-
Бухгалтер сөздігі
-
А
- аванстық есеп
- аванстық төлемдер
- аванстық төлемдерді есептеу
- ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы
- Азаматтығы жоқ адам
- Азаматтық
- Айлық есептік көрсеткіш
- Айлық жалақының ең төмен мөлшері
- Айлық жалақының ең төменгі мөлшері
- Айналым күні
- Айыппұл
- Айырбастау
- акциз
- Акцизделетін тауарлар
- Акциздік өнім
- АҚС
- АҚС-тан МЗЖ
- Ақша аударымы
- Ақша аударымы
- Ақша қаражаты
- Ақша қаражатының қозғалысы
- ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп
- Ақша операциялары
- Ақшалай есеп айырысулар
- Алимент
- алты күндік
- Алымдар
- Алып қою тізбесі
- Амортизация
- Апостиль
- Арзандатылған тауар
- арнаулы мобильді қосымша
- АСР
- АСР дегі шаруа қожалығы
- Аттестаттау
- Аудитор
- аурухана парағы
- Аутсорсинг
- аутстаффинг
- Ауыр жұмыстар
- Ауысымдық жұмыс
- ауысымдық кесте
- АЭА
-
Ә
- Әкiмшiлiк айыппұл
- әкелген күн
- Әкелу туралы өтініш
- Әкімшілік шығыстар
- Әлеуметтiк салық
- Әлеуметтік аударымдар
- Әлеуметтік демалыс
- әлеуметтік жәрдемақы
- әлеуметтік сақтандыру
- Әлеуметтік салықтық шегерімдер
- әлеуметтік төлемдер
- Әлеуметтік төлемдер
- әлеуметтік төлемдерді шегеру
- Әрекет етпейтін
- Әскери есепке алу
- өкiлдiк
- Өкілдік шығыстар
-
Б
- Бағалы қағаз
- Бағамдық айырма
- бажсыз сауда
- Базалық салықтық шегерім
- Бақылау чегі
- Бала күтімі бойынша демалыс
- Бала күтімі бойынша төлемдер
- бала туу
- Баланстан тыс шоттар
- банк үзіндісі
- Банкроттық
- Бас бухгалтер
- Бас кiтап
- бастапқы құжаттар
- бастапқы құжаттардың нысандары
- Бейрезидент
- Бейрезидент жұмыскер
- бейрезидент үшін КТС
- бейрезидент үшін ҚҚС
- Бейрезиденттің кірісі
- Бересі
- Берешекті өтеу
- Бизнесті бөлшектеу
- Бизнесті сату
- Биологиялық актив
- біліктілігі
- Бір сорттан басқа сортқа көшіру
- бірыңғай жер салығы
- бірыңғай төлем
- БКМ
- БКМ чегі
- болашақ кезеңдердің шығыстарына
- Бос тұрып қалу
- Бос уақыт
- босқын
- бөлек есепке алу
- бөлу балансында
- Бөлшек салықтың АСР
- Бөлшек сауда
- бөлшек сауда салығы
- БСК
- БСН
- БТБА
- бухгалтер
- бухгалтерлік есеп
- Бухгалтерлік есеп тіркелімдері
- бухгалтерлік құжаттар
- Бюджеттік сыныптама коды
-
В
-
Г
-
Д
- Дактилоскопиялық тіркеу
- Дара кәсіпкер
- Дебиторлық берешек
- Декреттік
- декреттік демалыс
- Демалыс
- Демалыс ақысын есептеу
- Демалыс бойынша резерв
- Демалыс кестесі
- демалыс күндері
- Демалыс төлемдерін есептеу
- демалыс уақыты
- демалыстан кері шақыртып алу
- демалысты ұзарту
- Деңгейлес мониторинг
- депозитарий
- Дербес деректер
- Дербес деректер
- Дивидендтер
- ДК жабу
- ДСН-код
-
Е
- ЕБМ
- Ең төмен күнкөріс деңгейі
- Ең төменгі баға
- Ең төменгі бөлшек баға
- еңбек биржасы
- Еңбек кітапшасы
- Еңбек қауiпсiздiгi
- Еңбек мобильділігі орталығы
- Еңбек нормалары
- Еңбек өтілі
- Еңбек тәртібі
- Еңбек шартын бұзу
- Еңбекақы төлеу қоры
- Еңбекке сағат бойынша ақы төлеу
- Еңбекке уақытша жарамсыздық
- Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы
- Еңбекті қорғау
- Еңбекші көшіп келушілер
- Ерікті зейнетақы жарналары
- Есеп беретін тұлғалар
- Есеп беру
- есеп құжаттамасы
- Есеп саясаты
- есепке жазу әдісі
- есепке жатқызу әдісімен
- есепке жатқызылатын
- есептілікті тоқтата тұру
