Учёт

Выписка ЭСФ неплательщиками НДС при выдаче чека ККМ, если реализуется импортный товар, не включенный в Перечень изъятий

3135

Как показывает практика, выписка электронных счетов-фактур (далее – ЭСФ) остается на сегодня одной из актуальных тем среди наиболее часто поступающих вопросов разъяснительного характера.

По данной тематике можно отметить, что часто задаваемые вопросы связаны с обязательствами по выписке ЭСФ, с отнесением в зачет сумм НДС, по выписке исправленных и дополнительных ЭСФ, а также особенностями заполнения ЭСФ.

На практике наиболее распространенным вопросом налогоплательщиков в текущем году остается вопрос о необходимости выписки ЭСФ неплательщиками НДС при выдаче чека ККМ, если реализуется импортный товар, не включенный в Перечень.

Обязательство по выписке ЭСФ с 1 января 2019 года возникает у лиц, определенных пунктом 1 статьи 412 Налогового кодекса и при реализации импортированных товаров или товаров, включенных в Перечень у лиц как состоящих в качестве плательщиков НДС, так и не состоящих в качестве плательщиков НДС.

В то же время поставщик имеет право не выписывать счет-фактуру при реализации товара покупателям, если соблюдаются условия, указанные в пункте 13 статьи 412 Налогового кодекса, а именно: при выдаче чека ККМ за реализованные товары, работы, услуги, оплаченные наличным или безналичным способом. При этом в случае реализации товара, включенного в Перечень, физическим лицам с выдачей чека ККМ или прием платежей в безналичном виде, выписка ЭСФ обязательна за весь оборот за день.

Законом Республики Казахстан от 2 апреля 2019 года № 241-VI    «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам развития бизнес-среды и регулирования торговой деятельности» в Налоговом кодексе с 1 января 2019 года обязательства по выписке ЭСФ возложили на  - структурные подразделения уполномоченного органа в области государственного материального резерва при выпуске им товаров из государственного материального резерва.

При этом обратите внимание, что налогоплательщик, осуществляющий деятельность в сфере игорного бизнеса, с 1 января 2019 года может признаваться плательщиком НДС, но в соответствии с подпунктом 7) пункта 13 статьи 412 Налогового кодекса, выписка счета-фактуры не требуется в случаях оказания услуг по деятельности казино, зала игровых автоматов, тотализатора и букмекерской конторы.

Выписка ЭСФ на сегодняшний день регламентирована приказом Министра финансов РК от 22 апреля 2019 года № 370, утверждены новые Правила выписки счета-фактуры в электронной форме в информационной системе электронных счетов-фактур (далее - Правила) и форма счета-фактуры в электронной форме в информационной системе электронных счетов-фактур.

Данный приказ введен в действие с 10 мая 2019 года и распространяется на правоотношения, возникшие с 1 января 2019 года.

Так, в Правилах:

1) ряд больших пунктов в приказе были разбиты на более мелкие, а также были введены два новых Параграфа: особенности выписки ЭСФ через «Виртуальный склад» и финансовый лизинг;

2) количество пунктов из 81 увеличилось до 100.

3) в строках 6.1 и 16.1 - возможность указания БИН ликвидированного структурного подразделения юридического лица;

4) в строке 7.1 «Доля участия» при отметке ячейки «Е» участник СРП может указывать долю участия в соглашении;

5) добавлена строка 9.3 «структурное подразделение юридического лица-нерезидента», делается отметка в случае, если плательщиком НДС является нерезидент, осуществляющий деятельность в Республике Казахстан через структурное подразделение;

6) строка 31 «Пункт назначения» становится необязательным в случае вывоза товара с территории Республики Казахстан, в том числе в связи с передачей (перемещением) товара в пределах одного юридического лица;

7) понятие признака «5» дополняется следующими словами «а также при реализации здания, сооружения или земельного участка»;

8) в графе 12 «Ставка НДС» добавляется новый вид ставки «Без НДС – не РК»: указывается при реализации Т.Р.У, местом реализации которых не является РК;

9) графа 15 «№ Декларации на товары, заявления о ввозе товаров и уплате косвенных налогов, СТ-1 или СТ-KZ» обязательна для указания при выборе Признака «2»; (водится в действие с 01.07.2019 г.)

