Жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлем (бұдан әрі - кәсіптік төлем) - бұл адамдарға Еңбек кодексінің 127-3-бабында көзделген шарттар туындаған кезде жүргізілетін ақшалай төлем;

Кәсіптік төлемді алушы (бұдан әрі - алушы) - бұл кәсіптік төлем жүзеге асырылатын жеке тұлға.

Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін жұмыскерлерге 55 жасқа толған және олар үшін жиынтығында кемінде 84 ай МКЗЖ төленген кезде олар еңбек жағдайлары зиянды жұмыстардағы еңбек қызметін тоқтатқан немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын басқа жұмысқа ауысқан жағдайда жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлем жүзеге асырылады.

Жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлем алу құқығы жүгінген күннен бастап туындайды.

Жұмыскердің еңбек жағдайлары зиянды жұмыстардағы еңбек қызметін тоқтатуы немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын басқа жұмысқа ауысуы туралы өтініші тіркелген немесе "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемді жүзеге асыруға оның келісімі алынған күн жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемді жүзеге асыруға жүгінген күн болып есептеледі.

    Жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлем алушы Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 207-бабында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін жүзеге асырылады.

     Жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемнің мөлшері ай сайын республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір шамасын құрайды.

    Жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемнің мөлшері ай сайын республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген бір ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын құрайды.

       Жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемді ұйымдастыру және жүзеге асыру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүргізіледі.

Алушы қайтыс болған жағдайда жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлем – қайтыс болған айды қоса алғанда, ал жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемді алушы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұрғылықты тұруға кеткен жағдайда кеткен айды қоса алғанда жүзеге асырылады.

     Жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемді ұйымдастырғаны және жүзеге асырғаны үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның қаражаты есебінен жүргізіледі.

   Жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемді жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.

Кәсіптік төлемді жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату қағидаларына сәйкес кәсіптік төлем:

1) кәсіптік төлем алушының қайтыс болғаны туралы, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер;

2) Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату фактісін анықтау туралы мәліметтер;

3) кәсіптік төлемді алушының пайдасына
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу фактісінің анықталғаны туралы мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.