-
Бухгалтер сөздігі
-
А
- аванстық есеп
- аванстық төлемдер
- Азаматтығы жоқ адам
- Азаматтық
- Айлық есептік көрсеткіш
- Айлық жалақының ең төмен мөлшері
- Айлық жалақының ең төменгі мөлшері
- Айналым күні
- Айыппұл
- Айырбастау
- акциз
- Акциздік өнім
- АҚС-тан МЗЖ
- Ақша аударымы
- Ақша аударымы
- Ақша қаражаты
- Ақша қаражатының қозғалысы
- ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп
- Ақша операциялары
- Ақшалай есеп айырысулар
- Алимент
- алты күндік
- Алып қою тізбесі
- Амортизация
- Апостиль
- Арзандатылған тауар
- арнаулы мобильді қосымша
- АСР дегі шаруа қожалығы
- Аттестаттау
- Аудитор
- Аутсорсинг
- аутстаффинг
- Ауыр жұмыстар
- Ауысымдық жұмыс
- ауысымдық кесте
- АЭА
-
Ә
-
Б
- Бағалы қағаз
- Бағамдық айырма
- бажсыз сауда
- Бақылау чегі
- Бала күтімі бойынша демалыс
- Бала күтімі бойынша төлемдер
- Бала туғанда
- Баланстан тыс шоттар
- банк үзіндісі
- Банкроттық
- Бас бухгалтер
- Бас кiтап
- бастапқы құжаттардың нысандары
- Бейрезидент
- Бейрезиденттің кірісі
- Бересі
- Бизнесті бөлшектеу
- Биологиялық актив
- біліктілігі
- Бір сорттан басқа сортқа көшіру
- бірыңғай жер салығы
- БКМ
- БКМ чегі
- болашақ кезеңдердің шығыстарына
- Бос уақыт
- босқын
- бөлек есепке алу
- бөлу балансында
- Бөлшек салықтың АСР
- Бөлшек сауда
- бөлшек сауда салығы
- БСК
- БСН
- БТБА
- бухгалтер
- бухгалтерлік есеп
- Бухгалтерлік есеп тіркелімдері
- бухгалтерлік құжаттар
- Бюджеттік сыныптама коды
-
В
-
Г
-
Д
- Дактилоскопиялық тіркеу
- Дара кәсіпкер
- Дебиторлық берешек
- Декреттік
- декреттік демалыс
- Демалыс
- Демалыс ақысын есептеу
- Демалыс бойынша резерв
- Демалыс кестесі
- демалыс күндері
- Демалыс төлемдерін есептеу
- демалыс уақыты
- демалыстан кері шақыртып алу
- Деңгейлес мониторинг
- депозитарий
- Дербес деректер
- Дербес деректер
- Дивидендтер
- ДК жабу
- ДСН-код
-
Е
- ЕБМ
- Ең төменгі баға
- Ең төменгі бөлшек баға
- еңбек биржасы
- Еңбек кітапшасы
- Еңбек қауiпсiздiгi
- Еңбек мобильділігі орталығы
- Еңбек нормалары
- Еңбек өтілі
- Еңбек тәртібі
- Еңбек шартын бұзу
- Еңбекақы төлеу қоры
- Еңбекке жарамсыздық парағы
- Еңбекке сағат бойынша ақы төлеу
- Еңбекке уақытша жарамсыздық
- Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы
- Еңбекті қорғау
- Еңбекші көшіп келушілер
- Ерікті зейнетақы жарналары
- есеп құжаттамасы
- Есеп саясаты
- есепке жазу әдісі
- ЕТЖ
- ЕШЕБЖ
-
Ж
- жиынтық есебі
- жалақы
- Жалақыдан бірыңғай төлем
- Жалақысы сақталмайтын демалыс
- Жалдамалы жұмыскер
- Жалдау
- жалпыға бірдей белгіленген режим
- Жалпыға бірдей декларациялау
- Жанама әдіс
- Жанама салықтар
- Жарғылық капитал
- жарғылық капиталын ұлғайту
