Зейнетақы жинақтары - шарттарға, осы Әлеуметтік кодексе, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары салымшысының, өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаның (зейнетақы төлемдерін алушының) жеке зейнетақы шотында есепке алынатын, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және ерікті зейнетақы жарналарын, инвестициялық кірісті, өсiмпұлды және өзге де түсімдерді қамтитын ақшасы; (ҚР Әлеуметтік кодексінің 1-бабының 74-тармағы)

2023 жылғы 1 шілдеден кейінгі зейнетақы жинақтары

2023 жылғы 1 шілдеге дейінгі зейнетақы жинақтары

2023 жылғы 1 шілдеден кейінгі зейнетақы жинақтары

Зейнетақы активтерінің сақталу кепілдігі

МЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығы

Зейнетақы активтерінің сақталу кепілдігі

ҚР Әлеуметтік кодексінің 217-бабына сәйкес - Мемлекет зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен инфляцияның деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген мөлшерде сақталуына кепілдік береді.

Зейнетақы активтерінің сақталу кепілдігі:

1) міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына шоғырландыру;

 16) міндетті зейнетақы жарналарын салымшыға, ол үшін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаға (зейнетақы төлемдерін алушыға) оның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беру;

17) ол үшін ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаға (зейнетақы төлемдерін алушыға) ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған өзінің зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына ауыстыруға мүмкіндік беру;

18) міндетті зейнетақы жарналары салымшысының, ол үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаның (зейнетақы төлемдерін алушының) таңдауы бойынша зейнетақы жинақтарын толық көлемде немесе ішінара ерікті сақтандыру арқылы да қамтамасыз етіледi;

МЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығы

1. Әлеуметтік кодекстің 220-бабында атап өтілгендей, міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар:

1) Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағында көрсетілген;

2) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;

3) егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға;

4) қырық бес жасқа толған кезде Әлеуметтік кодекстің 225-бабына сәйкес республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызынан төмен болмайтын сақтандыру төлемін қамтамасыз ету үшін сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасуға зейнетақы жинақтары жеткілікті болған кезде беріледі.

2. Егер Әлеуметтік кодекстің 220-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген адамдардың зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаса, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинақтарының сомасы бір рет төленеді.

3. Өзінің немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында және (немесе) өзі немесе жұбайы (зайыбы) немесе жақын туыстары үшін емделуге ақы төлеу үшін біржолғы зейнетақы төлемдері мынадай шарттардың бірі болған кезде:

  • егер міндетті зейнетақы жарналары салымшысының жеке зейнетақы шотындағы міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақталған зейнетақы жинақтарының сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалған зейнетақы жинақтарының ең аз жеткіліктілік шегінен асса;
  • егер осы Кодекстің 207-бабының 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген адамдар үшін зейнетақы мөлшері, сондай-ақ осы Кодекстің 207-бабының 4-тармағында көрсетілген адамдардың ай сайынғы қамтылым мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен айқындалатын, алушының орташа айлық табысын 40 пайыздан төмен емес деңгейде алмастыру коэффициентін қамтамасыз етсе, жүргізіледі. Орташа айлық табысты алмастыру коэффициентін есептеу кезінде алушының зейнеткерлікке шығу күнінің алдындағы, бірақ республика бойынша орташа айлық кірістен аспайтын табысы ескеріледі егер осы Кодекстің 207-бабында көрсетілген адамдар үшін зейнетақы мөлшері, сондай-ақ осы Кодекстің 207-бабының 4-тармағында көрсетілген адамдар үшін ай сайынғы қамтылым мөлшері алушының орташа айлық табысын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен айқындалатын 40 пайыздан төмен емес деңгейде алмастыру коэффициентін қамтамасыз етсе, тоқтатыла тұрады. Орташа айлық табысты ауыстыру коэффициентін есептеу кезінде алушының зейнеткерлікке шығу күнінің алдындағы, бірақ республика бойынша орташа айлық табыстан аспайтын табысы ескеріледі;
  • егер міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасса;
  • егер салымшы еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы болып табылса, жүргізіледі.

4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.

