Кедендік бажтауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты кеден органдары алатын міндетті төлем;

Кедендік баждар мөлшерлемелерінің түрлері

Кедендік баждардың мөлшерлемелері мынадай түрлерге бөлінеді:

1) баж салынатын тауарлардың кедендік құнынан пайызбен белгіленетін – адвалорлық;

2) заттай көріністегі физикалық сипаттамаларға (санына, салмағына, көлеміне немесе өзге де сипататтамаларына) қарай белгіленетін – өзіндік ерекшелікті;

3) осы баптың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген түрлерді ұштастыратын, аралас.

Кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды төлеушілер

Декларант немесе өздерінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет туындаған өзге тұлғалар кедендік баждарды, салықтарды төлеушілер болып табылады.

Кедендік баждарды, салықтарды төлеуші кедендік декларациялау үшін кедендiк алымды төлеуші болып табылады.

Кедендік баждарды, салықтарды төлеуші кедендік декларациялау үшін кедендiк алымды төлеуші болып табылады.

Кеден баждарын салу объектісі

1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар, сондай-ақ осы Кодексте көзделген жағдайларда өзге де тауарлар кедендік баждарды, салықтарды салудың объектісі болып табылады.

2. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, тауарлардың кедендік құны және (немесе) олардың заттай көріністегі физикалық сипаттамасы (тауардың саны, салмағы, оның ішінде тауарды тұтынғанға дейін одан ажырамайтын және (немесе) тауар бөлшек сауда үшін ұсынылатын тауардың бастапқы қаптамасын ескергендегі салмағы, тауардың көлемі немесе өзге де сипаттамасы) тауардың түріне және мөлшерлемелердің қолданылатын түрлеріне қарай кедендік баждарды есептеуге арналған база болып табылады.

3. Салықтарды есептеуге арналған база Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.

Кедендік баждарды есептеу

Кедендік баждарды, салықтарды – кедендік баждарды, салықтарды төлеуші, ал осы бапта көзделген жағдайларда кеден органы есептейді.

Кедендік баждарды, салықтарды есептеу туралы мәліметтер тауарларға арналған декларацияда, кедендік кіріс ордерінде не өзге кедендік құжатта көрсетіледі.

Кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы баждар, өтемақы баждары есеп-қисабының нысанын, мұндай есеп-қисаптың электрондық құжат түріндегі құрылымы мен форматын, оларды толтыру және осындай есеп-қисапқа өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібін Комиссия айқындайды.

Көрсетілген есеп-қисапты қағаз жеткізгіште толтыру кезінде кеден органының лауазымды адамы осындай кедендік құжаттың электрондық түрін қалыптастырады.

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда және (немесе) Қазақстан Республикасының екіжақты халықаралық шарттарында көзделген, кедендік баждар, салықтар өзге валютамен есептелетін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында төленуге жататын кедендік баждар, салықтар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен есептеледі.

Егер кедендік баждарды, салықтарды есептеу үшін шетел валютасын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына не өзге валютаға қайта есептеу жүргізу талап етілетін болса, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, мұндай қайта есептеу кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күні қолданыста болатын валюталар бағамы бойынша жүргізіледі.

Кедендік баж кедендік бажды есептеуге арналған база және тауарға қатысты белгіленген кедендік баждың тиісті мөлшерлемесі негізге алына отырып есептеледі.