10) графа 16 «Номер товарной позиции из Декларации на товары или заявления о ввозе товаров и уплате косвенных налогов» обязательна для указания при выборе Признака «2»; (водится в действие с 01.07.2019 г.)

11) дополнение способов оплаты для ФЛ при реализации товаров, включенных в Перечень: терминалы оплаты услуг, расчеты через электронные деньги или с использованием средств электронного платежа;

12) разрешается выписка общего ЭСФ при реализации своим работникам в счет заработной платы товара, ранее учтенного в качестве основного средства в бухгалтерском учете. При этом положения настоящего пункта применяются к товарам как включенным в Перечень, так и не включенным в Перечень.

Остановимся подробнее на некоторых дополнениях:

1) в строках 6.1 и 16.1 указывается БИН ликвидированного структурного подразделения юридического лица. По решению первого руководителя юридического лица в ИС ЭСФ может быть назначено правопреемником структурное подразделение за ликвидированное структурное подразделение, но в пределах этого юридического лица;

2)  в строке 9.3 «структурное подразделение юридического лица-нерезидента» отметку ставят только структурные подразделения, созданные нерезидентом, являющиеся плательщиками НДС, и у которых юридическое лицо нерезидент зарегистрирован в Республике Казахстан (присвоен БИН);

3)  в графе 12 «Ставка НДС» указывается вид ставки «Без НДС – не РК», данный вид ставки указывается, если реализация и продажа товара, работ, услуг производится не на территории Республики Казахстан, то есть отсутствует факт нахождения на территории Республики Казахстан, подтвержденный документально.    


ДГД по г. Шымкент


Іс-тәжірибе көрсетіп отырғандай, электрондық шот-фактураларды (бұдан әрі – ЭШФ) жазып беру бүгінгі күні түсіндіру сипатындағы ең жиі келіп түсетін мәселелер арасында өзекті тақырыптардың бірі болып қалуда.

 Осы тақырып бойынша ҚҚС сомаларын есепке жатқыза отырып ЭШФ жазып беру жөніндегі міндеттемелермен, түзетілген және қосымша ЭШФ жазып беру бойынша, сондай-ақ ЭШФ толтыру ерекшеліктерімен байланысты жиі қойылатын сұрақтарды атап өтуге болады.

Іс жүзінде, ағымдағы жылы салық төлеушілердің ең көп көтеретін мәселесі,  егер Тізбеге енгізілмеген импорттық тауар өткізілетін болса,  БКМ чегін беру кезінде ҚҚС төлеуші болып табылмайтын тұлғалардың ЭШФ жазып беру қажеттігі болып отыр.  

 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ЭШФ жазып беру бойынша міндеттеме Салық кодексінің 412-бабының 1-тармағында айқындалған тұлғаларда және Тізбеге енгізілген тауарларды немесе импортталған тауарларды өткізу кезінде ҚҚС төлеуші ретінде тұрған, сондай-ақ ҚҚС төлеуші ретінде тұрмайтын тұлғаларда туындайды.

 Сонымен қатар, егер Салық кодексінің 412-бабының 13-тармағында көрсетілген талаптар сақталса, жеткізуші сатып алушыларға тауарды өткізу кезінде, атап айтқанда қолма-қол немесе қолма-қол емес тәсілмен төленген сатылған тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшін БКМ чегін беру кезінде шот-фактура жазып бермеуге құқылы. Бұл ретте, БКМ чегін бере отырып, жеке тұлғалардың Тізбесіне енгізілген тауарды сатқан немесе қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаған жағдайда ЭШФ жазып беру бір күн ішіндегі барлық айналым үшін міндетті.

«Қазақстан Республикасының бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 241-VI    Қазақстан Республикасының Заңымен 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексіне ЭШФ жазып беру бойынша міндеттемелер мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелеріне мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығарған кезде жүктелді.

 Бұл ретте 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыратын салық төлеуші ҚҚС төлеуші болып танылуы мүмкін екеніне назар аударыңыз, алайда Салық кодексінің 412-бабының 13-тармағының 7) тармақшасына сәйкес казино қызметі, ойын автоматтары залы, тотализатор және букмекер кеңсесі қызметтерін көрсету  жағдайларында шот-фактураны жазып беру талап етілмейді.