2023 жылғы 1 шілдеге дейінгі зейнетақы жинақтары

Зейнетақы активтерінің сақталу кепілдігі:

1) міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына шоғырландыру;

14) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының аудитін жыл сайын жүргiзудiң мiндеттiлiгi;

15) ол үшін ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаға (зейнетақы төлемдерін алушыға) ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған өзінің зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына ауыстыруға мүмкіндік беру;

16) салымшының (алушының) таңдауы бойынша зейнетақы жинақтарын толық көлемде немесе ішінара ерікті сақтандыру;

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін ұйымдастыру

Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен емес ай сайынғы зейнетақымен қамсыздандыру үшін қажетті, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалған, міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының ең төмен мөлшері;

1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан белгіленген график бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдері және (немесе) зейнетақы аннуитеті шартына сәйкес зейнетақы жинақтары есебінен сақтандыру ұйымынан сақтандыру төлемдері түрінде, сондай-ақ осы Заңның 31-бабының 1-1-тармағында, 32-бабының 1-1-тармағында аталған адамдарға тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдері түрінде жүзеге асырылады.

Егер осы Заңның 31-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында , 32-баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында аталған адамдардың зейнетақы жинақтарының сомасы сақтандыру ұйымымен жасасқан зейнетақы аннуитеті шартының сомасынан асып түссе, осы айырма салымшыға (алушыға) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан белгіленген график бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдері түрінде төленеді.

Егер осы Заңның 31-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында аталған адамдардың зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда, бұл сома салымшыға (алушыға) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан бір мезгілде төленеді.

Осы Заңның 31-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында және 32-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында аталған адамдардың мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі алынған жағдайда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері мүгедектікті алу туралы мәліметтер алынған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады .

Осы Заңның 31-бабы 1-1-тармағының екінші абзацында, 32-бабы 1-1-тармағының екінші абзацында аталған адамдарға міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен біржолғы зейнетақы төлемінің мөлшері салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі арасындағы айырма сомасынан аспауға тиіс.

Осы Заңның 31-бабы 1-1-тармағының үшінші абзацында, 32-бабы 1-1-тармағының үшінші абзацында аталған адамдарға міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының біржолғы төлемінің мөлшері салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары мөлшерінің 50 пайызынан аспауға тиіс. Орташа айлық кірісті алмастыру коэффициентін есептеу кезінде зейнеткерлікке шығу күнінің алдындағы, бірақ республика бойынша орташа айлық кірістен аспайтын кіріс есепке алынады.

Осы Заңның 31-бабы 1-1-тармағының төртінші абзацында, 32-бабы 1-1-тармағының төртінші абзацында аталған адамдарға міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен біржолғы зейнетақы төлемінің мөлшері салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының мөлшерінен аспауға тиіс.

Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығы

1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адамдардың:

1) осы Заңның 11-бабының 1-тармағында көзделген шарттар басталған кезде;

2) салымшы 45 жасқа толған кезде осы Заңның 59-бабының 1-тармағына сәйкес республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызынан төмен емес төлеммен қамтамасыз етуге зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін зейнетақы жинақтары жеткілікті болған кезде;

3) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдардың;

4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.

1-1. Өз пайдасына немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының пайдасына тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында және (немесе) өзінің немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының емделуіне ақы төлеу үшін міндетті зейнетақы жарналары есебінен біржолғы зейнетақы төлемдері құқығына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адамдар мынадай шарттардың бірі болған кезде:

  • егер салымшының жеке зейнетақы шотындағы міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегінен асатын болса;
  • егер зейнетақы мөлшері, ал осы Заңның 11-бабының 7-тармағында аталған адамдар үшін ай сайынғы қамтылым сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен айқындалатын 40 пайыздан төмен емес деңгейде алушының орташа айлық кірісін алмастыру коэффициентін қамтамасыз етсе, ие болады. Орташа айлық кірісті алмастыру коэффициентін есептеу кезінде алушының зейнеткерлікке шығу күнінің алдындағы, бірақ республика бойынша орташа айлық кірістен аспайтын кірісі есепке алынады;
  • егер салымшы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаған болса, ие болады.

2. Мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылады.