Фискалдық чек – бұл тауарды немесе қызметті сатып алуды растайтын міндетті құжат. Ол сатушының қажетті деректемелерін (ЖСН/БСН, атауы, БКМ нөмірі, фискалдық коды) және транзакция туралы деректерді қамтиды. Мәліметтер салық органдарына автоматты түрде түседі, бұл бизнесті адал жүргізуге және сатып алушылардың мүдделерін қорғауға ықпал етеді.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап фискалдық чек

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі фискалдық чек

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап фискалдық чек

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Қазақстан Республикасының Салық кодексін іске асыру мақсатында және ҚР Салық кодексінің 111-бабының 2 және 5-тармақтарына, 113-бабының 2-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес:

  1. Бақылау-касса машиналарын қолдану қағидалары және бақылау-касса машинасының чектерін ұстауға қойылатын талаптардың тізбесі;
  2. Фискалдық деректер операторының тізбесіне енгізу және тізбесінен алып тастау қағидалары;
  3. Фискалдық деректердің әлеуетті операторына қойылатын біліктілік талаптары;
  4. бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтініштің нысаны;
  5. осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтініштің нысаны;
  6. бақылау-касса машинасын пайдалану кезінде туындаған міндеттемелерді орындау туралы салықтық өтініштің нысаны;
  7. бақылау-касса машинасының моделін мемлекеттік тізілімге енгізу туралы салықтық өтініштің нысаны бекітілді.

Заңнамаға сәйкес, бақылау-кассалық машиналармен жұмыс істейтін барлық кәсіпкерлер сатып алушыларға тауарларды сату немесе қызмет көрсету кезінде фискалдық чектерді беруге тиіс.

БКМ чектеріне қойылатын жаңартылған талаптар деректердің кеңейтілген жиынтығын көздейді. Енді чекте:

  • салық төлеушінің атауы және ЖСН;
  • сауда нүктесінің мекенжайы;
  • БКМ зауыттық және тіркеу нөмірлері;
  • тауардың атауы мен коды (Тауарлардың ұлттық каталогына сәйкес);
  • ҚҚС мөлшерлемесі мен сомасы (егер қолданылатын болса);
  • сатып алу күні мен уақыты;
  • фискалдық белгі;
  • чектің түпнұсқалығын тексеруге арналған штрих код;
  • фискалдық деректер операторының атауы және оның порталына сілтеме көрсетілуі тиіс.

Қажет болған жағдайда чекте сатып алушының ЖСН-і де көрсетіледі, ал барлық ақпарат қазақ және/немесе орыс тілдерінде басылуы мүмкін.

БКМ чегінде не болуы тиіс

БКМ қолдануды бұзу фактілері туралы хабарлаған тұлғаларға сыйақы

БКМ чегінде не болуы тиіс

Бақылау-касса машинасының чегі - бұл сатушы (тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметтi берушi) мен сатып алушы (клиент) арасындағы ақшалай есеп айырысудың жүзеге асырылу фактісін растайтын, қағаз түрінде не электрондық тәсілмен берілген бақылау-касса машинасының бастапқы есепке алу құжаты. (ҚР Салық кодексі 19-бабының 5-тармағы)

ҚР СК 111-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БКМ қолдану кезінде өткізілген тауар, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет үшін төленген сомаға БКМ чегін немесе тауар чегін беру жүзеге асырылады.

Тауарлық чек – бақылау-касса машинасының техникалық ақауы болған немесе электр энергиясы болмаған жағдайларда пайдаланылатын ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыру фактісін растайтын бастапқы есепке алу құжаты.

Осылайша, тауар чегі фискалдық чекті ресми ауыстырған жағдайда ғана төлемді растай алады. Фискалдық чекте фискалдық белгi бар, ал оны қалыптастыратын кассалық аппарат мемлекеттiк кiрiс органдарында тiркелуге тиiс.

Бақылау-касса машиналарын қолдану қағидаларына және БКМ чегінің мазмұнына қойылатын талаптар тізбесіне сәйкес БКМ чегінде мынадай ақпарат болуы тиіс:

1) салық төлеушінің атауы;

2) бақылау-касса машинасын пайдалану орнының мекенжайы;

3) салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

4) бақылау-касса машинасының зауыттық нөмірі;

5) бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірі;

6) чектің реттік нөмірі;

7) тауарлардың ұлттық каталогына сәйкес тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы;

8) ұлттық каталогқа сәйкес тауардың сәйкестендіру коды және таңбалауға және тауарларды қадағалауға жататын тауарларға салынған сәйкестендіру құралы.

