Кедендік тазарту – бұл тауарлар мен көлік құралдарын белгілі бір кедендік режимге орналастыру және ҚР Кедендік реттеу туралы кодексінің талаптары мен ережелеріне сәйкес осы режимнің қолданылуын аяқтау рәсімі.

Жүктер мен тауарларды кедендік тазарту мынадай кезеңдерді қамтиды:

  1. Тауарларға арналған декларацияны қабылдау, тіркеу және есепке алу.
  2. СЭҚ ТН кодын айқындаудың дұрыстығын және тарифтік емес реттеу ережелерінің сақталуын бақылау (импорт-экспортқа шектеулер).
  3. Валюталық бақылау және кедендік құнды айқындаудың дұрыстығын бақылау.
  4. Кедендік төлемдердің дұрыс өтуін тексеру.
  5. Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылау.
  6. Тауарды еркін айналымға шығару.

«Тауарларды кедендік тазарту» Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері:

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері:

- көрсетілетін қызметті беруші арқылы;

- «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы

Электрондық тәсілмен

Веб-қосымша - www.egov.kz порталында авторлану «Басты» батырмасын басыңыз – «Кеден және салықтар» батырмасын басыңыз – «Тауарларды кедендік тазарту» қызметін таңдаңыз – «Онлайн қызметке тапсырыс беру» батырмасын басыңыз – «АСТАНА-1» кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесі» сайтына өтіңіз.

Электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация (бұдан әрі - ЭКД) толтырылғаннан кейін, сондай-ақ онда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттар көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылады.

Қызметті алу үшін қажетті құжаттар:

Тәуекелдерді басқару жүйесінің кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру түріндегі кедендік бақылау нысанын айқындауын қоспағанда, ЭДТ-ны беру көрсетілетін қызметті берушінің онда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынуымен сүйемелденбейді. ТД-ны қағаз жеткізгіште
беру көрсетілетін қызметті берушіге ТД-да мәлімделген мәліметтерді, сондай-ақ оның электрондық түрін растайтын құжаттарды қағаз жеткізгіште ұсынумен сүйемелденеді.

Мұндай құжаттарға:

1) тауарлармен мәмілелер жасалғанын растайтын құжаттар, ал мұндай мәміле болмаған жағдайда – тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын өзге де құжаттар, сондай-ақ декларанттың иелігіндегі өзге де коммерциялық құжаттар;
2)
көліктік (тасымалдау) құжаттар;

3) тыйым салулар мен шектеулердің, ішкі нарықты қорғау шараларының сақталуын растайтын құжаттар;

4) тауарлардың шығарылған жері туралы құжаттар;

5) кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының төленгенін және (немесе) кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді растайтын құжаттар;
6)
кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер берудің мақсаттары мен шарттарының сақталуын растайтын құжаттар жатады.

Бас тарту үшін негіздер:

  1. Кедендік реттеу туралы кодекстің 182-бабының 5-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші кедендік мынадай:

1) кедендік декларация кедендік декларацияны тіркеуге құқылы емес кеден органына берілген;

2) кедендік декларацияны уәкілеттік берілмеген адам берген және (немесе) оған қол қойылмаған не ол тиісінше куәландырылмаған;

3) кедендік декларациялау нысаны сақталмаған;

4) кедендік декларацияда Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына сәйкес көрсетілуге жататын мәліметтер көрсетілмеген және (немесе) кедендік декларация оны толтырудың белгіленген тәртібіне сәйкес толтырылмаған;

5) қағаз жеткізгіштегі кедендік декларация белгіленген нысан бойынша жасалмаған және (немесе) электрондық кедендік декларацияның немесе қағаз жеткізгіштегі кедендік декларацияның электрондық түрінің құрылымы мен форматы осындай құжаттардың белгіленген құрылымдары мен форматтарына сәйкес келмеген;

6) Кодекстің 180-бабының 2-тармақшасында көрсетілген тауарларды не Кодекстің 180-бабының 3-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған жағдайлардағы тауарларды қоспағанда, соларға қатысты кедендік декларация берілетін тауарлар Қазақстан Республикасының аумағында болмаған;

7) осы Кодекске және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік декларацияны бергенге дейін немесе берумен бір мезгілде жасалуға тиіс әрекеттер жасалмаған;

8) кедендік декларацияны бергенге дейін немесе оны берумен бір мезгілде сақталуға тиіс, Кодекстің 188-, 189-баптарында айқындалған тауарларды кедендік декларациялау ерекшеліктері сақталмаған;

9) кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер берілген жағдайларды, кедендік алымдар осы Кодекстің 80-бабына сәйкес төленбейтін жағдайларды қоспағанда, кедендік декларациялау үшін кедендік алым төленбеген негіздер бойынша кедендік декларацияны тіркеуден бас тартады.

