-
Бухгалтер сөздігі
-
А
- аванстық есеп
- аванстық төлемдер
- Азаматтығы жоқ адам
- Азаматтық
- Айлық есептік көрсеткіш
- Айлық жалақының ең төмен мөлшері
- Айлық жалақының ең төменгі мөлшері
- Айналым күні
- Айыппұл
- Айырбастау
- акциз
- Акциздік өнім
- АҚС-тан МЗЖ
- Ақша аударымы
- Ақша аударымы
- Ақша қаражаты
- Ақша қаражатының қозғалысы
- ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп
- Ақша операциялары
- Ақшалай есеп айырысулар
- Алимент
- алты күндік
- Алып қою тізбесі
- Амортизация
- Апостиль
- Арзандатылған тауар
- арнаулы мобильді қосымша
- АСР дегі шаруа қожалығы
- Аттестаттау
- Аудитор
- Аутсорсинг
- аутстаффинг
- Ауыр жұмыстар
- Ауысымдық жұмыс
- ауысымдық кесте
- АЭА
-
Ә
-
Б
- Бағалы қағаз
- Бағамдық айырма
- бажсыз сауда
- Бақылау чегі
- Бала күтімі бойынша демалыс
- Бала күтімі бойынша төлемдер
- Бала туғанда
- Баланстан тыс шоттар
- банк үзіндісі
- Банкроттық
- Бас бухгалтер
- Бас кiтап
- бастапқы құжаттардың нысандары
- Бейрезидент
- Бейрезиденттің кірісі
- Бересі
- Бизнесті бөлшектеу
- Биологиялық актив
- біліктілігі
- Бір сорттан басқа сортқа көшіру
- бірыңғай жер салығы
- БКМ
- БКМ чегі
- болашақ кезеңдердің шығыстарына
- Бос уақыт
- босқын
- бөлек есепке алу
- бөлу балансында
- Бөлшек салықтың АСР
- Бөлшек сауда
- бөлшек сауда салығы
- БСК
- БСН
- БТБА
- бухгалтер
- бухгалтерлік есеп
- Бухгалтерлік есеп тіркелімдері
- бухгалтерлік құжаттар
- Бюджеттік сыныптама коды
-
В
-
Г
-
Д
- Дактилоскопиялық тіркеу
- Дара кәсіпкер
- Дебиторлық берешек
- Декреттік
- декреттік демалыс
- Демалыс
- Демалыс ақысын есептеу
- Демалыс бойынша резерв
- Демалыс кестесі
- демалыс күндері
- Демалыс төлемдерін есептеу
- демалыс уақыты
- демалыстан кері шақыртып алу
- Деңгейлес мониторинг
- депозитарий
- Дербес деректер
- Дербес деректер
- Дивидендтер
- ДК жабу
- ДСН-код
-
Е
- ЕБМ
- Ең төменгі баға
- Ең төменгі бөлшек баға
- еңбек биржасы
- Еңбек кітапшасы
- Еңбек қауiпсiздiгi
- Еңбек мобильділігі орталығы
- Еңбек нормалары
- Еңбек өтілі
- Еңбек тәртібі
- Еңбек шартын бұзу
- Еңбекақы төлеу қоры
- Еңбекке жарамсыздық парағы
- Еңбекке сағат бойынша ақы төлеу
- Еңбекке уақытша жарамсыздық
- Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы
- Еңбекті қорғау
- Еңбекші көшіп келушілер
- Ерікті зейнетақы жарналары
- есеп құжаттамасы
- Есеп саясаты
- есепке жазу әдісі
- ЕТЖ
- ЕШЕБЖ
-
Ж
- жиынтық есебі
- жалақы
- Жалақыдан бірыңғай төлем
- Жалақысы сақталмайтын демалыс
- Жалдамалы жұмыскер
- Жалдау
- жалпыға бірдей белгіленген режим
- Жалпыға бірдей декларациялау
- Жанама әдіс
- Жанама салықтар
- Жарғылық капитал
- жарғылық капиталын ұлғайту
- Жарнама
- Жарнама қызметтері
- Жарнамалық акция
- Жастар практикасы
- ЖБР
- Жеке іс
- Жеке карточка
- Жеке көмекші
- жеке куәлігі