- ЕТЖ
- ЕШЕБЖ
-
Ж
- жиынтық есебі
- жалақы
- Жалақысы сақталмайтын демалыс
- Жалдамалы жұмыскер
- Жалдау
- жалпыға бірдей белгіленген режим
- Жалпыға бірдей декларациялау
- Жанама әдіс
- Жанама салықтар
- Жарғылық капитал
- жарғылық капиталын ұлғайту
- Жарнама
- Жарнама қызметтері
- жарнама үшін төлем
- Жарнамалық акция
- жарнаманы орналастыру
- Жастар практикасы
- ЖБР
- Жеке іс
- Жеке карточка
- Жеке көмекші
- жеке куәлігі
- жеке практикамен айналысатын адам
- Жеке шот
- Жекеше нотариус
- жеңілдетілген режим
- жер қойнауын пайдалану
- жер салығы
- жерлеуге
- ЖЕШ
- ЖЖМ
- ЖЖМ есептен шығару
- ЖЖМ талоны
- ЖКД
- ЖМЗЖ
- жол жүру шығыны
- Жолдама парағы
- жоспардан тыс тексеру
- Жосықсыз өнім беруші
- ЖСН
- ЖТС
- ЖТС бойынша декларация
- ЖТС бойынша шегерім
- Жүк алушы
- Жүк жөнелтуші
- Жүк тасымалы
- жүктілікке байланысты демалыс
- Жұмыс ауысымы
- Жұмыс беруші
- Жұмыс істеген сағаттар
- жұмыс орны
- Жұмыс режимі
- Жұмыс уақыты
- Жұмыс уақытын есепке алу
- жұмыс уақытының балансы
- Жұмыскердің кірісі
- жұмыскерлерді жеткізу
- Жұмысқа келмеу
- Жұмысқа қабылдау
- Жұмыссыз
- Жұмыстан шығару
- Жұмыстың жүріп-тұру сипаты
- ЖШС
- ЖШС ашу
- ЖШС жабу
- жылдық кіріс
-
З
-
И
-
І
-
К
- Кадр құжаттары
- Кадрлық қызметкері
- Камералдық бақылау
- Кассалық аппарат
- Кассалық кiрiс ордерi
- Кассалық кiтап
- Кассалық шығыс ордері
- Кәдеге жарату алымы
- кәмелетке толмаған
- кәсiподақ
- Кәсіби бухгалтер
- Кәсіпкер
- Кәсіпкерлік
- кәсіпкерлік субъектілері
- кәсіптік жарналары
- Кәсіптік оқыту
- кәсіптік төлем
- Кедендік алымдар
- Кедендік баж
- Кедендік декларация
- Кедендік декларациялау
- Кедендік тазарту
- Кедендік төлемдер
- Кейінге қалдырылған салық
- кері импорт
- Кері экспорт
- Кесiмдi ақы төлеу
- Кету қағазы
- Кешбэк
- Кешенді тексеру
- Кірістер мен мүлік туралы декларация
- Кірістер туралы анықтама
- консалтингілік қызмет көрсету
- Консулдық алым
- Консультациялық көрсетілетін қызметтер
- Контрагент
- Контрагентті тексеру
- Корпоративтік кеш
- Корпоративтік шот
- Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі
- Көлікке салынатын салық
- Көліктік-экспедиторлық қызметтер
- көп балалы ана
- Көп балалы отбасы
- көп балалы отбасы үшін шегерім
- Көрнекі жарнама
- Көшіп келуші
- Кредиторлық берешек
- Криптовалюта
- КСА
- КСМ
- КТС
- КТС бойынша шегеруге
- Навигациялық пломба
-
Қ
- Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімі
- Қайта қаржыландыру мөлшерлемесі
- Қайта тiркеу
- Қайта ұйымдастыру
- Қайырымдылық көмек
- Қандас
- Қаржылық есептілік
- Қаржылық жалдау
- қарсы тексеру
- Қарыз
- Қарыз еңбегі
- Қате төлем
- қауіпсіздік техникасы
- Қашықтан аралас жұмыс істеу
- Қашықтан жұмыс істеу
- ҚҚС
- ҚҚС асып кетуі
- ҚҚС бойынша декларация
- ҚҚС бойынша есепке қою
- ҚҚС бойынша есептен шығару
- ҚҚС бойынша куәлік
- ҚҚС бойынша шек
- ҚҚС бойынша шекті кіріс
- ҚҚС ерікті түрде қою
- ҚҚС қайтару
- ҚҚС төлемеуші
- ҚҚС төлеушілер
- ҚҚС түзету
- ҚҚС-нан босату
- ҚҚС-сыз
- Қол қою бонусы
- қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы
- қолма-қол ақшасыз төлемдер
- Қоныс аударушы
- Қорларды босатуға арналған жүкқұжат
- қорларды есепке алу
- Қоршаған орта
- қоршаған ортаға жағымсыз әсері
