Мобильді қосымша - бұл мобильді құрылғыларға (смартфондар, планшеттер және т.б.) арналған және белгілі бір платформаға (iOS, Android, Windows) бейімделген бағдарламалық қамтамасыз ету. Web-ресурстардан айырмашылығы, ол желіге қосылмай жұмыс істейді.

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда «e-Salyq Business» мобильді қосымшасы қолданысқа енгізілді. Жаңа цифрлық шешім жеке кәсіпкерлерге салық міндеттемелерін орындауды жеңілдетуге бағытталған, бұл әсіресе жаңадан тіркелген кәсіпкерлер үшін ыңғайлы.

Бұл тегін қосымшаны App Store, Play Market және App Gallery-ден жүктеуге болады.

E-Salyq Business мобильдік қосымшасы бірқатар салықтық рәсімдерді жеңілдетті.

Мобильді қосымшаның функционалы:

1) ДК ретінде тіркелуге;

2) мобильді қосымшаның чегін (БКМ чектерінің баламасы) беруге;

3) ДК кірістерін есепке алуға (қосымшаның чектері негізінде);

4) салықтар мен әлеуметтік төлемдерді есептеуге;

5) жалдамалы жұмыскерлердің және олардың кірістерінің есебін жүргізуге;

6) оңайлатылған декларацияны (910.00 нысан бойынша салық есептілігін) тапсыруға;

7) ДК-ны оңайлатылған тәртіппен жабуға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, E-Salyq Business-те ыңғайлы сервистер іске асырылады, олардың көмегімен салық органының хабарламаларын алуға, салықтарды бірден бірнеше салық үшін бір төлем құжатымен төлеуге, салықтардың қате немесе артық төленген сомаларын есепке жатқызу мен қайтаруды жүргізуге болады. Сондай-ақ, әртүрлі: ДК ретінде тіркеу туралы, ДК кірістері туралы, жұмыскерлердің кірістері туралы анықтамалар алуға болады. Олардың барлығы талап ету орны бойынша ұсынуға арналған.

Осылайша, осы мобильдік қосымшада жеке кәсіпкерге салық салудың барлық өмірлік циклін кезең-кезеңмен іске асыру көзделеді.

E-Salyq Azamat мобильді қосымшасы

Жеке тұлғалар үшін e-Salyq Azamat тегін мобильді қосымшасы іске қосылды.

«E-Salyq Azamat» мобильдік қосымшасы салық органдарына бармай-ақ жеке тұлғалардың салық міндеттемелерін орындауының қарапайымдылығы мен қолайлылығы үшін іске қосылды және:

  • салықтарды банк бөлімшелеріне бармай және комиссия алмай төлеуге;
  • салық берешегін тексеруге;
  • артық төленген салық сомаларын есепке жатқызуға;
  • мүлік, жер және көлік салықтарын тексеруге және есептеуге;
  • салық салу объектілерін (жылжымайтын мүлік және көлік) қарап шығуға;
  • жылжымайтын мүлік және көлік туралы мәліметтерді түзетуге өтінім жіберуге;
  • жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды жалақыдан ұстап қалуын тексеруге;
  • жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде активтер мен міндеттемелер туралы декларация (250.00-нысан) беруге;
  • мемлекеттік кірістер органдарының қызмет көрсету орталықтарына баруды брондауға мүмкіндік береді.

Тегін «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасын «App Store» немесе «Play Market» -тен жүктеп алуға болады.

«E-Salyq Azamat» мобильдік қосымшасы ҚР ҚМ МКК келесі ақпараттары мен сервистеріне қолжетімділік ұсынады:

1) Салық әмияны;

2) Электрондық сервистер:

• Салық төлеушіні іздеу;
• ЖТ және ДК берешегін және алдағы төлемдерін төлеу сервисі;
• Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы мәліметтер;
• Сенімсіз салық төлеушілерді іздеу;
• Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы және салық есептілігін кері қайтарып алу туралы мәліметтер.

3) ҚР ҚМ МКК-не өтініштерді жіберу үшін электрондық шағымдар кітабы;

4) Таяу кезеңге оқиғаларды қарау үшін салық күнтізбесі немесе бүкіл жылға оқиғалар кестесін қарау;

5) Анықтамалықтар;

Қосымшаның артықшылықтары мен мүмкіндіктері:

1) 2 минут ішінде салықтарды төлеу жүргізіледі;

2) салық салу объектілері бойынша мәліметтерді түзету жүзеге асырылады;

3) жеке тұлғалардың кірістері туралы декларацияны тапсыру;

4) электрондық кезекті онлайн-брондау, айыппұлдардың бар-жоғын тексеру, шығуға тыйым салу сервистері іске асырылды. Салық төлеушiлердi, оның iшiнде сенiмсiздердi және басқаларды iздестiру.

Мобильдік қосымша үш тілде - қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жұмыс істейді.

«E-salyq Azamat» мобильді қосымшасында Артық төлеуді басқару сервисі іске асырылды.

Атап айтқанда, ол бір салықтың артық төлемін басқа салықтарға есептеу арқылы жүзеге асырылады, сондай-ақ қаражатты банк шотына қайтаруға болады.