Салықтарды аудару – бұл салық төлеушiнiң салықтық өтiнiшi, екiншi деңгейдегi банктiң өтiнiшi немесе салықтың, бюджетке төленетiн төлемнiң, өсiмпұлдың қате төленген сомасы түскеннен кейiн салықтың қате төленген сомасын аудару.

ҚР Салық кодексінің 103-бабына сәйкес аудару кезінде мынадай қателердің кез келгені жіберілген:

1) төлем құжатында:

·        орналасқан жері бойынша салық және бюджетке төленетін төлем, өсімпұл сомасы төленуге тиіс салық органының сәйкестендіру нөмірінің орнына басқа салық органының сәйкестендіру нөмірі көрсетілген;

·        төлемнің мәтіндік мақсаты ТМК және (немесе) КБС кодына сәйкес келмеген;

2) екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің төлем құжатын қате орындаған;

3) ақша жөнелтуші – салық төлеуші тіркеу есебінде тұрмаған салық органына төлем жүргізген;

4) ақша жөнелтуші – салық төлеуші салықтың немесе бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың осы түрі бойынша төлеуші болып табылмайтын кездегі сома салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасы болып табылады.

2. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасын есепке жатқызу, қайтару:

1) салық төлеушінің салықтық өтініші;

2) екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның өтініші;

3) қате фактісі анықталған жағдайда, салық органы жасаған салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасының туындау себептері туралы хаттама бойынша жүргізіледі.

Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасын есепке жатқызу, қайтару:

·        салық төлеушінің салықтық өтініші, екінші деңгейдегі банктің өтініші ұсынылған;

·        салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасы түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Осылайша, өтініш берілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде қате өсімпұл немесе салық сомаларын қайтару немесе аудару жүргізіледі.