Жұмыс режимі - жұмыс уақытының режимі, белгілі бір уақыт кезеңі ішінде жұмыс уақытының нормасын бөлу тәртібі, жұмыстағы үзілістер уақыты; тәуліктегі ауысым саны; еңбек заңнамасына сәйкес ішкі еңбек тәртібі қағидаларында белгіленетін жұмыс және жұмыс емес күндердің кезектесуі.

Жұмыс режимдерінің түрлері

Жұмыс уақыты режимі

Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы

Қысқартылған жұмыс уақыты

Толық емес жұмыс уақыты

Икемді жұмыс уақыты режимі

Түнгі уақыттағы жұмыс

Вахталық жұмыс әдісі

Ауысымдық жұмыс әдісі

Қашықтан жұмыс істеу режимі

Қашықтан аралас жұмыс режимі

Жылжымалы жұмыс кестесі

Жұмыс режимдерінің түрлері

ҚР Еңбек кодексінде түрлі жұмыс режимдері қарастырылған. Негізгі режимнен - жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығынан басқа мынадай жұмыс режимдерінің ерекше түрлері көзделген:

  • жұмыс уақытының қысқартылған режимі
  • толық емес жұмыс уақыты
  • икемді жұмыс уақыты режимі
  • түнгі уақыттағы жұмыс
  • вахталық жұмыс әдісі
  • ауысымдық жұмыс әдісі
  • қашықтан жұмыс істеу режимі
  • қашықтан аралас жұмыс режимі
  • Жылжымалы жұмыс кестесі

Жұмыс уақыты режимі

ҚР ЕК 71-бабында көрсетілгендей:

1. Жұмыскерлер үшін екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді. Бес күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (ауысымның) ұзақтығы жұмыстың ерекшелігі ескеріле және жұмыс аптасының белгіленген ұзақтығы сақтала отырып, жұмыс берушінің актісінде айқындалады.

2. Өндірістердің сипаты мен жұмыс жағдайлары бойынша бес күндік жұмыс аптасын енгізу орынсыз болатын ұйымдарда бір демалыс күні бар алты күндік жұмыс аптасы белгіленеді.

3. Жұмыс беруші еңбек және ұжымдық шарттардың талаптарына немесе жұмыс берушінің актісіне сәйкес бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасын белгілейді.

  • 01.07.2023 жылдан бастап толықтыру: Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартында бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасымен кезектесу құқығымен төрт күндік жұмыс аптасын белгілеуге жол беріледі.

4. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, күнделікті жұмыстың ұзақтығы 8 сағаттан аспайды.

5. Күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы, күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) басталу және аяқталу уақыты, жұмыстағы үзілістер уақыты еңбек тәртіптемесі қағидаларында, еңбек және ұжымдық шарттарда белгіленген талаптар сақтала отырып айқындалады.

Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы

ҚР ЕК 67-бабының 2-тармағына сәйкес Жұмыс уақыты қалыпты ұзақтықта болуы мүмкін (аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс); қысқартылған ұзақтықта және толық емес.

ҚР ЕК 67-бабының 2-тармағына сәйкес Жұмыс уақыты қалыпты ұзақтықта болуы мүмкін (аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс); қысқартылған ұзақтықта және толық емес.

      2. Жұмыс уақыты қалыпты ұзақтық, қысқартылған ұзақтық және толық емес болуы мүмкін.

  • 01.07.2023 жылдан бастап толықтыру:

Толық емес жұмыс күні (ауысымда) және (немесе) толық емес жұмыс аптасында жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін не бірлесіп жұмысқа орналастыруды қолданған кезде тиісті күнтізбелік жылға арналған жұмыс уақытының теңгерімі бойынша жұмыс сағаттарының қалыпты саны тиісінше азаяды.

ҚР ЕК 68-бабының негізінде жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы:

  • аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс;
  • еңбек шартында жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы үшін төленетіндей төлемақымен ұзақтығы азырақ жұмыс уақыты көзделуі мүмкін;
  • негізгі жұмыс орны бойынша күнделікті жұмыстың және қоса атқаратын жұмыстың жиынтық ұзақтығы күнделікті жұмыс ұзақтығының нормасынан 4 сағаттан аспауы тиіс.

