Үстеме пайда салығы (ҮПС) - бұл жер қойнауын пайдаланушы салық заңнамасында белгіленген нормативтерден тыс алған қосымша кірістерден алынатын салық.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап үстеме пайда салығы

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі үстеме пайда салығы

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап үстеме пайда салығы

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салықтық есептілік 30%-ға қысқарды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 695 бұйрығымен олардың жасалуы бойынша түсіндірмемен салықтық есептілік нысандары және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап оларды ұсыну қағидалары бекітілді. Үстеме пайда салығы бойынша декларация (540.00-нысан) салықтық есептілік нысандарының тізбесінде жоқ.

Осылайша, 2026 жыл үшін Үстеме пайда салығы бойынша декларация (540.00-нысан) тапсырылмайды. Үстеме пайда салығы бойынша көрсеткіштер СЕН 150.00 Корпоративтік табыс салығы және үстеме пайда салығы бойынша декларацияның 12-қосымшасына енгізілген.

Жалпы ережелер

Үстеме пайда салығын төлеушілер

Үстеме пайдаға салық салу объектісі

Салықтық кезең және есептілік

Жалпы ережелер

ҚР СК 798-бабына сәйкес үстеме пайда салығы ҚР СК 799-бабына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы үстеме пайда салығын төлеуші болып табылатын жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша салықтық кезең үшін есептеледі.

Үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін жер қойнауын пайдаланушы осы тарауда белгіленген тәртіпке сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша салық салу объектісін, сондай-ақ салық салуға байланысты мынадай объектілерді:

1) үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кірісті;

2) үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін салық салынатын кірісті;

3) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жылдық жалпы кірісті;

4) үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін шегерімдерді;

5) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша корпоративтік табыс салығын;

6) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша бейрезиденттің тұрақты мекемесінің таза кірісіне салынатын салықтың есеп айырысу сомасын айқындайды.

Үстеме пайда салығын төлеушілер

Осы баптың 2-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша жүзеге асырылатын қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушылар үстеме пайда салығын төлеушілер болып табылады. (ҚР СК 799-бабы)

Жер қойнауын пайдалануға арналған мынадай:

1) ҚР СК 755-бабының 1-тармағында көрсетілген;

2) осы келісімшарттар пайдалы қазбалардың басқа топтарын өндіруді көздемеген жағдайда, пайдалы қатты қазбаларды, оның ішінде кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және (немесе) емдік балшықтарды барлауға және (немесе) өндіруге арналған;

3) барлауға және өндіруге байланысты емес жерасты құрылысжайларын салуға және пайдалануға арналған келісімшарттардың негізінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушылар осы тарауда белгіленген үстеме пайда салығын төлеушілер болып табылмайды.

Үстеме пайдаға салық салу объектісі

ҚР СК 804-бабына сәйкес айқындалған үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін жер қойнауын пайдаланушының шегерімдер сомасының 25 пайызына тең сомадан асатын салықтық кезең үшін жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша ҚР СК 801-бабына сәйкес үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін айқындалған жер қойнауын пайдаланушының таза кірісінің бір бөлігі үстеме пайда салығын салу объектісі болып табылады.

Салықтық кезең және есептілік

Үстеме пайда салығы үшін 1 қаңтар – 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл салықтық кезең болып табылады.

Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күнтізбелік жыл ішінде жасалса, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күшіне енген күннен бастап және күнтізбелік жыл аяқталғанға дейінгі уақыт кезеңі осындай келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын есептеу үшін бірінші салықтық кезең болып табылады.

Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы күнтізбелік жылдың соңына дейін өткен болса, күнтізбелік жыл басталғаннан бастап жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы аяқталған күнге дейінгі уақыт кезеңі осындай келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын есептеу үшін соңғы салықтық кезең болып табылады.

Егер күнтізбелік жыл басталғаннан кейін күшіне енген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы осы күнтізбелік жыл аяқталғанға дейін өткен болса, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күшіне енген күннен бастап жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы аяқталған күнге дейінгі уақыт кезеңі осындай келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын есептеу үшін салықтық кезең болып табылады.

Үстеме пайда салығы декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей, салық төлеушінің тұрған жері бойынша бюджетке төленеді.

Салық төлеуші Корпоративтік табыс салығы және үстеме пайда салығы бойынша декларацияны (СЕН 150.00) тұрған жеріндегі салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей ұсынады.

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі үстеме пайда салығы

Үстеме пайда салығы БС) жер қойнауын пайдаланушы салық заңнамасында белгіленген нормативтерден тыс алған қосымша кірістерден алынатын салық болып табылады.

Үстеме пайда салығы Салық кодексінің 753-бабына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы үстеме пайда салығын төлеуші болып табылатын жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша салық кезеңі үшін есептеледі.

 

Үстеме пайда салығын төлеушілер

Үстеме пайда салығын салу объектісі

Салық кезеңі және есептілік

Жауапкершілік

 

Үстеме пайда салығын төлеушілер

Осы баптың 2-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша жүзеге асырылатын қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушылар үстеме пайда салығын төлеушілер болып табылады.

2. Жер қойнауын пайдалануға арналған мынадай:

1) осы Кодекстің 722-бабының 1-тармағында көрсетілген;

2) осы келісімшарттар пайдалы қазбалардың басқа топтарын өндіруді көздемеген жағдайда, пайдалы қатты қазбаларды, оның ішінде кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және (немесе) емдік балшықты барлауға және (немесе) өндіруге;

3) барлауға және өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және пайдалануға арналған келісімшарттардың негізінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушылар осы тарауда белгіленген үстеме пайда салығын төлеушілер болып табылмайды.

Үстеме пайда салығын салу объектісі

Осы Кодекстің 758-бабына сәйкес айқындалған үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін жер қойнауын пайдаланушының шегерімдер сомасының 25 пайызына тең сомадан асатын салықтық кезең үшін жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша осы Кодекстің 755-бабына сәйкес үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін айқындалған жер қойнауын пайдаланушының таза кірісінің бір бөлігі үстеме пайда салығын салу объектісі болып табылады.

Салық кезеңі және есептілік

Үстеме пайда салығы үшін 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.

Үстеме пайда салығы декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей салық төлеушінің орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.

Үстеме пайда салығы бойынша 540.00-нысандағы декларацияны (СЕН 540.00) салық төлеуші орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей тапсырады.

Үстеме пайда салығы бойынша декларацияны жер қойнауын пайдаланушылар келісімдер (келісімшарттар), кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықты өндіруге арналған келісімшарттар, сондай-ақ осы келісімшарттар пайдалы қазбалардың басқа түрлерін өндіруді көздемеген жағдайда, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асырушыларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша жасайды.

Жауапкершілік

Салық есептілігін тапсырмағаны үшін қайталап бұзушылық кезінде 15 – 70 АЕК (кәсіпкерлік субъектісіне байланысты) айыппұл салынады, ал бірінші рет ескерту жасалады.
Декларацияда, өтініште немесе есепте салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер сомасын төмендеткені үшін есептелген салық немесе басқа да төлем сомасынан
20% - 80% айыппұл салынады.