-
Бухгалтер сөздігі
-
А
- аванстық есеп
- аванстық төлемдер
- Азаматтығы жоқ адам
- Азаматтық
- Айлық есептік көрсеткіш
- Айлық жалақының ең төмен мөлшері
- Айлық жалақының ең төменгі мөлшері
- Айналым күні
- Айыппұл
- Айырбастау
- акциз
- Акцизделетін тауарлар
- Акциздік өнім
- АҚС
- АҚС-тан МЗЖ
- Ақша аударымы
- Ақша аударымы
- Ақша қаражаты
- Ақша қаражатының қозғалысы
- ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп
- Ақша операциялары
- Ақшалай есеп айырысулар
- Алимент
- алты күндік
- Алып қою тізбесі
- Амортизация
- Апостиль
- Арзандатылған тауар
- арнаулы мобильді қосымша
- АСР
- АСР дегі шаруа қожалығы
- Аттестаттау
- Аудитор
- Аутсорсинг
- аутстаффинг
- Ауыр жұмыстар
- Ауысымдық жұмыс
- ауысымдық кесте
- АЭА
-
Ә
-
Б
- Бағалы қағаз
- Бағамдық айырма
- бажсыз сауда
- Базалық салықтық шегерім
- Бақылау чегі
- Бала күтімі бойынша демалыс
- Бала күтімі бойынша төлемдер
- Бала туғанда
- Баланстан тыс шоттар
- банк үзіндісі
- Банкроттық
- Бас бухгалтер
- Бас кiтап
- бастапқы құжаттар
- бастапқы құжаттардың нысандары
- Бейрезидент
- Бейрезидент жұмыскер
- бейрезидент үшін ҚҚС
- Бейрезиденттің кірісі
- Бересі
- Берешекті өтеу
- Бизнесті бөлшектеу
- Бизнесті сату
- Биологиялық актив
- біліктілігі
- Бір сорттан басқа сортқа көшіру
- бірыңғай жер салығы
- бірыңғай төлем
- БКМ
- БКМ чегі
- болашақ кезеңдердің шығыстарына
- Бос тұрып қалу
- Бос уақыт
- босқын
- бөлек есепке алу
- бөлу балансында
- Бөлшек салықтың АСР
- Бөлшек сауда
- бөлшек сауда салығы
- БСК
- БСН
- БТБА
- бухгалтер
- бухгалтерлік есеп
- Бухгалтерлік есеп тіркелімдері
- бухгалтерлік құжаттар
- Бюджеттік сыныптама коды
-
В
-
Г
-
Д
- Дактилоскопиялық тіркеу
- Дара кәсіпкер
- Дебиторлық берешек
- Декреттік
- декреттік демалыс
- Демалыс
- Демалыс ақысын есептеу
- Демалыс бойынша резерв
- Демалыс кестесі
- демалыс күндері
- Демалыс төлемдерін есептеу
- демалыс уақыты
- демалыстан кері шақыртып алу
- демалысты ұзарту
- Деңгейлес мониторинг
- депозитарий
- Дербес деректер
- Дербес деректер
- Дивидендтер
- ДК жабу
- ДСН-код
-
Е
- ЕБМ
- Ең төмен күнкөріс деңгейі
- Ең төменгі баға
- Ең төменгі бөлшек баға
- еңбек биржасы
- Еңбек кітапшасы
- Еңбек қауiпсiздiгi
- Еңбек мобильділігі орталығы
- Еңбек нормалары
- Еңбек өтілі
- Еңбек тәртібі
- Еңбек шартын бұзу
- Еңбекақы төлеу қоры
- Еңбекке жарамсыздық парағы
- Еңбекке сағат бойынша ақы төлеу
- Еңбекке уақытша жарамсыздық
- Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы
- Еңбекті қорғау
- Еңбекші көшіп келушілер
- Ерікті зейнетақы жарналары
- Есеп беретін тұлғалар
- Есеп беру
- есеп құжаттамасы
- Есеп саясаты
- есепке жазу әдісі
- есептілікті тоқтата тұру
- ЕТЖ
- ЕШЕБЖ
-
Ж
- жиынтық есебі
- жалақы
- Жалақысы сақталмайтын демалыс
- Жалдамалы жұмыскер
- Жалдау
- жалпыға бірдей белгіленген режим
- Жалпыға бірдей декларациялау
- Жанама әдіс
- Жанама салықтар
- Жарғылық капитал
- жарғылық капиталын ұлғайту
- Жарнама
- Жарнама қызметтері
- жарнама үшін төлем
- Жарнамалық акция
- Жастар практикасы
- ЖБР
- Жеке іс