- Қоса атқарылатын жұмыс
- қосарланған салық салу
- қосылу
- Қосымша декларация
- қосымша демалыс
- Қосымша есептілік
- қосымша келісім
- Қосымша ЭШФ
- ҚСХҚЕС
- Құжат айналымы
- құжаттарды жою
- құжаттарды сақтау
- Құжаттық тексеру
- Құн өсімінен түсетін кіріс
- құндық балансы
- Құрбан айт
- Құрылтай құжаттары
- Құрылтайшы
- құрылымдық бөлімшесі
- Қызмет түрі
- қызметін тоқтату
- Қызметкерлерді оқыту
- қызметті қайта бастау
- Қызметті тоқтата тұру
- Қызметтік жазба
- қысқартылған жұмыс уақыты
-
Л
-
М
- Майнинг
- Маркетингтік көрсетілетін қызметтер
- Материалдық жауапты тұлға
- Материалдық көмек
- материалдық тұлға
- Мәмілелер мониторингі
- МӘМС
- МӘМСА
- МӘМСЖ
- МЕА
- Медианалық жалақы
- Медицинаға арналған салықтық шегерім
- медициналық сақтандыру
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
- мемлекеттік көрсетілетін қызмет
- мемлекеттік сатып алу
- Мемлекеттік-жекешелік әріптестік
- Мереке күні
- Мерекелер күнтізбесі
- Мерзiмi өткен төлем
- МЗЖ
- микробизнес
- Минустық ЭШФ
- МКЗЖ
- Мобильді аударымдар
- Мобильді қосымша
- Мобильдік қосымша негізінде АСР
- Монетарлық баптар
- Мөр
- Мөртабан
- мүгедек бала
- мүгедек-жұмыскер
- Мүлік салығы
- Мүліктік кіріс
- мүшелік жарналар
-
Н
- 100.00-нысан
- 101.01-нысан
- 101.02-нысан
- 101.03-нысан
- 101.04-нысан
- 110.00-нысан
- 150.00-нысан
- 180.00-нысан
- 200.00-нысан
- 220.00-нысан
- 300.00-нысан
- 328.00-нысан
- 400.00-нысан
- 421.00-нысан
- 440.00-нысан
- 493.00-нысан
- 500.00-нысан
- 510.00-нысан
- 531.00-нысан
- 540.00-нысан
- 560.00-нысан
- 570.00-нысан
- 590.00-нысан
- 600.00-нысан
- 641.00-нысан
- 700.00-нысан
- 701.00-нысан
- 701.01-нысан
- 710.00-нысан
- 851.00-нысан
- 860.00-нысан
- 870.00-нысан
- 871.00-нысан
- 880.00-нысан
- 910.00-нысан
- 911.00-нысан
- 912.00-нысан
- 913.00-нысан
- 920.00-нысан
- Нақты мекенжайы
- нарықтық бағам
- Негізгі құралдар
- НҚЖ
- нотариус
- Нөлдік ҚҚС
- нөлдік мөлшерлеме
- Нұсқау беру
- Нысаналы жарналар
-
О
-
Ө
-
П
-
Р
-
С
- Сақтандыру
- сақтандыру жарналары
- Сақтандыру төлемi
- сақтау мерзімі
- Салық берешегі
- салық есептілігі нысандары
- Салық жеңiлдiктерi
- Салық жүктемесінің коэффициенті
- Салық режимі
- Салық салу объектісі
- салық салу режим
- Салық салынатын айналым
- Салық салынатын импорт
- Салық салынатын кіріс
- Салық тәуекелі
- салық тіркелімдерінің нысандары
- Салық төлеушіні тіркеу
- Салық төлеушінің кабинеті
- Салық төлеушінің паспорты
- Салықтарды аудару
- Салықтық база
- Салықтық есепке алу
- Салықтық есепке алу саясаты
- Салықтық есептілік
- Салықтық жүктеме
- Салықтық зерттеп-қарау
- Салықтық мөлшерлеме
- Салықтық өтініш
- Салықтық тексеру
- Салықтық тіркелім
- салықтық хабарлама
- Салықтық шегерім
- сатып алу-сату
- Сауықтыруға арналған жәрдемақы
- Сәйкестендіру құралдары
- Сәйкестендіру нөмірі
- сенiмхат
- Сенімхаттар журналы
- СНР-дегі ЖК
- СТ-1
- стандартты шегерім
- Статистикалық есептілік
- СТБЖ
- Субсидия
- сыйақы бойынша шегерім
- Сыйлық сертификаты
- Сынақ мерзімі
- Сыртқы жарнама
-
Т
- табелі
- табыс ДК
- табыс салығы
- тақырыптық тексеру
- Талап мерзiмi
- Таңбалау
- Тарату балансы
- Тарату есептілігі
- Тарифтік мөлшерлеме
- тарихи шығындарды