9) сатып алынатын тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің саны, олардың өлшем бірлігі;

10) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бірлікке бағасы;

11) тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатудың жалпы сомасы;

12) фискалдық деректер операторының атауы және деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының бақылау чегінің түпнұсқалығын тексеру үшін фискалдық деректер операторының интернет-ресурсының деректемелері;

13) тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні мен уақыты;

14) фискалдық белгі;

15) егер салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда - тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша қосылған құн салығы салынатын айналымдар бойынша ставканы көрсете отырып, қосылған құн салығының сомасы;

16) бақылау-касса машинасының чегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих код.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 12) және 16) тармақшаларының ережелері деректерді беру функциясы жоқ БКМ чектеріне қолданылмайды.

Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ чектегі 7) тармақшадағы ақпарат электрондық түрде көрсетіледі.

Валюта айырбастау, металл сынықтарын қабылдау пункттерінде, шыны ыдыстарда, ломбардтарда қолданылатын БКМ чегі қосымша сату сомасы мен сатып алу сомасы туралы ақпаратты қамтиды.

БКМ чегі қосымша бақылау-касса машинасын дайындаушы зауыттың техникалық құжаттамасында көзделген, оның ішінде ҚҚС сомасы туралы деректемелерді қамтиды.

Сатып алушының (клиенттің), тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының талап етуі бойынша деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ чектерінде сатып алушының (клиенттің), алушының сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

БКМ чектеріндегі барлық ақпарат сатып алушының (клиенттің), тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының талап етуі бойынша қазақ және (немесе) орыс тілдерінде көрсетіледі және басылады.

БКМ қолдануды бұзу фактілері туралы хабарлаған тұлғаларға сыйақы

ҚР СК 56-бабының 16-тармағында атап өтілгендей  - БКМ және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) қолданудағы бұзушылықтар туралы ақпаратқа ие адам салық органына мынадай тәсілдердің бірімен:

  • бақылау-касса машиналарының чектерін бермеу фактілерін бейнетіркеумен;
  • уәкілетті орган бекіткен нысанға сәйкес келмейтін бақылау-касса машиналарының берілген чектерін фототіркеумен;
  • ақшаның мобильді аударымдар арқылы аударылғаны туралы банктік түбіртектермен расталған, өзіне белгілі бұзушылық фактілері туралы хабарлауға құқылы.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген бұзушылық фактісі туралы хабарлаған адам, мұндай факт расталған кезде, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйақы беруге жатады.

Осы тармақтың екінші бөлігінің ережелері жасалған құқық бұзушылық фактілері туралы көрінеу жалған ақпарат хабарлаған адамға қолданылмайды. Бұл ретте көрінеу жалған ақпарат хабарлаған адам Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі фискалдық чек

Фискалдық чек – бұл ҚР нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген міндетті деректемелер көрсетілген құжат.

Фискалдық чектiң фискалдық белгiсi бар. Бұл чектi берген аппарат мемлекеттiк кiрiс органдарында тiркелуi тиiс.

ҚР СК 165-бабының 6 тармағына сәйкес - БКМ чегі – сатушы (тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметтi берушi) мен сатып алушы (клиент) арасындағы ақшалай есеп айырысудың жүзеге асырылу фактісін растайтын, қағаз түрінде не электрондық түрде берілген БКМ бастапқы есепке алу құжаты.

БКМ фискалдық чектерінде мынадай ақпарат болуы тиіс:
1) салық төлеушінің атауы;
2) салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
3) БКМ салық органындағы зауыттық нөмірі;
5) чектің реттік нөмірі;
6) тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні мен уақыты;
7)
тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін бағасы;
8) фискалдық белгі;
9)
деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының бақылау чегінің төлнұсқалығын тексеру үшін фискалдық деректер операторының атауын және фискалдық деректер операторы интернет-ресурсының деректемелері;
10) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы;
11) сатып алынатын тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің саны, олардың өлшем бірлігі;
12) тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатудың жалпы сомасы;
13)
егер салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылса – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізу бойынша, қосылған құн салығы салынатын айналымдар жөніндегі мөлшерлемені көрсете отырып, қосылған құн салығының сомасы;
14) БКМ пайдалану орнының мекенжайы;
15) БКМ чегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих код;

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 9) және 15) тармақшаларының
ережелері деректерді беру функциясы жоқ БКМ чектеріне қолданылмайды
. ҚР СК 166-бабының 6-тармағы.   