- Жеке карточка
- Жеке көмекші
- жеке куәлігі
- жеке практикамен айналысатын адам
- Жеке шот
- Жекеше нотариус
- жеңілдетілген режим
- жер салығы
- жерлеуге
- ЖЕШ
- ЖЖМ
- ЖЖМ есептен шығару
- ЖЖМ талоны
- ЖКД
- ЖМЗЖ
- жол жүру шығыны
- Жолдама парағы
- жоспардан тыс тексеру
- Жосықсыз өнім беруші
- ЖСН
- ЖТС
- ЖТС бойынша декларация
- ЖТС бойынша шегерім
- Жүк алушы
- Жүк жөнелтуші
- Жүк тасымалы
- жүктілікке байланысты демалыс
- Жұмыс ауысымы
- Жұмыс беруші
- Жұмыс істеген сағаттар
- жұмыс орны
- Жұмыс режимі
- Жұмыс уақыты
- Жұмыс уақытын есепке алу
- жұмыс уақытының балансы
- Жұмыскердің кірісі
- жұмыскерлерді жеткізу
- Жұмысқа келмеу
- Жұмысқа қабылдау
- Жұмыссыз
- Жұмыстан шығару
- Жұмыстың жүріп-тұру сипаты
- ЖШС
- ЖШС ашу
- ЖШС жабу
-
З
-
И
-
І
-
К
- Кадр құжаттары
- Кадрлық қызметкері
- Камералдық бақылау
- Кассалық аппарат
- Кассалық кiрiс ордерi
- Кассалық кiтап
- Кассалық шығыс ордері
- Кәдеге жарату алымы
- кәмелетке толмаған
- кәсiподақ
- Кәсіби бухгалтер
- Кәсіпкер
- Кәсіпкерлік
- кәсіпкерлік субъектілері
- Кәсіптік оқыту
- кәсіптік төлем
- Кедендік алымдар
- Кедендік баж
- Кедендік декларация
- Кедендік декларациялау
- Кедендік тазарту
- Кедендік төлемдер
- Кейінге қалдырылған салық
- кері импорт
- Кері экспорт
- Кесiмдi ақы төлеу
- Кету қағазы
- Кешбэк
- Кешенді тексеру
- Кірістер мен мүлік туралы декларация
- Кірістер туралы анықтама
- консалтингілік қызмет көрсету
- Консулдық алым
- Консультациялық көрсетілетін қызметтер
- Контрагент
- Контрагентті тексеру
- Корпоративтік кеш
- Корпоративтік шот
- Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі
- Көлікке салынатын салық
- Көліктік-экспедиторлық қызметтер
- көп балалы ана
- Көп балалы отбасы
- көп балалы отбасы үшін шегерім
- Көрнекі жарнама
- Көшіп келуші
- Кредиторлық берешек
- Криптовалюта
- КСА
- КСМ
- КТС
- КТС бойынша шегеруге
- Навигациялық пломба
-
Қ
- Қайта қаржыландыру мөлшерлемесі
- Қайта тiркеу
- Қайта ұйымдастыру
- Қайырымдылық көмек
- Қандас
- Қаржылық есептілік
- Қаржылық жалдау
- Қарыз
- Қарыз еңбегі
- Қате төлем
- қауіпсіздік техникасы
- Қашықтан аралас жұмыс істеу
- Қашықтан жұмыс істеу
- ҚҚС
- ҚҚС бойынша декларация
- ҚҚС бойынша есептен шығару
- ҚҚС бойынша куәлік
- ҚҚС бойынша шек
- ҚҚС қайтару
- ҚҚС төлемеуші
- ҚҚС төлеушілер
- ҚҚС түзету
- ҚҚС-нан босату
- Қол қою бонусы
- қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы
- қолма-қол ақшасыз төлемдер
- Қоныс аударушы
- Қорларды босатуға арналған жүкқұжат
- қорларды есепке алу
- қоршаған ортаға жағымсыз әсері
- Қоса атқарылатын жұмыс
- қосылу
- Қосымша декларация
- қосымша демалыс
- Қосымша есептілік
- қосымша келісім
- Қосымша ЭШФ
- ҚСХҚЕС
- Құжат айналымы
- құжаттарды жою
- құжаттарды сақтау
- Құжаттық тексеру
- Құн өсімінен түсетін кіріс
- құндық балансы
- Құрбан айт
- Құрылтай құжаттары
- Құрылтайшы
- құрылымдық бөлімшесі
- Қызмет түрі
- қызметін тоқтату
- Қызметкерлерді оқыту
- қызметті қайта бастау
- Қызметті тоқтата тұру
- Қызметтік жазба
- қысқартылған жұмыс уақыты
-
Л
-
М
- Майнинг