01.07.2023 жылдан бастап толықтыру:

  • Медициналық қорытындыға сәйкес отбасының науқас мүшесіне күтімді жүзеге асыратын жұмыскерлерге, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар ата-ананың біреуіне (бала асырап алушыға), он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланы) тәрбиелеп отырған жалғызілікті аналарға, көрсетілген санаттағы балаларды анасыз тәрбиелеп отырған өзге де адамдарға, оқудан бос уақытта денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін білім алушыларға, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа жетуге кемінде екі жыл қалған не көрсетілген зейнеткерлік жасқа жеткен жұмыскерлерге тараптардың келісуі бойынша бірлесіп жұмысқа орналастыруды қолдануға жол беріледі.

    Толық емес жұмыс уақыты жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскер үшін жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығына, еңбек өтілін есептеуге және осы Кодексте, еңбек, ұжымдық шарттарда, келісімдерде белгіленген еңбек саласындағы басқа да құқықтарға шек қоюға алып келмейді.

Қысқартылған жұмыс уақыты

Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы (ҚР ЕК 69-бабы) мыналар үшін белгіленеді:

он сегіз жасқа толмаған
жұмыскерлер:

  • он төрт жастан он алты жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін - аптасына 24 сағаттан аспайтын;
  • он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін - аптасына 36 сағаттан аспайтын;

ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерге - аптасына 36 сағаттан артық емес;

бірінші және екінші топтағы мүгедек жұмыскерлерге аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді.

Толық емес жұмыс уақыты

ҚР ЕК 70-бабында көрсетілгендей - толық емес жұмыс уақыты:
1. толық емес жұмыс күні;
2. толық емес жұмыс аптасы;
3.
күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ұзақтығының нормасын бір мезгілде азайту және жұмыс аптасындағы жұмыс күндерінің санын қысқарту.

Толық емес жұмыс уақыты жағдайларында жұмыс істеу жұмыскер үшін осы Кодексте, еңбек, ұжымдық шарттарда, келісімдерде белгіленген жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығын, еңбек өтілін есептеуде және еңбек саласындағы басқа да құқықтарын шектеуге әкеп соқтырмайды.

Жұмыс беруші жүкті әйелдің, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар ата-ананың біреуінің (бала асырап алушының), сондай-ақ медициналық қорытындыға сәйкес отбасының науқас мүшесіне күтімді жүзеге асыратын жұмыскердің жазбаша өтініші бойынша оларға толық емес жұмыс уақыты режимін белгілеуге міндетті.

Икемді жұмыс уақыты режимі

ҚР ЕК 74-бабына сәйкес - Жұмыскерлер үшін икемді жұмыс уақыты режимі белгіленуі мүмкін. Икемді жұмыс уақыты режимі кезінде:

  • белгіленген жұмыс уақыты;
  • жұмыскер сол уақыт ішінде еңбек міндеттерін өз қалауы бойынша атқаруға құқылы икемді (ауыспалы) жұмыс уақыты;
  • есептік кезең белгіленеді.

Оның шегінде жұмыскерлердің осы санаты үшін орташа белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығы сақталуға тиіс кезең икемді жұмыс уақыты кезіндегі есептік кезең деп танылады. Икемді жұмыс уақыты кезіндегі
есептік кезең
алты айдан аспайды.

Түнгі уақыттағы жұмыс

Түнгі жұмыс уақыты сағат 22-ден 6-ға дейінгі уақыт болып есептеледі.

Түнгі уақыттағы жұмысқа:

  • он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер;
  • жұмыс берушіге жүктілігі туралы анықтама ұсынған жүкті әйелдер жіберілмейді (ҚР ЕК 76-бабы).

Вахталық жұмыс әдісі

Вахталық әдіс - жұмыскерлердің тұрақты тұратын жеріне күн сайын оралуын қамтамасыз ету мүмкін болмаған кезде олардың тұрақты тұратын жерінен тыс еңбек процесін жүзеге асырудың ерекше нысаны (Еңбек кодексінің 135-бабы).

ҚР ЕК 135-бабының 2-тармағына сәйкес - Жұмыс беруші вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмыскерлерді жұмыс өндірісі объектісінде болған кезеңде тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін тұрғын үймен қамтамасыз етуге және олардың тамақтануын, жиналу пунктінен жұмыс орнына дейін және одан кері жеткізіп салуды ұйымдастыруға, сондай-ақ жұмыстарды орындау және ауысымаралық тынығу үшін жағдаймен қамтамасыз етуге міндетті.

