«Өнім берушілер бойынша пирамида» талдамалық есебі – бұл электрондық шот-фактураларды, қосылған құн салығы бойынша салықтық есептілікті және (немесе) салық органының ақпараттандыру объектілерінің мәліметтерін зерделеу және талдау негізінде салық органдары жүзеге асыратын электрондық шот-фактураларды жазып беру бойынша салыстырмалы бақылау нәтижелері. (ҚР Салық кодексінің 166-бабы)

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап «Пирамида» талдамалық есебі

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі «Пирамида» талдамалық есебі

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап «Пирамида» талдамалық есебі

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Салық кодексінің 166-бабына  сәйкес қосылған құн салығының асып кету сомасының анықтығын айқындау мақсатында тексеруді жүргізу кезінде салықтық тәуекелдерді басқару жүйесі пайдаланылады, оның шеңберінде «Өнім берушілер бойынша пирамида» талдамалық есебі қалыптастырылады.

2025 жылғы 30 қазандағы № 649 бұйрықпен 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару қағидалары бекітілді.

Осы Қағидалар ҚР Салық кодексінің 125-бабының 12-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару тәртібін айқындайды.

Осы Қағидалар:

  • Салық кодексінің 127-бабында көзделген ҚҚС асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін (бұдан әрі - оңайлатылған тәртіп) қолдану;
  • ҚҚС асып кеткен сомаларының, оның ішінде қайтаруға ұсынылғандардың дұрыстығын растау бойынша тақырыптық салықтық тексерулер жүргізу;
  • оларға қатысты қайтарудың ерекше тәртібі қолданылатын Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес ҚҚС-ның асып кетуін растау кезінде қолданылады.

Қағидаларға сәйкес тақырыптық салықтық тексеру жүргізу кезінде қайтаруға ұсынылған ҚҚС асып кеткен сомасының дұрыстығын анықтау мақсатында:

1) көрсетілетін қызметті алушылар мен оны берушілердің әртүрлі деңгейлерде салық міндеттемелерін азайтуды қолдану тәуекелін анықтау мақсатында «Өнім берушілер бойынша пирамида» талдамалық есебі қалыптастырылады;

«Өнім берушілер бойынша пирамида» талдамалық есебі электрондық шот-фактураларды, ҚҚС бойынша салық есептілігін және (немесе) МКО ақпараттандыру объектілерінің мәліметтерін зерделеу және талдау негізінде салық органдары жүзеге асыратын электрондық шот-фактураларды жазып беру бойынша салыстырмалы бақылау нәтижелері болып табылады.

Көрсетілетін қызметті беруші «Өнім берушілер бойынша пирамида» есебін көрсетілетін қызметті алушының барлық өнім берушілер тізбегі бойынша:

  • салық төлеушінің салық және (немесе) бухгалтерлік есебінде не салық есептілігінде көрсетуге жататын шаруашылық қызмет фактілері (осындай фактілердің жиынтығы) туралы, салық салу объектілері туралы мәліметтерді бұрмалау;
  • салық сомасын төлемеу (толық төлемеу) мақсатында мәмілелер жасау;
  • шарттың тарапы болып табылмайтын тұлғаның мәміле (операция) бойынша міндеттемені орындауы нәтижесінде өнім берушілердің салықтық міндеттемелерін азайтуын анықтау мақсатында қалыптастырады.

«Өнім берушілер бойынша пирамида» есебін қалыптастыру нәтижесі әрбір салық кезеңі үшін салық міндеттемелерін азайтудың анықталған белгілерін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушы мен әртүрлі деңгейдегі өнім берушілер арасындағы өзара есеп айырысулардың жиынтық кестесі болып табылады.

«Өнім берушілер бойынша пирамида» есебін қалыптастыру мақсатында ҚҚС бойынша ұсынылған салық есептілігі және (немесе) ҚҚС асып кетуін қайтаруға талап берілген салық кезенінің 2 (екінші) айының 20-шы (жиырмасыншы) күніне деректердің өзектілігімен салық кезеңі үшін ақпараттық жүйелердің мәліметтері пайдаланылады.

Мұндай мәліметтерді жинау (жинақтау) және "Өнім берушілер бойынша пирамида" есебін қалыптастыру талап берілген салық кезеңінің үшінші айының 10 (оныншы) күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

«Өнім берушілер бойынша пирамида» есебін қалыптастырғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде тікелей жеткізушілердің тізбесін айқындау мақсатында "Өнім берушілер бойынша пирамида" есебіне талдау жүргізіледі, олар бойынша қарсы салықтық тексерулер жүргізуге сұрау салулар жіберіледі.

«Өнім берушілер бойынша пирамида» есебі барлық тексерілетін кезең үшін, талапта көрсетілген салық кезеңдері бөлінісінде қалыптастырылады.

Қарсы салықтық тексерулер жүргізуге сұрау салуларды жіберу туралы шешім қабылдау мақсатында мынадай тікелей өнім берушілермен өзара есеп айырысу салық міндеттемелерін азайту тәуекелдері болып табылмайды:

1) тексерілетін кезең үшін барлық жазып берілген шот-фактуралар бойынша ҚҚС жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және "Өнім берушілер бойынша пирамида" есебін қалыптастыру күніне қолданыста болған 300 (үш жүз)-еселенген айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) аспайтын;

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі «Пирамида» талдамалық есебі

«Пирамида» талдамалық есебі - бұл қосылған құн салығы бойынша салық төлеуші (салық агенті) ұсынған салық есептілігін және (немесе) ақпараттық жүйелердің мәліметтерін зерделеу және талдау негізінде салық органдары жүзеге асыратын бақылау нәтижелері (ҚР Салық кодексінің 152-бабының 11-тармағы)

Бұл ретте «Пирамида» талдамалық есебі ҚР СК 152-бабының 2-тармағында көзделген салық кезеңі үшін қалыптастырылады).

