Тауарларға ілеспе жүкқұжат (ТІЖ) – бұл тауарлардың қозғалысын бақылауға арналған, оның ішінде тауарлардың салық төлеушіге тиеп-жөнелтілгенін растайтын тауарға ілеспе құжат (ҚР Салық кодексінің 21-бабы)

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ТІЖ

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі ТІЖ

2026 жылғы қаңтардан бастап ТІЖ

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Салық реформасы шеңберінде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін өзгерістер ТІЖ-ға қатысты болды.

Жаңа Салық кодексінің 179-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында, атап айтқанда ЭШФ АЖ-де ТІЖ ресімдеу бойынша қолданыстағы функционалды бекіту, бұл импорттан немесе өндірістен бөлшек саудада өткізушіге немесе экспортқа дейінгі елдің тауар айналымының ашықтығын және толассыз бақылауын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлардың тізбесі, сондай-ақ олардың нысандары, Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидалары және олардың құжат айналымы бекітілді.

Бұйрықпен:

  1. Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлардың тізбесі;
  2. Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидалары және олардың құжат айналымы;
  3. Тауарларға ілеспе жүкқұжаттың нысаны;
  4. Автомобиль көлігімен транзиттік тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттың баспа нысаны бекітілді.

ТІЖ ресімдеу бойынша міндет қолданылатын тауарлар тізбесіне 6-тармақ - Есірткі, психотроптық заттар, олардың ұқсастары мен прекурсорлары қосылды.

ТІЖ ресімдеу қағидаларында және олардың құжат айналымында ТІЖ-ді толтыру тәртібіне өзгерістер енгізілді: G1 - G10 бөлімдерінде, «Тауардың коды» бағанында Тауарлардың ұлттық каталогына сәйкес тауардың коды көрсетіледі.

ТІЖ өндірістен және импорттан бастап ішкі нарықта сатуға дейінгі барлық кезеңдерде тауарлардың қозғалысын бақылау үшін пайдаланылатын негізгі тауарға ілеспе және бухгалтерлік құжат ретінде бекітіледі.

Электрондық ТІЖ тауар ағындарын автоматты түрде тіркеуді және қадағалауды қамтамасыз ететін «Виртуалды қойма» модулін пайдалана отырып, электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі (ЭШФ АЖ) арқылы ресімделеді.

Қағаздағы нұсқаға жол берілетін техникалық іркілістерді қоспағанда, ТІЖ электрондық түрде ресімделеді.

Құжат белгіленген тізбеде көрсетілген тауарларды өткізу, өткізу, әкелу және әкету кезінде міндетті

Тауарлар экспорты немесе халықаралық тасымалдар кезінде ТІЖ шетел валютасымен ресімделуі мүмкін. 

ЭШФ АЖ-не ТІЖ беру және растаудың нақты мерзімдері белгіленген (тауарды өткізу немесе сату басталғанға дейін). 

Алушы тарапынан қателер немесе ауытқулар болған жағдайда жүкқұжаттарды түзету және қайтарып алу тәртібі көзделген. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды әкелу және әкету кезінде ТІЖ-ден алынған деректерді мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері шекарадан өту кезінде растайтын болады. Қазақстан арқылы транзиттік тасымалдар үшін ТІЖ баспа нысаны енгізілді, ол жүкті шығу сәтіне дейін алып жүреді.

Жүйе компанияларға өз есептік бағдарламаларымен API-интеграциясын пайдалануға мүмкіндік береді, бұл деректерді қолмен енгізусіз автоматты түрде жасауды, тіркеуді және есептен шығаруды қамтамасыз етеді.

Қағидалардың жекелеген ережелері:

  • қаржы лизингі,
  • алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу,
  • мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті өткізу,
  • әскери және қосарланған мақсаттағы тауарлармен жасалатын операциялар кезінде ТІЖ ресімдеуді реттейді.

Барлық тіркелген ТІЖ (электрондық немесе қағаз түрінде) Салық кодексінде белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде сақталуға жатады.

Мерзімдерін бұзғаны, жалған деректер бергені немесе жүкқұжаттарын ресімдеуден бас тартқаны үшін салық заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделген.

ТІЖ:

1) ҚР аумағында өткізу, өткізу және (немесе) тиеп жөнелту кезінде;

2) Тауарлар тізбесінің реттік нөмірі 7-жолында көрсетілген тауарларды ҚР аумағында өткізу кезінде;

3) рұқсат етілген ең жоғары жүк көтергіштігі 2,5 (екі мың бес жүз) тоннадан аспайтын жеңіл автомобильмен тауарларды әкелуді қоспағанда, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан ҚР аумағына тауарларды әкелу кезінде;

4) ҚР аумағынан ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағына әкету кезінде;

5) рұқсат етілген ең жоғары жүк көтергіштігі 2,5 (екі мың бес жүз) тоннадан аспайтын жеңіл автомобильмен тауарларды әкетуді қоспағанда, тауарларды ҚР аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына әкету кезінде;