Жұмыс беруші еңбек, ұжымдық шарттарға және (немесе) жұмыс беруші бекітетін вахталық жұмыс әдісі туралы ережеге сәйкес вахталық жұмыс әдісін қолдану тәртібін айқындайды, сондай-ақ жұмыскердің жұмыс жүргізілетін объектіде және тұру үшін арнайы жабдықталған орындарда (вахталық кенттерде) болуына қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді.
Жұмыскер вахтада болған кезінде жұмыс жүргізілетін объектіде және тұру үшін арнайы жабдықталған орындарда (вахталық кенттерде) жұмыс беруші белгілеген тәртіптемені сақтауға міндетті.

Вахталық әдіспен орындалатын жұмыстарға:

  • он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер;
  • жүктілігі туралы анықтаманы ұсынған он екі және одан да көп апта жүктілік мерзімі бар жүкті әйелдер;
  • медициналық қорытынды ұсынылған күннен бастап бірінші топтағы мүгедектер жіберілмейді.

Өзге жұмыскерлер вахталық әдіспен орындалатын жұмыстарға, егер оларға медициналық қорытындылар негізінде мұндай жұмыстар қарсы көрсетілмесе, тартылуы мүмкін. ҚР ЕК 135-бабының 3-тармағы.

Объектіде жұмыстарды орындау уақыты мен ауысымаралық демалыс уақытын қамтитын
кезең вахта болып есептеледі.

Вахтаның ұзақтығы күнтізбелік он бес күннен аспайды.

Жұмыскердің жазбаша келісімімен вахтаның ұзақтығы ұжымдық, еңбек шарттарына сәйкес күнтiзбелiк отыз күнге дейін ұзартылуы мүмкін. Теңіз кемелері экипаждарының мүшелері үшін жұмыскердің келісімімен вахтаның ұзақтығы күнтiзбелiк бір жүз жиырма күнге дейін ұзартылуы мүмкін. ҚР ЕК 135-бабының 4-тармағы.

Жұмыстың вахталық әдісі кезінде тоқсан ішіндегі немесе өзге де неғұрлым ұзақ, бірақ күнтізбелік бір жылдан аспайтын кезең немесе белгілі бір жұмысты орындау кезеңі ішіндегі жұмыс уақытының жиынтық есебі белгіленеді. Вахталық әдіспен жұмыс істейтін, уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру уақытына кейіннен жұмыскерге жұмыс істеген сағаттары үшін демалыс күндері (сағаттары) беріле отырып, еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша жұмыс уақыты режимін (бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасынан) вахталық жұмыс әдісіне өзгертуге жол беріледі. ҚР ЕК 135-бабының 5-тармағы.

Ауысымдық жұмыс тәртібі

Ауысымдық жұмыс - тәулік ішінде екі не үш немесе төрт жұмыс ауысымындағы жұмыс;

1. Ауысымдық жұмыс өндірістік процестің ұзақтығы күнделікті жұмыстың жол берілетін ұзақтығынан асатын жағдайларда белгіленуі мүмкін.

2. Ауысымдық жұмыс кезінде жұмыс ауысымының ұзақтығы, бір жұмыс ауысымынан екіншісіне өту ауысым кестелерімен белгіленеді.

3. Жұмыс беруші ауысым кестелерін осы кестелер қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде күнтізбелік он күн бұрын жұмыскерлердің назарына жеткізеді.

  • 01.07.2023 ж. бастап толықтыру: Ауысымдық кестемен танысу мерзімі жұмыскерді жұмысқа қабылдаған немесе ауысымдық жұмыс кезінде жұмыскерді басқа жұмысқа ауыстырған жағдайда қысқартылуы мүмкін

4. Еңбек кодексінің 86-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыскерді қатарынан екі жұмыс ауысымы бойы жұмысқа тартуға тыйым салынады.

Қашықтан жұмыс істеу режимі

Қашықтан жұмыс істеу - еңбек қызметі процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, еңбек процесін жұмыс берушінің, қабылдаушы тараптың және олардың объектілерінің орналасқан жерінен тыс жүзеге асыру;"

ҚР ЕК 138-бабының 5-тармағына сәйкес Қашықтан жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін жұмыс уақытының күнделікті ұзақтығының шектеулері сақтала отырып, жұмыс уақытының тіркелген есебі белгіленеді, оны бақылау ерекшеліктері еңбек шартында немесе жұмыс берушінің актісінде айқындалады.