- жеке практикамен айналысатын адам
- Жеке шот
- Жекеше нотариус
- жеңілдетілген режим
- жер салығы
- ЖЕШ
- ЖЖМ
- ЖЖМ есептен шығару
- ЖЖМ талоны
- ЖКД
- ЖМЗЖ
- Жолдама парағы
- жоспардан тыс тексеру
- Жосықсыз өнім беруші
- ЖСН
- ЖТС
- ЖТС бойынша декларация
- Жүк алушы
- Жүк жөнелтуші
- Жүк тасымалы
- жүктілікке байланысты демалыс
- Жұмыс ауысымы
- Жұмыс істеген сағаттар
- жұмыс орны
- Жұмыс режимі
- Жұмыс уақыты
- Жұмыс уақытын есепке алу
- жұмыс уақытының балансы
- Жұмыскердің кірісі
- жұмыскерлерді жеткізу
- Жұмыссыз
- Жұмыстан шығару
- Жұмыстың жүріп-тұру сипаты
- ЖШС
- ЖШС ашу
- ЖШС жабу
-
З
-
И
-
І
-
К
- Кадр құжаттары
- Кадрлық қызметкері
- Камералдық бақылау
- Кассалық аппарат
- Кассалық кiтап
- Кассалық шығыс ордері
- Кәдеге жарату алымы
- кәмелетке толмаған
- кәсіпкерлік субъектілері
- Кедендік алымдар
- Кедендік баж
- Кедендік декларация
- Кедендік декларациялау
- Кедендік тазарту
- Кедендік төлемдер
- Кейінге қалдырылған салық
- кері импорт
- Кері экспорт
- Кесiмдi ақы төлеу
- Кету қағазы
- Кешбэк
- Кешенді тексеру
- Кірістер мен мүлік туралы декларация
- Кірістер туралы анықтама
- консалтингілік қызмет көрсету
- Консулдық алым
- Консультациялық көрсетілетін қызметтер
- Контрагент
- Корпоративтік кеш
- Корпоративтік шот
- Көлiк салығы
- Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі
- Көліктік-экспедиторлық қызметтер
- көп балалы ана
- Көп балалы отбасы
- Көшіп келуші
- Кредиторлық берешек
- Криптовалюта
- КСА
- КСМ
- КТС
- КТС бойынша шегеруге
- Навигациялық пломба
-
Қ
- Қайта қаржыландыру мөлшерлемесі
- Қайта ұйымдастыру
- Қайырымдылық көмек
- Қандас
- Қаржылық есептілік
- Қаржылық жалдау
- Қарыз
- Қарыз еңбегі
- қауіпсіздік техникасы
- Қашықтан аралас жұмыс істеу
- Қашықтан жұмыс істеу
- ҚҚС
- ҚҚС бойынша декларация
- ҚҚС бойынша есептен шығару
- ҚҚС бойынша куәлік
- ҚҚС бойынша шек
- ҚҚС қайтару
- ҚҚС төлемеуші
- ҚҚС төлеушілер
- ҚҚС түзету
- ҚҚС-нан босату
- қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы
- қолма-қол ақшасыз төлемдер
- Қоныс аударушы
- Қорларды босатуға арналған жүкқұжат
- қорларды есепке алу
- қоршаған ортаға жағымсыз әсері
- Қоса атқарылатын жұмыс
- Қосымша декларация
- қосымша демалыс
- Қосымша есептілік
- қосымша келісім
- Қосымша шот-фактура
- ҚСХҚЕС
- Құжат айналымы
- құжаттарды жою
- құжаттарды сақтау
- Құжаттық тексеру
- Құн өсімінен түсетін кіріс
- құндық балансы
- Құрбан айт
- Құрылтай құжаттары
- Құрылтайшы
- құрылымдық бөлімшесі
- Қызмет түрі
- қызметін тоқтату
- Қызметкерлерді оқыту
- қызметті қайта бастау
- Қызметті тоқтата тұру
- Қызметтік жазба
- қысқартылған жұмыс уақыты
-
Л
-
М
- Майнинг
- Маркетингтік көрсетілетін қызметтер
- Материалдық жауапты тұлға
- Материалдық көмек
- материалдық тұлға
- Мәмілелер мониторингі