6) ҚР аумағында мемлекеттік меншікке айналдырылған мүлікті өткізу кезінде;

7) ҚР аумағына ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан әкелу немесе ҚР аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына жеке тұлғаға тауарларды автомобиль көлігімен әкету кезінде ресімделеді, бұл ретте ТІЖ тауарларды тасымалдау (экспедициялау, курьерлік жеткізу) жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тасымалдаушы ресімдейді;

8) ҚР аумағы бойынша өткізуді қоспағанда, тауарларды бір тұлғаның шегінде және (немесе) бір тұлғаның құрылымдық бөлімшелері арасында өткізу кезінде ресімделеді.

Автомобиль көлік құралымен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде ТІЖ әрбір көлік құралына жеке ресімделеді.

ТІЖ:

1) бөлшек сауда кезінде, мынадай жағдайларда:

  • олар үшін есеп айырысу былайша жүзеге асырылатын тауарларды өткізу кезінде:
  • сатып алушыға бақылау-касса машинасының чегін ұсына отырып және (немесе) көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалдары арқылы қолма-қол ақшамен;
  • төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдана отырып;
  • есеп айырысу электрондық ақшамен немесе электрондық төлем құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылатын тауарларды жеке тұлғаларға өткізу кезінде;

2) автожанармай құю станцияларының бөлшек саудада өткізуі кезінде;

3) тауарларды ҚР аумағына ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан магистральдық құбырлар жүйесі және (немесе) электр беру желілері арқылы әкелу кезінде;

4) тауарларды ҚР аумағынан ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағына және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына магистральдық құбырлар жүйесі және (немесе) электр беру желілері арқылы әкету кезінде;

5) ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы тасымалдауды бастау орны болып табылатын ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан ҚР аумағына тауарларды әкелу кезінде;

6) Тауарлар тізбесінің реттік нөмірлері 1, 2, 3, 4, 5, 6 және 7-жолдарда көрсетілген тауарларды қоспағанда, ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағы межелі ел болып табылатын ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына ҚР аумағынан тауарларды әкету кезінде;

7) СЭҚ ТН коды Дүниежүзілік сауда ұйымының (бұдан әрі – ДСҰ) алу тізбесіне енгізілген ыдысты әкету жағдайларын қоспағанда, қайтарылатын ыдысты ҚР аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына тиеп-жөнелту кезінде;

8) тауарларды бір тұлғаның шегінде бір мекенжай бойынша орналасқан стационарлық, өндірістік және (немесе) қойма үй-жайлары арасында өткізу кезінде;

9) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан ҚР аумағына жеке тұлғалардың жеке пайдалануына арналған тауарларды әкелу немесе ҚР аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына әкету кезінде ресімделмейді.

ТІЖ өнім беруші (алушы әкелген кезде) Салық кодексінің 179-бабына сәйкес мынадай мерзімдерде:

1) ҚР аумағы бойынша тауарларды өткізу, өткізу және (немесе) тиеп жөнелту кезінде – тауарларды жылжытудың, өткізудің және (немесе) тиеп жөнелтудің басталуынан кешіктірмей;

2) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан ҚР аумағына тауарларды әкелу кезінде - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткенге дейін;

3) Тауарлар тізбесінің реттік нөмірлері 1, 2, 3, 4, 5, 6 және 7-жолдарында көрсетілген тауарларды ҚР аумағынан ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағына әкету кезінде - тауарларды жылжыту, өткізу және (немесе) тиеп жөнелту басталғаннан кешіктірмей;

4) тауарларды ҚР аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына әкету кезінде - тауарларды жылжыту, өткізу және (немесе) тиеп жөнелту басталғаннан кешіктірмей;

5) ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттің аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына ҚР аумағы арқылы халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде - ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде автомобиль өткізу пунктінде береді.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан ҚР аумағына тауарларды әкелу немесе ҚР аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына тауарларды автомобиль көлік құралымен не әуе кемесімен әкету кезінде мемлекеттік кірістер органының қызметкері ТІЖ-ға тиісті белгі қою арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту фактісін растауды жүргізеді.

ТІЖ растау мынадай мерзімдерде жүргізіледі:

ТІЖ алушы ТІЖ ЭШФ АЖ-де тіркелген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде расталған немесе бас тартылған ТІЖ ұсыну ЭШФ АЖ-да ТІЖ тіркелген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылатын кез келген көлік түрі арқылы тауарды жеткізуді (тасымалдауды) қоспағанда, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен ЭЦҚ-мен қол қойылған расталған немесе бас тартылған ТІЖ ЭШФ АЖ арқылы ұсынады.

