Арнаулы салық режимі - салық төлеуші Салық Кодексінде белгіленген шарттарды сақтаған кезде салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен өзгеше, жекелеген салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есептеу, төлеу, сондай-ақ олар бойынша салықтық есептілікті ұсыну тәртібі; (ҚР Салық кодексінің 6-бабы)


2026 жылғы 1 қаңтардан бастап АСР

2026 жылғы 1 қаңтарға дейін АСР

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап АСР

2023 жылғы 1 қаңтарға дейін АСР

 

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап АСР

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Салық реформасы шеңберінде арнайы салық режимдерін айтарлықтай оңтайландыру жүргізілді.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексінде үш арнаулы салық режимін қолдану көзделген:

Мынадай арнайы салық режимдерінің күші жойылды:

  • бөлшек салық АСР;
  • патент негізінде АСР;
  • мобильді қосымшаны пайдалана отырып АСР;
  • тіркелген шегерімді пайдалана отырып АСР;

Салық кодексінің 715-бабында режимдер бойынша барлық жалпы талаптар бір кестеге жинақталған:

Арнаулы салық режимдерінің түрлері

Субъектілер

Шекті кіріс мөлшері (қаржы жылының 1 қаңтарына айлық есептік көрсеткіш)

Мөлшерлеме, кіріс %-ы

Қызмет түрлері/жер учаскесінің болуы

А

1

2

3

4

5

1

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимі

жеке тұлғалар - Қазақстан Республикасының азаматтары,

айына 300

жеке табыс салығы - 0
әлеуметтік төлемдер - 4 *

арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімі

2

Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі

дара кәсіпкерлер мен Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғалары

бір жылда 600 000

4% мөлшеріндегі (жергілікті өкілді органдардың мөлшерлемені 50%-ға дейін төмендету/арттыру құқығымен) жеке табыс салығы/ корпоративтік табыс салығы

және белгіленген мөлшерлердегі әлеуметтік төлемдер*

арнаулы салық режимін қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерінің тізімі

3

Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі

шаруа немесе фермер қожалықтары

-

жеке табыс салығы – 0,5

Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген шекті алаңдарда жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқықтарында (қайталама жер пайдалану құқығын қоса алғанда) жер учаскелері болған кезде

* Әлеуметтік төлемдердің мөлшері Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген.

Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары осы арнаулы салық режимінің күші қолданылмайтын қызмет түрлерінен кірістер алған кезде тиісті салықтарды есептеуді, төлеуді және олар бойынша салықтық есептілікті ұсынуды мынадай салық салу режимдерінде:

  • оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимінде оны қолдану шарттарына сәйкес келген кезде;
  • жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізеді.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР

  • Кім қолдана алады: ДК мәртебесі жоқ және жұмыскерлері жоқ жеке тұлғалар.
  • Кіріс: айына 300 АЕК-ке дейін.
  • Салық жүктемесі: кірістің 4%-ы (әлеуметтік төлемдер), ЖТС төленбейді.
  • Есептілік: декларация жоқ - есептеу e-Salyq Business мобильді қосымшасындағы чектер бойынша автоматты түрде қалыптастырылады.

Салық кодексінің 718-бабына сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арнаулы салық режимін қолдану тәртібі мен талаптарын сақтау кезінде қолдануға құқылы.

Мынадай шарттарға сәйкес келетін жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлер болып табылмайтын) - Қазақстан Республикасының азаматтары өзін-өзі жұмыспен қамтыған деп танылады:

  • өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызметтің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыратын.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және қызметтің 40 түрін қамтиды.

  • жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын;
  • күнтізбелік айдағы кірісі тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінен аспайтын.

Арнаулы салық режимiн қолданудың тәртiбi мен шарттары

  • ЖТС, әлеуметтік төлемдерді есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін белгілейді;
  • Салық кезеңінде, яғни бір айда алынған кіріс салық салу объектісі болып табылады;
  • Өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысуды жүзеге асыру күні кірісті тану күні болып табылады;
  • Күнтізбелік ай салық кезеңі болып табылады;
  • Арнаулы мобильді қосымшаны ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі жоқ жерлерде ЖТС мен әлеуметтік төлемдерді дербес есептеу және төлеу жолымен пайдалану.

ҚР СК 719-бабының  негізінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимі төлем көзінен ұсталатын салықты (бұдан әрі ҚР СК 77-тарауының мақсатында - жеке табыс салығы), әлеуметтік төлемдерді қоспағанда, ЖТС есептеудің және төлеудің оңайлатылған тәртібін белгілейді.

Арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізіміне енгізілген қызметті жүзеге асыруға байланысты салықтық кезең үшін алынған кіріс өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимінде салық салу объектісі болып табылады.

Бұл ретте өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысуларды жүзеге асыру күні, оның ішінде ақшаны немесе оның баламасын алу немесе төлеу күні кірісті тану күні болып табылады.

      Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалардың (қызметін жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде жүзеге асыратын жеке тұлғаларды қоспағанда) кірістерін есепке алу арнаулы мобильді қосымшаның чектері және өзге де көздерден алынған кірістер туралы басқа да мәліметтер негізінде арнаулы мобильді қосымшада қалыптастырылатын кірістер тізілімде жүргізіледі.

     Қызметін жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде жүзеге асыратын жеке тұлғалардың өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режиміндегі кірістерін есепке алу операциялардың күні, атауы, әрбір операциядан алынған сомалар, әрбір күн үшін, ай үшін қорытынды сома көрсетіле отырып, өздері дербес әзірлеген қарапайым нысанда жүргізіледі.

Күнтізбелік ай өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдану үшін салықтық кезең болып табылады.

   Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арнаулы мобильді қосымшаны міндетті түрде пайдалана отырып немесе қызметін жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде жүзеге асыру кезінде жеке табыс салығын және әлеуметтік төлемдерді дербес есептеу және төлеу жолымен арнаулы салық режимін қолданады.

   Қызметті интернет-платформаны пайдалана отырып жүзеге асыру кезінде арнаулы салық режимін қолдану осы Кодекстің 721-бабының ережелері ескеріле отырып жүргізіледі.

ЖТС және әлеуметтік төлемдерді есептеу және төлеу

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР көзден ұсталатын салықты және әлеуметтік төлемдерді қоспағанда, ЖТС есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін белгілейді.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 0% мөлшерлеме бойынша ЖТС және 4% мөлшерінде әлеуметтік төлемдер төлейді:

  • ӘА - бір айдағы кірістің 1% (7 ЕТЖ-дан және АСР бойынша шектен жоғары емес);
  • МЗЖ - бір айдағы кірістің 1% (АСР бойынша шектен жоғары емес);
  • ЖМЗЖ - бір айдағы кірістің 1% (АСР бойынша шектен жоғары емес);
  • МӘМС - кірістің 1% (МӘМС туралы ҚРЗ сәйкес).

ҚР СК 720-бабында белгіленгендей жеке табыс салығының сомасын есептеу осы баптың 2-тармағында көзделген азайту ескеріле отырып, салық салу объектісіне 0 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану арқылы жүргізіледі.

Әлеуметтік төлемдерді есептеу және төлеу осы баптың 2-тармағында көзделген азайту ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне және "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізіледі.

Арнаулы салық режимінде жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдердің сомасын есептеуді өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам қызметін жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану арқылы жүргізеді.

Қызметті жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде жүзеге асырудан түсетін кірістер бойынша арнаулы салық режимінде жеке табыс салығының және әлеуметтік төлемдердің сомасын салықтық кезең үшін есептеуді өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам дербес жүргізеді.

Бұл ретте төлем құжаттарында көрсетілген кезеңдер үшін арнаулы салық режимінде төленген жеке табыс салығының және әлеуметтік төлемдердің сомасы арнаулы салық режимінде есептелген жеке табыс салығының және әлеуметтік төлемдердің сомасы деп танылады.

ЖТС бюджетке есептi айдан кейiнгi айдың 25-iнен кешiктiрiлмей төленуге тиiс.