- Тасымалдау құжаттары
- Тауар таңбасы
- тауар экспорты
- Тауар-көлiк жүкқұжаты
- Тауарға ілеспе құжаттар
- Тауардың бүлінуі
- тауардың қадағалануы
- Тауардың шығарылған жері туралы сертификат
- тауардың шығу тегі
- Тауарлар тiзбесi
- тауарларды әкелу
- тауарларды әкету
- Тауарларды сыныптау
- Тауарлық чек
- Тәртіптік жаза
- тәуекел дәрежесі
- Тәуекел дәрежесінің критерийлері
- Тәуекелдерді басқару жүйесі
- Тәуекелдің жоғары дәрежесі
- Тәулікақы
- Тексеру парағы
- Тендер
- ТІЖ
- ТІЖ растау
- Тікелей шығыстар
- Тіркелген активтер
- тіркелген шегерім
- тіркелген шегерімді АСР
- ТҚЖБ
- ТМҚ
- ТМҚ есептен шығару
- Толық емес жұмыс күні
- Төлем белгілеу коды
- Төлем ведомосі
- Төлем карточкасы
- Төлем көзіндегі ЖТС
- Төлем көзіндегі КТС
- Төлем көзінен кірістерге
- Төлем ордері
- Төлем тапсырмасы
- төлем терминалы
- Түгендеу
- түзетілген ЭШФ
- тұруына ықтиярхат
- Тынығу уақыты
-
У
-
Ү
-
Ұ
-
Ф
-
Х
-
Ц
-
Ш
- Шағын және орта бизнес
- Шағын сауда нүктесі
- Шартты түрде шығару
- Шегерімге жатқызу
- шегерімге жұмсалатын шығыс
- шегерімге өтініш
- Шетелдiк
- Шетелдiк iссапар
- Шетелдiк рұқсат бланкiсi
- Шетелдік жұмыс күші
- шетелдік қызметкер
- Шетелдік тауарлар
- ШОБ үшін ХҚЕС
- Шот-фактура
- Шоттар жоспары
- Шоттар корреспонденциясы
- штатты қысқарту
- Штаттық кесте
- шығу белгісі
- Шығу көзi
-
Э
- Экологиялық демалыс
- Экспедитор
- Экспедиторлық қызметтер
- Экспорттық баж
- Электрондық еңбек шарты
- электрондық құжат айналымы
- электрондық сауда
- Электрондық цифрлық қолтаңба
- электрондық шот-фактураны ресімдеу
- эмиссия үшін төлем
- Эмиссиялар
- ЭШФ
- ЭШФ АЖ
- ЭШФ жазып берілуін автоматтандырылған бақылау
- ЭШФ жазып беру
- ЭШФ жазып беруін бақылау
- ЭШФ ресімдеу
- ЭШФ үзіндісін салыстырмалы бақылау
- Бухгалтер сөздігі
- С
- сақтандыру жарналары
Жарналар (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар) - бұл МӘМС туралы Заңның 14-бабының 2-тармағында көрсетілген жарналарды төлеушілер қорға төлейтін және медициналық қызметтерді тұтынушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алуға құқық беретін ақша. (ҚР Әлеуметтік кодексінің 1-бабы)
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап сақтандыру жарналары
2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі сақтандыру жарналары
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап сақтандыру жарналары
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексінің (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) күшіне енуіне байланысты ҚР Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңына тиісті өзгерістер енгізілді.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда міндетті медициналық жарналарды (МӘМСА және МӘМСЖ) есептеу ережелері өзгереді:
- МӘМС аударымдары есептелетін шекті кіріс 40 АЕК-ке дейін арттырылды; (МӘМС туралы Заңның 27-бабының 2-2-тармағы)
- МӘМС жарналарын есептеу үшін шек 20 АЕК деңгейінде белгіленді. (МӘМС туралы Заңның 28-бабының 5-2-тармағы)
Медициналық сақтандыру қорына аударымдарды мемлекет жүргiзетiн азаматтар санатынан жұмыссыз ретiнде тiркелген адамдар шығарылды.
Жарналарды төлеушілерге өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар қосылды.
