БТБА - Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы.

БТБА жұмыстарды тарифтеуге, жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беруге, сондай-ақ экономикалық қызметтің барлық салаларында жұмысшыларды даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі бағдарламаларды жасауға арналған.

БТБА меншік нысанына қарамастан өндірістер және жұмыс түрлері бойынша бөлімдерге топтастырылған жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын қамтиды. БТБА-ға орналастырылған жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары ғылыми-техникалық прогресс, еңбекті ғылыми ұйымдастыру, еңбекті ұйымдастыру мен еңбекақы төлеудің бригадалық нысандарын қолдану талаптарын, сондай-ақ өнімнің сапасына, жалпы білім деңгейіне және жұмысшылардың арнайы даярлығына қойылатын талаптардың өсуін ескере отырып әзірленді.

Анықтамалықта келтірілген тарифтік-біліктілік сипаттамалар жұмысшылардың кәсіптері бойынша негізгі, жиі кездесетін жұмыстардың сипаттамасын қамтиды. Әрбір жұмыс орнындағы жұмыстардың нақты мазмұны, көлемі мен орындалу тәртібі ұйымдарда технологиялық карталармен, жұмыс нұсқаулықтарымен немесе басқа да құжаттармен белгіленеді.

БТБА-ның көптеген бөлімдерінің жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында осы разрядқа жататын жұмыс үлгілері келтірілген. Бұл мысалдар экономиканың әрбiр саласында бар барлық жұмыстарды тауыспайды. Сондықтан қажеттi жағдайларда жұмыстарды тарифтеу және кәсiпорындарда, экономикалық қызметтiң әртүрлi ұйымдарында жұмысшыларға бiлiктiлiк разрядтарын беру кезiнде бiрлiктi қамтамасыз ету мақсатында министрлiктер мен ведомстволар БТБА-ның жекелеген бөлiмдерiне қатысты оларға ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындар мен ұйымдарда қолдану үшiн жұмыс үлгiлерiнiң қосымша тiзбесiн әзiрлеп, бекiте алады. Қосымша тізбеге енгізілген жұмыстар орындау күрделілігі бойынша БТБА-да орналастырылған тиісті разрядтар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында сипатталған жұмыстарға сәйкес келуі тиіс.