- Маркетингтік көрсетілетін қызметтер
- Материалдық жауапты тұлға
- Материалдық көмек
- материалдық тұлға
- Мәмілелер мониторингі
- МӘМС
- МӘМСА
- МӘМСЖ
- МЕА
- Медианалық жалақы
- Медицинаға арналған салықтық шегерім
- медициналық сақтандыру
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
- мемлекеттік көрсетілетін қызмет
- мемлекеттік сатып алу
- Мемлекеттік-жекешелік әріптестік
- Мереке күні
- Мерекелер күнтізбесі
- Мерзiмi өткен төлем
- МЗЖ
- микробизнес
- Минустық ЭШФ
- МКЗЖ
- Мобильді аударымдар
- Мобильді қосымша
- Монетарлық баптар
- Мөр
- Мөртабан
- мүгедек бала
- Мүгедектігі бар адам
- Мүлік салығы
- Мүліктік кіріс
- мүшелік жарналар
-
Н
-
О
-
Ө
-
П
-
Р
-
С
- Сақтандыру
- Сақтандыру төлемi
- Салық берешегі
- салық есептілігі нысандары
- Салық жеңiлдiктерi
- Салық жүктемесінің коэффициенті
- Салық режимі
- Салық салу объектісі
- Салық салынатын импорт
- Салық салынатын кіріс
- Салық тәуекелі
- салық тіркелімдерінің нысандары
- Салық төлеушіні тіркеу
- Салық төлеушінің кабинеті
- Салық төлеушінің паспорты
- Салықтарды аудару
- Салықтық база
- Салықтық есепке алу
- Салықтық есепке алу саясаты
- Салықтық есептілік
- Салықтық жүктеме
- Салықтық мөлшерлеме
- Салықтық өтініш
- Салықтық тексеру
- Салықтық тіркелім
- салықтық хабарлама
- Салықтық шегерім
- сатып алу-сату
- Сауықтыруға арналған жәрдемақы
- Сәйкестендіру құралдары
- Сәйкестендіру нөмірі
- сенiмхат
- Сенімхаттар журналы
- СНР-дегі ЖК
- СТ-1
- стандартты шегерім
- Статистикалық есептілік
- Субсидия
- сыйақы бойынша шегерім
- Сыйлық сертификаты
- Сынақ мерзімі
- Сыртқы жарнама
-
Т
- табелі
- табыс ДК
- табыс салығы
- тақырыптық тексеру
- Талап мерзiмi
- Таңбалау
- Тарату балансы
- Тарату есептілігі
- Тарифтік мөлшерлеме
- Тасымалдау құжаттары
- Тауар таңбасы
- тауар экспорты
- Тауар-көлiк жүкқұжаты
- Тауарға ілеспе құжаттар
- Тауардың бүлінуі
- тауардың қадағалануы
- Тауардың шығарылған жері туралы сертификат
- тауардың шығу тегі
- Тауарлар тiзбесi
- тауарларды әкелу
- тауарларды әкету
- Тауарларды сыныптау
- Тауарлық чек
- Тәртіптік жаза
- тәуекел дәрежесі
- Тәуекел дәрежесінің критерийлері
- Тәуекелдерді басқару жүйесі
- Тәуекелдің жоғары дәрежесі
- Тәулікақы
- Тексеру парағы
- Тендер
- ТІЖ
- ТІЖ растау
- Тікелей шығыстар
- Тіркелген активтер
- тіркелген шегерімді АСР
- ТҚЖБ
- ТМҚ
- ТМҚ есептен шығару
- Толық емес жұмыс күні
- Төлем белгілеу коды
- Төлем ведомосі
- Төлем карточкасы
- Төлем көзіндегі ЖТС
- Төлем көзіндегі КТС
- Төлем көзінен кірістерге
- Төлем ордері
- Төлем тапсырмасы
- төлем терминалы
- Түгендеу
- түзетілген ЭШФ
- тұруына ықтиярхат
- Тынығу уақыты
-
У
-
Ү
-
Ұ
-
Ф
-
Х
-
Ц
-
Ш
- Шағын және орта бизнес
- Шағын сауда нүктесі
- Шартты түрде шығару
- шегерімге жұмсалатын шығыс
- Шетелдiк
- Шетелдiк iссапар
- Шетелдiк рұқсат бланкiсi
- Шетелдік жұмыс күші
- шетелдік қызметкер
- Шетелдік тауарлар
- ШОБ үшін ХҚЕС
- Шот-фактура
- Шоттар жоспары
- Шоттар корреспонденциясы
- штатты қысқарту
- Штаттық кесте
- шығу белгісі
- Шығу көзi
-
Э
- Экологиялық демалыс