  1. Кедендік реттеу туралы кодекстің 201-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мынадай:

1) кеден органы тауарларды шығарған кездегі шарттардың, оның ішінде осы Кодекстің 194, 195, 196 және 197-баптарында көзделген, сондай-ақ жеке пайдалануға арналған тауарларға, халықаралық тасымалдау көлік құралдарына және керек-жарақтарға қатысты шарттардың орындалмау;

2) кеден органының Кодекстің 183-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) туралы талаптарының орындалмау;

3) алдын ала кедендік декларациялау кезінде Кодекстің 185-бабының 7-тармағында көзделген мән-жайлардың басталу;

4) мерзімді кедендік декларациялау кезінде осы Кодекстің 187-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген осындай кедендік декларациялау ерекшеліктері сақталмау және (немесе) декларантта белгіленген мерзімде орындалмаған кедендік төлемдерді, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, пайыздарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу жөніндегі міндеттің болу;

5) кеден органының талап етуі бойынша тауарды Кодекстің 193-бабының 3 және 6-тармақтарында белгіленген тауарларды шығару мерзімдері шегінде көрсетпеу;

6) Кодекстің 198-бабының 6 және 11-тармақтарында көзделген жағдайларда тауарларды шығару мерзімінің қайта басталмау;

7) Кодекстің 410-бабының 2 және 7-тармақтарында көзделген талаптардың орындалмау;

8) жолаушыларға арналған кедендік декларацияда мәлімделген тауарлардың Кодекстің 339-бабының 4-тармағына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызылмау;

9) мынадай: әкімшілік немесе қылмыстық іс қозғау үшін негіздер болып табылмайтын анықталған бұзушылықтар жойылған; анықталған бұзушылықтар жойылған және декларацияланатын тауарлар алып қойылмаған және оларға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тыйым салынбаған; декларантқа қатысты банкроттық туралы іс қозғалған жағдайларды қоспағанда, кеден органдары тауарларға кедендік бақылауды жүргізген кезде Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасын және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасын бұзушылықтарды анықтау негіздері бойынша тауарларды шығарудан бас тартады.

Қызмет құны

Тауарларды кедендік декларациялау - тауарларға арналған декларация үшін 20 000 теңге.

Көрсету мерзімі

Тауарларды шығаруды кеден органы кедендік декларацияны тіркеген кезден бастап төрт сағат ішінде аяқтауға тиіс

Тауарларды шығару кедендік декларация тіркелген күннен кейінгі не:

1) кеден органының кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарға сұрау салуы және (немесе) кедендік бақылауды өзге нысандарда жүргізу туралы не кедендік бақылау жүргізуді қамтамасыз ететін шараларды қолдану туралы шешім қабылдауы;

2) декларанттың кеден органына кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) туралы уәжді өтінішпен жүгінуі.

3) декларанттың кеден органының кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) туралы талабын орындамауы басталған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей аяқталуға тиіс.

Тауарларды шығару мерзімі:

1) осы Кодексте көзделген кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылау жүргізуді қамтамасыз ететін шараларды қолдана отырып, кедендік бақылауды жүргізу немесе басталған кедендік бақылауды аяқтау;

2) кеден органының Кодекстің 183-бабының 2-тармағына сәйкес кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) туралы талабын орындау;

3) Кодекстің 195 және 196-бабына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну үшін қажет уақытқа ұзартылуы мүмкін.

  1. Тауарларды шығару мерзімі кеден органы басшысының, ол уәкілеттік берген кеден органы басшысы орынбасарының не оларды алмастыратын адамдардың рұқсатымен ұзартылады.
  2. Тауарларды шығару мерзімі ұзартылған кезде тауарларды шығаруды кеден органы, егер Кедендік реттеу туралы кодексте өзгеше белгіленбесе, кедендік декларация тіркелген күннен не осы баптың 2-тармағында көрсетілген мән-жайлардың бірі басталған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей аяқтауға тиіс.

Егер кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруді осы баптың 6-тармағында белгіленген мерзімде аяқтау мүмкін болмаған және Кодекстің 195-бабына сәйкес тауарларды шығаруды Кодекстің 195-бабының 5-тармағында көзделген жағдайда жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, тауарларды шығару мерзімі кеден органы басшысының, ол уәкілеттік берген кеден органы басшысы орынбасарының не оларды алмастыратын адамдардың рұқсатымен осы баптың 6-тармағында белгіленген мерзім өткен күннен кейінгі күннен бастап осындай тексеруді жүргізу мерзіміне ұзартылады.

Егер кедендік сараптама тағайындалған және оны аяқтау үшін осы баптың 6-тармағында белгіленген мерзімге қарағанда анағұрлым ұзақ мерзім қажет болған және Кодекстің 196-бабына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ұсынылмаған не Кодекстің 196-бабына сәйкес тауарларды шығаруды Кодекстің 196-бабының 5-тармағында көзделген жағдайда жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, тауарларды шығару мерзімі кеден органы басшысының, ол уәкілеттік берген кеден органы басшысы орынбасарының не оларды алмастыратын адамдардың рұқсатымен осы баптың 6-тармағында белгіленген мерзім өткен күннен кейінгі күннен бастап кедендік сараптаманы жүргізу мерзіміне ұзартылады.
Тауарларды шығару мерзімі ұзартылған кезде кеден органы декларантқа немесе кеден өкіліне рұқсат берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей тауарларды шығару мерзімін ұзарту негіздерін көрстее отырып, осындай ұзарту туралы хабарлама жібереді.

Қызмет көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды адамы қабылдаған, оның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) расталған тауарларды шығару шешімі туралы хабарлама, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушыны, сондай-ақ мүдделі тұлғаларды ақпараттық жүйе арқылы бір мезгілде хабардар ете отырып, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша тауарларды шығарудан бас тарту туралы шешім түріндегі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.