Әлеуметтік төлемдерді арнаулы салық режимінде төлеу Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде және "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде жүргізіледі.

Қызметін интернет-платформаны пайдалана отырып жүзеге асыратын, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамның арнаулы салық режимін қолдануы

Интернет-платформа операторы осы Кодекстің 3-бабының 13) тармақшасына сәйкес салық агенті болып табылады, ол өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолданатын және қызметін интернет-платформаны пайдалана отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес орындаушылар болып табылатын жеке тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде және "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдерді ұстап қалуды және аударуды жүргізеді.

Салық агенті Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне және "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік төлем сомаларын ұстап қалуды жүргізеді.

Ұсталған ЖТС сомаларын бюджетке аударуды салық агенті есепті айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей жүргізеді.

Ұсталған әлеуметтік төлем сомаларын төлеуді салық агенті Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде және "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде жүргізеді.

ҚР СК 716-бабының 9-тармағына сәйкес таңдалған арнаулы салық режимін қолдануды бастау күні мыналар болып табылады:

   өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін таңдаған жеке тұлғалар үшін:

  • арнаулы мобильді қосымшада алғашқы чек қалыптастырылған айда көрсетілген чектің қалыптастырылған күні;
  • жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде – төлем құжаттарында көрсетілген кезең;

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі

Оңайлатылған декларация негізінде АСР

Қабылданған Салық кодексінде шағын және орта бизнес үшін арнаулы салық режимінің (АСР) жаңартылған моделі Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі деп аталады

  • Кіріс лимиті – 600 000 АЕК.
  • ДК және ҚР резидент заңды тұлғалары қолданады.
  • Жұмыскерлердің саны бойынша шектеулер алынып тасталады.
  • Салық мөлшерлемесі 4%, бірақ 50%-ға (2%-ға дейін) төмендетілуі немесе 50%-ға (6%-ға дейін) көтерілуі мүмкін.
  • КТС, ЖТС есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібі;
  • Салық кезеңі жарты жыл.
  • Есептілік: 910.00-нысан жылына екі рет.

Жеңілдіктер:

  • Кіріс 24 000 АЕК-тен астам болған кезде еңбекақы төлеу қорының сомасына салық жүктемесін азайту құқығы;
  • Егер түсім 135 000 АЕК-тен аз болса, бухгалтерлік есеп талап етілмейді;
  • Бұл режимді қолданған кезде бизнес ҚҚС төлеуші, әлеуметтік салық төлеуші болып табылмайды.

ҚР СК 722-бабының негізінде оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, осы режимді қолданатын салық төлеушілер үшін корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін белгілейді.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілмеген, салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша салықтық есептілікті есептеу, төлеу және ұсыну жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін салықтық және есепті кезең жартыжылдық болып табылады.

Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер:

1) әлеуметтік салық төлеушілер болып табылмайды;

2) қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайды (импортталатын тауарларға қосылған құн салығын және бейрезидент үшін қосылған құн салығын қоспағанда).

ҚР СК 723-бабында белгіленгендей. 1. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін мынадай шарттарға сәйкес келетін:

1) күнтізбелік жылдағы шекті кірісі тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 600 000 еселенген мөлшерінен аспайтын;

2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану тыйым салынатын қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілмеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғалары (осы баптың 2-тармағында аталғандарды қоспағанда) қолдануға құқылы.

Шекті кіріс мөлшерін айқындау мақсаттары үшін:

  • осы Кодекстің 724-бабына сәйкес айқындалатын салық салу объектісінің мөлшері ескеріледі;
  • қызметті шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолдана отырып жүзеге асырудан түсетін кірістер ескерілмейді.

Жеңілдетілген декларация негізінде АСР қолдануға кім құқылы емес

Мыналар оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға құқылы емес:

1) басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 пайыздан асатын заңды тұлғалар;

2) құрылтайшысы немесе қатысушысы бір мезгілде арнаулы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар;

3) құрылтайшысы немесе қатысушысы арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар;

4) арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғаның құрылтайшылары немесе қатысушылары болып табылатын салық төлеушілер (жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер);

5) коммерциялық емес ұйымдар;

6) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың, "Астана Хаб" қатысушылары;

7) бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық төлеушілер.

Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар Салық кодексінің 20-тарауына сәйкес салықтық есепке алуды ұйымдастырады және жүргізеді.

 Жеңілдетілген декларация негізінде АСР бойынша салықтарды есептеу

Төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеуді оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық төлеуші есепті салықтық кезеңде салық салу объектісіне 4 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану арқылы өзі дербес жүргізеді. (ҚР СК 726-бабы)

Жергілікті өкілді органдардың осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген мөлшерлемені қызмет түріне және объектінің тұрған жеріне қарай 50 пайыздан аспайтын мөлшерде төмендетуге немесе арттыруға құқығы бар.

Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер үшін мөлшерлемені жеке-дара төмендетуге немесе арттыруға тыйым салынады.

Арнаулы салық режимін қолдануды бастау күні

ҚР СК 716-бабына сәйкес таңдалған арнаулы салық режимін қолдануды бастау күні мыналар болып табылады:

1) дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарламада таңдалған арнаулы салық режимін көрсеткен жеке тұлғалар үшін – салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою күні;

2) қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны ұсынған, жаңадан құрылған заңды тұлғалар үшін – тіркеуші органда мемлекеттік тіркеу күні;

3) өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін таңдаған жеке тұлғалар үшін:

  •   арнаулы мобильді қосымшада алғашқы чек қалыптастырылған айда көрсетілген чектің қалыптастырылған күні;
  • жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде – төлем құжаттарында көрсетілген кезең;

4) қалған жағдайларда – қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама берілген күн.

АСР қолдануды тоқтату күні

Өзге де арнаулы салық режиміне немесе жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне ауысу жүзеге асырылатын, арнаулы салық режимін немесе жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолдануды тоқтату күні қолданылатын салық салу режимі туралы тиісті хабарлама ұсынылған күннің алдындағы күн болып табылады.

Арнаулы салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін талаптар туындаған жағдайларда жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне немесе өзге де арнаулы салық режиміне ауысу үшін салық төлеуші осындай талаптар туындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:

  • өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолданған кезде – дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарламаны;
  • оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін немесе шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданған кезде – қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны ұсынуға міндетті.

Басқа арнаулы салық режимін немесе жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолдануды бастау күні осындай талаптар туындаған күн болып табылады.

Кірісі арнаулы салық режимі үшін шекті кірістен асатын мәміле жасалған жағдайда, салық төлеуші осындай мәміле бойынша кіріс алынғанға дейін тиісті хабарлама береді.

Салық органы камералдық бақылау барысында салық төлеушінің тиісті арнаулы салық режимін қолдану үшін белгіленген шарттарға сәйкес келмеу фактісін белгілеген кезде салық органы салық төлеушіге осы Кодекстің 82 және 137-баптарында белгіленген мерзімдерде және тәртіппен камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған алшақтықтар туралы хабарлама жібереді.

Салық төлеуші өзге арнаулы салық режиміне ауысу туралы хабарламаны салық органына ұсынбаған жағдайда салық органы осындай салық төлеушіні жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне ауыстырады немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарламаны осы баптың 11-тармағында көзделген жағдайда және тәртіппен ұсынбаған кезде өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануды тоқтатады.

Бұл ретте:

оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі немесе шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі үшін – арнаулы салық режимін қолдану бойынша сәйкессіздік туындаған күн жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолдануды бастау күні болып табылады.

Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін немесе шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін тоқтату күні арнаулы салық режимін қолдану бойынша сәйкессіздік туындаған күннің алдындағы күн болып табылады;

АСР-ге көшу тәртібі

ҚР СК 716-бабының 4-тармағына, 7-тармағына сәйкес тиісті арнаулы салық режиміне оны қолдану шарттарына сәйкес келген кезде мыналар ауысуға құқылы:

1) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режиміне – жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданатын заңды тұлғалар;

2) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режиміне және (немесе) шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режиміне – жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданатын дара кәсіпкерлер;

3) шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режиміне – оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер;

4) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режиміне – шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер.

7. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимінен жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне (оның ішінде салық органының шешімі бойынша) ауысқаннан (көшкеннен) кейін оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режиміне кейінгі ауысу бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келген кезде:

  • жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті қолданудың кемінде бір күнтізбелік жылынан кейін;
  • соңғы күнтізбелік жылда жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданған кезде жылдық жиынтық кіріс оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін белгіленген шекті кіріс мөлшерінен аспаса, жүзеге асырылады.

Оңайлатылған декларация негізінде АСР қолдану кезінде кірістерді айқындау тәртібі

ҚР СК 724-бабының негізінде 1. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші үшін салық салу объектiсi салықтық кезең үшiн есепке жазу әдісі бойынша алуға жататын (алынған) кіріс (шығыстар есепке алынбай) болып табылады.

Корпоративтік немесе жеке табыс салығын (төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда) есептеу кезінде осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген салық салу объектісі күнтізбелік жылдың басынан бастап өспелі қорытындымен айқындалған осындай салық салу объектісі тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 24 000 еселенген мөлшерінен асқан айдан бастап осындай жұмыс беруші салық төлеушінің өз жұмыскерлерінің кірістері бойынша шығыстарының сомасына азаяды.

ҚР СК 724-бабы 1-тармағының мақсаттары үшін айқындалатын кіріс Қазақстан Республикасында және оның шегінен тысқары жерде алынған (алуға жататын) кірістердің мынадай түрлерінен (осы баптың 7-тармағына сәйкес жүргізілген түзетулер ескеріле отырып):

1) тауарларды өткізуден, жұмыстар орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін кірістен, оның ішінде роялтиден, мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) тапсырудан түсетін кірістен;

2) мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетiн кірістен;

3) талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кірістен;

4) борышкерге ұйғарылған немесе борышкер таныған айыппұлдардан, өсімпұлдан және басқа да санкция түрлерінен (егер бұл сомалар оларды шегерімге жатқызу көзделмейтін арнаулы салық режимін қолдану кезеңінде төленсе, сондай-ақ егер бұл айыппұлдар бұрын салық төлеуші бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асырған кезеңде шегерімге жатқызылмаса, бюджеттен қайтарылған негізсіз салынған айыппұлдардан басқа);

5) шығындарды жабу үшін мемлекеттiк бюджет қаражатынан алынған сомадан;

6) түгендеу кезінде анықталған материалдық құндылықтардың артық шығуынан;

7) кәсiпкерлiк мақсаттарда пайдалануға арналған өтеусiз алынған мүлiк түрiндегi кірістен (қайырымдылық және гуманитарлық көмектен басқа);

8) жалға беруші дара кәсіпкердің жалға берілген мүлкін күтіп-ұстауға және жөндеуге арналған шығыстарын жалға алушының өтеуінен;

9) жалға алушының жалға алу шарты бойынша төлемақы есебіне есепке жатқызылатын, дара кәсіпкерден жалға алған мүлікті күтіп-ұстауға және жөндеуге арналған шығыстарынан тұрады.

Егер осы тармақта көзделген кірістер бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша қызметті жүзеге асырудан алынса (алынуға тиіс болса), онда осындай кірістер осы баптың 1-тармағының мақсаттары үшін айқындалатын кіріске енгізілмейді және оларға жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салынады.

3. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану мақсатында қызметін комиссия және (немесе) тапсырма шарттары бойынша жүзеге асыратын тұлғаның кірісіне осындай тұлғаның шарт (келісім) бойынша сыйақысы ескеріле отырып, өткізілген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны енгізіледі.

4. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимiн қолдану кезiнде осы баптың 2-тармағында көрсетiлген кірістердің мөлшерін:

1) Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимiн қолдану кезiнде осы баптың 2-тармағында көрсетiлген кірістердің мөлшерін;

2) "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсiпкер – осы Кодекстің 21-тарауына, осы баптың 5, 6, 7 және 8-тармақтарына және осы Кодекстің 725-бабына сәйкес;

3) бухгалтерлiк есепке алуды жүргізуді және қаржылық есептiлiк жасауды жүзеге асыратын дара кәсiпкер – осы Кодекстiң 5-бөліміне және осы баптың 5, 6, 7 және 8-тармақтарына сәйкес корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында кірістердің мөлшерін айқындау тәртібіне ұқсас жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен айқындайды.

5. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушілер осы баптың 2-тармағында көрсетілмеген кірістерді алған кезде осы Кодекске сәйкес жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен тиісті салықтарды есептеуді, төлеуді және олар бойынша салықтық есептілік ұсынуды жүргізеді.

6. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiнiң кірісі ретінде салық салу мақсатында:

1) мүлікті өтеусіз беретін салық төлеуші үшін – осындай берілген мүлiктiң құны;

2) дара кәсіпкер өтеусіз алған, оған жарнамалау мақсатында (оның ішінде сыйға тарту түрінде) берілген тауардың құны, егер осындай тауар бірлігінің құны осындай беру күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінен аспаса;

3) егер көрсетілген шығыстар мыналарға:

  • Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға;
  • "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында Заңында көзделген коммуналдық көрсетілетін қызметтер ақысын төлеуге;
  • тұрғынжайды жөндеуге арналған жалға алу төлемақысына енгізілмесе, дара кәсіпкер болып табылмайтын жалға алушы жеке тұлғаның тұрғынжайды мүліктік жалдау (жалға алу) кезінде шеккен шығыстары;

4) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептен шығарылған өсімпұл мен айыппұлдардың сомасы қаралмайды.

7. Осы тараудың мақсаттары үшін бұрын танылған кіріс сомасы шегінде есепті салықтық кезеңнің кіріс мөлшерін ұлғайту немесе есепті салықтық кезеңнің кіріс мөлшерін азайту түзету деп танылады.

Осы баптың 2-тармағында көрсетілген кірістер:

1) тауарлар толық немесе ішінара қайтарылған;

2) мәміле шарттары өзгертілген;

3) өткізілген немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін бағалар, өтемақылар өзгертілген;

4) баға жеңілдіктері, сатылым жеңілдіктері;

5) шарт талаптары негізге алына отырып, өткізілген немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ұлттық валютамен төлеуге жататын сомалар өзгертілген;

6) заңды тұлғадан, дара кәсіпкерден, қызметті Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғадан осындай тұрақты мекеменің қызметіне қатысты талаптар бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға алып келмеген қызметті филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның филиалынан, өкілдігінен талапты есептен шығарған жағдайларда түзетуге жатады.

      Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген кірісті түзету:

  • дебитор-салық төлеуші таратылған кезде оның тарату балансын бекіту күніне талапты кредитор-салық төлеуші талап етпеген;
  • заңды күшіне енген сот актісі бойынша салық төлеуші талапты есептен шығарған жағдайларда азайту жағына қарай жүзеге асырылады.

Осы тармақшада көзделген түзету талаптың туындағанын растайтын бастапқы құжаттар болған кезде есептен шығарылған талаптың және бұрын осындай талап бойынша танылған кірістің сомасы шегінде жүргізіледі.

Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) - 5) тармақшаларында көзделген түзету осындай түзетуді жүзеге асыру үшін жағдайлардың басталғанын растайтын бастапқы құжаттар болған кезде жүргізіледі.

Кірістерді түзету осы бапта көрсетілген жағдайлар басталған салықтық кезеңде жүргізіледі.

Осы бапта көрсетілген жағдайлар басталған кезеңде кіріс болмаған немесе азайту жағына түзетуді жүзеге асыру үшін оның мөлшері жеткіліксіз болған жағдайда түзету бұрын кіріс түзетуге жатады деп танылған салықтық кезеңде жүргізіледі.