- Экспедитор
- Экспедиторлық қызметтер
- Экспорттық баж
- Электрондық еңбек шарты
- электрондық құжат айналымы
- электрондық сауда
- Электрондық цифрлық қолтаңба
- электрондық шот-фактураны ресімдеу
- эмиссия үшін төлем
- ЭШФ
- ЭШФ АЖ
- ЭШФ жазып берілуін автоматтандырылған бақылау
- ЭШФ жазып беру
- ЭШФ ресімдеу
ҚҚС (қосылған құн салығы) - бұл тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және айналымы процесінде қосылған өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігінің бюджетке аударымдары, сондай-ақ ҚР аумағына тауарлар импорты кезінде аударымдар.
Бюджетке төленуге тиіс ҚҚС тауарларды, жұмыстарды немесе қызметтерді өткізу бойынша есептелген ҚҚС мен сатып алынған тауарлар, жұмыстар немесе қызметтер бойынша төленген салық арасындағы айырма ретінде есептеледі.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС
2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі ҚҚС
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС
Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.
Салық реформасы шеңберінде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін өзгерістер ҚҚС-на қатысты болды.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап одан асып кеткен кезде ҚҚС бойынша тіркеу есебіне тұру қажет айналымның шекті шегі - тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 10 000 АЕК-ке тең айналым. (ҚР СК 99-бабы)
ҚҚС бойынша міндетті тіркеу есебіне қою мерзімі айналым шегінен асқан сәттен бастап 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Егер айналымы ҚҚС бойынша шекті шектен асатын мәміле жоспарланып отырса, онда салық төлеуші айналым жасалғанға дейін ҚҚС бойынша міндетті тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруі тиіс. (ҚР СК 101-бабы)
Қосылған құн салығының негiзгi мөлшерлемесі 16%-ды құрайды және салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт мөлшерiне қолданылады. (ҚР СК 503-бабы).
ҚҚС бойынша декларация (СЕН 300.00) есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 15-інен ерте емес
және есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей ұсынылады.
Негіздеме - ҚР Салық кодексінің 505-бабы.
МАҢЫЗДЫ! Салық кодексінің 480-бабының 8-тармағында ҚҚС төлеуші ҚҚС бойынша декларацияны (300.00-нысан)
ЭШФ АЖ-ға тапсырғанға дейін есепке жатқызылатын ҚҚС сомалары бойынша белгі
жасайды деп белгіленген.
ҚҚС төлеуші ҚҚС төлеушінің тіркеу есебінен:
- жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен арнаулы салық режиміне (АСР) көшкен кезде;
- салық төлеушінің қызметі тоқтатылған немесе ол таратылған кезде шығарылады. (ҚР СК 103-бабы)
ҚҚС бойынша міндетті есепке қою
Салықтық кезең және салық декларациясы
ҚҚС төлеушіні тіркеу есебінен шығару
ҚҚС төлеушілер
ҚР СК 447-бабында белгіленгендей мыналар қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылады:
1) салық төлеушілер базасында Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою жүргізілген тұлғалар;
2) ЕАЭО-ның кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттайтын тұлғалар.
