Арзандатылған тауар - кемшілігінің болуына не кемшілігінің жойылуына байланысты төмендетілген бағамен өткізілетін тауар. (Сауда қызметін реттеу туралы Заңның 1-бабының 4-тармағы)

Арзандатылған тауардың мысалдары:

  • витриналық үлгі.
  • жөндеуден кейінгі тауар.
  • көзге көрінетін зақымданулар мен ақаулар: сынықтар, жарықтар, сызаттар, ескірулер.
  • жинақталмаған тауар: телефоннан зарядтау құрылғысының болмауы, нұсқаулықсыз және орамсыз тұрмыстық техника және т.б.

Тауарларды арзандатуды ресімдеу

Тауарды есептен шығаруға және арзандатуға бұйрықтарды (мысалы) айдың аяғында бір рет, тауарды есептен шығарғанда немесе тауарды арзандатқанда жасауға болады.

Тауарды есептен шығару кезінде:
ҚР Салық кодексінің 264-бабының 1-тармағына сәйкес:
1) кіріс алуға бағытталған қызметке байланысты емес шығындар
шегерімге жатпайды;
Сіз тауардың өтімді емес қалдықтарын компания ішінде есептен шығару актісін ресімдеу жолымен, өнімдер (қор) сияқты ерекше материалдарды есептен шығарудың барлық рәсімдерін сақтай отырып есептен шығара аласыз. Бұл ретте есептен шығару актісіне сізде уәкілетті ұйымнан тауарды жою актісі болуы тиіс.

Бүліну нәтижесінде тауарды есептен шығару кезінде сізге есептен шығару нормативтерін сақтаудың қажеті жоқ, өйткені салықтық есепке алу мақсаттары үшін сізде ҚР СК 264-бабына сәйкес салық есебінде шегерімге жатпайтын шығындар болады.

Бүліну нәтижесінде тауарды есептен шығаруды ресімдеу үшін мыналарды ресімдеу қажет:
Есептен шығару себебі көрсетілген есептен шығару актісі, Актіге комиссия қол қояды және оны басшы бекітеді
ТМҚ есептен шығару жөніндегі комиссияның деректері негізінде компанияның тауарды есептен шығару туралы бұйрығы.

Тауарды арзандату:

ҚР Салық кодексінің 225-бабына сәйкес:

2. Салық салу мақсатында кіріс ретінде:
9) егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, активтер және (немесе) міндеттемелер құнының өзгеруіне байланысты туындайтын, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепте табыс деп танылатын
кіріс қарастырылмайды.
Осылайша, тауарды арзандату
жөніндегі шығыстар компанияның шегерімдеріне енгізілмейді

Арзандату рәсімі:
Арзандатуға жататын қорларды (тауарларды) анықтау үшiн және оны жүргiзу үшiн кәсiпорын басшысы құрамына кәсiпорын басшысының орынбасары (комиссия төрағасы), бас бухгалтер, тауартанушы (қоймашы), баға жөнiндегi экономист, технолог және кәсiпорынның нарықтағы конъюнктура мен сұраныс мәселелерi жөнiндегi басқа да мамандары кiретiн комиссияны бекiтедi.
Тауарларды арзандату кәсіпорынның есеп саясатына сәйкес жүзеге асырылатын түгендеу деректері бойынша жүргізіледі.

Кепілге ресімделген, сондай-ақ резервте немесе жауапты сақтауда тұрған қорлар (тауарлар) арзандатуға жатпайды.

Түгендеу жүргізілгеннен кейін комиссия өзінің бастапқы сапасын ішінара жоғалтуына байланысты арзандатуға жататын қорлардың (тауарлардың) тізбесін жасайды және оны шешім қабылдау үшін кәсіпорынның бірінші басшысының қарауына береді. Бұл тізбеде қорлардың (тауардың) толық атауы, саны, бөлшек сауда бағасы, өндіруші кәсіпорынның атауы (сауда компаниясы үшін) және арзандату мөлшері туралы ұсыныстар тіркеледі.

Тауарларды арзандату мөлшерін комиссия олардың тұтыну қасиеттерін жоғалту дәрежесін, нарықтың осы тауарлармен қанығуын ескере отырып, сараптамалық бағалаулар негізінде айқындауға тиіс. Мұндай сараптамалық бағалауды кәсiпорын басшысы баға төмендетудi жүргiзу мақсатында бекiткен комиссия немесе басқа сарапшыларды тартпай тұрақты жұмыс iстейтiн түгендеу комиссиясы жүргiзе алады.

Бұрын арзандатылған, бірақ сатылмаған қорлар (тауарлар) ықтимал сату бағасының деңгейіне дейін қайтадан арзандатылуы мүмкін.
Арзандатылған тауарлар туралы деректер шоғырланған қорлар (тауарлар) мен өнімдерді арзандату тізімдеме-актісінде көрсетіледі. Мұндай Тiзiмдеме-актiлер көтерме сауда кәсiпорындарында тауарлардың әрбiр қоймасында, ал бөлшек саудада - әрбiр бөлiмде (секцияда), дүкенде немесе басқа сауда бiрлiгiнде екi данада жасалады.
Бұл құжаттарға арзандатуды жүргізген комиссияның мүшелері және материалдық жауапты адамдар қол қояды.

Шоғырланған және өзінің бастапқы сапасын ішінара жоғалтқан қорлардың (тауарлардың) арзандауына қатысты материалдарды басшы қарайды, егер қарсылығы болмаса, онда бекітеді.
Бекiтiлген Тiзiмдеме-актiнiң бiрiншi данасы бухгалтерияға, ал екiншiсi - материалдық жауапты адамға берiледi.
Тауарларды арзандату актісі еркін нысанда жасалуы мүмкін, себебі актінің мұндай нысаны ҚР нормативтік актілерінде бекітілмеген.

Бухгалтерияға тауарды арзандату туралы құжаттар келіп түсуі тиіс:

·        Тауарды арзандату актісі

·        Тауарды арзандату туралы өндіріс жөніндегі бұйрық.

·        Немесе сізге, мысалы, тауарды 50%-ға арзандату үлесі туралы Өкім (Бұйрық) түсуі тиіс.

Тауарды арзандату бойынша бухгалтерлік жазба:

Дебет 7010 (шегерімге жатпайтын шығыстар) Кредит 1330