Міндетті әлеуметтік сақтандыру – Әлеуметтік кодексте көзделген әлеуметтік тәуекел жағдайы туындаған кезде әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру мақсатында әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген кірістің бір бөлігін өтеу үшін мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және кепілдік беретін шаралар жиынтығы; (ҚР Әлеуметтік кодексінің 1-бабы 1-тармағының 111-тармақшасы)

Әлеуметтік аударымдар төленетін және Әлеуметтік Кодексте көзделген әлеуметтік қатер жағдайлары басталған кезде әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар жеке тұлға міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылады.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік сақтандыру

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі әлеуметтік сақтандыру

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік сақтандыру

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Салық реформасы шеңберінде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін өзгерістер әлеуметтік сақтандыруға қатысты болды.

Енді міндетті әлеуметтік сақтандыруға жататын тұлғаларға:

  • өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар;
  • интернет-платформаларды және (немесе) жұмыспен қамтудың платформалық мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтер көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар жатқызылды.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № 1089 қаулысымен 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған еңбек ету қабілетінен айрылу және асыраушысынан айрылу жағдайлары бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері алынатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 10 пайызға арттырылды.

Міндетті әлеуметтік сақтандыруға кім жатады

Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесi қатысушысының құқықтары

Әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін қабылданатын кіріс

Міндетті әлеуметтік сақтандыруға кім жатады

Әлеуметтік кодекстің 243-бабына сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыруға:

1) жұмыскерлер, ақы төленетін өзге де жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген), оның ішінде Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде еңбек қызметін жүзеге асыратын адамдар;

2) дара кәсіпкерлер, оның ішінде шаруа және фермер қожалықтарының басшылары, сондай-ақ олардың он сегіз жасқа толған мүшелері;

3) жеке практикамен айналысатын адамдар;

4) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агенттерімен жасасқан АҚС шарттар бойынша кірістер алатын, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін жеке тұлғалар (бұдан әрі – азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалар);

6) жеке көмекшілер;

7) Әлеуметтік кодекстің 101-1-бабында көрсетілген өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар;

8) интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың ұтқыр қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтер көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар жатады.

Әлеуметтік Кодекстің 207-бабында көзделген жасқа жеткен адамдар міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатпайды.

Баптың күші қандастарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасының аумағында табыс әкелетін қызметті жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең қолданылады.

Осылайша, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы - бұл әлеуметтік аударымдар төленетін және әлеуметтік қатер жағдайлары туындаған кезде әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар жеке тұлға.

Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесi қатысушысының құқықтары

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының:

  • еңбек ету қабілетінен айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемге;

Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алу құқығы медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеген күннен бастап туындайды. (Әлеуметтік кодекстің 180-бабы)

Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем әлеуметтік төлем тағайындауға жүгінген уақытта жұмыстың тоқтатылғанына немесе жалғастырылып жатқанына қарамастан тағайындалады.

Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді есептеу үшін қабылданған кезеңге әлеуметтік аударымдар Қорға оларды тағайындау үшін жүгінген күннен кейін түскен жағдайда алушыға еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшерін қайта есептеу жүргізілмейді.

  • асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемге; (ҚР ӘК 239-бабы)

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алу құқығы қайтыс болуы туралы куәлікте немесе хабарламада көрсетілген қайтыс болу күнінен бастап не міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап, не оны хабарсыз кетті деп тану немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімінде көрсетілген күннен бастап туындайды.

Бұл ретте, егер қайтыс болған асыраушының қайтыс болуы туралы куәлігінде қайтыс болу күнін нақты анықтау мүмкін болмауына байланысты қайтыс болу кезеңі көрсетілсе, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алу құқығы қайтыс болу кезеңі басталған күннен басталады.

  • жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемге; (ҚР ӘК 113-бабы)

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы Әлеуметтік Кодекстің 99-бабына сәйкес жұмыссыз ретінде тіркелген күннен бастап жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алу құқығы туындайды.

Мансап орталығы алушыны субсидияланатын жұмыс орнына, кәсіптік оқуға жіберген кезде оның жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алу құқығы сақталады.

Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындауға жүгіну мерзімі жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алу құқығы туындаған күннен бастап он екі айдан аспауға тиіс.

  • жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша төленетін әлеуметтік төлемдер (ҚР ӘК 77-бабы)

Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік төлемді алу құқығы туындаған күннен бастап тағайындалады.

Әлеуметтік төлемдерді алу құқығы:

  • жүктілікке және босануға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша – еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақта көрсетілген жүктілігі және босануы бойынша демалыс берілген күннен бастап;
  • жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша – еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақта көрсетілген, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлерге демалыс берілген күннен бастап туындайды.

Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен берілген еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақта көрсетілген бүкіл кезеңге тағайындалады.

  • бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша төленетін әлеуметтік төлем (ҚР ӘК 84-бабы)

Бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем алу құқығы баланың туу туралы куәлігінде көрсетілген туған күнінен бастап, баланы (балаларды) асырап алған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, бір жарым жасқа дейінгі балаға қорғаншылық тағайындалған жағдайларда, соттың баланы (балаларды) асырап алу туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қорғаншы тағайындалған күннен бастап туындайды.

Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем баланы (балаларды) күтуді жүзеге асыратын және Қордан әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға тағайындалады.

Бұл ретте, егер баланы күтуді міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің бірнеше қатысушысы жүзеге асырса, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем көрсетілген адамдардың біреуіне ғана тағайындалады.

Әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін қабылданатын кіріс

Әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеуде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар жүргізілген ай сайынғы кірістер ескеріледі.

Бұл ретте кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төменгi жалақының 7 еселенген мөлшерiнен аспауға тиiс.

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі әлеуметтік сақтандыру

Әлеуметтік кодекске сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыру - Әлеуметтік кодексте көзделген әлеуметтік тәуекел жағдайы туындаған кезде әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру мақсатында әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген кірістің бір бөлігін өтеу үшін мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және кепілдік беретін шаралар жиынтығы; (ҚР Әлеуметтік кодексінің 1-бабы 1-тармағының 111-тармақшасы)

Әлеуметтік аударымдар төленетін және Әлеуметтік Кодексте көзделген әлеуметтік қатер жағдайлары басталған кезде әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар жеке тұлға міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылады.

Әлеуметтік кодекстің 243-бабына сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыруға:

1) жұмыскерлер, ақы төленетін өзге де жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген), оның ішінде Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде еңбек қызметін жүзеге асыратын адамдар;

2) дара кәсіпкерлер, оның ішінде шаруа және фермер қожалықтарының басшылары, сондай-ақ олардың он сегіз жасқа толған мүшелері;

3) жеке практикамен айналысатын адамдар;

4) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агенттерімен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін жеке тұлғалар (бұдан әрі – азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалар); Әлеуметтік Кодекстің 262-бабына сәйкес 01.01.2025 жылға дейін тоқтатыла тұрды.

5) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар; Әлеуметтік кодекстің 263-бабына сәйкес 01.01.2024 жылға дейін қолданыста болады.

6) Әлеуметтік кодекске сәйкес жеке көмекшілер жатады.

ҚР ЕК 207-бабында көзделген жасқа жеткен адамдар міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатпайды.

Баптың күші қандастарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасының аумағында табыс әкелетін қызметті жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең қолданылады.

Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесi қатысушысының құқықтары

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне
қатысушының:

1) Еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемге

Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алу құқығы медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеген күннен бастап туындайды. (Әлеуметтік кодекстің 180-бабы)

Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем әлеуметтік төлем тағайындауға жүгінген уақытта жұмыстың тоқтатылғанына немесе жалғастырылып жатқанына қарамастан тағайындалады.

Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді есептеу үшін қабылданған кезеңге әлеуметтік аударымдар Қорға оларды тағайындау үшін жүгінген күннен кейін түскен жағдайда алушыға еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшерін қайта есептеу жүргізілмейді.

2) Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемге (ҚР ӘК 239-бабы)

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алу құқығы қайтыс болуы туралы куәлікте немесе хабарламада көрсетілген қайтыс болу күнінен бастап не міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап, не оны хабарсыз кетті деп тану немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімінде көрсетілген күннен бастап туындайды.

Бұл ретте, егер қайтыс болған асыраушының қайтыс болуы туралы куәлігінде қайтыс болу күнін нақты анықтау мүмкін болмауына байланысты қайтыс болу кезеңі көрсетілсе, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алу құқығы қайтыс болу кезеңі басталған күннен басталады.

3) Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемге (ҚР ӘК 113-бабы)

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы осы Кодекстің Әлеуметтік Кодекстің 99-бабына сәйкес жұмыссыз ретінде тіркелген күннен бастап жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алу құқығы туындайды.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға қолданылмайды. Осы Кодекстің 263-бабына сәйкес 01.01.2024 жылға дейін қолданылады.

Мансап орталығы алушыны субсидияланатын жұмыс орнына, кәсіптік оқуға жіберген кезде оның жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алу құқығы сақталады.

Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындауға жүгіну мерзімі жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алу құқығы туындаған күннен бастап он екі айдан аспауға тиіс.

4) Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерге (ҚР ӘК 77-бабы)

Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік төлемді алу құқығы туындаған күннен бастап тағайындалады.

Әлеуметтік төлемдерді алу құқығы:

·       жүктілікке және босануға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша – еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақта көрсетілген жүктілігі және босануы бойынша демалыс берілген күннен бастап;

·       жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша – еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақта көрсетілген, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлерге демалыс берілген күннен бастап туындайды.