8. Егер нақ сол кірістер кірістердің бірнеше бабында көрсетілуі мүмкін болса, көрсетілген кірістер кіріске бір рет енгізіледі.

Салық салу мақсаттары үшін кірісті тану күні осы тараудың ережелеріне сәйкес айқындалады.

9. Егер осы баптың 6-тармағында өзгеше белгіленбесе, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер:

1) осы Кодекстiң 6-бөлімінің 3-параграфына сәйкес – мүлiктік кірістің;

 2) осы Кодекстің 6-бөліміне сәйкес жеке тұлғаның осы баптың 2-тармағында көрсетілмеген өзге де кірістерінің мөлшерін айқындайды.

Бұл ретте тиісті салықтарды есептеу және төлеу, олар бойынша салықтық есептілікті ұсыну осы Кодекстің 6-бөліміне сәйкес жүргізіледі.

Шаруа және фермер қожалықтарына арналған АСР

  • Қызмет түрі: ауыл шаруашылығы (меншікті немесе жалға алынатын жер учаскесі міндетті);
  • Салық: айналымнан 0,5%, ЖТС ретінде төленеді (БЖС алып тасталды);
  • Мыналардан босату:

- жер салығы және (немесе) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;
- көлік құралдарына салынатын салық;
- мүлік салығы;
- әлеуметтік салық;
- қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы;
- қосылған құн салығы (импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығын және бейрезидент үшін қосылған құн салығын қоспағанда).
Бұл Салық кодексінің 731-бабымен регламенттелген.


  • Ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін есепке жатқызылатын ҚҚС мөлшері 80%-ға дейін ұлғайтылды.

ҚР СК 728-бабына сәйкес 1. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимiн Қазақстан Республикасының аумағында жеке меншік және (немесе) жерді пайдалану (кейінгі жер пайдалану құқығын қоса алғанда) құқығында жер учаскелері болған кезде шаруа немесе фермер қожалықтары қолдануға құқылы.

3. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі шаруа немесе фермер қожалығының қызметінен түсетін кірістерден жеке табыс салығын (төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда) есептеудің айрықша тәртібін көздейді және акцизделетін тауарларды өндіру, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, шаруа немесе фермер қожалықтарының ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және оны өткізу, өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу, осындай қайта өңдеу өнімдерін өткізу жөніндегі қызметіне қолданылады.

4. Арнаулы салық режимін қолдану үшін салықтық және есепті кезең күнтізбелік жыл болып табылады.

5. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін таңдау кезінде салық төлеушілер мұндай салық режимін оны қолдану шарттарына сәйкес келген кезде кемінде күнтізбелік бір жыл мерзім бойы қолданады.

6. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер осы арнаулы салық режимінің күші қолданылмайтын қызмет түрлерінен кірістер алған кезде кірістер мен шығыстардың, активтер мен міндеттемелердің бөлек есебін жүргізуге, сондай-ақ қолданылатын салық салу режиміне:

1) оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режиміне;

2) жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне қарай олар бойынша тиісті салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есептеуді және төлеуді жүргізуге міндетті.

Бұл ретте салық төлеушілер осы тармақта көзделген бөлек есепке алуды өздері бекіткен салықтық есепке алу саясатының ережелеріне сәйкес жүзеге асыруға тиіс.

7. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимінің күші қолданылмайтын қызмет бойынша қосылған құн салығын төлеушіні тіркеу есебіне қою бойынша міндеттеме туындаған жағдайда, салық төлеушіде жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне көшу бойынша міндеттеме туындайды.

Салықты есептеу тәртібі

Төлем көзiнен ұсталатын салықтарды қоспағанда, жеке табыс салығын есептеудi есепті салықтық кезең үшін салық салу объектісіне 0,5 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану арқылы салық төлеуші дербес жүргізеді. (ҚР СК 730-бабы)

Декларацияны тапсыру мерзімдері

ҚР СК 733-бабының негізінде шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларация есептелген жеке табыс салығының (төлем көзінен ұсталатын салықтан басқа) және жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының сомасын көрсетуге арналған.

Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларация жер учаскесі тұрған жердегі тиісті салық органдарына есепті салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнің 31 наурызынан кешіктірілмей ұсынылады.

Арнаулы салық режимін таңдау тәртібі, ауысу және қолдануды тоқтату шарттары

ҚР СК 716-бабының 3-тармағына, 5-тармағына, 6-тармағына сәйкес. 3. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші екінші арнаулы салық режимін – оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламада арнаулы салық режимдерінің екі дерегін көрсетеді.

5. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары осы арнаулы салық режимінің күші қолданылмайтын қызмет түрлерінен кірістер алған кезде тиісті салықтарды есептеуді, төлеуді және олар бойынша салықтық есептілікті ұсынуды:

1) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимінде, оны қолдану шарттарына сәйкес келген кезде жүргізеді.

Бұл ретте оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде шекті кіріс мөлшері бойынша шектеуді қолдану мақсаттары үшін кірістер мөлшеріне шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимінің күші қолданылатын қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін кірістер енгізілмейді;

2) жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізеді.

6. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін таңдалған арнаулы салық режимі осындай салық салу режимі үшін осы бөлімде белгіленген арнаулы салық режимін қолдану шарттарына сәйкес келмейтін жағдайлардың туындауын қоспағанда, күнтізбелік жыл ішінде өзгертуге жатпайды.

 

2026 жылғы 1 қаңтарға дейін АСР

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап АСР


АСР түрлері

Кімнің АСР қолдануға құқығы жоқ

Патент негізіндегі АСР

Оңайлатылған декларация негізінде АСР

Тіркелген шегерімді пайдаланатын АСР

Арнаулы мобильді қосымшаны пайдалана отырып АСР

Бөлшек салық АСР

Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған АСР


АСР түрлері

ҚР Салық кодексінің 678-бабына сәйкес - салық төлеуші мынадай арнайы салық режимдерінің бірін:

1) шағын бизнес субъектілері үшін мыналарды:

  • патент негізіндегі арнаулы салық режимін;
  • оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін;
  • тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін;
  • арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қамтитын арнаулы салық режимдерін;
  • 1-1) бөлшек салықтың арнаулы салық режимін;

2) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін арнаулы салық режимдерін:

  • шаруа немесе фермерлік қожалықтар үшін арнаулы салық режимін;
  • ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін таңдауға құқылы.

2. Шаруа немесе фермер қожалықтары осы Кодекстің 703-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайда бір мезгілде екі арнаулы салық режимін қолдануға құқылы.

Кімнің АСР қолдануға құқығы жоқ

ҚР СК 683-бабы 3-тармағының негізінде - Қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілердің шағын бизнес субъектілері үшін Арнаулы салық режимін қолдануға құқығы жоқ:

  • акцизделетін тауарлар өндіру;
  • акцизделетін тауарларды сақтау және көтерме саудада өткізу;
  • мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін – бензинді, дизель отынын және мазутты өткiзу;
  • лотереялар өткізу;
  • жер қойнауын пайдалану (кен іздеушілікке арналған лицензия негізінде жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметті қоспағанда);
  • түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткiзу;
  • консультациялық және (немесе) маркетингтік көрсетілетін қызметтер;
  • бухгалтерлік есепке алу немесе аудит саласындағы қызмет;
  • сақтандыру брокері мен сақтандыру агентінің қаржы, сақтандыру қызметін және делдалдық қызметі;
  • құқық, әділет және сот төрелігі саласындағы қызмет;
  • сауда базарын жалға алу және пайдалану;
  • цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған І кіші түр лицензиясы бойынша цифрлық майнинг жөніндегі қызмет;
  • Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес сауда базарларына, 1, 2 және 3-санаттағы стационарлық сауда объектілеріне жататын сауда объектілерін, сондай-ақ олардың аумағындағы сауда орындарын, сауда объектілерін және қоғамдық тамақтану объектілерін қосалқы жалға беру;
  • екі және одан көп салық төлеушілердің бір қонақүйдің немесе қонақүй қызметтері көрсетілетін жеке тұрған тұрғын емес ғимараттың аумағында осындай қызметтерді көрсету саласындағы қызметі;
  • қаржы лизингі шеңберіндегі қызмет.