- МӘМС
- МӘМСА
- МӘМСЖ
- МЕА
- Медианалық жалақы
- Медицинаға арналған салықтық шегерім
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
- мемлекеттік көрсетілетін қызмет
- мемлекеттік сатып алу
- Мемлекеттік-жекешелік әріптестік
- Мереке күні
- Мерекелер күнтізбесі
- МЗЖ
- микробизнес
- Минустық ЭШФ
- МКЗЖ
- Мобильді аударымдар
- Мобильді қосымша
- Монетарлық баптар
- Мөр
- Мөртабан
- мүгедек бала
- Мүгедектігі бар адам
- Мүлік салығы
- Мүліктік кіріс
- мүшелік жарналар
-
Н
-
О
-
Ө
-
П
-
Р
-
С
- Сақтандыру
- Сақтандыру төлемi
- Салық берешегі
- салық есептілігі нысандары
- Салық жеңiлдiктерi
- Салық режимі
- Салық салу объектісі
- Салық салынатын импорт
- Салық салынатын кіріс
- Салық тәуекелі
- салық тіркелімдерінің нысандары
- Салық төлеушіні тіркеу
- Салық төлеушінің кабинеті
- Салықтық база
- Салықтық есепке алу
- Салықтық есепке алу саясаты
- Салықтық есептілік
- Салықтық жүктеме
- Салықтық жүктеме коэффициенті
- Салықтық мөлшерлеме
- Салықтық өтініш
- Салықтық тексеру
- Салықтық тіркелім
- Салықтық шегерім
- Салықтық шегерім
- салықтық шегерімді
- сатып алу-сату
- Сәйкестендіру құралдары
- Сәйкестендіру нөмірі
- сенiмхат
- Сенімхаттар журналы
- СТ-1
- стандартты шегерім
- Статистикалық есептілік
- Субсидия
- Сынақ мерзімі
- сыртқы (көрнекі) жарнама
- Сыртқы жарнама
-
Т
- табелі
- табыс ДК
- табыс салығы
- тақырыптық тексеру
- Талап мерзiмi
- Таңбалау
- Тарату балансы
- Тарату есептілігі
- Тарифтік мөлшерлеме
- Тауар таңбасы
- тауар экспорты
- Тауар-көлiк жүкқұжаты
- Тауарға ілеспе құжаттар
- Тауардың шығарылған жері туралы сертификат
- тауарларды әкелу
- тауарларды әкету
- Тауарларды сыныптау
- Тауарлық чек
- Тәртіптік жаза
- тәуекел дәрежесі
- Тәуекел дәрежесінің критерийлері
- Тәуекелдерді басқару жүйесі
- Тәуекелдің жоғары дәрежесі
- Тәулікақы
- Тендер
- ТІЖ
- ТІЖ растау
- Тіркелген активтер
- ТҚЖБ
- ТМҚ
- ТМҚ есептен шығару
- Толық емес жұмыс күні
- Төлем белгілеу коды
- Төлем көзіндегі ЖТС
- Төлем көзіндегі КТС
- Төлем көзінен кірістерге
- Түгендеу
- түзетілген ЭШФ
- тұруына ықтиярхат
- Тынығу уақыты
-
У
-
Ү
-
Ұ
-
Ф
-
Х
-
Ц
-
Ш
-
Э
МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) - бұл әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені.
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) іске асыру басталды. МӘМС жүйесі жарна мөлшеріне қарамастан, барлық сақтандырылғандардың қызметтер пакетіне тең қол жеткізуіне негізделген. МӘМС жүйесінің қазақстандық моделі әлеуметтік бағдарланған болып табылады.
МӘМС қатысушылары мен төлеушілері
Аударуға арналған деректемелер
Енгізілген өзгерістер мен толықтырулар
Жалпы ережелер
Адамдар оларға сәйкес медициналық көмек ала алатын екі пакет бар: тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС).