ҚҚС бойынша міндетті есепке қою
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС төлеушіні тіркеу есебіне қоюдың 3 түрі көзделген:
- ерікті түрде қою;
- міндетті түрде қою;
- шартты түрде қою.
Асып кеткен кезде ҚҚС бойынша тіркеу есебіне тұру қажет айналымның шекті шегі - тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 10 000 АЕК-ке тең айналым (ҚР СК 99-бабы)
ҚҚС төлеушіні тіркеу есебіне қою осындай өтініш ұсынылған күннен бастап салық төлеушінің тұрған жеріндегі салық органына ұсынылған салықтық өтініш негізінде жүзеге асырылады.
Салық төлеушіні тіркеу есебіне қойғаннан кейін басшы және (немесе) бюджетпен есеп айырысуға жауапты адам салық органдарында электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесімен және электрондық шот-фактураларды жазып беру тәртібімен танысуға міндетті.
Заңды тұлғаны тіркеу есебіне қою және (немесе) тіркеу деректерін өзгерту, сондай-ақ басшыны ауыстыру кезінде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде басшыны биометриялық сәйкестендіру жүргізіледі.
ҚҚС бойынша міндетті есепке қою
Айналымы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 10 000 АЕК айналымының шекті шегінен асатын салық төлеушілер ҚҚС бойынша міндетті есепке қоюға жатады. (ҚР СК 101-бабы)
ҚҚС төлеушіні есепке
қою айналымның шекті шегінен асқан күннен бастап 5 жұмыс күнінен
кешіктірмей - мерзімде берілетін салықтық өтініш негізінде жүзеге
асырылады.
Айналымның шекті шегінен асатын мәміле
жасалған жағдайда, салық төлеуші осындай
мәміле бойынша айналым жасалғанға дейін салықтық
өтініш береді.
ҚҚС бойынша міндетті есепке қою үшін айналым:
1) бейрезидент Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын жаңадан құрылған резидент-заңды тұлға, құрылымдық бөлімше – тіркеуші органда мемлекеттік (есептік) тіркелген күннен бастап;
2) салық органдарында дара кәсіпкерді тіркеу есебіне қайта тұрған жеке тұлға – ДК тіркеу есебіне қойылған күннен бастап;
3) арнаулы салық режимін қолданған салық төлеуші – жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне көшкен күннен бастап;
4) өзге салық төлеуші – ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап айқындалады.
Мыналар міндетті түрде тіркеу есебіне қоюға жатпайды:
- мемлекеттік мекеме;
- резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;
- жеке практикамен айналысатын адам;
- арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші (оңайлатылған декларация негізінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, ШҚ үшін АСР);
- жеке тұлға.
ҚҚС бойынша ерікті есепке қою
ҚҚС бойынша тіркеу есебіне міндетті және шартты түрде қоюға жатпайтын тұлғалардың айналымның шекті шегіне жеткенге дейін салық төлеушіні тіркеу есебіне ерікті түрде қоюға құқығы бар (ҚР СК 100-бабы)
ҚҚС бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қоюға жатпайды:
1) мемлекеттік мекеме;
2) резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;
3) жеке практикамен айналысатын адам;
4) арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші;
5) жеке тұлға.
ҚҚС бойынша шартты есепке қою
Салық төлеушіні тіркеу есебіне шартты түрде қою уәкілетті орган айқындаған тәртіппен шетелдік салық төлеуші компаниялардың тізілімін қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады.
Салық органы шетелдік салық төлеуші компаниялардың тізіліміне шартты түрде қоюды жүзеге асыру тәртібімен белгіленген тізбеге сәйкес шетелдік компания туралы деректерді енгізеді.
Салық төлеуші шетелдік компаниялардың тізіліміне енгізілген салық төлеуші шетелдік компаниялар туралы мәліметтер шартты түрде қоюды жүзеге асыру тәртібіне сәйкес уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Шетелдік компания салық төлеушіні тіркеу есебіне шартты түрде қою үшін салық органына салық төлеушіні тіркеу есебіне қою туралы растау хатын шетелдік салық төлеуші компаниялардың тізіліміне енгізілуге жататын деректерді көрсете отырып ұсынады.
Растау хатын шетелдік компания салық органына тауарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алушы бірінші төлемді жүзеге асырған күннен бастап бір айдан кешіктірмей ұсынады.
