2026 жылғы 1 қаңтардан бастап микробизнес

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі микробизнес

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап микробизнес

Жұмыскерлердің жылдық орташа санына және жылдық орташа кіріске қарай кәсіпкерлік субъектілері мынадай санаттарға жатқызылады:

Кәсіпкерлік субъектілерін ҚР КК 24-бабының 1-тармағында көрсетілген санаттарға жатқызу мынадай мақсаттар үшін пайдаланылады:

  • мемлекеттік статистика;
  • мемлекеттік қолдау көрсету;
  • Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де нормаларын қолдану.

Мемлекеттік статистика мақсаттары үшін жұмыскерлердің жылдық орташа санының өлшемшарты ғана пайдаланылады.

Мемлекеттік қолдау көрсету және Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де нормаларын қолдану мақсаттары үшін екі өлшемшарт:

  • жұмыскерлердің жылдық орташа саны және
  • жылдық орташа кіріс пайдаланылады.

Мемлекеттік қолдау көрсету және Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де нормаларын қолдану мақсаттары үшін персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шартқа сәйкес жіберуші тарап жұмыскерлерінің еңбегін пайдаланатын кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа саны жіберуші тараптың жұмыскерлері ескеріле отырып айқындалады.

Кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа саны осы субъект филиалдарының, өкілдіктерінің және басқа да оқшауланған бөлімшелерінің жұмыскерлерін, сондай-ақ дара кәсіпкердің өзін қоса алғанда, барлық жұмыскерлер ескеріле отырып айқындалады.

Соңғы үш жылдағы жылдық жиынтық кірістердің немесе Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын кәсіпкерлік субъектілері кірістерінің үшке бөлінген сомасы жылдық орташа кіріс деп есептеледі.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау бағдарламаларында өзге де өлшемшарттар көзделуі мүмкін.

Заңды тұлға құрмаған дара кәсіпкерлер және жұмыскерлерінің жылдық орташа саны бір жүз адамнан аспайтын және жылдық орташа кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің үш жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын, кәсіпкерлікті жүзеге асыратын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

Осылайша, микробизнес субъектілері - бұл жұмыскерлер саны 15 адамға дейін және жылдық кіріс 30 000 АЕК дейін дара кәсіпкерлер.

Мемлекеттік қолдау және Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де нормаларын қолдану мақсаттары үшін:

      1) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты әрекетті;

      2) акцизделетін өнімді өндіруді және (немесе) көтерме саудада өткізуді;

      3) астық қабылдау пункттерінде астық сақтау жөніндегі қызметті;

      4) лотерея өткізуді;

      5) ойын бизнесі саласындағы қызметті;

      6) радиоактивті материалдардың айналымына байланысты қызметті;

      7) банк қызметін (не банк операцияларының жекелеген түрлерін) және сақтандыру нарығындағы қызметті (сақтандыру агенті қызметінен басқа);

      8) аудиторлық қызметті;

      9) бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті;

      10) кредиттік бюролар қызметін;

      11) күзет қызметін;

      12) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына байланысты қызметті.

      13) I кіші түрдегі цифрлық майнинг жөніндегі қызметті.

      14) тауар биржаларының қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері деп таныла алмайды.

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі микробизнес

Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабына сәйкес жұмыскерлердің жылдық орташа санына және жылдық орташа кіріске қарай кәсіпкерлік субъектілері мынадай санаттарға жатқызылады:

·        шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері;

Заңды тұлға құрмаған дара кәсіпкерлер және жұмыскерлерінің жылдық орташа саны бір жүз адамнан аспайтын және жылдық орташа кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің үш жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын, кәсіпкерлікті жүзеге асыратын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

Жұмыскерлерінің жылдық орташа саны он бес адамнан аспайтын немесе жылдық орташа кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын АЕК-тің отыз мың еселенген мөлшерінен аспайтын, жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілері микрокәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

Осылайша, микробизнес субъектілері - бұл жұмыскерлер саны 15 адамға дейін және жылдық табысы 30 000 АЕК дейін жеке кәсіпкерлер.

Мыналарды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері болып таныла алмайды:

1) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты әрекет;
2)
акцизделетін өнімді өндіруді және (немесе) көтерме саудада өткізу;
3) астық қабылдау пункттерінде астықты сақтау жөніндегі қызмет;
4) лотерея
ларды өткізу;
5) ойын бизнесі саласындағы қызмет;
6)
радиоактивті материалдардың айналымына байланысты қызмет;
7) банк қызметі (не банк операцияларының жекелеген түрлері) және сақтандыру нарығындағы қызмет (сақтандыру агентінің қызметінен басқа);
8) аудиторлық қызмет;
9) бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет;
10) кредиттік бюролардың қызметі;
11) күзет қызметі;
12)
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына байланысты қызмет.