Мемлекет ТМККК шеңберінде тегін медициналық көмекке кепілдік береді. Кепілдендірілген тегін пакетте барлық шұғыл медициналық қызметтер қалады:
- алғашқы медициналық-санитарлық көмек (амбулаториялық-емханалық көмек);
- жедел жәрдем және санитарлық авиация;
- шұғыл стационарлық көмек;
- паллиативтік көмек.
МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесі бар адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетінде медициналық көмекке кеңейтілген қолжетімділік алады.
ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 421 қаулысына сәйкес МӘМС пакетіне мынадай медициналық қызметтер кіреді:
• мыналарды қамтитын амбулаториялық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек:
1) профилактикалық медициналық тексеріп-қарау;
2) учаскелік дәрігердің жолдамасы бойынша тар бейінді дәрігерлерді қабылдау және консультациялар;
3) созылмалы аурулары бар адамдарды бейінді мамандардың динамикалық бақылауы;
4) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысанда стоматологиялық көмек көрсету;
5) диагностикалық қызметтер, оның ішінде зертханалық диагностика (УДЗ, рентген, КТ, МРТ);
• мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық, стационарлық медициналық көмек (жоспарлы және шұғыл нысанда, оның ішінде тәуліктік стационардың қабылдау бөлімшесінде емдеу-диагностикалық іс-шараларды жүргізу);
• медициналық оңалту.
• стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде дәрілік заттармен қамтамасыз ету. Белгілі бір аурулары бар азаматтардың жекелеген санаттары үшін уәкілетті орган бекітетін медициналық бұйымдар тізбесіне сәйкес амбулаториялық жағдайларда.
МӘМС төлеуден кім босатылды
Азаматтардың жеңілдікті санаттары МӘМС төлеуден босатылды. Олар үшiн Медициналық сақтандыру қорына аударымдарды мемлекет жүргiзедi.
Азаматтардың осы санаттарына:
1) балалар;
2) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
4) осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген адамдарды қоспағанда, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі);
5) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;
6) мүгедектігі бар балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;
6-1) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;
7) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
8) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;
9) тергеу изоляторларындағы адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар;
10) жұмыс істемейтін қандастар;
11) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;
12) мүгедектігі бар адамдар;
13) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;
14) жұмыс істемейтін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар жатады.
Осы тармақтың мақсаттары үшін кәсіпкерлік қызметті немесе еңбек қызметін жүзеге асырмайтын және кірісі жоқ адамдар жұмыс істемейтін адамдар деп түсініледі. (МӘМС туралы Заңның 26-бабы).
МӘМС қатысушылары мен төлеушілері
МӘМС туралы Заңның 13-бабына сәйкес МӘМС жүйесіне қатысушылар:
- төлеушілер;
- медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар;
- денсаулық сақтау субъектілері;
- уәкілетті орган;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
- қор;
- Мемлекеттік корпорация; өзге де уәкілетті органдар болып табылады.
Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаларды қоса алғанда, жұмыс берушілер, сондай-ақ аударымдар мен жарналарды есептейтін (ұстап қалатын) және қорға аударатын шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері аударымдарды төлеушілер болып табылады.
Жарна төлеушілер:
1) мемлекет;
2) әскери қызметшілерді, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың жұмыскерлерін қоспағанда, жұмыскерлер, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілер;
3) дара кәсіпкерлер;
4) жеке практикамен айналысатын адамдар;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агентімен жасалған АҚС шарттары бойынша табыс алатын жеке тұлғалар (бұдан әрі – АҚС шарттары бойынша табыс алатын жеке тұлғалар);
9) жарналарды дербес төлейтін адамдар, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрі - дербес төлеушілер);
10) БЖТ төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар ҚР аумағында тұрақты тұратын адамдар мен қандастарды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жарна төлеушілер болып табылады.
01.01.2021 жылдан бастап азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жұмыскерлердің, жеке тұлғалардың қорға төлеуге жататын жарналары (МӘМСЖ) көзделген. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кiрiстер алатын жұмыскерлердiң, жеке тұлғалардың жарналарын есептеу объектiсi олардың кiрiстерi болып табылады.