- Жарнама
- Жарнама қызметтері
- Жарнамалық акция
- Жастар практикасы
- ЖБР
- Жеке іс
- Жеке карточка
- Жеке көмекші
- жеке куәлігі
- жеке практикамен айналысатын адам
- Жеке шот
- Жекеше нотариус
- жеңілдетілген режим
- жер салығы
- ЖЕШ
- ЖЖМ
- ЖЖМ есептен шығару
- ЖЖМ талоны
- ЖКД
- ЖМЗЖ
- Жолдама парағы
- жоспардан тыс тексеру
- Жосықсыз өнім беруші
- ЖСН
- ЖТС
- ЖТС бойынша декларация
- Жүк алушы
- Жүк жөнелтуші
- Жүк тасымалы
- жүктілікке байланысты демалыс
- Жұмыс ауысымы
- Жұмыс істеген сағаттар
- жұмыс орны
- Жұмыс режимі
- Жұмыс уақыты
- Жұмыс уақытын есепке алу
- жұмыс уақытының балансы
- Жұмыскердің кірісі
- жұмыскерлерді жеткізу
- Жұмыссыз
- Жұмыстан шығару
- Жұмыстың жүріп-тұру сипаты
- ЖШС
- ЖШС ашу
- ЖШС жабу
-
З
-
И
-
І
-
К
- Кадр құжаттары
- Кадрлық қызметкері
- Камералдық бақылау
- Кассалық аппарат
- Кассалық кiтап
- Кассалық шығыс ордері
- Кәдеге жарату алымы
- кәмелетке толмаған
- кәсіпкерлік субъектілері
- Кедендік алымдар
- Кедендік баж
- Кедендік декларация
- Кедендік декларациялау
- Кедендік тазарту
- Кедендік төлемдер
- Кейінге қалдырылған салық
- кері импорт
- Кері экспорт
- Кесiмдi ақы төлеу
- Кету қағазы
- Кешбэк
- Кешенді тексеру
- Кірістер мен мүлік туралы декларация
- Кірістер туралы анықтама
- консалтингілік қызмет көрсету
- Консулдық алым
- Консультациялық көрсетілетін қызметтер
- Контрагент
- Корпоративтік кеш
- Корпоративтік шот
- Көлiк салығы
- Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі
- Көліктік-экспедиторлық қызметтер
- көп балалы ана
- Көп балалы отбасы
- Көшіп келуші
- Кредиторлық берешек
- Криптовалюта
- КСА
- КСМ
- КТС
- КТС бойынша шегеруге
- Навигациялық пломба
-
Қ
- Қайта қаржыландыру мөлшерлемесі
- Қайта ұйымдастыру
- Қайырымдылық көмек
- Қандас
- Қаржылық есептілік
- Қаржылық жалдау
- Қарыз
- Қарыз еңбегі
- қауіпсіздік техникасы
- Қашықтан аралас жұмыс істеу
- Қашықтан жұмыс істеу
- ҚҚС
- ҚҚС бойынша декларация
- ҚҚС бойынша есептен шығару
- ҚҚС бойынша куәлік
- ҚҚС бойынша шек
- ҚҚС қайтару
- ҚҚС төлемеуші
- ҚҚС төлеушілер
- ҚҚС түзету
- ҚҚС-нан босату
- қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы
- қолма-қол ақшасыз төлемдер
- Қоныс аударушы
- Қорларды босатуға арналған жүкқұжат
- қорларды есепке алу
- қоршаған ортаға жағымсыз әсері
- Қоса атқарылатын жұмыс
- Қосымша декларация
- қосымша демалыс
- Қосымша есептілік
- қосымша келісім
- Қосымша шот-фактура
- ҚСХҚЕС
- Құжат айналымы
- құжаттарды жою
- құжаттарды сақтау
- Құжаттық тексеру
- Құн өсімінен түсетін кіріс
- құндық балансы
- Құрбан айт
- Құрылтай құжаттары
- Құрылтайшы
- құрылымдық бөлімшесі
- Қызмет түрі
- қызметін тоқтату