Шетелдік компания салық төлеуші шетелдік компаниялардың тізіліміне енгізілуге жататын деректердің өзгергені және (немесе) толықтырылғаны туралы салық органын деректердің өзгерістері және (немесе) толықтырулары енгізілген күннен кейінгі он жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге міндетті. (ҚР СК 102-бабы)
Шетелдік компания тауарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алушы бірінші төлемді жүзеге асырған күннен бастап салық төлеуші болып танылады.
ҚҚС мөлшерлемесі
Қосылған құн салығының негiзгi мөлшерлемесі 16%-ды құрайды және салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт мөлшерiне қолданылады. (ҚР СК 503-бабы.).
ҚҚС 5% - 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап,
ҚҚС 10% - 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап
өткізу және импорт бойынша салық салынатын айналым мөлшерінен:
- ТМККК және МӘМС шеңберінде, сондай-ақ орфандық ауруларды емдеу үшін өткізілген тауарларды қоспағанда, дәрілік заттар;
- медициналық бұйымдар, медициналық бұйымдарды жинақтаушы, сондай-ақ техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар.
- ТМККК және МӘМС шеңберінде іске асырылғандарды қоспағанда, медициналық қызметтерді, оның ішінде кешенде көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша, сондай-ақ орфандық ауруларды емдеу үшін салық салынатын айналым мөлшерінен.
ҚҚС 10% - отандық мерзімді баспасөз
басылымдарын сату бойынша айналым мөлшерінен.
Есепке жатқызылатын қосымша ҚҚС сомасы - 80% - Салық кодексінің 490-бабында айқындалған шаруа немесе фермер қожалықтарын қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін, аквашаруашылық (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өндіруді, қайта өңдеуді жүзеге асыратын тұлғалар үшін.
Салықтық кезең және салық декларациясы
Күнтізбелік тоқсан қосылған құн салығы бойынша салықтық кезең болып табылады.
ҚҚС төлеуші ҚҚС бойынша декларацияны (СЕН 300.00) әрбір салықтық кезең үшін тұрған жеріндегі салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі айдың 15-інен кейін және есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей ұсынуға міндетті (ҚР СК 505-бабы)
МАҢЫЗДЫ! Салық кодексінің 480-бабының 8-тармағында ҚҚС төлеуші ҚҚС бойынша декларацияны (300.00-нысан) ЭШФ АЖ-ға тапсырғанға дейін есепке жатқызылатын ҚҚС сомалары бойынша белгі жасайды деп белгіленген.
Қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясын:
- ҚР СК 103-бабында көзделген тәртіппен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару кезінде.
- ҚР СК 7-тарауында көзделген тәртіппен тарату кезінде ұсынуға міндетті.
ҚҚС төлеу мерзімі
ҚР СК 506-бабына сәйкес ҚҚС салық төлеушінің тұрған жерінде мынадай мерзімдерде:
1) есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей – әрбір салықтық кезең үшін бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығының, сондай-ақ бейрезидент үшін есептелген ҚҚС сомасы.
2) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған мерзімдерде – импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығының сомасы;
3) ҚҚС бойынша тарату декларациясы салық органына ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей – қосылған құн салығын төлеуші ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығарылған жағдайда, осындай декларацияда көрсетілген ҚҚС сомасы төленуге жатады.
Импортталған тауарлар бойынша ҚҚС салық төлеушілердің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей төленеді.
Импортталған тауарлардың бағасы ҚР СК 518-бабының 8-тармағына сәйкес ұлғайту жағына өзгертілген жағдайда, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш шартқа (келісімшартқа) қатысушылар импортталған тауарлардың бағасын өзгерткен айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей электрондық нысанда ұсынылады. (ҚР СК 530-бабы)
ҚҚС төлеушіні тіркеу есебінен шығару
ҚР СК 103-бабының негізінде ҚҚС төлеуші ҚҚС төлеушінің тіркеу есебінен:
- жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен арнаулы салық режиміне (АСР) көшкен кезде;
- қызметі тоқтатылған немесе ол таратылған кезде шығарылады.
Салық төлеуші жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен АСР-ге ауысқан кезде салық салудың қолданылатын режимі туралы хабарламамен бір мезгілде салық органына салық бойынша таратудың салықтық есептілігін ұсынады.