ЭШФ жазып беру бүгінгі күні ҚР Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі №370 бұйрығымен регламенттелген, электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда шот-фактураларды жазып берудің жаңа Қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) және электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда шот-фактураның нысаны бекітілген.

 Бұл бұйрық 2019 жылғы 10 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді және 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

 Қағидаларда:

1) бұйрықта бірқатар үлкен тармақтар неғұрлым кіші тармақтарға бөлінді, сондай-ақ «Виртуалды қойма» және қаржы лизингі арқылы ЭШФ жазып беру ерекшеліктері туралы екі жаңа Параграф енгізілді;

2) тармақтар саны 81-ден 100-ге дейін өсті;

3) 6.1 және 16.1-жолдарда заңды тұлғаның таратылған құрылымдық бөлімшесінің БСН көрсету мүмкіндігі берілген;

4) «Қатысу үлесі» 7.1-жолында «Е» ұяшығын белгілеу кезінде ӨБК қатысушысы Келісімге қатысу үлесін көрсете алады;

5) «резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі» 9.3 жолы  қосылған, егер құрылымдық бөлімше арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын резидент емес ҚҚС төлеуші болып табылса, белгі жасалады;

6) тауарды Қазақстан Республикасының аумағынан әкеткен жағдайда, оның ішінде тауарды бір заңды тұлғаның шегінде беруге (өткізуге) байланысты 31 «Межелі пункт» жолы міндетті емес;

7) «5» белгісінің ұғымы мынадай сөздермен толықтырылады: «сондай-ақ үйді, ғимаратты немесе жер учаскесін сату кезінде»;

8) «ҚҚС мөлшерлемесі» 12 – бағанында «ҚҚС-сыз – ҚР емес» мөлшерлемесінің жаңа түрі қосылады Өткізу орны ҚР болып табылмайтын Т.Ж.Қ. өткізу кезінде көрсетіледі;

 9) «тауарларға декларацияның, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің №, СТ-1 немесе СТ-KZ» 15-бағаны «2» Белгісін таңдау кезінде көрсету үшін міндетті; (01.07.2019 ж. бастап қолданысқа енгізіледі)

10) «тауарлар декларациясынан немесе тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштен тауар позициясының нөмірі» 16-бағаны «2» белгісін таңдау кезінде көрсету үшін міндетті; (01.07.2019 ж. бастап қолданысқа енгізіледі)

11) Тізбеге енгізілген тауарларды сату кезінде ЖТ үшін төлем тәсілдерін толықтыру: қызметтерді төлеу терминалдары, электрондық ақша арқылы немесе электрондық төлем құралдарын пайдалану арқылы есеп айырысулар;

12) өз қызметкерлеріне бұрын бухгалтерлік есепте негізгі құрал ретінде есепке алынған тауардың жалақысы есебіне өткізілген кезде жалпы ЭШФ жазып беруге рұқсат етіледі. Бұл ретте осы тармақтың ережелері Тізбеге енгізілген, сондай-ақ тізбеге енгізілмеген тауарларға қолданылады.

Кейбір толықтыруларға туралы толығырақ тоқталайық:

1) 6.1 және 16.1-жолдарда заңды тұлғаның таратылған құрылымдық бөлімшесінің БСН көрсетіледі. Заңды тұлғаның бірінші басшысының шешімі бойынша ЭШФ АЖ-де таратылған құрылымдық бөлімше үшін құрылымдық бөлімшенің құқықтық мирасқоры тағайындалуы мүмкін, бірақ осы заңды тұлғаның шегінде;

2) 9.3 «резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі» жолында белгіні резидент емес құрған ҚҚС төлеушілер болып табылатын және резидент емес заңды тұлға Қазақстан Республикасында тіркелген (БСН берілген) құрылымдық бөлімшелер ғана қояды;

3) «ҚҚС мөлшерлемесі» 12 – бағанында «ҚҚС-сыз - ҚР емес» мөлшерлемесінің түрі көрсетіледі, мөлшерлеменің осы түрі егер тауарды, жұмыстарды, қызметтерді сату Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілмейтін болса, яғни құжатпен расталған Қазақстан Республикасының аумағында болу фактісі болмаса көрсетіледі