Мынадай жағдайларда алушының ТІЖ-ді растауы талап етілмейді:

1) тауарларды экспортқа өткізу кезінде;

2) халықаралық ұшуларды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанармай құю кезінде әуежайлар жүзеге асыратын авиациялық отынды өткізу кезінде;

3) алушы бір мезгілде мынадай өлшемдерге сәйкес келген кезде бөлшек сауданы жүзеге асыратын субъект болып табылатын салық төлеушіге тауарларды өткізу кезінде:

  • оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану;
  • қызмет түрлерінің сәйкестігі (бөлшек сауда, экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішіне сәйкес тамақпен және сусындармен қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету);
  • деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын қолдану.

Осындай салық төлеушiге ТІЖ ресiмдеу кезiнде алушы санатында автоматты түрде «Шағын сауда нүктесi» белгiсi қойылады.

4) Тауарлар тізбесінің реттік нөмірлері 3 және 4-жолдарында көрсетілген тауарларды соңғы тұтынушыға өткізу кезінде.

ТІЖ ресімдеу, растау не растаудан бас тарту техникалық қателер жойылғаннан және ЭШФ АЖ жұмыс қабілеттілігі қалпына келтірілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Лизинг беруші мүлікті қаржы лизингіне берген кезде лизинг үшін қоймаға ауыстыру үшін ТІЖ ресімдейді, бұл ретте алушының ТІЖ-ді растауы талап етілмейді.

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі ТІЖ

ТІЖ – тауарларға арналған ілеспе жүкқұжат.

ҚР Салық кодексінің 1-бабының 63-тармақшасына сәйкес тауарларға арналған ілеспе жүкқұжат (ТІЖ) - Салық кодексінде белгіленген жағдайларда, тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде электрондық нысанда ресімделетін құжат.

«ҚР ҚМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» 15/03/2023 ж. № 278 бұйрыққа сәйкес ТІЖ ресімдеу және «Виртуалды қойма» модулін қолдану бойынша жеңілдіктер қарастырылған.

ТІЖ-ді жеткізуші (әкелген/алушы әкеткен кезде) тауарларды ҚР аумағына әкелу кезінде ҚР СК 176-бабында көзделген мынадай мерзімдерде ұсынады:

1) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағымен алып өту, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту кезінде – тауарларды алып өту, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту басталғаннан кешіктірілмей;

2) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде:

·        Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан әкелу кезде – кедендік тазарту жүргізілген тауарларды алып өту, өткізу басталғаннан кешіктірілмей;

·        Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелу кезде – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткенге дейін;

3) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкету кезінде – тауарларды алып өту, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту басталғаннан кешіктірілмей;

4) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде автомобиль өткізу пунктінде туындайды.

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндеттеме қолданылатын тауарлардың тізбесін, сондай-ақ ресімдеу тәртібі мен олардың құжат айналымын уәкілетті орган белгілейді.

ТІЖ растау мынадай мерзімдерде жүргізіледі:

Расталған немесе бас тартылған ТІЖ ұсыну ЭШФ АЖ-да ТІЖ тіркелген күннен бастап 20 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылатын кез келген көлік түрі арқылы тауарды жеткізуді (тасымалдауды) қоспағанда, ТІЖ алушы ТІЖ ЭШФ АЖ-де тіркелген күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде ЭШФ АЖ арқылы электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы ҚРЗ айқындаған тәртіппен ЭЦҚ-мен қол қойылған расталған немесе бас тартылған ТІЖ-ді ұсынады.

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлардың тізбесіне, сондай-ақ Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидаларына сәйкес мынадай жағдайларда алушының ТІЖ растауы талап етілмейді:

1) тауарларды экспортқа өткізу кезінде;

2) халықаралық ұшуларды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанармай құю кезінде әуежайлар жүзеге асыратын авиациялық отынды өткізу кезінде;

3) алушы бір мезгілде мынадай өлшемдерге сәйкес келген кезде бөлшек сауданы жүзеге асыратын субъект болып табылатын салық төлеушіге тауарларды өткізу кезінде:

·        оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану;

·        ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмау;

·        қызмет түрлеріне сәйкестігі (бөлшек сауда, экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішіне сәйкес тамақпен және сусындармен қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету);

·        деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын қолдану.

Осындай салық төлеушiге ТІЖ ресiмдеу кезiнде алушы санатында автоматты түрде «Шағын сауда нүктесi» белгiсi қойылады.

4) Тізбенің реттік нөмірі 3-жолында көрсетілген тауарларды соңғы тұтынушыға өткізу кезінде.

Салықтық бақылау нысандары шеңберінде: тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу тәртібінің сақталуын бақылау жүзеге асырылады; ҚР Салық кодексінің 69-бабы 3-тармағының 7) тармақшасы.

ӘҚБтК 283-1-бабында ТІЖ бойынша барлық айыппұлдар атап көрсетілген және онда ТІЖ уақытылы растамағаны үшін айыппұл жоқ.