Айырбастау - бұл бiр мемлекеттiң валютасын ағымдағы айырбас бағамы бойынша екiншiсiне айналдыру.

Рубльдік шотқа ақша қаражаты түскен кезде айырбастауды қалай жүргізу керек.

1С бағдарламасында RUR теңгеге айырбастауды орындау үшін: Кәсіпорын «Төлем ордері (ақша қаражатын есептен шығару)» құжатын құрады:

  • «Операциялардың түрі» өрісінде анықтамалықтан «Қолма-қол ақшасыз қаражатты өзге де есептен шығару» таңдап алынады;
  • «Банктік шот» өрісінде валютаны есептен шығару жүргізілетін валюталық шот көрсетіледі;
  • «Алушы» өрісінде айырбастау жүргізілетін банк таңдалады;
  • «Банктік шот» өрісінде бағдарлама автоматты түрде шетел валютасындағы шоттың нөмірін толтырады;
  • «Сомасы» өрісінде айырбасталатын валютадағы сома көрсетіледі;

құжаттың кесте бөлігіндегі «Төлем деректемелері» деген бетбелгіде «АҚҚ бабы» өрісінде «Операциялық қызметтен өзге де шығулар» бабы көрсетіледі

  • «БЕ шоты» өрісінде 1020 көрсетіледі;
  • «Ақша қаражаты қозғалысының бабы» өрісінде «Есеп айырысу шотынан ақша қаражатының түсуі» таңдалады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 185 бұйрығымен бекітілген Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарының негізінде бухгалтерлік жазбалар:

Дебет

Кредит

Операцияның мазмұны

1020 - «Жолдағы ақша қаражаты»

1030 - «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты»/RUR

Валютаны сату

Егер айырбастау күнінің басында RUR шотында өткен кезеңдерден валютадағы қалдықтар болса, онда бағамдық айырма автоматты түрде есептеледі:

Дебет

Кредит

Операцияның мазмұны

1030 - «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты»/RUR

6250 - «Бағамдық айырмадан кірістер»

Кіріс бағамдық айырма танылды

НЕМЕСЕ

7430 - «Бағамдық айырма бойынша шығыстар»

1030 - «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты»/RUR

Шығыс бағамдық айырма танылды

Бұдан әрі 1 С бағдарламасында: Кәсіпорын «Төлем ордері (ақша қаражатының түсуі)» құжатын құрады:

  • «Операция түрі» өрісінде «Шетел валютасын сатудан түсетін түсімдер» таңдалады;
  • «Банктік шот» өрісінде валютаны сатудан түскен ақша қаражаты түсетін KZT шоты таңдалады;
  • «Сомасы» өрісінде теңгемен сомасы = валюта сомасы х операция күнгі банктің бағамы көрсетіледі;
  • құжаттың кесте бөлігінде «Төлем деректемелері» деген бетбелгіде «Шарт» бағанында шарт таңдалады;
  • «Есеп айырысу бағамы» өрісінде валюта сатылған банктің бағамы көрсетіледі;
  • «Айырбастаудың нарықтық бағамы» өрісінде анықтамалықтан ҰБ-ның нарықтық бағамы автоматты түрде толтырылады;
  • «Валюта сомасы» өрісінде сатылған RUR сомасы көрсетіледі;
  • «Есеп айырысу шоты (БЕ)» өрісінде 1020 шоты көрсетіледі.

Құжат жүргізілгеннен кейінгі бухгалтерлік жазбалар:

Дебет

Кредит

Операцияның мазмұны

1030 - «Ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражаты»/KZT

1020 - «Жолдағы ақша қаражаты»

Теңге түсімі

Ұлттық банктің нарықтық бағамы екінші деңгейдегі банктің бағамынан ерекшеленетіндіктен, 1022-шотта сомалық айырма (кіріс немесе шығыс) қалыптасады және мынадай жазбалардың бірі қалыптастырылады:

Дебет

Кредит

Операцияның мазмұны

7480 - «Өзге шығыстар»

1020 - «Жолдағы ақша қаражаты»

Жиынтық шығыс айырмасы танылды

НЕМЕСЕ

1020 - «Жолдағы ақша қаражаты»

6290 - «Басқа да кірістер»

Кіріс сомалық айырмасы танылды