Жарналарды төлеуші кім болып табылады
Аударуға арналған деректемелер
МӘМС жарналары
МӘМС туралы Заңның 26-бабына сәйкес Қорға төленуге жататын, мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға республикалық бюджет қаражатынан төленетін жарналары мынадай мөлшерде белгіленеді:
- 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,4 пайызы;
- 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,6 пайызы;
- 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,7 пайызы;
- 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,8 пайызы;
- 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,9 пайызы;
- 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 2 пайызы;
- 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 2,2 пайызы;
- 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 2,7 пайызы;
- 2031 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 3,2 пайызы;
- 2033 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 3,7 пайызы;
- 2035 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 4,2 пайызы;
- 2037 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 4,7 пайызы.
Бұл ретте мемлекеттің республикалық бюджет қаражатынан төленетін жарналарының мөлшері жыл сайын республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленеді.
Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, ағымдағы қаржы жылының алдындағы екі жылдағы орташа айлық жалақы мемлекеттің республикалық бюджет қаражатынан төленетін жарналарын есептеу объектісі болып табылады.
Қор растайтын құжаттар болған кезде осы баптың 1-тармағында аталған адамдарға қордың ақпараттық жүйесінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы мәртебесін мемлекеттің республикалық бюджет қаражатынан төленетін жарналары төленгенге дейін бір айға береді.
МӘМС туралы Заңның 28-бабы негізінде жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалардың және жеке көмекшілердің қорға төлеуге жататын жарналары мынадай мөлшерде белгіленеді:
- 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің 1 пайызы;
- 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің 2 пайызы.
1-1. МӘМС туралы Заңның 14-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасында көзделген жұмыскерлердің қорға төленуге жататын жарналары:
- 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 10,0 пайызы;
- 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 9,3 пайызы;
- 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 8,4 пайызы;
- 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 8,1 пайыз;
- 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 7,8 пайызы;
- 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 7,6 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
3. Дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың жарналары 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жарналарды есептеу объектісінің бес пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Заңның 14-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасында аталған адамдардың жарналары жарналарды есептеу объектісінің бір пайызы мөлшерінде айқындалады.
Дербес төлеушілердің жарналары 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жарналарды есептеу объектісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын АЕК-тің мөлшері қолданылады.
Жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалардың және жеке көмекшілердің осы Заңның 29-бабына сәйкес есептелген кірістері олардың жарналарын есептеу объектілері болып табылады.
Егер осы тармақтың үшінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған жеке практикамен айналысатын адамдарды және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған немесе әрекетсіз деп танылған дара кәсіпкерлерді қоспағанда, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 1,4 еселенген мөлшері дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың жарналарын есептеу объектісі болып табылады.
МӘМС Заңының 14-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасында аталған адамдардың осы Заңның 29-бабына сәйкес есептелген және қолданатын режим шеңберінде қызметін жүзеге асырған айда алған кірістері олардың жарналарын есептеу объектісі болып табылады.
5-1. Жұмыскердің Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 426-бабында көзделген, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 820-бабының 2-тармағында көрсетілген, микрокәсіпкерлік және шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жұмыс беруші есепке жазған кірісі жұмыскерлердің МӘМС Заңының 14-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасында көзделген, қорға төленуге тиіс жарналарын есептеу объектісі болып табылады.
5-2. Жарналарды есептеу үшiн қабылданатын ай сайынғы кіріс барлық есепке жазылған кіріс түрлерiнiң сомасы бойынша есептелуге тиiс және республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төмен жалақының 20 еселенген мөлшерiнен аспауға тиiс.
Жарналар осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген кіріс сомасынан төленген кезде осындай жарналардың төленгенін растайтын құжат болғанда жеке тұлғаның басқа кірістерінен жарналар төлеу талап етілмейді.
Жұмыс беруші және (немесе) салық агенті берген, алынған кірістердің, есептелген және төленген жарналардың сомалары туралы анықтама осындай құжат болып табылады.
Осы тармақтың талаптары дербес төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға қолданылмайды.
6. Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшері дербес төлеушілердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған жеке практикамен айналысатын адамдардың және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған немесе әрекетсіз деп танылған дара кәсіпкерлердің жарналарын есептеу объектісі болып табылады.
Жарналарды төлеуші кім болып табылады
Мыналар жарналарды төлеушілер болып табылады:
1) мемлекет;
2) әскери қызметшілерді, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін қоспағанда, жұмыскерлер, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілер;
2-1) арнаулы салық режимдерін қолданатын және Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 820-бабында белгіленген бірыңғай төлем шеңберінде қорға жарналар төлеуді жүзеге асыратын микрокәсіпкерлік және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыскерлері болып табылатын адамдар.