- Қызметкерлерді оқыту
- қызметті қайта бастау
- Қызметті тоқтата тұру
- Қызметтік жазба
- қысқартылған жұмыс уақыты
-
Л
-
М
- Майнинг
- Маркетингтік көрсетілетін қызметтер
- Материалдық жауапты тұлға
- Материалдық көмек
- материалдық тұлға
- Мәмілелер мониторингі
- МӘМС
- МӘМСА
- МӘМСЖ
- МЕА
- Медианалық жалақы
- Медицинаға арналған салықтық шегерім
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
- мемлекеттік көрсетілетін қызмет
- мемлекеттік сатып алу
- Мемлекеттік-жекешелік әріптестік
- Мереке күні
- Мерекелер күнтізбесі
- МЗЖ
- микробизнес
- Минустық ЭШФ
- МКЗЖ
- Мобильді аударымдар
- Мобильді қосымша
- Монетарлық баптар
- Мөр
- Мөртабан
- мүгедек бала
- Мүгедектігі бар адам
- Мүлік салығы
- Мүліктік кіріс
- мүшелік жарналар
-
Н
-
О
-
Ө
-
П
-
Р
-
С
- Сақтандыру
- Сақтандыру төлемi
- Салық берешегі
- салық есептілігі нысандары
- Салық жеңiлдiктерi
- Салық режимі
- Салық салу объектісі
- Салық салынатын импорт
- Салық салынатын кіріс
- Салық тәуекелі
- салық тіркелімдерінің нысандары
- Салық төлеушіні тіркеу
- Салық төлеушінің кабинеті
- Салықтық база
- Салықтық есепке алу
- Салықтық есепке алу саясаты
- Салықтық есептілік
- Салықтық жүктеме
- Салықтық жүктеме коэффициенті
- Салықтық мөлшерлеме
- Салықтық өтініш
- Салықтық тексеру
- Салықтық тіркелім
- Салықтық шегерім
- Салықтық шегерім
- салықтық шегерімді
- сатып алу-сату
- Сәйкестендіру құралдары
- Сәйкестендіру нөмірі
- сенiмхат
- Сенімхаттар журналы
- СТ-1
- стандартты шегерім
- Статистикалық есептілік
- Субсидия
- Сынақ мерзімі
- сыртқы (көрнекі) жарнама
- Сыртқы жарнама
-
Т
- табелі
- табыс ДК
- табыс салығы
- тақырыптық тексеру
- Талап мерзiмi
- Таңбалау
- Тарату балансы
- Тарату есептілігі
- Тарифтік мөлшерлеме
- Тауар таңбасы
- тауар экспорты
- Тауар-көлiк жүкқұжаты
- Тауарға ілеспе құжаттар
- Тауардың шығарылған жері туралы сертификат
- тауарларды әкелу
- тауарларды әкету
- Тауарларды сыныптау
- Тауарлық чек
- Тәртіптік жаза
- тәуекел дәрежесі
- Тәуекел дәрежесінің критерийлері
- Тәуекелдерді басқару жүйесі
- Тәуекелдің жоғары дәрежесі
- Тәулікақы
- Тендер
- ТІЖ
- ТІЖ растау
- Тіркелген активтер
- ТҚЖБ
- ТМҚ
- ТМҚ есептен шығару
- Толық емес жұмыс күні
- Төлем белгілеу коды
- Төлем көзіндегі ЖТС
- Төлем көзіндегі КТС
- Төлем көзінен кірістерге
- Түгендеу
- түзетілген ЭШФ
- тұруына ықтиярхат
- Тынығу уақыты
-
У
-
Ү
-
Ұ
-
Ф
-
Х
-
Ц
-
Ш
-
Э
- Бухгалтер сөздігі
- Э
- электрондық шот-фактураны ресімдеу
ЭШФ - бұл салық заңнамасы нормаларының талаптарына және ЭШФ құжат айналымы қағидаларына сәйкес келетін ақпараттық жүйеде (ЭШФ АЖ) құрылған электрондық түрдегі шот-фактура.