Агенттiк шарттар (келiсiмдер) негiзiнде қызмет көрсететiн дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимiн қолдануға құқылы емес.

Осы тармақтың мақсаттары үшін агенттік шарттар (келісімдер) деп Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (келісімдер) түсініледі, олар бойынша бір тарап (агент) сыйақы үшін екінші тараптың тапсырмасы бойынша өз атынан, бірақ екінші тараптың есебінен не екінші тараптың атынан және есебінен белгілі бір әрекеттер жасауға міндеттенеді.

Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолдануға:

1) құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғалар;

2) заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері;

3) әртүрлi елді мекендерде өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi және (немесе) салық салу объектiлерi бар салық төлеушiлер құқылы емес.

Арнаулы салық режимдері қолданылатын тұлғаларға салық салу мақсатында салық төлеушінің өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі деп оның функцияларының бір бөлігін орындайтын, тұрған жерінде стационарлық жұмыс орындары жабдықталған аумақтық оқшауланған бөлімше танылады. Егер жұмыс орны бір айдан асатын мерзімге құрылса, ол стационарлық болып есептеледі.

Осы тармақшаның ережесі қызметін тек қана мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) беру бойынша жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды;

4) басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 пайыздан асатын заңды тұлғалар;

5) құрылтайшысы немесе қатысушысы бір мезгілде арнаулы салық режимін немесе салық салу ерекшеліктерін қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар;

6) коммерциялық емес ұйымдар;

7) ойын бизнесi салығын төлеушiлер құқылы емес.

Патент негізіндегі АСР

Жеке табыс салығын (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда), әлеуметтік төлемдерді төлеу фактісін растайтын электрондық құжат патент болып табылады.

ҚР СК 683-бабының 2-тармағы негізінде - патент негізінде немесе арнаулы мобильді қосымшаны пайдалана отырып АСР-ды:

  • жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын;
  • жыл ішіндегі шекті кірісі 3 528 АЕК-тен аспайтын дара кәсіпкерлер қолданады.

Тіркелген шегерімді немесе арнаулы мобильді қосымшаны пайдалана отырып патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.

Арнаулы мобильді қосымшада жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдерді есептеу және төлеу жүргізілетін кезең күнтізбелік ай болып табылады.

ДК өз салық міндеттемелерін СЕН 911.00 «Патент құнының есеп-қисабында» есептейді.
Нысан алдағы салық кезеңіне - күнтізбелік жылға тапсырылады. Патенттің құны төлеуге жататын жеке табыс салығынан және әлеуметтік төлемдерден құралады.
Жеке табыс салығы салық салу объектісіне (Кіріс) салық мөлшерлемесін қолдану жолымен есептеледі:

  • сауда саласындағы қызмет үшін 2% (қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша сауда 1%);
  • Саудадан басқа қызмет үшін 1%.

Патент құнын төлеу есеп-қисап берiлгенге дейiн жүргiзiледi.
Егер кезең ішінде нақты алынған кіріс сомасы есепте көрсетілген кіріс мөлшерінен асып кетсе, ДК асып кеткен сомаға қосымша есеп ұсынады және осы сомадан салық төлеуді жүргізеді.

Оңайлатылған декларация негізінде АСР

ҚР СК 683-бабының 2-тармағы негізінде Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін мынадай шарттарға сәйкес келетін салық төлеушілер қолдануға құқылы:

  • Кезең ішіндегі жұмыскерлердің орташа тізімдік саны – 30 адамға дейін;
  • Кезең ішіндегі кіріс - 24 038 АЕК-тен аспайды;

ҚР СК 684-бабының 2-тармағы негізінде - Оңайлатылған декларация негізінде АСР қолдану үшін салық кезеңі жартыжылдық болып табылады.

ҚР СК 687-бабына сәйкес оңайлатылған декларация бойынша салықтарды есептеуді салық төлеуші есепті салық кезеңі үшін салық салу объектісіне 3 пайыз мөлшерінде мөлшерлемені қолдану жолымен дербес жүргізеді.

Егер есепті кезеңнің қорытындылары бойынша жұмыскерлердiң орташа айлық жалақысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салықтық кезеңнің бірінші күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің дара кәсіпкерлерде – кемінде 23 еселенген, заңды тұлғаларда кемінде 29 еселенген мөлшерін құраса, осы баптың 1-тармағына сәйкес салықтық кезең үшін есептелген салық сомасы жұмыскерлердiң орташа тiзiмдiк саны негiзге алына отырып, әрбiр жұмыскер үшiн салық сомасының 1,5 пайызы мөлшерiндегi сомаға азайтылу жағына қарай түзетiлуге жатады.

ҚР СК 688-бабының 1-тармағына сәйкес оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер орналасқан жері бойынша салық органына оңайлатылған декларацияны, СЕН 910.00 - «Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларацияны» есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15 күнінен кешіктірмей тапсырады.

  • 1-жартыжылдық үшін 15 тамызға дейінгі мерзімде;
  • 2-жартыжылдық үшін 15 ақпанға дейінгі мерзімде.

Оңайлатылған декларацияда көрсетілген салықтарды бюджетке төлеу жеке (корпоративтік) табыс салығы және әлеуметтік салық түрінде есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей жүргізіледі.

  • 1-жартыжылдық үшін 25 тамызға дейін;
  • 2-жартыжылдықта 25 ақпанға дейін.

Бұл ретте жеке (корпоративтік) табыс салығы – оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 мөлшерiнде, әлеуметтiк салық «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар сомасын немесе бірыңғай төлемдегі әлеуметтік аударымдардың үлесіне тура келетін әлеуметтік аударымдардың сомасын шегергендегі оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 мөлшерiнде төленуге жатады.

Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар сомасы әлеуметтiк салық сомасынан асып кеткен кезде әлеуметтiк салық сомасы нөлге тең деп есептеледі.

Оңайлатылған декларацияда төлем көзінен ұстап қалатын жеке табыс салығының, әлеуметтік төлемдердің және (немесе) бірыңғай төлемнің бюджетке төленуге жататын сомалары көрсетіледі.

Тіркелген шегерім пайдаланылатын АСР

ҚР СК 683-бабының 2-тармағы негізінде тіркелген шегерімді пайдалана отырып арнаулы салық режимін мынадай шарттарға сәйкес келетін салық төлеушілер қолдануға құқылы:

  • Кезең ішіндегі жұмыскерлердің орташа тізімдік саны - 50 адамға дейін;
  • Кезең ішіндегі кіріс - 144 184 АЕК.

Бұл ретте осы тармақшаның бірінші бөлігінің үшінші абзацында көрсетілген кіріске дара кәсіпкердің республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 70 048 еселенген мөлшері шегіндегі, үш құрамдасты интеграцияланған жүйені міндетті түрде қолдана отырып, қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар арқылы алған кірістері қосылмайды.

Күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.

Кірістер мен шығыстардың жекелеген түрлерінің (тауарды сатып алу; жұмыскерлердің кірістері және жеке тұлғаларға төлемдер бойынша шығыстар; салықтарды төлеу; іссапар шығыстары + жеке тұлғалардың стандартты шегерімдері - ДК үшін)

Салық төлеуші:
- расталмаған шығыстардың бір бөлігін (алынған жылдық жиынтық кіріс сомасының 30% дейін) шегерімге жатқызуға құқылы, тіркелген шегерімді қолданған кезде шығыстардың жалпы сомасы жиынтық кіріс сомасының 70%-нан аспауға тиіс;
- салық салынатын кіріс мүгедектердің еңбекақысына жұмсалған шығыстардың 2 еселенген мөлшерінде және мүгедектердің жалақысынан және басқа да төлемдерінен есептелген әлеуметтік салық сомасының 50 пайызына азайтуға құқылы.

