Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімі - бұл қазақстандық тауар өндірушілер және олар өндіретін тауарлар туралы мәліметтерді қамтитын «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектісі.

2025 жылғы 19 мамырда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының № 188-VIII Заңына қол қойды.

Аталған түзетулермен қазақстандық тауар өндірушілер мен олар өндіретін тауарлар туралы мәліметтерді қамтитын электрондық үкіметтің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектісі ретінде Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі енгізілді. Тізілімге енгізілген тауар өндірушілерге мемлекеттік қолдау шаралары қолжетімді болады және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекеттік сатып алулары мен сатып алуларына қолжетімділік қамтамасыз етіледі. (ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 97-1-бабы)

Тізілімді енгізуге байланысты бұрын тауардың шығарылуын растау үшін пайдаланылған СТ-KZ сертификаттары мен индустриялық сертификаттар, сондай-ақ сараптама актісін беру кезінде тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік алып тасталды.

СТ-KZ нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттар және индустриялық сертификаттар 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін өз күшін сақтайды.

Бұрын берілген барлық құжаттар, олармен байланысты мемлекеттік органдардың актілерін қоса алғанда, осы күнге дейін жарамды болып қалады. Аталған нормалар «Өнеркәсіптік саясат туралы» ҚР Заңының 68-бабына енгізілген.

Өтініш берушінің және қазақстандық тауар өндірушінің тізілімді пайдалануы өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін қалыптастыру Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін жүргізудің белгіленген қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады және мынадай кезеңдерді қамтиды:

Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидалары:

  • Тізілімді қалыптастыру және жүргізу тәртібін;
  • Тізілімге енгізу туралы өтінімді ресімдеу мен беруді;
  • Қазақстанда шығарылған тауарды тануды;
  • өтініш берушінің верификациясын;
  • өндірісті бағалауды;
  • қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінің мониторингін;
  • Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінен алып тастау үшін негіздерді;
  • қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізу кезінде растайтын шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесін қалыптастыру тәртібін;
  • салалық және апелляциялық комиссияның функцияларын;
  • Тізілімді қалыптастыру процесіне қатысушылардың өкілеттіктерін қамтиды.

Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі - бұл «электрондық үкімет» жүйесінің бір бөлігі, онда Қазақстанның компаниялары мен олар шығаратын жергілікті тауарлар туралы мәліметтер жинақталған.

Қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміне енгізілген қазақстандық тауар өндірушілер заңнамаға сәйкес өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын және мемлекеттік қолдаудың өзге де шараларын алуға құқылы.

Тізілімді қалыптастыруды уәкілетті орган жүзеге асырады және мынадай кезеңдерден тұрады:

  1. «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісі веб-порталында пайдаланушының жеке кабинеті арқылы өтініш беруі;
  2. цифрлық верификация;
  3. салалық комиссияның өндірісті бағалауы;
  4. уәкілетті органның тізілімге енгізу немесе енгізбеу туралы шешім қабылдауы.

Өтінім беруді өтінім беруші мыналарды бере отырып, электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы веб-порталдағы жеке кабинетте жүзеге асырады:

  1. Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес ақпаратты жинауға және өңдеуге келісім;
  2. өндірісті бағалау және мониторингті жүзеге асыру үшін өндірістік объектіге қолжетімділік беруге келісім;
  3. өндірістік объектіде бейнебақылау жүйесін орнату жөніндегі міндеттемелерді қабылдауға, мониторингті жүзеге асыру үшін уәкілетті органға бейнеақпаратты қарауға қашықтан қолжетімділік беруге келісім;
  4. мәлімделген өндіріс шарттарының, өндірістік және технологиялық операциялардың орындалғанын растайтын мәліметтер.

Өтінімді бергеннен кейін Logistic Regression машиналық оқыту моделін қолдана отырып, өтінім берушінің өндірістік қызметін растайтын мынадай өлшемшарттар бойынша цифрлық верификация жүзеге асырылады:

