440.00-нысан - Темекі өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларация

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 440.00-нысан

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі 440.00-нысан

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 440.00-нысан

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

440.00-нысан - Темекі өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларация

Декларацияны Салық кодексінің 104-бабына сәйкес өткізу (босату) бойынша операцияларды (бөлшек саудада өткізуді қоспағанда), оның ішінде жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою орны бойынша тиісті мемлекеттік кірістер органына темекі өнімдерінің импортын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі.

Темекі өнімдерін өндірушілер декларацияны ұсынбайды.

Темекі өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияны ұсыну қағидалары темекі өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияны (бұдан әрі - декларация) ұсыну және жасау тәртібін айқындайды.

Декларация декларацияның өзінен (440.00-нысан) және 1, 2, 3-қосымшалардан (440.01, 440.02 және 440.03-нысандар) тұрады.

  • 440.01-нысан - Темекі өнімдерінің көлемі туралы мәліметтер

Осы нысан декларанттарға есепті кезеңде алынған және сатылған темекі өнімдерінің көлемі туралы ақпаратты атаулары бойынша, басында және соңында қалған дербес сәйкестендіру нөмір-кодтары (бұдан әрі - ДСН-код) арқылы көрсетуге арналған.

  • 440.02-нысан - Импорт бойынша темекі өнімдерінің түсуі туралы мәліметтер

Нысан темекі өнімдерінің импортын жүзеге асыратын тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағына темекі өнімдерінің импорты (әкелуі) туралы ақпаратты көрсетуге арналған.

  • 440.03-нысан - Темекі өнімдерін экспортқа жеткізу туралы мәліметтер

Нысан темекі өнімдерін көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге темекі өнімдерінің экспорты (әкетілуі) туралы ақпаратты көрсетуге арналған.

 

Декларацияны ұсынудың есепті кезеңі күнтізбелік ай болып табылады.

Декларация ай сайын есептi айдан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрiлмей ұсынылады.

 

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі 440.00-нысан

Темекі өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияның нысаны (440.00-нысан).

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № 1148 бұйрығымен «Темекі өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияны табыс ету қағидалары мен нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 145 бұйрығына өзгерістер енгізілді.

Өзгертілгені:

Темекі өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияның нысаны (440.00-нысан)

Декларация декларацияның өзінен (440.00-нысан) және 1, 2, 3-қосымшалардан (440.01, 440.02 және 440.03-нысандар) тұрады.

Декларацияны өткізу (босату) бойынша операцияларды (бөлшек саудада өткізуді қоспағанда), оның ішінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 88-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою орны бойынша тиісті мемлекеттік кірістер органына темекі өнімдерінің импортын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі ұсынады.

Декларацияны темекі өнімдерін өндірушілер ұсынбайды.

Декларацияны ұсынудың есепті кезеңі күнтізбелік ай болып табылады және декларация ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірілмей ұсынылады.