2023 жылғы 19 ақпаннан бастап МӘМС-ке аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдеріне бірыңғай төлем бойынша (2023 жылғы 1 ақпандағы № 21 бұйрық) енгізілген толықтырулар қолданысқа енгізілді (2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрық).
- МӘМС-ке арналған аударымдарды және МӘМСЖ-на арналған жарналарды төлеушілер АСР қолданатын және бірыңғай төлем шеңберінде қорға аударымдарды төлеуді жүзеге асыратын жұмыс берушілер де болып табылады.
- Бірыңғай төлем төлеушілер үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-3-бабының 1-тармағында белгіленген бірыңғай төлем мөлшерлемесінен МӘМС мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 15,0 пайызды құрайды;
- Осы Заңның 14-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасында көзделген, қорға төленуге тиіс жұмыскерлердің жарналары 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 10,0 пайызы мөлшерінде белгіленеді;
- МӘМС, МӘМСЖ ЖАБТ жалпы сомасына кіреді, екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы осындай бірыңғай төлем аударылатын айды көрсете отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының банктік шотына 25-не дейін төленеді.
МӘМС-ке жарналар
Қорға төленуге тиіс МӘМС-ке мемлекеттің жарналары:
- 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 1,4 пайызы;
- 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,6 пайызы;
- 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,7 пайызын;
- 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 1,8 пайызын;
- 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,9 пайызы;
- 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 2 пайызы;
- 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекет жарналарын есептеу объектісінің кемінде 2, бірақ 3 пайызынан аспайтын мөлшерде белгіленеді. Бұл ретте мемлекет жарналарының мөлшерi жыл сайын тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленедi.
Жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің, сондай-ақ қорға төленуге жататын АҚС шарттары бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың МӘМС жарналары:
- 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - жарналарды есептеу объектісінің 1 пайызы;
- 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - жарналарды есептеу объектісінің 2 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
1-1. Осы Заңның 14-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасында көзделген, қорға төленуге тиіс жұмыскерлердің жарналары:
- 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 10,0 пайызы;
- 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 9,3 пайызы;
- 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 8,4 пайызы;
- 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 8,1 пайызы;
- 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 7,8 пайызы;
- 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап - бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 7,6 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
ДК, жеке практикамен айналысатын тұлғалардың жарналары 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жарналарды есептеу объектісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Дербес төлеушілердің жарналары
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жарналарды есептеу объектісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
МӘМС-ке аударымдар
Жұмыс берушілердің қорға төленуге тиіс аударымдары:
- 2017 жылғы 1 шілдеден бастап - аударымдарды есептеу объектісінің 1 пайызы;
- 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - аударымдарды есептеу объектісінің 1,5 пайызы;
- 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - аударымдарды есептеу объектісінің 2 пайызы;
- 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - аударымдарды есептеу объектісінің 3 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
1-1. Бірыңғай төлем төлеушілер үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-3-бабының 1-тармағында белгіленген бірыңғай төлем мөлшерлемесінен аударымдар мөлшері:
- 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 15,0 пайызды;
- 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 13,95 пайызды; («Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 6 сәуірдегі № 71-VІIІ Қазақстан Республикасының Заңымен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Заңның 27-бабы 1-1-тармағының үшінші абзацына өзгерістер енгізілді)
- 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 12,6 пайызды;
- 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 12,1 пайызды;
- 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 11,6 пайызды;
- 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап - 11,4 пайызды құрайды.
Осы Заңның 29-бабына сәйкес есептелген, кіріс түрінде жұмыскерге, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшіге төленетін жұмыс берушінің шығыстары аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.
Бұл ретте бірыңғай төлемнен аударымдарды есептеу үшін алынатын ай сайынғы кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 10 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Есептеу мерзімдері
Жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің МӘМС аударымдарын және (немесе) МӘМС жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды жұмыс беруші ай сайын жүзеге асырады.
АҚС шарттары бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды осындай шарттар жасалған салық агенттері ай сайын жүзеге асырады.