Қазақстанда 2014 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінің электрондық шот-фактураларды жазып беру туралы ережелері қолданысқа енгізілді, ал 2015 жылғы 22 ақпанда электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы қағидалары («Қағидалар») бекітілді және «ЭШФ ақпараттық жүйесі» бағдарламалық қамтамасыз етуі енгізілді.
Шот-фактураны кім жазып беруге міндетті
ЭШФ бойынша жалпы ережелер
Салық төлеуші шот-фактураны қағаз жеткізгіште жазып беруге құқылы болатын мынадай жағдайларды қоспағанда, шот-фактура электрондық нысанда жазып беріледі:
1) салық төлеушінің тұрған жері бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері шекарасында жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі болмаған.
2) техникалық қателер себебінен электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураларды жазып беру мүмкін емес екені туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында расталған.
Техникалық қателер жойылғаннан кейін қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактура техникалық қателер жойылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне енгізуге жатады. (ҚР СК 412-бабының 2-тармағы)
Шот-фактурада мыналар көрсетілуге тиіс:
1) шот-фактураның реттік нөмірі;
2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің және алушының сәйкестендіру нөмірі;
3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушылар болып табылатын жеке тұлғаларға қатысты – тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе); тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер немесе алушылар болып табылатын дара кәсіпкерлерге қатысты – салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және (немесе) атауы; тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер немесе алушылар болып табылатын заңды тұлғаларға (заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелеріне) қатысты – атауы.
Бұл ретте ұйымдық-құқықтық нысанды көрсету бөлігінде дағдыларға, оның ішінде іскерлік айналымның дағдыларына сәйкес аббревиатура пайдаланылуы мүмкін;
4) шот-фактураның жазып берілген күн;
5) ҚР СК 416-бабында көзделген жағдайларда, өнім берушінің мәртебесі – комитент немесе комиссионер;
6) акцизделетін тауарлар өткізілген жағдайда - егер мұндай өткізу акциз салу объектісі болып табылса, акциздің қосымша сомасы;
7) өткiзiлетiн тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы;
8) салық салынатын (салық салынбайтын) айналымның мөлшерi;
9) қосылған құн салығының мөлшерлемесі;
10) қосылған құн салығының сомасы;
11) қосылған құн салығы ескеріле отырып, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны;
12) тауарларға қатысты – сыртқы экономикалық қызмет тауар номенклатурасының коды;
13) мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізген жағдайда – мемлекеттік сатып алу туралы шарттың күні мен нөмірі.
Шот-фактураны кім жазып беруге міндетті
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасалған кезде мыналар шот-фактура жазып беруге міндетті :
1) осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қосылған құн салығын төлеушілер;
2) ҚР ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру мақсатында қабылданған ҚР нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда салық төлеушілер;
3) осы Кодекстің 416-бабында белгіленген жағдайларда, қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын комиссионер;
4) осы Кодекстің 415-бабында белгіленген жағдайларда, қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын экспедитор;
5) импортталған тауарларды өткізген жағдайда салық төлеушілер;
6) мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруы кезінде мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі;
7) ЭШФ АЖ "Виртуалды қойма" модуліне келіп түскен тауарлар осындай салық төлеушілерге өткізілген жағдайда, қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын салық төлеушілер;
8) құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай мәміле жасалған күнге қолданыста болатын АЕК-тің 1000 еселенген мөлшерінен асатын азаматтық-құқықтық мәміле бойынша ҚР-да ҚҚС төлеуші ретінде тіркелмеген резидент-заңды тұлғалар (мемлекеттік мекемелер мен орта білім беретін мемлекеттік ұйымдарды қоспағанда), қызметін ҚР-да филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, ДК, жеке практикамен айналысатын адамдар.
