Салық салынатын кіріс осы Кодекстің 241-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, жылдық жиынтық кіріс пен осы бөлімде көзделген шегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғаның жылдық жиынтық кірісі осы тұлғаның салықтық кезең ішінде Қазақстан Республикасындағы және оның шегінен тыс жерлердегі көздерден алуына жататын (алынған) кірістерінен тұрады.

Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістер болып табылмайтын кірістердің барлық түрлері төленген жеріне қарамастан, осы бөлімнің мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған кірістер болып танылады.

Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның жылдық жиынтық кірісі Салық кодексінің 651-бабында көрсетілген кірістерден тұрады.

Салық салынатын кiрiстiң азаюы ҚР Салық кодексінің 288-бабында регламенттелген -

1. Салық төлеушінің салық салынатын кірісті мынадай шығыстар түрлеріне:

1) салықтық кезеңде ірі салық төлеушілер мониторингінде тұрған салық төлеушілердің – мынадай:

  • осы Кодекстің 239-бабында көзделген әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде іс жүзінде шегілген шығыстардың алынуға жататын (алынған) кірістерден асып кеткен сомасын;

алушысы:

  • коммерциялық емес ұйым;
  • әлеуметтiк саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйым болып табылатын, өтеусіз берілген мүліктің құнын;
  • көмекті алатын тұлғаның тарапынан өтініш жасалу негізінде салық төлеушінің шешімі болған кезде қайырымдылық көмекті салық салынатын кірістің 3 пайызынан аспайтын жалпы сомасы мөлшерінде азайтуға құқығы бар.

Осы тармақшаның ережесі жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық қызметі бойынша салық салынатын кірісіне қатысты да қолданылады;

2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілерді қоспағанда, салық төлеушілердің – мынадай:

  • осы Кодекстің 239-бабында көзделген әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде іс жүзінде шегілген шығыстардың алынуға жататын (алынған) кірістерден асып кеткен сомасын;

алушысы:

  • коммерциялық емес ұйым;
  • әлеуметтiк саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйым болып табылатын, өтеусiз берiлген мүлiктiң құнын;
  • көмекті алатын тұлғаның тарапынан өтініш жасалу негізінде салық төлеушінің шешімі болған кезде қайырымдылық көмекті салық салынатын кірістің 4 пайызынан аспайтын жалпы сомасы мөлшерінде азайтуға құқығы бар.

Осы тармақшаның ережесі жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық қызметі бойынша салық салынатын кірісіне қатысты да қолданылады;

3) мүгедектігі бар адамдардың еңбегіне ақы төлеуге жұмсалған шығыстардың 2 еселенген мөлшерін және мүгедектігі бар адамдарға төленетін жалақыға және басқа да төлемдерге есептелген әлеуметтік салық сомасының 50 пайызын; ..........