Мәселен, ҚР СК 152-бабының 2-тармағына сәйкес тексерілетін кезеңге:

·        осы Кодекстің 432-бабының 1 және 2-тармақтарының қолданылуына байланысты салық төлеуші салықтық өтініште көрсеткен;

·        егер осы тармақтың үшінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап көрсетіле отырып, қосылған құн салығы бойынша декларация тапсырылған салықтық кезеңді қоса алғанда, салық төлеуші қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талапты ұсынған салықтық кезеңнен бастап салықтық кезең кіреді.

Егер ҚР СК 152-бабының 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы тармақта көрсетілген тексерілетін кезеңге салықтың осы түрі бойынша тексеру жүргізілмеген және осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен аспайтын салықтық кезеңдер де кіреді.

Қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар, Салық кодексінің 434-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер үшін тексерілетін кезеңге қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген, салық төлеушінің қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талабы қойылған салықтық кезең кіреді.

Тәуекел аймағындағы салық төлеушілер санатына жатқызылған салық төлеушілерге қатысты мемлекеттік кірістер органы тексерілетін салық кезеңінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер бойынша «Пирамида» талдамалық есебін (бұдан әрі - «Пирамида» есебі):

1) осы
Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген мерзім аяқталған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде - шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын салық төлеушілер бойынша;
2) осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген мерзім аяқталған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде - орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын салық төлеушілер бойынша қалыптастырады.

Егер «Пирамида» есебін қалыптастыру кезінде:

1) салық мониторингінде
тұратын;

2) өз өндірісінің тауарларын өндіретін, оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндіретін салық төлеуші (ұнды, ірі қара және ұсақ мал терісін өндірушілер мен түсті және қара металл сынықтарын өңдеушілерді қоспағанда);

3)
жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметті жүзеге асыратын;

4)
кейіннен сатып алушысы экспорттаған электр және жылу энергиясын, суды және (немесе) газды қоспағанда, электр және жылу энергиясын, су және (немесе) газ жеткізуді жүзеге асыратын;

5) байланыс қызметтерін жеткізуді жүзеге асыратын;

6)
техникалық сынақ, талдау және өнімдерді сертификаттау бойынша қызметтер беруді жүзеге асыратын салық төлеуші болып табылатын, өнім беруші белгіленген жағдайларда, мемлекеттік кірістер органы осындай салық төлеушінің өнім берушілері бойынша "Пирамида" есебін одан әрі қалыптастыруды тоқтатады.

Тақырыптық тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органы мерзім шегінде «Пирамида» есебінің нәтижелерін талдайды.

Бұл ретте Салық кодексінің
114-бабы 2-тармағының 10) тармақшасында көзделген хабарламаны жіберу туралы шешім (бұдан әрі - хабарлама) салық заңнамасын бұзушылықтар анықталған салық төлеушілер бойынша ғана қабылданады.

Тақырыптық тексеруді тағайындаған мемлекеттік кірістер органы бұзушылықтарды жоюға шаралар қабылдау туралы сұрау салуды бұзушылықтар анықталған өнім берушінің тіркелген жері бойынша мемлекеттік кірістер органына мерзім аяқталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.

Бұзушылықтарды жоюға шара қабылдау туралы сауалды алған мемлекеттік кірістер органы, осындай сауалды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салық төлеушінің мекенжайына хабарлама жібереді.

Егер осындай салық төлеушіде бұрын жүргізілген салықтық тексерудің нәтижелері бойынша анықталған бұзушылық жойылған болса, салық төлеушінің мекенжайына осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген хабарлама жіберілмейді.

Бұл ретте, мемлекеттік кірістер органы бұзушылықтарды жою туралы сауал жіберген мемлекеттік кірістер органының мекенжайына осындай сауалға жауапты бұрын жүргізілген салықтық тексерудің нәтижелері бойынша бұзушылықтар жойылған жағдайда, салық төлеуші осындай сауалды алған күннен немесе хабарламаны орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді.

"Пирамида" есебінің нәтижелері бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілерде салық заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, ҚҚС асып кету сомасын қайтаруда және (немесе) салық өтінішінде көрсетілген салық заңнамасын бұзушылықтар белгіленген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілерге тиесілі ҚҚС асып кету сомаларына азайтылып ұсынылған сомалар шегінде, Салық кодексінің 152-бабындағы ережелерін есепке ала отырып, оның ішінде мынадай:

1)
өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімін қоса алғанда, өнім берушінің ҚҚС бойынша салық есептілігінде көрсетілген мәліметтер мен сатып алушының шот-фактуралары тізілімінде көрсетілген өздері сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер жөніндегі мәліметтер және (немесе) ақпараттық жүйе мәліметтері арасындағы алшақтық;

2)
салық заңнамасына сәйкес ҚҚС бойынша тіркеу есебінен осындай адамды шығарған күннен бастап – ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығарылған, оның ішінде таратылған, әрекет етпейтін, банкрот адаммен өзара есеп айырысу бойынша ҚҚС сомаларын есепке жатқызу;

3)
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот немесе қылмыстық қудалау органы белгілеген қылмыстық қызмет басталған күннен бастап жалған кәсіпорынмен өзара есеп айырысу бойынша ҚҚС сомаларын есепке жатқызу;

4)
тікелей жеткізушінің басшысы (құрылтайшысы) бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде (СТБТ) тіркелген, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 216-бабында көрсетілген құқық бұзушылық бойынша қызметі бойынша басшысына (құрылтайшыға) қатысты қылмыстық ісі бар тікелей өнім берушілермен өзара есеп айырысулар бойынша ҚҚС есепке жатқызу фактілер болған кезінде жүргізіледі.