ДК, жеке практикамен айналысатын тұлғалардың ай сайынғы жарналарын есептеуі және төлеуі кейіннен Мемлекеттік корпорация қордың шотына аудару үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
Өздері төлейтіндердің жарналарын қорға төлеу Мемлекеттік корпорацияның қордың шотына кейіннен аударуы үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі. МӘМС туралы Заңның 30-бабы.
Есепке жазылған (ұстап қалған) МӘМС аударымдары және (немесе) МӘМС жарналары қордың шотына
Мемлекеттік корпорацияның кейіннен аударуы үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы:
1) дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (осы тармақтың 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар – кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;
2) дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген тұлғалардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар өз пайдасына – ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;
3) өздері төлейтіндер - есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей аударады . МӘМС туралы Заңның 30-бабы.
МӘМС туралы заңның 31-бабы негізінде МӘМС аударымдарының және (немесе) МӘМС жарналарының уақтылы аударылмаған сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады және төлеуші оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1,25 еселенген базалық мөлшерлемесі мөлшерінде мерзімі өткен әрбір күн үшін (қорға төлеу күнін қоса алғанда) есепке жазылған өсімпұлмен бірге қордың шотына аударуға тиіс.
"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 шілдеде № 15361 болып тіркелді.
Аударуға арналған деректемелер
МӘМС (МӘМСЖ) жарналарын аударуға арналған деректемелер:
• KZ92009MEDS368609103
• 160440007161
• GCVPKZ2A
МӘМС үшін ТБК - 121
МӘМСЖ үшін ТБК - 122
Енгізілген өзгерістер мен толықтырулар
2022 жылдың 5 қыркүйегінен бастап МӘМС-тегі сақтандыру бойынша өзгерістер күшіне енді
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар, дәрілік қамтамасыз ету және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2022 жылғы 4 шілдедегі № 134-VІI Заңмен «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізілді.
Заңда 5-бапта 3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Заңның 14-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 9) тармақшасында көзделген адамдарды қоспағанда, қорға өздері үшін аударымдар және (немесе) жарналар төленбеген адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқық алу үшін қорға төленбеген кезең үшін, бірақ төлем күнінің алдындағы он екі айдан асырмай, республикалық бюджет туралы заңда ағымдағы қаржы жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінің 5 пайызы мөлшерінде әрбір ай үшін жарналар төлеуге міндетті".
Бап мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылды:
«3-2. Осы Заңның 14-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 9) тармақшасында көзделген, қорға жарналар төлемеген адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқық алу үшін қорға мынадай тәсілдердің бірімен:
1) төлем күнінен кейінгі он екі ай кезең үшін республикалық бюджет туралы заңда ағымдағы қаржы жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінің 5 пайызы мөлшерінде, әрбір ай үшін;
2) төленбеген кезең үшін, бірақ төлем күнінің алдындағы он екі айдан асырмай, республикалық бюджет туралы заңда ағымдағы қаржы жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінің 5 пайызы мөлшерінде әрбір ай үшін жарналар төлейді.".
Осылайша, сақтандырылған адам мәртебесін алу үшін:
- Өткен 12 айдың өткiзiп алған кезеңдерiн төлеуге және мәртебесiн жоғалтпау үшiн жарналарды одан әрi тұрақты төлеудi жалғастыруға болады. Бұл тәсіл қарызы бар, ал қазіргі уақытта ресми түрде жұмысқа орналасқандар үшін ыңғайлы, енді ол үшін жарналар түсе береді;
- Ағымдағы айды қоспағанда, алдағы 12 айға жарна төлеуге және жыл бойы сақтандырылуға болады. Мәртебе келесі айдан бастап пайда болады. Егер мәртебені ағымдағы айда алу қажет болса, онда ол үшін де төлем жасау қажет.
Жарналарды екінші деңгейдегі банктер, банктердің мобильдік қосымшалары, «Қазпошта» және төлем терминалдары арқылы дербес төлеуші ретінде әр ай үшін жеке төлеу керек. Барлық төлемдерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2-3 күн ішінде өңдейді, содан кейін мәртебе беріледі.