Бірыңғай төлемді төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару тәртібін әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, сондай-ақ салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, денсаулық сақтау саласындағы және цифрлық даму саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша айқындайды.
3) осы тармақтың 3-1) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер;
3-1) Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар;
4) жеке практикамен айналысатын адамдар;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агентімен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар (бұдан әрі – азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар);
9) мыналарды:
- осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 8) және 10) тармақшаларында;
- Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрғандардан немесе әрекетсіз деп танылғандардан басқа, осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында;
- Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрғандардан басқа, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен Қазақстан Республикасының азаматтарынан және Қазақстан Республикасында өздері үшін аударымдар және (немесе) жарналар төлеу жүзеге асырылатын азаматтардан басқа, осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда, жарналарды дербес төлейтін адамдар, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрі – дербес төлеушілер);
11) жеке көмекшілер.
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамдар мен қандастарды қоспағанда, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жарналарды төлеушілер болып табылмайды.
МӘМСЖ төлеуден кім босатылды
Қорға жарналар төлеуден мыналар:
1) МӘМС туралы Заңның 26-бабының 1-тармағында және 26-1-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдар;
2) өздеріне қатысты әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарға келу туралы бұйрығы шыққан, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда, әскери қызметшілер;
3) арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;
4) құқық қорғау органдарының қызметкерлері.
5) азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері босатылады.
МӘМС туралы Заңның 26-бабына сәйкес мемлекеттің МӘМС-ке республикалық бюджет қаражатынан төленетін жарналары мынадай адамдар:
1) балалар;
3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
4) осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген адамдарды қоспағанда, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі);
5) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;
6) жұмыс істемейтін, мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақыны алушылар;
6-1) жұмыс істемейтін, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны алушылар;
7) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
8) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;
9) тергеу изоляторларындағы адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар;
10) жұмыс істемейтін қандастар;
11) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;
12) мүгедектігі бар адамдар;
13) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;
15) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтіндер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалатын тәртіппен ай сайын ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде төленеді.
Кәсіпкерлік қызметті немесе еңбек қызметін жүзеге асырмайтын және кірісі жоқ адамдар жұмыс істемейтін адамдар деп түсініледі.
МӘМСЖ есептеу мерзімдері
Жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің аударымдарын және (немесе) жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды жұмыс беруші ай сайын жүзеге асырады. (МӘМС туралы Заңның 30-бабы)
1-1. Бірыңғай төлем төлеушілер аударымдар мен жарналарды ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы Мемлекеттік корпорацияның банк шотына осындай бірыңғай төлем аударылатын айды көрсете отырып жалпы сомамен төлейді. (ҚР СК 823-бабының 5-тармағы).
2. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды осындай шарттар жасасқан салық агенттері ай сайын жүзеге асырады.
2-1. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке көмекшілердің жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды осындай шарттар жасасқан заңды тұлғалар ай сайын жүзеге асырады.
3. Дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың ай сайынғы жарналарын есептеу және төлеу Мемлекеттік корпорацияның қордың шотына кейіннен аударуы үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
3-1. Өздері төлейтіндердің жарналарын қорға төлеу Мемлекеттік корпорацияның қордың шотына кейіннен аударуы үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі.
Осы баптың 3-тармағында және осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған адамдар қорға алдағы кезеңге жарналар төлеуді жүзеге асыруға құқылы.
3-2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының шетелдік мекемесіне жұмысқа жіберілген, Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі персоналымен бірге жүретін жұбайының (бірге жүретін зайыбының) жарналарын төлеу олардың өтініші бойынша Мемлекеттік корпорация арқылы қордың шотына кейіннен аудару үшін дипломатиялық қызмет персоналының жалақысынан ұлттық валютада ұстап қалу жолымен жүргізілуі мүмкін.
3-3. Заңның 14-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасында аталған адамдардың жарналарын есептеу және төлеу Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 720-бабының және Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 102-1-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
4. Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша оның филиалдары мен өкілдіктері аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушілер ретінде қарастырылуы мүмкін.
5. Аударымдар және (немесе) жарналар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында төленеді.
6. Есепке жазылған (ұстап қалған) аударымдарды және (немесе) жарналарды қордың шотына Мемлекеттік корпорацияның кейіннен аударуы үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы:
1) дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (осы тармақтың 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар – кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;
2) дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген тұлғалардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар өз пайдасына – ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;
6) дербес төлеушілер – есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей аударады.
7. Банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан аударымдардың және (немесе) жарналардың сомасына төлем тапсырмасының акцептін алған күн – қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылатын аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу күні, төлеушінің аударымдарды және (немесе) жарналарды банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға енгізген күні қолма-қол ақша нысанында жүзеге асырылатын аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу күні болып есептеледі.
