Учёт

В рамках Карты индустриализации в текущем году планируется создание 17 тысяч новых рабочих мест

3163

В текущем году в рамках Карты индустриализации намечена реализация 160 проектов в горно-металлургическом комплексе, строительной индустрии, химической промышленности, машиностроении, нефтегазохимии, нефтепереработке, фармацевтике, агропромышленном комплексе, производстве продуктов питания на сумму 1,1 трлн  тенге с созданием более 17 тысяч постоянных рабочих мест.

Наибольшее количество проектов планируется реализовать в Алматинской (33 проекта) и Актюбинской (20 проектов) областях. По объему финансирования лидируют Карагандинская (256,4 млрд  тенге) и Алматинская (230,2 млрд  тенге) области.

Все проекты реализуются за счёт собственных и кредитных ресурсов банков, инициаторами проектов выступают отечественные предприниматели.

Применение мер по ограничению распространения коронавируса привели к снижению экономической активности, в том числе снижению деловой и инвестиционной активности, сокращению потребительского и инвестиционного спроса, ограничению мобильности бизнеса, что в совокупности с задержками в поставках сырья и комплектующих ограничивает производственную активность. 

Тем не менее, решением Госкомиссии по обеспечению режима Чрезвычайного положения при Президенте РК от 13 апреля текущего года поэтапное возобновление работы субъектов предпринимательства будет осуществляться при условии сохранения жестких санитарно-эпидемиологических мер, с соблюдением дистанцирования сотрудников на рабочих местах.

В связи с этим ввод проектов планируется осуществить во 2 полугодии 2020 года.

В целях недопущения срыва сроков сдачи строящихся объектов, регионам направлены соответствующие рекомендации о необходимости пересмотра графика производства строительно-монтажных работ и усиления темпов строительства социально значимых объектов после снятия карантинных мер.

Вместе с тем, учитывая необходимость ведения качественной работы в регионах, в конце мая текущего года планируется проведение отчетных заслушиваний всех регионов о ходе реализации проектов 2020 года.

Министерство индустрии и инфраструктурного развития



Биыл Индустрияландыру картасы аясында тау-кен металлургия кешені, құрылыс индустриясы, химия өнеркәсібі, машина жасау, мұнай-газ химиясы, мұнай өңдеу, фармацевтика, агроөнеркәсіптік кешен, азық-түлік өндірісі салаларында 1,1 трлн. теңге сомаға 160 жобаны іске асырып, 17 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарланған.

Жобалардың басым бөлігі Алматы (33 жоба) және Ақтөбе (20 жоба) облыстарында іске асырылады. Қаржыландыру көлемі бойынша Қарағанды (256,4 млрд.теңге) және Алматы (230,2 млрд. теңге) облыстары көш бастап тұр.

Отандық кәсіпкерлер бастамашы болған барлық жобалар банктердің меншікті және кредиттік ресурстары есебінен жүзеге асырылады.

Коронавирустың таралуын шектеу шараларын қолдану экономикалық белсенділіктің, оның ішінде іскерлік және инвестициялық белсенділіктің төмендеуіне, тұтынушылық және инвестициялық сұраныстың қысқаруына әкеліп соғып, бизнестің ұтқырлығын шектеді. Бұл шикізат пен жинақтауыштарды жеткізудегі кідірістермен бірге өндірістік белсенділікті де төмендетеді. 

Осыған қарамастан ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның ағымдағы жылғы 13 сәуірдегі шешімімен қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шаралар сақталған жағдайда кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысын кезең-кезеңмен жаңарту, қызметкерлердің жұмыс орындарында қашықтығын сақтай отырып жүзеге асырылатын болады.

Осыған орай жобаларды іске қосу 2020 жылдың ІІ жартыжылдығында атқарылады деп жоспарлануда.

Салынып жатқан объектілерді тапсыру мерзімдерін сақтау мақсатында өңірлерге құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу кестесін қайта қарау және карантиндік шаралар алынып тасталғаннан кейін әлеуметтік маңызы бар объектілер құрылысының қарқынын күшейту қажеттігі туралы тиісті ұсынымдар жолданды.

Сонымен қатар, өңірлерде сапалы жұмыс жүргізу қажеттілігін ескере отырып, ағымдағы жылдың мамыр айының соңында 2020 жылғы жобаларды іске асыру барысы туралы барлық өңірлердің есептік тыңдауларын өткізу жоспарланып отыр.