Салық төлеушіні тіркеу есебінен алу мынадай жағдайларда:
1) банкроттық себебі бойынша қызметін тоқтатқанды немесе таратылғанды қоспағанда, салық төлеушінің қызметін тоқтатқан немесе ол таратылған жағдайда – тиісті тіркеуші органға қызметті тоқтату туралы өтініш (салықтық өтініш) ұсынылған күннен бастап;
2) банкроттық себебі бойынша салық төлеушінің қызметі тоқтатылған немесе ол таратылған жағдайда – ДК тіркеу есебінен шығарылған немесе заңды тұлға нөмірлер тізілімінен алынған күннен бастап;
3) заңды күшіне енген сот актісімен ДК немесе заңды тұлғаны тіркеуді жарамсыз деп тану себебі бойынша салық төлеушінің қызметі тоқтатылған немесе ол таратылған жағдайда – салық төлеуші тіркеу есебіне қойылған күннен бастап;
4) заңды тұлғалар бірігу, қосылу жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда – таратудың салықтық есептілігі мен беру актісі ұсынылған күннен бастап;
5) заңды тұлға бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда – таратудың салықтық есептілігі мен бөлу актісі ұсынылған күннен бастап;
6) дара кәсіпкердің тіркеу есебінде тұрған жеке тұлға қайтыс болған жағдайда – салық төлеушілер базасынан алынған күннен бастап;
7) жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен АСР-ге көшкен жағдайда – арнаулы салық режимін қолдануды бастаған күннен бастап жүргізіледі.
2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі ҚҚС
ҚҚС - бұл тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді өндіру және айналысы процесінде қосылған құн өсімінің бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттау кезінде аударымдарды білдіретін қосылған құн салығы.
Бюджетке төленуге жататын ҚҚС сатылған тауарлар, жұмыстар немесе қызметтер үшін есептелген ҚҚС сомалары мен сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер үшін төлеуге жататын салық сомалары арасындағы айырма ретінде айқындалады.
ҚҚС бойынша міндетті есепке қоюға кім жатады
ҚҚС бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қою
ҚҚС төлеушілер
ҚР СК
367-бабының 1-тармағына сәйкес мыналар Қазақстанда ҚҚС төлеушілер
болып табылады:
1) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою жүргізілген мынадай тұлғалар:
дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын тұлғалар;
мемлекеттiк мекемелердi және орта білім беретін мемлекеттік оқу орындарын қоспағанда, резидент-заңды тұлғалар;
Қазақстан Республикасында қызметiн құрылымдық бөлімше арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттайтын тұлғалар.
ҚҚС бойынша міндетті есепке қоюға кім жатады
Мыналарды:
мемлекеттік мекемелерді; резидент заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерін; шаруа немесе фермер қожалықтары үшін АСР осындай арнаулы салық режимі қолданылатын қызметі бойынша қолданатын салық төлеушілерді қоспағанда, резидент-заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар осы бапта айқындалған тәртіппен ҚҚС бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға жатады.
Егер ҚҚС бойынша тiркеу есебiне қою мақсаттары үшiн айналымның мөлшері күнтізбелік жыл ішінде ең төмен айналымнан асып кеткен жағдайда, ҚҚС бойынша тiркеу есебiне қоюға жататын тұлғалар орналасқан жеріндегі салық органына ҚҚС бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті беруге міндетті.
ҚР Салық кодексінің 82-бабының 4-тармағына сәйкес - Ең төмен айналым республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын АЕК-тің 20 000 мың еселенген мөлшерін құрайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген ең төмен айналымға оңайлатылған декларация негізінде АСР қолданатын дара кәсіпкердің республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын АЕК-тің 124 184 еселенген мөлшері шегіндегі, үш құрамдасты интеграцияланған жүйе міндетті түрде қолданыла отырып, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу нысанында жасалған айналымдары қосылмайды.
Сондай-ақ ең төмен айналымға бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушінің айналымдары енгізілмейді.
ҚҚС бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қою.
ҚҚС бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға жатпайтын тұлғалар мынадай тәсілдердің бірімен: өзі келу тәртібімен, қағаз жеткізгіште; электрондық нысанда; Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде резидент-заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтінішті беру жолымен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұруға құқылы. ҚР СК 83-бабы.