Аударуға арналған деректемелер
МӘМСА және МӘМСЖ аударуға арналған деректемелер:
• KZ92009MEDS368609103
• 160440007161
• GCVPKZ2A
Төлем белгілеу кодтары (ТБК):
|
ТБК |
Төлемнің мақсаты |
|
121 |
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) |
|
122 |
Қоса беріліп отырған тізімге сәйкес МӘМС-ке жарналар (МӘМСЖ) |
|
124 |
МӘМСА және МӘМСЖ уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл |
2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі сақтандыру жарналары
МӘМС жарналары - жеке тұлғаның кірісінен ұсталатын сома, ол оның атынан медициналық сақтандыру жүйесіне міндетті төлем ретінде аударылады. Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу 2020 жылдан бастап енгізілді, төлемдер ҚР барлық азаматтары үшін жүргізіледі.
01.01.2021 жылдан бастап азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жұмыскерлердің, жеке тұлғалардың қорға төлеуге жататын жарналары (МӘМСЖ) көзделген. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кiрiстер алатын жұмыскерлердiң, жеке тұлғалардың жарналарын есептеу объектiсi олардың кiрiстерi болып табылады.
Жарналар - Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру туралы Заңның 14-бабының 2-тармағында көрсетiлген жарналарды төлеушiлер қорға төлейтiн және медициналық қызметтердi тұтынушыларға мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру жүйесiнде медициналық көмек алуға құқық беретiн ақша.
Қандай төлемдерден МӘМСЖ ұсталмайды
Аударуға арналған деректемелер
Енгізілген өзгерістер мен толықтырулар
МӘМС жарналары
Қорға төленуге тиіс МӘМС-ке мемлекеттің жарналары мынадай мөлшерде белгіленеді:
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,4 пайызы;
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,6 пайызы;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,7 пайызы;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,8 пайызы;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,9 пайызы;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 2 пайызы;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің кемінде 2, бірақ 3 пайызынан аспайды. Бұл ретте мемлекет жарналарының мөлшерi жыл сайын тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленедi.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы ҚРЗ 28-бабына сәйкес:
Жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалардың қорға төленуге тиіс жарналары:
- 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - жарналарды есептеу объектісінің 1 пайызы;
- 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - жарналарды есептеу объектісінің 2 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
1-1. Осы Заңның 14-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасында көзделген, қорға төленуге тиіс жұмыскерлердің жарналары мынадай мөлшерде белгіленеді:
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 10,0 пайызы;
ДК, жеке практикамен айналысатын тұлғалардың жарналары (МӘМСЖ) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап жарналарды есептеу объектісінен 5% мөлшерінде белгіленеді.
Дербес төлеушілердің жарналары 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап жарналарды есептеу объектісінің 5% мөлшерінде белгіленеді
Бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалардың жарналары ҚР СК 774-бабына сәйкес республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада 1 АЕК-тен 40% және басқа елді мекендерде 0,5 АЕК мөлшерінде белгіленеді. Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған АЕК мөлшері қолданылады.
МӘМСЖ төлеуден кім босатылды
Қорға жарна (МӘМСЖ)
төлеуден мыналар босатылады:
• әскери қызметшілер;
• арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;
• құқық қорғау органдарының қызметкерлері.
• мемлекет төлейтіндер:
1) балалар;
2) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
4) осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген адамдарды қоспағанда, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі);
5) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;
6) мүгедек балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;
6-1) бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адам;
7) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
8) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;
9) тергеу изоляторларында ұсталатын адамдар;
10) жұмыс істемейтін оралмандар;
11) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;
12) мүгедектер;
13) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;
14) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтіндер. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы ҚРЗ 26-бабы.
Қандай төлемдерден МӘМСЖ ұсталмайды
Қорға жарналар (МӘМСЖ) мынадай төлемдер мен кірістерден ұсталмайды:
1) ҚР СК 319-бабының 2-тармағында көрсетілген кірістерден;
2) ҚР СК 341-бабы 1-тармағының 10), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген кірістерді қоспағанда, ҚР СК 341-бабының 1-тармағында көрсетілген кірістерден;
3) ҚР СК 654-бабының 10) тармақшасында көрсетілген кірістерден;
4) гранттар қаражаты есебінен төлемдер (жұмыскерлерге еңбекақы төлеу және азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жеке тұлғаларға жұмыстарға (көрсетілетін қызметтерге) ақы төлеу түріндегі төлемдерден басқа);
5) жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған не жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған, жұмыскерлер саны немесе штаты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде қысқартылған жағдайларда еңбек шарты бұзылған кезде өтемақы төлемдері.
