізгі экономикалық қызмет түрін айқындау әдістемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № 35 бұйрығы.