Жұмыскер жұмыс уақытының шегінде жұмыс берушімен, қабылдаушы тараппен байланыс үшін қолжетімділік режимінде болуға тиіс.

Қашықтан жұмыс істеу кезінде жұмыс беруші, қабылдаушы тарап жұмыстың орындалуын нақты уақытпен тіркей алмаса, жұмыс уақытын есепке алу жөніндегі құжатта жұмыс уақыты еңбек шартында, жұмыс берушінің актісінде белгіленген жұмыс көлемінің орындалуы ретінде белгіленеді.

Қашықтан жұмыс істеген кезде жалақы жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігі мен сапасына қарай еңбек шартында және жұмыс берушінің актісінде негізделген жұмыс көлемін орындаған кезде толық мөлшерде төленеді.

Қашықтан аралас жұмыс режимі

Қашықтан аралас жұмыс - жұмыс берушінің, қабылдаушы тараптың және олардың объектілерінің орналасқан жері бойынша да, қашықтан жұмыс істеу арқылы да еңбек міндеттерін орындау кезеңдерін кезектестіру жолымен еңбек процесін жүзеге асыру;

ҚР ЕК 138-бабына сәйкес - Жұмыскердің немесе жұмыс берушінің бастамасы бойынша тараптардың келісімі бойынша қашықтан жұмыс немесе қашықтан аралас жұмыс белгіленуі мүмкін.

Төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген, төтенше жағдай жарияланған не мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды адамдарының шешімі бойынша өзге де шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген кезеңде, сондай-ақ жұмыскерлердің өміріне немесе денсаулығына қатер төндіретін басқа да айрықша жағдайларда жұмыс беруші жоғарыда көрсетілген жағдайлар жойылғанға дейін қашықтан жұмыс істеуді немесе қашықтан аралас жұмыс істеуді себептерін көрсете отырып, жұмыс берушінің актісімен уақытша белгілеуге құқылы. Бұл ретте жұмыскерлерді еңбек міндеттерін орындау үшін қажетті жабдықпен, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттандыру объектілерімен, көрсетілетін байланыс қызметтерімен және өзге де құралдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ шығыстарды өтеу жұмыс берушінің актісінде айқындалады.

Жұмыс берушінің актісінде міндетті түрде:

1) қашықтан жұмыс істеуді және (немесе) қашықтан аралас жұмыс істеуді уақытша белгілеу негізі;

2) өздеріне қатысты қашықтан жұмыс істеу және (немесе) қашықтан аралас жұмыс істеу уақытша белгіленген жұмыскерлердің тізімі;

3) қашықтан жұмыс істеуді және (немесе) қашықтан аралас жұмыс істеуді уақытша белгілеуге негіз болған жағдай жойылатын күннен аспайтын, қашықтан жұмыс істеу және (немесе) қашықтан аралас жұмыс істеу мерзімі қамтылуға тиіс.

Жылжымалы жұмыс кестесі

01.07.2023 жылдан бастап (ҚР ЕК 73-1-бабы)

1. Жұмыстың ерекшелігін ескере отырып, жұмыс беруші еңбек тәртіптемесінің қағидаларында жұмыскерлерге жұмыс уақытының жиынтық есебін қолдана отырып, жұмыс кестесінің күн сайынғы ұзақтығының 11 сағаттан аспайтын шектеулерін сақтай отырып, жұмыс кестесінің ұзақтығы әртүрлі аптаның әртүрлі күндеріндегі жұмыстың жылжымалы кестесін белгілеуге құқылы.

2
. Оның шегінде жұмыскерлердің осы санаты үшін белгіленген, бірақ тоқсаннан аспайтын жұмыс уақытының орташа ұзақтығының күнделікті және (немесе) апта сайынғы нормасы сақталуға тиіс кезең жылжымалы жұмыс кестесі кезіндегі есептік кезең деп танылады.

3
. Жылжымалы жұмыс кестесі бар режимде жұмыс істеген кезде жұмыс күнінің (ауысымның) басталуы, аяқталуы немесе жалпы ұзақтығы еңбек тәртіптемесінің қағидаларында, еңбек шартында не ауысымдық кестесінде айқындалады.