Декларация СЕН 912.00 - «Тіркелген шегерімді пайдалана отырып, арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация» есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызына дейінгі мерзімде ұсынылады. Декларацияда көрсетілген салықтарды бюджетке
төлеу мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде салық кезеңінің қорытындылары бойынша жүргізіледі.

Арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын АСР

ҚР Салық кодексінің 686-1-бабына сәйкес Арнаулы мобильді қосымша - осы параграфта белгіленген арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтық міндеттемелерді және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындаудың оңайлатылған тәртібін қолдану, салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық құжат негізінде дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою (осындай тіркеу есебінен шығару) мақсаттары үшін уәкілетті орган әзірлеген мобильді қосымша.

20.12.2021 жылғы № 85-VII ҚР Заңына сәйкес 2022 жылғы 1 наурыздан бастап Қазақстанда ҚР Салық кодексінің жаңа нормалары енгізілді

  • Арнаулы мобильдік қосымша - ұялы байланыстың абоненттік құрылғысында орнатылған және іске қосылған және салық төлеушілер үшін электрондық қызметтерге қол жеткізуді ұсынатын бағдарламалық өнім.

Арнаулы мобильді қосымшаны пайдалана отырып, арнаулы салық режимін қолдану басталған күн арнаулы мобильді қосымшаны пайдалана отырып, арнаулы салық режимін таңдау күні болып есептеледі.

Арнаулы мобильді қосымшаны пайдалана отырып арнаулы салық режимінен басқа арнаулы салық режимдеріне немесе жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне ауысқан кезде қолданылатын салық салу режимі туралы тиісті хабарлама табыс етілген айдың соңғы күні режимнің аяқталу күні болып табылады.

Агенттік шарттар (келісімдер) негізінде қызмет көрсететін дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы мобильді қосымшаны пайдалана отырып арнаулы салық режимін қолдануға құқығы жоқ.

Осы тармақтың мақсаттары үшін агенттік шарттар (келісімдер) деп бір тарап (агент) екінші тараптың тапсырмасы бойынша сыйақы алуға міндеттенетін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (келісімдер) түсініледі.

Тіркелген шегерімді немесе арнаулы мобильді қосымшаны пайдалана отырып патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.

Арнаулы мобильді қосымшада жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдерді есептеу және төлеу жүргізілетін кезең күнтізбелік ай болып табылады.

1. ЖТС сомасын есептеу салық салу объектісіне 1 пайыз мөлшерінде мөлшерлемені қолдану арқылы жүргізіледі.

2. Әлеуметтік төлемдерді есептеу «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.

3. ЖТС және әлеуметтік төлемдер сомасын есептеу ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей арнаулы мобильді қосымшамен жүргізіледі.

4. ЖТС және әлеуметтік төлемдер есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей төленуге тиіс.

Бөлшек салық АСР

2023 жылғы 20 наурызда Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы "Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, оған сәйкес Кодекс Бөлшек салықтың арнаулы салық режимі 77-2-тарауымен толықтырылды, ол 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап артқы күнмен күшіне енгізілді.

Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін мынадай шарттарға сәйкес келетін салық төлеушілер қолдануға құқылы:

Бөлшек салық мөлшерлемесі:

  • 4% - ҚР-да және одан тысқары жерлерде салық кезеңінде жеке тұлғаларға алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша;
  • 8% - заңды тұлғаларға тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алынған кірістер бойынша.

ҚҚС төлеушілер үшін хабарлама берілген күннен бастап режимге көшу көзделген, ол ҚҚС төлеуші ретінде есептен шығару туралы өтінішпен бір мезгілде беріледі.

Құрылтайшысы немесе қатысушысы бір мезгілде арнаулы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдануға құқылы емес.

Төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, КТС және ЖТС бойынша салық мөлшерлемелері:

  • Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) барлық кірістер бойынша 4%. Бұл ретте жергілікті өкілді органдар бөлшек салық мөлшерлемесінің мөлшерін 50%-ға, яғни 4%-дан 2%-ға дейін төмендетуге құқылы;
  • кәсіпкерлік субъектілеріне тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алынған кірістер бойынша 8%, мұндай шығыстарға шегерімдер сомасын құжаттамалық растау қажет болған жағдайда (электрондық шот-фактураның жазып берілуімен немесе сатып алушының ЖСН/БСН көрсете отырып чекті берумен). Осы мөлшерлеменің мөлшері төмендетуге жатпайды.

Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер үшін мөлшерлемені жеке-дара төмендетуге тыйым салынады.

Мөлшерлеменің мөлшерін төмендету туралы мұндай шешімді жергілікті өкілді орган ағымдағы жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей қабылдайды, ол қабылданған жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Бөлшек салықтың арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушi мөлшерлемелер бойынша салық салынатын кiрiстер бойынша бөлек салық есебiн жүргiзуге тиiс.

Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде алынған (алынуға жататын), жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық кезеңі үшін жиынтықпен айқындалатын кіріс бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші үшін салық салу объектісі болып табылады:

  • осы Кодекстің 225-240-баптарына сәйкес - заңды тұлға;
  • ҚР СК 226-240-баптарында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, ҚР СК 225-бабында белгіленген корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында жылдық жиынтық табысты айқындау тәртібіне ұқсас – дара кәсіпкер.

Бұл ретте, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеу кезінде бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші үшін салық салу объектісі осындай салық төлеуші-жұмыс берушінің оның жұмыскерлерінің кірістері бойынша шығыстарының сомасына азайтылуға жатады.

Күнтізбелік тоқсан бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану үшін салық кезеңі болып табылады.

Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларациялар (СЕН 913.00) салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірілмей тапсырылады.

Жаңа насына 913.00

Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларацияда көрсетілген салықтарды бюджетке төлеу есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-нен кешіктірілмей жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2023 жылғы 21 шілдедегі № 783 «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына өзгерістер енгізілді.

Өзгерістер СЕН 913 бойынша салық есептілігі бөлігінде 2023 жылдан бастап бөлшек салық бойынша ретроспективті өзгерістерге қатысты.

Жаңа нысан және оны толтыру қағидалары 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Нысан 913.01-қосымшамен толықтырылды, ал бөлшек салық бойынша декларацияны толтыру ережелері «Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер бойынша салық міндеттемелерін есептеу - 913.01-нысанын толтыру бойынша түсіндірме» 3-тараумен толықтырылды.

Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған АСР

ҚР СК 702-бабына сәйкес Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін шаруа немесе фермер қожалықтары бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келген кезде қолдануға құқылы:

  • Осы АСР қолданылатын қызмет түрлерін ғана жүзеге асырады;
  • ҚҚС төлеушілер болып табылмайды;
  • Жеке меншік құқығындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жиынтық алаңы ҚР СК 702-бабының 2-тармағында белгіленген шектен аспайды.

Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер бірыңғай жер салығын төлеуді жүргізеді, Бірыңғай жер салығын есептеу үшін жер учаскесінің бағалау құны салық салу объектісі болып табылады. Салықты есептеу ҚР СК 704-бабында белгіленген мөлшерлемелер бойынша жүргізіледі.

Салық төлеушілер ЖТС, әлеуметтік салық, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы, жер салығын, көлік құралдары салығын, мүлік салығын төлеуден босатылады.

Бірыңғай жер салығын төлеушілер 2018 жылдан бастап әлеуметтік салықты төлеуден босатылды.

Жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін бірыңғай жер салығын және төлемақыны төлеу: ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан 1 қазанына дейін - 10 қарашасына дейін есептелген сомалар; 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейін есептелген сомалар - келесі жылдың 10 сәуіріне дейін жүргізіледі. ҚР СК 705-бабының 2-тармағына сәйкес әлеуметтiк төлемдердi төлеу жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен жүргізіледі. 2018 жылдан бастап бірыңғай жер салығын төлеушілер ай сайын жұмыскерлердің кірістерінен әлеуметтік төлемдер мен ЖТС төлейді.

Салық кезеңі күнтізбелік жылды құрайды.