9) жүктерді халықаралық тасымалдаудың көрсетілетін қызметтері бойынша – салық төлеушілер.
2023 жылдан бастап ЭШФ жазып беруге міндетті тұлғаларды толықтыру бөлігінде өзгерістер енгізілді.
Бұл норма қабылданған «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңда және
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында жазылған.
412-бапта 10) және 11) тармақшалар қосылған, онда 2023 жылдан бастап шот-фактураны (ЭШФ) кім жазып беруге МІНДЕТТІ екені көрсетілген:
10) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында айқындалған сәйкестікті растау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға;
11) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден өкілі, кедендік тасымалдаушы, уақытша сақтау қоймаларының иесі, кеден қоймаларының иесі және уәкілетті экономикалық оператор болып табылатын салық төлеуші.
Осы тармақтың ережелері жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам болып табылатын жеке тұлға жеке мүлкін өткізген кезде қолданылмайды.
Шот-фактурада салық салынатын айналым мөлшері тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әрбір атауы бойынша жеке көрсетіледі.
Электрондық нысанда жазып берілген шот-фактурадағы құндық және сомалық мәндер шетел валютасында көрсетілуі мүмкін жекелеген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында көрсетіледі.
Электрондық нысанда жазып берілген шот-фактура электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады (ҚР СК 412-бабының 12-тармағы).
ҚР СК 412-бабының 13-тармағында көрсетілген жағдайларда шот-фактураны жазып беру талап етілмейді.
ЭШФ жазып беру мерзімдері
Шот-фактура:
өткізу бойынша айналым жасалған күннен ерте емес және осындай күннен кейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей жазып беріледі. Жекелеген жағдайларда ҚР СК 413-бабының 1-тармағына сәйкес жазып беріледі.
ҚР СК 413-бабына сәйкес шот-фактура:
1) электр және (немесе) жылу энергиясын, суды, газды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді, байланыс қызметтерін, теміржол көлігімен тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, әуе көлігімен жолаушыларды, багаж бен жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, көлік экспедициясы шарты бойынша көрсетілетін қызметтерді, вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтерін, магистральдық газ құбыржолдарын қоспағанда, магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, жүйелік оператор көрсететін жүйелік қызметтерді, кредит (қарыз, микрокредит) беру бойынша көрсетілетін қызметтерді, қосылған құн салығы салынатын банк операцияларын өткізу кезінде, сондай-ақ осы Кодекстің 436-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғаларға бір жыл немесе одан көп мерзімге жасалған шарттар бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде – тауарлар жеткізілген, қызметтер көрсетілген айдың қорытындысы бойынша осындай тауарлар, көрсетілетін қызметтер бойынша өткізу жөніндегі айналымды жасау күні тура келетін айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей;
2) тауарлар экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген жағдайда, шот-фактура өткізу бойынша айналымды жасау күнінен кейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірілмей;
3) есепке жазылған сыйақы сомасы бөлігінде мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде – қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берілетін тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей
күнтізбелік тоқсанның қорытындылары бойынша;
3-1) сәйкестендірілген тауарлардың сатып алушының билігіне берілгенін растайтын тауарға билік ету құжаттарының негізінде тауарлар өткізілген кезде – осындай тауарлар бойынша өткізу жөніндегі айналымды жасау күні тура келетін айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей;
4) қалған жағдайларда – өткізу бойынша айналымды жасау күнінен ерте емес және осындай күннен кейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жазып беріледі.
