Шетелдік тауарлар - Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары болып табылмайтын, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесінен айырылған тауарлар, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес шетелдік тауарлар мәртебесін алған (шетелдік тауарлар болып танылған) тауарлар.

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» ҚР Кодексінің 202-бабының 8-тармағына сәйкес шартты түрде шығарылған тауарлар шетелдік тауарлар мәртебесіне ие болады және осындай тауарлар кедендік бақылауда болады.

Ішкі тұтыну үшін шығару рәсімімен орналастырылған тауарлар, оларға қатысты:

1) осы тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен қатар қолданылған кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер;

2) тыйым салулар мен шектеулерді сақтау Одақ туралы шартқа және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарды шығарғаннан кейін расталуы мүмкін;

3) Еуразиялық экономикалық одақтың шеңберіндегі халықаралық шарттарға немесе Еуразиялық экономикалық одаққа кіру туралы халықаралық шарттарға (мемлекеттің Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қосылуы туралы халықаралық шарттарға) (бұдан әрі – Еуразиялық экономикалық одаққа кіру туралы халықаралық шарттар) сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінде белгіленгенге қарағанда кедендік әкелу баждарының неғұрлым төмен мөлшерлемелері қолданылған болса, шартты түрде шығарылған деп саналады.

«Мемлекеттік кірістер органына есеп жүргізудің және есептілікті ұсынудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 374 бұйрығына сәйкес шетелдік тауарларға ие және (немесе) оларды пайдаланатын тұлғалар жартыжылдықта бір рет, 5 ақпаннан және 5 тамыздан кешіктірмей тіркеу есебінде тұрған мемлекеттік кірістер органына осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Шетелдік тауарларды, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифімен белгіленгенге қарағанда кедендік әкелу бажының ең төмен мөлшерлемесі қолданылатын тауарларды пайдалану бойынша есепті» (ИТЕТТ-1) ұсынады.

«
Шетелдік тауарларды, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифімен белгіленгенге қарағанда кедендік әкелу бажының ең төмен мөлшерлемесі қолданылатын тауарларды пайдалану бойынша есеп» Есептілікті ұсыну, тауарлар мен көлік құралдарының есебін жүргізу қағидалары мен мерзімдерінде сипатталғандай ұсынылады; есептілікті ұсыну тәсілі, есептер нысандары, электрондық құжат түрінде ұсынылатын есептердің құрылымы мен форматы, толтыру тәртібі 21-тармаққа сәйкес.

Шетелдік тауарларға ие және пайдаланатын тұлғалар есептілікті:

  • жарты жылда бір рет
  • 5 ақпаннан және 5 тамыздан кешіктірмей ұсынады,

Шетелдік тауарларды, оның ішінде оларға қатысты кедендік әкелу баждары мен салықтардың неғұрлым төмен мөлшерлемелері қолданылатын тауарларды пайдалану жөніндегі есеп.