  1. субъектінің қызметін жүзеге асыру кезеңі;
  2. қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу мәртебесі;
  3. салық мониторингіне қатысу;
  4. мемлекеттік сатып алуға қатысу;
  5. тізілімге енгізуге өтінім берілген ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап кезеңде экспортқа қатысу;
  6. тізілімге енгізу үшін өтінім берілген жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін, сондай-ақ осындай өтінім берілген ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап кезең үшін салықтарды және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді төлеу;
  7. тізілімге енгізу үшін өтінім берген жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін салық жүктемесінің коэффициенті;
  8. тізілімге енгізу үшін өтінім берілген жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін нөлдік есептелген кіріс көрсеткіштерімен салық есептілігі;
  9. тізілімге енгізу үшін өтінім берілген ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап кезеңге электрондық шот-фактураларды шығаруға шектеу;
  10. тізілімге енгізу үшін өтінімді берген жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін, сондай-ақ осындай өтінім берілген ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап кезең үшін субъект ұсынған салық есептілігі деректері бойынша субъектінің жиынтық жылдық табысы (түсімі);
  11. тізілімге енгізу үшін өтінім берілген жылдың алдындағы күнтізбелік жылдағы, сондай-ақ осындай өтінім берілген ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап кезеңдегі электрондық шот-фактуралардың деректері бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сату-сатып алу бойынша айналым;
  12. тізілімге енгізу үшін өтінім берілген ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап кезеңге ұсынылған жүк кедендік декларациясының деректері бойынша экспортқа тауарларды өткізу бойынша айналым;
  13. тізілімге енгізу үшін өтінім берілген ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап кезеңге берілген жүк кедендік декларациясының деректері бойынша импорттың жалпы кедендік құны;
  14. тізілімге енгізу үшін өтінім берілген ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап субъектіге берілген электрондық шот-фактуралардың деректері бойынша тұтынылған электр энергиясына қатысты шығыстар;
  15. тізілімге енгізу үшін өтінім берілген жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін, сондай-ақ осындай өтінім берілген ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап кезең үшін субъект ұсынған салық есептілігінің деректері бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін есептелген алымның сомасы;
  16. тізілімге енгізу үшін өтінім берілген жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін, сондай-ақ осындай өтінім берілген ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап кезең үшін субъект ұсынған салық есептілігінің деректері бойынша қызметкерлердің орташа штат саны;
  17. тізілімге енгізу үшін өтінімді берген жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін, сондай-ақ осындай өтінім берілген ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап кезең үшін субъект ұсынған салық есептілігінің деректері бойынша қызметкерлердің есептелген кірістері;
  18. тізілімге енгізу үшін өтінімді берген жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін, сондай-ақ осындай өтінім берілген ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап кезең үшін субъект ұсынған салық есептілігі деректері бойынша субъектінің бір қызметкеріне шаққандағы орташа жалақы мөлшері;
  19. тізілімге енгізу үшін өтінім берілген жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін субъект ұсынған салық есептілігінің деректері бойынша субъектінің есепті кезеңінің басындағы тіркелген активтердің баланстық құны;
  20. тізілімге енгізу үшін өтінім берген жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін субъект ұсынған салық есептілігінің деректері бойынша субъектінің есепті кезеңнің басындағы биологиялық активтердің баланстық құны;
  21. тізілімге енгізу үшін өтінім берілген жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін субъект ұсынған салық есептілігінің деректері бойынша субъектінің есепті кезеңнің басындағы барлау және бағалау активтерінің баланстық құны;
  22. тізілімге енгізу үшін өтінім берілген жылдың алдындағы күнтізбелік жылға субъект ұсынған салық есептілігінің деректері бойынша субъектінің есепті кезеңінің басындағы материалдық емес активтердің баланстық құны;
  23. тізілімге енгізу үшін өтінім берген жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін субъект ұсынған салық есептілігі деректері бойынша жер учаскелерінің болуы;
  24. тізілімге енгізу үшін өтінім берген жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін субъект ұсынған салық есептілігінің деректері бойынша мүліктің болуы;
  25. тізілімге енгізу үшін өтінім берілген жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін субъект ұсынған салық есептілігінің деректері бойынша салық кезеңінің соңындағы ғимараттардың, құрылыстардың, машиналардың, жабдықтардың және басқа да мүліктің құн балансы;
  26. тізілімге енгізу үшін өтінім берілген ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап субъектіге берілген электрондық шот-фактуралардың деректері бойынша шикізат пен қосалқы бөлшектерді сатып алу бойынша айналым.

Цифрлық верификация өтінім берілгеннен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады.

Цифрлық верификация қорытындысы бойынша "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісі өндірістік қызметтің төмен, орташа және жоғары көрсеткіші бар өтініш берушіні анықтайды.

Өндірістік қызметтің көрсеткіші төмен болған кезде цифрлық верификация нәтижелері теріс болып есептеледі және веб-порталдағы пайдаланушының жеке кабинетіне негіздемелері бар тізілімге енгізуден дәлелді бас тарту автоматты түрде жіберіледі.

Өндірістік қызметтің орташа немесе жоғары көрсеткіші жағдайында цифрлық верификацияның нәтижелері оң болып саналады және өтінім өндірісті бағалауға жіберіледі.

Өндірісті бағалауды уәкілетті орган құрған, құрамына салалық мемлекеттік органдар мен салалық қауымдастықтардың (одақтардың) өкілдері кіретін салалық комиссиялар жүзеге асырады.

Өндірісті бағалауды жүзеге асыру мерзімі цифрлық верификация аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнін құрайды.

Өндірісті бағалау нәтижелері бойынша 2 (екі) жұмыс күні ішінде мынадай шешімдердің бірі қабылданады:

  1. өндірісті бағалау оң нәтиже берген кезде өтініш беруші тізілімге енгізіледі;
  2. өндірісті бағалау теріс нәтиже берген кезде өтініш берушіге веб-порталдағы пайдаланушының жеке кабинетіне негіздемелері бар дәлелді жауап жіберіледі.