Салық төлеушілер СЕН 920.00 бойынша декларацияны - «Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларацияны» есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызына дейін тапсырады.

Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимі.

Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлер үшiн шетелдiк заңды тұлғалардың, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың арнаулы салық режимдерiн қолдануға құқығы жоқ. ҚР СК 697-бабының 7-тармағы.

Арнаулы салық режимі акцизделетін тауарларды өндіру немесе қайта өңдеу жөніндегі қызметке қолданылмайды. Есептелген КТС немесе ЖТС, әлеуметтік салық, мүлік салығы және көлік құралдары салығы сомалары 70%-ға азайтылуға жатады (ҚР СК 700-бабы).

Осы арнаулы салық режимiн қолданатын ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлер ҚР СК 700-бабының 1-тармағында көрсетiлген салықтарды есептеудi жалпы белгiленген тәртiппен жүргiзедi.

Бiрыңғай төлемге енгiзiлген сомаларды қоспағанда, төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығының сомасын есептеудi, төлеудi және әлеуметтiк төлемдердi аударуды осы арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушi жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен жүргiзедi.

Бірыңғай төлем сомасын есептеу, төлеу осы Кодекстің 89-1-тарауында көзделген тәртіппен жүргізіледі.

Бөлек есеп жүргiзiлген жағдайда салық төлеушiлер қосымша ҚҚС сомасын есепке жатқызуға құқылы (ҚР СК 411-бап).

Бюджетке салықтарды төлеу және есеп беру жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

2023 жылғы 1 қаңтарға дейін АСР

АСР түрлері

ҚР Салық кодексінің 678-бабына сәйкес салық төлеуші мынадай арнайы салық режимдерінің біреуін:
1) шағын бизнес субъектілері үшін мыналарды қамтитын арнаулы салық режимдерін:

  • патент негізіндегі арнаулы салық режимін;
  • оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі;
  • тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін;
  • арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін;
  • 1-1) бөлшек салықтың арнаулы салық режимін;

2) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін арнаулы салық режимдерін:
шаруа немесе фермерлік қожалықтар үшін арнаулы салық режимін;
ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін таңдауға құқылы.

2. Шаруа немесе фермер қожалықтары осы Кодекстің 703-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайда бір мезгілде екі арнаулы салық режимін қолдануға құқылы.

3. Жеке табыс салығын (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда), әлеуметтік төлемдерді төлеу фактісін растайтын электрондық құжат патент болып табылады.

Кімнің АСР қолдануға құқығы жоқ

ҚР СК 683-бабының 3-тармағы негізінде - Қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілердің шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолдануға құқығы жоқ:

  • акцизделетін тауарлар өндіру;
  • акцизделетін тауарларды сақтау және көтерме саудада өткізу;
  • мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін - бензинді, дизель отынын және мазутты өткізу;
  • лотереялар өткізу;
  • жер қойнауын пайдалану;
  • шыны ыдысты жинау және қабылдау;
  • түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу;
  • консультациялық қызметтер көрсету;
  • бухгалтерлік есеп немесе аудит саласындағы қызмет;
  • сақтандыру брокерінің және сақтандыру агентінің қаржылық, сақтандыру қызметі және делдалдық қызметі;
  • құқық, әділет және сот төрелігі саласындағы қызмет;
  • қаржы лизингі шеңберіндегі қызмет.

Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолдануға:

1) құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғалар;

2) заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері;

3) әртүрлі елді мекендерде өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері және (немесе) салық салу объектілері бар салық төлеушілер құқылы емес.

Патент негізіндегі АСР

ҚР СК 683-бабының 2-тармағы негізінде Патент негізінде немесе арнаулы мобильді қосымшаны пайдалана отырып арнаулы салық режимін:

  • жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын;
  • жыл ішіндегі шекті кірісі 3 528 АЕК-тен аспайтын дара кәсіпкерлер қолданады.

Тіркелген шегерімді немесе арнаулы мобильді қосымшаны пайдалана отырып патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.

Арнаулы мобильді қосымшада жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдерді есептеу және төлеу жүргізілетін кезең күнтізбелік ай болып табылады.

ДК өз салық міндеттемелерін СЕН 911.00 «Патент құнының есеп-қисабында» есептейді.
Нысан алдағы салық кезеңіне - күнтізбелік жылға тапсырылады. Патенттің құны төлеуге жататын жеке табыс салығынан және әлеуметтік төлемдерден құралады.
Жеке табыс салығы салық салу объектісіне (кіріс) салық мөлшерлемесін қолдану жолымен есептеледі:

  • сауда саласындағы қызмет үшін 2% (қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша сауда 1%);
  • Саудадан басқа қызмет үшін 1%.

Патент құнын төлеу есеп-қисап берiлгенге дейiн жүргiзiледi.
Егер кезең ішінде нақты алынған кіріс сомасы есепте көрсетілген кіріс мөлшерінен асып кетсе, ДК асып кеткен сомаға қосымша есеп ұсынады және осы сомадан салық төлеуді жүргізеді.

Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР

ҚР СК 683-бабының 2-тармағы негізінде Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін мынадай шарттарға сәйкес келетін салық төлеушілер қолдануға құқылы:

  • Кезең ішіндегі жұмыскерлердің орташа тізімдік саны - 30 адамға дейін;
  • Кезең ішіндегі кіріс - 24 038 АЕК-тен аспайтын;

ҚР Салық кодексінің 684-бабының 2-тармағы негізінде - Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін салық кезеңі жартыжылдық болып табылады.

ҚР СК 687-бабына сәйкес Оңайлатылған декларация бойынша салықтарды есептеуді салық төлеуші есепті салық кезеңі үшін салық салу объектісіне 3 пайыз мөлшерінде ставка қолдану жолымен дербес жүргізеді.

Егер есепті кезеңнің қорытындылары бойынша жұмыскерлердiң орташа айлық жалақысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салықтық кезеңнің бірінші күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің дара кәсіпкерлерде – кемінде 23 еселенген, заңды тұлғаларда кемінде 29 еселенген мөлшерін құраса, осы баптың 1-тармағына сәйкес салықтық кезең үшін есептелген салық сомасы жұмыскерлердiң орташа тiзiмдiк саны негiзге алына отырып, әрбiр жұмыскер үшiн салық сомасының 1,5 пайызы мөлшерiндегi сомаға азайтылу жағына қарай түзетiлуге жатады.

ҚР СК 688-бабының 1-тармағына сәйкес оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер орналасқан жері бойынша салық органына оңайлатылған декларацияны, СЕН 910.00 - «Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларацияны» есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15 күнінен кешіктірмей тапсырады.

  • 1-жартыжылдық үшін 15 тамызға дейінгі мерзімде;
  • 2-жартыжылдық үшін 15 ақпанға дейінгі мерзімде.

Оңайлатылған декларацияда көрсетілген салықтарды бюджетке төлеу жеке (корпоративтік) табыс салығы және әлеуметтік салық түрінде есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей жүргізіледі.

  • 1-жартыжылдық үшін 25 тамызға дейін;
  • 2-жартыжылдықта 25 ақпанға дейін.

Бұл ретте жеке (корпоративтік) табыс салығы – оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 мөлшерiнде, әлеуметтiк салық «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар сомасын немесе бірыңғай төлемдегі әлеуметтік аударымдардың үлесіне тура келетін әлеуметтік аударымдардың сомасын шегергендегі оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 мөлшерiнде төленуге жатады.

Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар сомасы әлеуметтiк салық сомасынан асып кеткен кезде әлеуметтiк салық сомасы нөлге тең деп есептеледі.

Оңайлатылған декларацияда төлем көзінен ұстап қалатын жеке табыс салығының және әлеуметтік төлемдердің бюджетке төленуге жататын сомалары көрсетіледі.

Тіркелген шегерім пайдаланылатын АСР

ҚР СК 683-бабының 2-тармағы негізінде тіркелген шегерімді пайдалана отырып арнаулы салық режимін мынадай шарттарға сәйкес келетін салық төлеушілер қолдануға құқылы:

  • Кезең ішіндегі жұмыскерлердің орташа тізімдік саны - 50 адамға дейін;
  • Кезең ішіндегі кіріс - 144 184 АЕК.

