Салық төлеушіде салық міндеттемесі бар және (немесе) солардың негізінде туындайтын мүлік және іс-әрекеттер салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылады.

ҚР Салық кодексінің 484-бабына сәйкес Төлеушілердің өздерін қоса алғанда, жұмыскерлердің саны жеке практикамен айналысатын адамдар және оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, дара кәсіпкерлер үшін салық салу объектісі болып табылады.

Жер учаскесi (жер учаскесiне ортақ үлестiк меншiк жағдайында - жер үлесi) салық салу объектiсi болып табылады.

«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар үшін салық салу объектісі ҚР аумағында орналасқан:

  • ҚР СК 519-бабында регламенттелген үйлер, ғимараттар, активтер болып табылады.

Салық кезеңінде алынған кіріс патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе арнайы ұтқыр қосымшаны пайдалана отырып арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші үшін салық салу объектісі болып табылады.

Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші үшін салық салу объектісі осы Кодекстің 691-бабының 4-тармағында көзделген түзетулерді есепке алғандағы кіріс пен осы параграфта көзделген шегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалатын салық салынатын кіріс болып табылады.

Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші үшін ҚР-да және оның шегінен тыс жерлерде алынған (алынуға жататын) және салықтық кезеңде жиынтығында:

  • заңды тұлға - осы Кодекстің 7-бөліміне сәйкес;
  • дара кәсіпкер - осы Кодекстің 8-бөліміне сәйкес жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен анықтайтын кіріс салық салу объектісі болып табылады.

Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші үшін акцизделетін тауарларды өндіру, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, салықтық кезеңде ауыл шаруашылығы өнімін, өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу өнімдерін өткізуден алған кіріс салық салу объектісі болып табылады.

Қазақстан Республикасының аумағындағы:

  • өздеріне меншік құқығында тиесілі тұрғынжайлар, ғимараттар, саяжай құрылыстары, гараждар, орынтұрақ орындары және өзге де құрылыстар, құрылысжайлар, үй-жайлар; жеке тұлғаларға меншік құқығында тиесілі жер учаскелері жеке тұлғаларға мүлік салығын салу объектісі болып табылады.

Жерге салық салу объектісі - жер учаскесі (жер учаскесіне ортақ үлестік меншік кезінде – жер үлесі).

Көлiке салық салу объектісі - автокөлiк.