МӘМСЖ есептеу мерзімдері
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы». Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 шілдеде № 15361 болып тіркелді.
Жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің МӘМС аударымдарын және (немесе) МӘМС жарналарын (МӘМСЖ) есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды жұмыс беруші ай сайын жүзеге асырады.
АҚС шарттары бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды осындай шарттар жасасқан салық агенттері ай сайын жүзеге асырады.
ДК, жеке практикамен айналысатын адамдардың ай сайынғы жарналарын есептеу және төлеу Мемлекеттік корпорацияның қордың шотына кейіннен аударуы үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
Өздері төлейтіндердің МӘМСЖ жарналарын қорға төлеу Мемлекеттік корпорацияның қордың шотына кейіннен аударуы үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі. (МӘМС туралы заңның 30-бабы)
Есепке жазылған (ұстап қалған) МӘМС аударымдарын және (немесе) МӘМСЖ жарналарын (МӘМСЖ) қордың шотына Мемлекеттік корпорацияның кейіннен аударуы үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы:
1) дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (осы тармақтың 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар – кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;
2) дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, жеке практикамен айналысатын адамдар өз пайдасына – ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;
3) дербес төлеушілер – есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей аударады (МӘМС туралы заңның 30-бабы)
МӘМС аударымдарының және (немесе) МӘМС жарналарының (МӘМСЖ) уақтылы аударылмаған сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады және төлеуші оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1,25 еселенген базалық мөлшерлемесі мөлшерінде мерзімі өткен әрбір күн үшін (қорға төлеу күнін қоса алғанда) есепке жазылған өсімпұлмен бірге қордың шотына аударуға тиіс. (МӘМС туралы заңның 31-бабы)
Аударуға арналған деректемелер
МӘМС-ке жарналарды аударуға арналған деректемелер:
• KZ92009MEDS368609103
• 160440007161
• GCVPKZ2A
МӘМСА үшін ТБК - 121
МӘМСЖ үшін ТБК - 122
Енгізілген өзгерістер мен толықтырулар
2022 жылдың 5 қыркүйегінен бастап МӘМС-тегі сақтандыру бойынша өзгерістер күшіне енді
2022 жылғы 4 шілдедегі № 134-VІI Заңмен «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар, дәрілік қамтамасыз ету және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Заңның 14-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 9) тармақшасында көзделген адамдарды қоспағанда, қорға өздері үшін аударымдар және (немесе) жарналар төленбеген адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқық алу үшін қорға төленбеген кезең үшін, бірақ төлем күнінің алдындағы он екі айдан асырмай, республикалық бюджет туралы заңда ағымдағы қаржы жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінің 5 пайызы мөлшерінде әрбір ай үшін жарналар төлеуге міндетті».
Бап мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылды:
«3-2. Осы Заңның 14-бабы 2-тармағының бірінші бөлігінің 9) тармақшасында көзделген, қорға жарналар төлемеген адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқық алу үшін қорға мынадай тәсілдердің бірімен:
1) төлем күнінен кейінгі он екі ай кезең үшін республикалық бюджет туралы заңда ағымдағы қаржы жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінің 5 пайызы мөлшерінде, әрбір ай үшін;
2) төленбеген кезең үшін, бірақ төлем күнінің алдындағы он екі айдан асырмай, республикалық бюджет туралы заңда ағымдағы қаржы жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінің 5 пайызы мөлшерінде әрбір ай үшін жарналар төлейді».
Осылайша, сақтандырылған адам мәртебесін алу үшін:
- Өткен 12 айдың өткiзiп алған кезеңдерiн төлеуге және мәртебесiн жоғалтпау үшiн жарналарды одан әрi тұрақты төлеудi жалғастыруға болады. Бұл тәсіл қарызы бар, ал қазіргі уақытта ресми түрде жұмысқа орналасқандар үшін ыңғайлы, енді ол үшін жарналар түсе береді;
- Ағымдағы айды қоспағанда, алдағы 12 айға жарна төлеуге және жыл бойы сақтандырылуға тиіс. Мәртебе келесі айдан бастап пайда болады. Егер мәртебені ағымдағы айда алу қажет болса, онда ол үшін де төлем жасау қажет.
Жарналарды екінші деңгейлі банктер, банктердің мобильдік қосымшалары, «Қазпошта» және төлем терминалдары арқылы дербес төлеуші ретінде әр ай үшін жеке төлеу керек. Барлық төлемдерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2-3 күн ішінде өңдейді, содан кейін мәртебе беріледі.