ҚР СК
165-бабының 13-тармақшасына сәйкес Фискалдық белгі - бақылау-касса машинасының чектерінде фискалдық режимде БКМ жұмысын растау ретінде көрсетілетін ерекшелік символы. Фискалдық чек БКМ дайындаушы зауыттың техникалық құжаттамасында көзделген өзге де ақпаратты, оның ішінде қосылған құн салығының сомасы туралы ақпаратты қамтуы мүмкін. ҚР СК 166-бабының 7-тармағы.

ҚР СК
165-бабының 11-тармағына сәйкес тауар чегі - бақылау-касса машинасының техникалық ақауы болған немесе электр энергиясы болмаған жағдайларда пайдаланылатын ақшалай есеп айырысудың жүзеге асырылу фактісін растайтын бастапқы есепке алу құжаты.
Яғни тауар чегі белгілі бір жағдайларда фискалдық чекті ауыстырғанда төлем жасау фактісі болып табылады.

Фискалдық және фискалдық емес чектер арасындағы айырым белгілері мынадай: Фискалдық емес чек мынадай ақпаратты қамтиды:

1. салық төлеушінің атауы;
2. тауарды сатып алу күні мен уақыты;
3. тауардың бір бірлігінің құны және оның атауы;
4. сатып алынған тауардың саны;
5. тауарлардың өлшем бірлігі және сатудың жалпы сомасы.
Фискалдық емес чек төлем жасалғанын растайды, бiрақ бұл операция БКМ-нiң фискалдық жадына енгiзiлмейдi және МКК-нiң базасында көрсетiлмейдi, демек оның заңды күшi жоқ.

Фискалдық және фискалдық емес чектердің арасындағы басты айырмашылық:
1. фискалдық чектің салық органдарына ұсынған кезде тауарды сатып алғандығын растауы болады, ал фискалдық емес чек жоқ;
2. фискалдық чек қағаз түрінде де, электрондық нысанда да болуы мүмкін және сатып алушының поштасына немесе ұялы телефонға QR-код түрінде жіберілуі мүмкін;
3. фискалдық чек бойынша сапасыз тауарды дүкенге қайтаруды жүзеге асыруға болады, ал фискалдық емес чек бойынша - қайтарылмайды;
4
. фискалдық чектер БКМ жадында сақталады. БКМ бақылау чегінде мынадай деректемелердің біреуін немесе бірнешеуін көрсетпеу:
1) салық төлеушінің атауы;
2) сәйкестендіру нөмірі;
3) БКМ зауыттық нөмірі;
4) мемлекеттік кірістер органындағы БКМ тіркеу нөмірі;
5) чектің реттік нөмірі;
6)
тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жасалған күні мен уақыты;
7) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасы және (немесе) сатып алу сомасы;
8) осы бөліктің 1) - 7) тармақшаларында белгіленген бір немесе бірнеше деректемелердің фискалдық белгісі не аппараттық-бағдарламалық кешендердің (банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын аппараттық-бағдарламалық кешендерді қоспағанда) бақылау чегінде көрінбеуі - ескерту жасауға әкеп соғады. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет - жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - 20 мөлшерiнде, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - 30 мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 40
АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. ӘҚБтК-нің 284-бабының 7, 8-тармақтары.

Төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға арналған бақылау-касса машинасын және жабдықты (құрылғыны) қолдануды бұзу фактілері туралы хабарлаған тұлғаларға сыйақы беру қағидаларына сәйкес: «Бұзушылықты бейнетіркеу салынған бұзушылық фактілері туралы хабарлаған тұлға (
чекті бермеу, банк картасын қабылдаудан бас тарту) 1 000 (бір мың) теңге мөлшерінде сыйақыға жатады». Төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған бақылау-касса машинасын және жабдықты (құрылғыны) қолдануды бұзу фактілері туралы хабарлаған тұлғаларға осындай факті расталған жағдайда сыйақы беру қағидалары. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі № 219 қаулысы.