540.00-нысан - Үстеме пайда салығы бойынша декларация

 

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап үстеме пайда салығы бойынша декларация (540.00-нысан)

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі үстеме пайда салығы бойынша декларация (540.00-нысан)

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап үстеме пайда салығы бойынша декларация (540.00-нысан)

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салықтық есептілік 30%-ға қысқарды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 695 бұйрығымен олардың жасалуы бойынша түсіндірмемен салықтық есептілік нысандары және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап оларды ұсыну қағидалары бекітілді. Үстеме пайда салығы бойынша декларация (540.00-нысан) салықтық есептілік нысандарының тізбесінде жоқ.

Осылайша, 2026 жыл үшін Үстеме пайда салығы бойынша декларация (540.00-нысан) тапсырылмайды. Үстеме пайда салығы бойынша көрсеткіштер СЕН 150.00 12-қосымшаға енгізілді (СЕН 150.12). 

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі үстеме пайда салығы бойынша декларация (540.00-нысан)

СЕН - 540.00 - «Үстеме пайда салығы бойынша декларация (540.00-нысан)».


540.00-нысандағы Декларация

Салықтық кезең және Декларацияны тапсыру мерзімдері

Жауапкершілік

540.00-нысандағы Декларация

540.00-нысандағы Декларация жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша есепті салықтық кезең үшін төлеуге жататын үстеме пайда салығының сомасын көрсетуге арналған.

Үстеме пайда салығы бойынша декларацияны (540.00-нысан) өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар), кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықты өндіруге арналған келісімшарттар, сондай-ақ барлауға және өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратындарды қоспағанда, бұл келісімшарттар пайдалы қазбалардың басқа түрлерін өндіруді көздемеген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша жасалады.

Салықтық кезең және Декларацияны тапсыру мерзімдері

Үстеме пайда салығы үшін 1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл салықтық кезең болып табылады.

Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күнтізбелік жыл ішінде жасалса, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік жыл аяқталғанға дейінгі уақыт кезеңі осындай келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын есептеу үшін бірінші салықтық кезең болып табылады.

Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы күнтізбелік жылдың соңына дейін өткен болса, күнтізбелік жыл басталғаннан бастап жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы аяқталған күнге дейінгі уақыт кезеңі осындай келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын есептеу үшін соңғы салықтық кезең болып табылады.

Егер күнтізбелік жыл басталғаннан кейін күшіне енген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы осы күнтізбелік жыл аяқталғанға дейін өткен болса, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күшіне енген күннен бастап жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы аяқталған күнге дейінгі уақыт кезеңі осындай келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын есептеу үшін салықтық кезең болып табылады.

Үстеме пайда салығы декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей салық төлеушінің орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.

540.00-нысандағы үстеме пайда салығы бойынша декларацияны салық төлеуші орналасқан жері бойынша салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей ұсынады.

Жауапкершілік

Салықтық есептілікті ұсынбағаны үшін 15-70 АЕК (кәсіпкерлік субъектісіне байланысты) айыппұл салынады, ал бірінші рет ескерту жасалады.
Декларацияда, өтініште немесе есепте салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер сомасын төмендеткені үшін есептелген салық немесе басқа да төлем сомасынан 20% - 80% айыппұл салу қаупі бар.


Үстеме пайда салығы бойынша декларация (540.00-нысан) салық есептілігін жасау қағидалары