Осы Кодекстің 412-бабы 14-тармағының талаптарын орындау мақсатында шот-фактураны жазып беру айналым жасалған күні немесе жасалған күннен кейін, бірақ осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талаптың ескіру мерзімі шегінде жүзеге асырылады (ҚР СК 413-бабының 2-тармағы);
Түзетілген шот-фактура бұрын жазып берілген шот-фактураға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет болған кезде жазып беріледі.
Түзетілген шот-фактураны жазып беру
кезінде бұрын жазып берілген шот-фактураның күші жойылады, сондай-ақ олар болған кезде қосымша шот-фактуралардың күші жойылады.
Жойылған қосымша шот-фактураларды қалпына келтіру
үшін түзетілген шот-фактураға қосымша шот-фактуралар жазылады.
Түзетілген шот-фактура:
1) шот-фактураларды жазып беруге осы тарауда белгіленген талаптарға сәйкес келуге;
2) мынадай ақпаратты қамтуға тиіс: шот-фактураның түзетілгені туралы
белгі; түзетілген шот-фактураның
реттік нөмірі мен жазып берілген күні; күші жойылатын шот-фактураның
реттік нөмірі мен жазып берілген күні көрсетіледі.
Қосымша шот-фактура түзету сомасына айналым жасалған күннен ерте емес және осындай күннен кейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жазып беріледі. ҚР СК 197-бабының талаптарын сақтамаған кезде лизинг беруші қосымша шот-фактураны осындай жағдай басталған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей жазып береді.
Өнім беруші қосымша шот-фактураны жазып беруді мынадай жағдайларда жүргізеді:
1) айналым мөлшерін түзету
2) осы Кодекстің 197-бабының талаптарын сақтамаған.
Қосымша шот-фактура:
1) шот-фактураларды жазып беруге қойылатын, осы тарауда белгіленген талаптарға сәйкес келуге;
2) мынадай ақпаратты:
шот-фактура қосымша болып табылатыны туралы белгіні;
қосымша шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін;
қосымша шот-фактура жазып берілетін шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін;
айналым мөлшері өзгертілген жағдайда, оны түзету сомасын;
қосылған құн салығы өзгертілген жағдайда, оны түзету сомасын;
электрондық нысанда жазып берілген кезде айналым мөлшерін түзету сомасына айналым жасалған күнді;
осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жағдайда, "Салық кодексінің 197-бабын сақтамау" деген белгіні қамтуға тиіс (ҚР СК 420-бабының 2-тармағы)
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап импортталған тауарды сату кезінде барлық ДК мен ЖШС ЭШФ жазып беруге міндетті.
Шот-фактураларды жазып беру мерзімі 15 күнтізбелік күн.
Импорттаушылар ЭШФ-ны салық кезеңінен кейінгі айдың 20-күніне дейін жазып бере алады (ҚР СК 413-бабының 1-тармағы).
Тауарлар ҚР аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына экспортталған жағдайда шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірілмей жазып беріледі. ҚР СК 453-бабының 2-тармағы.
Импорттаушы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан ҚР аумағына әкелінген тауарларды өткізген кезде шот-фактура электрондық нысанда салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей жазып беріледі.
Жауапкершілік
Салық төлеушінің жалған шот-фактураны жазып беруі – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне шот-фактураға енгізілген қосылған құн салығы сомасының жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде тұрмаған төлеуші, сол сияқты жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді, тауарларды тиеуді іс жүзінде жүргізбеген тұлға жазып берген және қосылған құн салығының сомасын қамтитын шот-фактура жалған шот-фактура болып танылады.
Салық төлеушінің шот-фактураны электрондық нысанда орындамауы - ескерту жасауға әкеп соғады.
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет - шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Салық төлеушінің шот-фактураны электрондық нысанда мерзімін бұза отырып жазып беруі - ескерту жасауға әкеп соғады.
Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидалары және оның нысандарын бекіту. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 бұйрығы.
Өзгерістер бойынша салыстырмалы кесте