ҚҚС мөлшерлемесі
ҚҚС мөлшерлемесі 12 пайызды (12%) құрайды және салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт мөлшеріне қолданылады. Тауарларды экспортқа өткізу (түсті және қара металл сынықтарынан басқа) және халықаралық тасымалдарға байланысты жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді орындау бойынша айналымдарға нөлдік мөлшерлеме (0%) бойынша ҚҚС салынады ҚР СК 422-бабының 1, 2-тармақтары.
Салық кезеңі
ҚҚС бойынша салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.
ҚҚС төлеушілер есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органына әрбір салық кезеңі үшін қосылған құн салығы бойынша декларацияны (тоқсанына бір рет СЕН 300.00) тапсыруға. Декларациямен бір мезгілде декларацияға қосымша болып табылатын, салық кезеңі ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімдері тапсырылады. Сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімдерінің нысандарын уәкілетті орган белгілейді. ҚР СК 424-бабының 1, 2-тармақтары.
ҚҚС төлеу мерзімі
Импорт кезіндегі ҚҚС
Салық кодексіне сәйкес, ЕАЭО аумағынан тауар импорты 12% мөлшерлеме бойынша ҚҚС салынуға жатады. Тауар импорты кезінде ҚҚС төлеушілер мен төлемеушілер ҚҚС төлейді.
ҚҚС төлеу - есепті айдан кейінгі айдың 20 күніне дейін, бірақ импорт бойынша салық есептілігін тапсырғанға дейін.
2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 382-VI Заңымен ҚР СК-не енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕАЭО мүше мемлекеттерден ҚР аумағына тауарларды импорттау кезінде СЕН 320.00 Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация ұсыну бойынша талап тоқтатылды. Салық төлеуші тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу бойынша өтінішті ғана - СЕН 328.00, тапсыратын болады, бұл ретте осы өтініш салық декларациясы болып табылады.
Осылайша, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден ҚР аумағына тауарларды импорттау кезінде 2021 жылғы қаңтарда ҚҚС есепке жатқызу қағаз тасығышта және электронды нысанда не тек электронды нысанда 328.00-нысаны бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш негізінде салық кезеңінен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей жүргізіледі (осы өтініш салық декларациясы болып табылады). ҚР СК 456-бабының 2-тармағы.
456-батың 5-тармағы сәйкес импортталған тауарлар бойынша ҚҚС салық төлеушілердің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей төленеді.
ҚР СК
442-бабының нормаларына сәйкес салық төлеушінің импортталған тауарларды есепке қабылдаған күні ҚҚС
бойынша салық салынатын импортты жасау күні болып табылады. Егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе:
1) осындай тауарларды бухгалтерлік есепте тану (көрсету) күндерінің неғұрлым ертерегі,
2) мұндай тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу күні импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн болып табылады.
Салық төлеушіде екі күн де болған кезде көрсетілген күндердің неғұрлым соңғысы импортталған тауарларды есепке алу күні болып танылады.
Жауапкершілік
ӘҚБтК-нің 269-бабына сәйкес салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы мемлекеттік кірістер органына салықтық өтініш беру мерзімін бұзуы - 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. ӘҚБтК-нің 275-бабы 5-тармағының негізінде ҚҚС төлеуші ретінде есепке тұрмаған кезең үшін айналым жасау - есепке тұрмаған кезең үшін айналым сомасының 15% мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Калькулятор ҚҚС (Қосылған құн салығы) есебі
КТС, ҚҚС-сенімсіз жеткізушілермен өзара есеп айырысу
ҚҚС - ҚҚС қайтару, «Пирамида» талдамалық есебін талдау бойынша анықталған бұзушылықтарға байланысты расталмады
КТС, ҚҚС - сенімсіз жеткізушілермен өзара есеп айырысу
ҚҚС - сенімсіз жеткізушілермен өзара есеп айырысу
Есепке жатқызу әдісімен ҚҚС заңсыз төлеу каз
ҚҚС қайтару-ҚҚС сомасын қайтаруға растамау
ҚҚС қайтару-ҚҚС сомасын қайтаруға растамау
ҚТС, ҚҚС - сенімсіз жеткізушілермен өзара есеп-айрысу
Өзара есеп айырысулар бойынша шығындарды шегерімнен және ҚҚС есептен алып тастау