Учёт

Временная таможенная декларация

1640

Одним из видов таможенного декларирования является «временное таможенное декларирование». Временное таможенное декларирование (далее - ВТД) - это таможенное декларирование товаров, которое имеют ориентировочный вес и предварительную стоимость товара при отсутствии сведений о транспортных средствах. Данный вид декларирования, как правило,  используется при декларировании нефтепродуктов, перемещаемых через таможенную границу Евразийского экономического союза трубопроводным транспортом.

Период времени, в течение которого осуществляется поставка товаров, выпущенных в соответствии с заявленной таможенной процедурой, из места совершения таможенных операций или отправления при вывозе с территории Республики Казахстан, а также из места прибытия или ввоза на территорию Республики Казахстан, не должен превышать календарный месяц. При этом местами отправления и ввоза товаров, перемещаемых трубопроводным транспортом, являются места установки приборов учета, находящиеся на территории Республики Казахстан или за ее пределами в соответствии со статьей 375 Кодекса РК «О таможенном регулировании в РК» (далее - Кодекс).

Для отдельных категорий товаров уполномоченным органом по согласованию с уполномоченными органами в сфере индустрии и индустриально-инновационного развития и в области нефти и газа устанавливается период поставки, который не должен превышать тридцать один календарный день.

Временная декларация на товары принимается таможенными органами не ранее чем за пятнадцать календарных дней до начала поставки.

В случае, если на момент подачи временной таможенной декларации не определен конкретный покупатель (получатель), то декларант подает одну временную таможенную декларацию на поставку товаров в рамках одного договора (контракта) с последующим представлением нескольких полных таможенных деклараций по количеству фактических покупателей (получателей).

Таможенные пошлины, налоги уплачиваются до выпуска товаров таможенными органами при подаче временной таможенной декларации. Если сумма подлежащих уплате таможенных пошлин, налогов увеличивается в результате уточнения сведений, указанных в пункте 4 статьи 189 Кодекса, доплата осуществляется при подаче полной декларации на товары до их выпуска таможенными органами. Пени в указанном случае не начисляются. Возврат излишне или ошибочно уплаченных сумм таможенных пошлин, таможенных сборов, налогов осуществляется в соответствии с главой 11 Кодекса.

Особенности ВТД и порядок оформления определены статьей 189 Кодекса РК «О таможенном регулировании в РК» (далее - Кодекс).

После поставки товаров декларант обязан подать полную декларацию на товары.

Подача полной декларации на товары осуществляется не позднее девяноста календарных дней со дня, следующего за днем окончания периода поставки товаров, заявленных во временной декларации на товары.

Для отдельных категорий товаров, определяемых в соответствии с частью второй пункта 2 статьи 189 Кодекса, по мотивированному обращению декларанта срок подачи полной декларации (полных деклараций) на товары, указанный в части второй настоящего пункта, продлевается таможенным органом на срок, необходимый для завершения поставки, но не более чем на девяносто календарных дней.

Документом, подтверждающим фактический вывоз товаров, перемещаемых трубопроводным транспортом, с таможенной территории Евразийского экономического союза, или фактический ввоз товаров, перемещаемых трубопроводным транспортом, на территорию Евразийского экономического союза, является полная декларация на товары с отметками таможенного органа, производившего таможенное декларирование таких товаров.

Кроме того, в случае, невывоза товаров с таможенной территории Евразийского экономического союза в течение установленного срока, временная таможенная декларация подлежит отзыву в порядке, определенном статьей 184 Кодекса.

Инструкция о порядке заполнения декларации на товары  утверждена Решением Комиссии Таможенного союза от 20 мая 2010 года № 257 (Внесены изменения и дополнения Решением Коллегии Евразийской экономической комиссии от 26 апреля 2012 года № 39) 

Управление таможенного контроля
ДГД по г.Шымкент



Кедендік декларациялаудың бірі "Уақытша кедендік декларациялау" болып табылады. Уақытша кедендік декларациялау (бұдан әрі - УКД) - бұл тауардың шамамен алғандағы салмағы мен алдын ала құны бар, сондай-ақ көлік құралдары туралы мәліметтері жоқ тауарларды кедендік декларациялау. Осы декларациялау Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы құбыр көлігімен өткізілетін мұнай өнімдерін декларациялау кезінде де пайдаланылады.

Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезінде кедендік операциялар жасалатын немесе жөнелтілетін орыннан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келетін немесе әкелінетін орыннан мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес шығарылған тауарларды беру жүзеге асырылатын уақыт кезеңі күнтізбелік айдан аспауға тиіс. Бұл ретте Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс)375-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында немесе одан тысқары жерлерде орналасқан есепке алу құралдарын орнату орындары құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды жөнелту немесе әкелу орындары болып табылады.

Тауарлардың жекелеген санаттары үшін уәкілетті орган индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы және мұнай және газ саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша күнтізбелік отыз бір күннен аспайтын беру кезеңін белгілейді.

Тауарларға арналған уақытша декларацияны кеден органдары беру басталғанға күнтізбелік он бес күн қалғанда ғана қабылдайды.

Егер уақытша кедендік декларацияны беру кезінде нақты сатып алушы (алушы) айқындалмаса, онда декларант іс жүзіндегі сатып алушылардың (алушылардың) саны бойынша кейіннен бірнеше толық кедендік декларацияны ұсына отырып, бір шарт (келісімшарт) шеңберінде тауарлар беруге арналған бір уақытша кедендік декларация береді.

Кедендік баждарды, салықтарды уақытша кедендік декларацияны беру кезінде кеден органдары тауарларды шығарғанға дейін төлейді. Егер төлеуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомасы Кодекстің189 бабының 4-тармағында көрсетілген мәліметтерді нақтылау нәтижесінде көбейсе, қосымша ақы төлеу тауарларға арналған толық декларацияны берген кезде, оларды кеден органдары шығарғанға дейін жүзеге асырады. Көрсетілген жағдайда өсімпұлдар есептелмейді. Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың артық немесе қате төленген сомаларын қайтару Кодекстің 11-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.

УКД ерекшеліктері мен ресімдеу тәртібі Кодекстің 189 бабында анықталған.

Тауарлар берілгеннен кейін декларант осы тармаққа сәйкес тауарларға арналған толық декларацияны беруге міндетті.

Тауарларға арналған толық декларацияны беру тауарларға арналған уақытша декларацияда мәлімделген тауарларды беру кезеңі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Кодекстің 189 бабының 2-тармағының екінші бөлігіне сәйкес айқындалатын тауарлардың жекелеген санаттары үшін декларанттың уәжді өтініші бойынша осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген тауарларға арналған толық декларацияны (толық декларацияларды) беру мерзімін кеден органы беруді аяқтау үшін қажетті, бірақ күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге ұзартады.

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан құбыржол көлігімен өткізілетін тауарлардың іс жүзінде әкетілгенін немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды кедендік декларациялауды жүргізген кеден органының белгілері бар тауарларға арналған толық декларация осындай тауарлардың іс жүзінде әкелінгенін растайтын құжат болып табылады.

Бұдан басқа, тауарларды белгіленген мерзім ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетпеген жағдайда, уақытша кедендік декларация Кодекстің 184-бабында айқындалған тәртіппен кері қайтарып алуға жатады.

Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі туралы Нұсқаулық Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 26 сәуірдегі № 39 шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген). 

Шымкент қаласы бойынша МКД
Кедендік бақылау басқармасы