Бұл ретте осы тармақшаның бірінші бөлігінің үшінші абзацында көрсетілген кіріске дара кәсіпкердің республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 70 048 еселенген мөлшері шегіндегі, үш құрамдасты интеграцияланған жүйені міндетті түрде қолдана отырып, қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар арқылы алған кірістері қосылмайды.

Күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.

Кірістер мен шығыстардың жекелеген түрлерінің (тауарды сатып алу; жұмыскерлердің кірістері және жеке тұлғаларға төлемдер бойынша шығыстар; салықтарды төлеу; іссапар шығыстары + жеке тұлғалардың стандартты шегерімдері - ДК үшін)
Салық төлеуші:
- расталмаған шығыстардың бір бөлігін (алынған жылдық жиынтық кіріс сомасының 30% дейін) шегерімге жатқызуға құқылы, тіркелген шегерімді қолданған кезде шығыстардың жалпы сомасы жиынтық кіріс сомасының 70%-нан аспауға тиіс;
- расталмаған шығыстардың бір бөлігін (алынған жылдық жиынтық кіріс сомасының 30% дейін) шегерімге жатқызуға құқылы, тіркелген шегерімді қолданған кезде шығыстардың жалпы сомасы жиынтық кіріс сомасының 70%-нан аспауға тиіс.
Декларация СЕН 912.00 - «Тіркелген шегерімді пайдалана отырып, арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация» есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызына дейінгі мерзімде ұсынылады. Декларацияда көрсетілген салықтарды бюджетке
төлеу мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде салық кезеңінің қорытындылары бойынша жүргізіледі.

Арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын АСР

ҚР Салық кодексінің 686-1-бабына сәйкес Арнаулы мобильді қосымша - осы параграфта белгіленген арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтық міндеттемелерді және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындаудың оңайлатылған тәртібін қолдану, салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық құжат негізінде дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою (осындай тіркеу есебінен шығару) мақсаттары үшін уәкілетті орган әзірлеген мобильді қосымша.

20.12.2021 жылғы № 85-VII ҚР Заңына сәйкес 2022 жылғы 1 наурыздан бастап Қазақстанда ҚР Салық кодексінің жаңа нормалары енгізілді

  • Арнайы мобильдік қосымша - ұялы байланыстың абоненттік құрылғысында орнатылған және іске қосылған және салық төлеушілер үшін электрондық қызметтерге қол жеткізуді ұсынатын бағдарламалық өнім.

Арнаулы мобильді қосымшаны пайдалана отырып, арнаулы салық режимін қолдану басталған күн арнаулы мобильді қосымшаны пайдалана отырып, арнаулы салық режимін таңдау күні болып есептеледі.

Арнаулы мобильді қосымшаны пайдалана отырып арнаулы салық режимінен басқа арнаулы салық режимдеріне немесе жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне ауысқан кезде қолданылатын салық салу режимі туралы тиісті хабарлама табыс етілген айдың соңғы күні режимнің аяқталу күні болып табылады.

Агенттік шарттар (келісімдер) негізінде қызмет көрсететін дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы мобильді қосымшаны пайдалана отырып арнаулы салық режимін қолдануға құқығы жоқ.

Осы тармақтың мақсаттары үшін агенттік шарттар (келісімдер) деп бір тарап (агент) екінші тараптың тапсырмасы бойынша сыйақы алуға міндеттенетін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (келісімдер) түсініледі.

Тіркелген шегерімді немесе арнаулы мобильді қосымшаны пайдалана отырып патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.

Арнаулы мобильді қосымшада жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдерді есептеу және төлеу жүргізілетін кезең күнтізбелік ай болып табылады.

1. ЖТС сомасын есептеу салық салу объектісіне 1 пайыз мөлшерінде мөлшерлемені қолдану арқылы жүргізіледі.

2. Әлеуметтік төлемдерді есептеу «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.

3. ЖТС және әлеуметтік төлемдер сомасын есептеу ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей арнаулы мобильді қосымшамен жүргізіледі.

4. ЖТС және әлеуметтік төлемдер есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей төленуге тиіс.

Бөлшек салықтың арнаулы салық режимі

Бөлшек салықтың арнаулы салық режимі төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеудің ерекше тәртібін көздейді.

Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеуді салық төлеуші есепті салық кезеңі үшін салық салу объектісіне 3 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану жолымен дербес жүргізеді.

Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде алынған (алынуға жататын), жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық кезеңі үшін жиынтықпен айқындалатын кіріс бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші үшін салық салу объектісі болып табылады:

  • осы Кодекстің 7-бөліміне сәйкес - заңды тұлға;
  • осы Кодекстің 8-бөліміне сәйкес - дара кәсіпкер.

Осылайша, жаңа АСР-дегі бөлшек салық заңды тұлға үшін КТС немесе Дара кәсіпкер үшін ЖТС төлеудің баламасы ретінде жалпы белгіленген тәртіппен айқындалатын салық кезеңі үшін кірістің 3% мөлшерінде есептеледі.

ҚР Салық кодексінің 77-1-тарауына сәйкес -

Күнтізбелік тоқсан бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану үшін салық кезеңі болып табылады.

Декларации СЕН 913.00 - «Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация» есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына тапсырылады.

Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларацияда көрсетілген салықтарды бюджетке төлеу есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей жүргізіледі.

Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған АСР

ҚР СК 702-бабына сәйкес Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін шаруа немесе фермер қожалықтары бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келген кезде қолдануға құқылы: Осы АСР қолданылатын қызмет түрлерін ғана жүзеге асырады; ҚҚС төлеушілер болып табылмайды; Жеке меншік құқығындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жиынтық алаңы ҚР СК 702-бабының 2-тармағында белгіленген шектен аспайды.
Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер бірыңғай жер салығын төлеуді жүргізеді. Бірыңғай жер салығын есептеу үшін жер учаскесінің бағалау құны салық салу объектісі болып табылады. Салықты есептеу ҚР СК 704-бабында белгіленген мөлшерлемелер бойынша жүргізіледі. Салық төлеушілер ЖТС, әлеуметтік салық, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы, жер салығын, көлік құралдары салығын, мүлік салығын төлеуден босатылады.
Бірыңғай жер салығын төлеушілер 2018 жылдан бастап әлеуметтік салықты төлеуден босатылды.

Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін бірыңғай жер салығын және төлемақыны төлеу: ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан 1 қазанына дейін - 10 қарашасына дейін есептелген сомалар; 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейін есептелген сомалар - келесі жылдың 10 сәуіріне дейін жүргізіледі. Әлеуметтiк төлемдердi төлеу жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен ҚР СК 705-бабының 2-тармағы). 2018 жылдан бастап бірыңғай жер салығын төлеушілер ай сайын жұмыскерлердің табыстарынан әлеуметтік төлемдер мен ЖТС төлейді.

Салық кезеңі күнтізбелік жылды құрайды.

Салық төлеушілер СЕН 920.00 бойынша декларацияны - «Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларацияны» есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызына дейін тапсырады.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимі.

Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлер үшiн шетелдiк заңды тұлғалардың, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың арнаулы салық режимдерiн қолдануға құқығы жоқ. ҚР СК 697-бабының 7-тармағы.

Арнаулы салық режимі акцизделетін тауарларды өндіру немесе қайта өңдеу жөніндегі қызметке қолданылмайды. Есептелген КТС немесе ЖТС, әлеуметтік салық, мүлік салығы және көлік құралдары салығының сомалары 70%-ға азайтылуға жатады (ҚР СК 700-бабы). Бөлек есеп жүргiзiлген жағдайда салық төлеушiлер қосымша ҚҚС сомасын есепке жатқызуға құқылы (ҚР СК 411-бабы). Бюджетке салықтарды төлеу және есеп беру жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.