Учёт

КГД проводит пилот по выявлению фирм «однодневок» на ранней стадии

1801

В последнее время в социальных сетях активно обсуждался пилотный проект по выявлению фирм «однодневок».

В целях разъяснения основных направлений работы Комитетом государственных доходов при содействии Ассоциации налогоплательщиков Казахстана проведена встреча с представителями бизнес-ассоциаций и предпринимателями по обсуждению Правил и сроков реализации пилотного проекта, предусматривающего ограничение услуг по выписке ЭСФ для рисковых компаний.

Пилотный проект направлен на выявление схем уклонения от уплаты налогов с использованием информационных систем СУР и ЭСФ. В ходе встречи разъяснены основные подходы реализации проекта.

В рамках пилота выявлены схемы уклонения от уплаты налогов. К примеру, фирма «А», у которой нет активов, приобретения товара, контрактов на недропользование, за неделю выписала ЭСФ на реализацию щебня и проведение строительно-монтажных работ на 1,7 млрд тенге в адрес фирм «B» и «С», которые отнесли данные суммы в зачет и тем самым оптимизировали НДС. В результате принятых мер фирме «А» ограничена услуга по выписке ЭСФ, а в отношении фирм «В» и «С» выставлены извещения и начата претензионно-исковая работа по признанию этих сделок недействительными.

При этом предоставление услуг по выписке ЭСФ может быть ограничено только по налогоплательщикам, отнесенным к высокой степени риска, и только в случае если такой налогоплательщик не исполнил уведомление по камеральному контролю.

До принятия такого решения налогоплательщику направляется уведомление по камеральному контролю, по которому налогоплательщик вправе представить пояснение либо жалобу в случае несогласия (срок исполнения уведомления 5 рабочих дней).

Отбор налогоплательщиков осуществляется исключительно на центральном уровне в автоматическом режиме. Критерии отбора, которые не являются тайной, раскрыты в 136 статье Налогового кодекса.

Введение в эксплуатацию ИС СУР и ЭСФ позволяет проводить  интеллектуальный анализ данных, выявлять причинно-следственные связи и более эффективно и оперативно реагировать на нарушения налогового законодательства. Для выявления бестоварных операций анализу подвергаются все выписанные счета-фактуры и сделки, не дожидаясь подачи налоговых деклараций.

В ходе обсуждения бизнес-сообществом предложен ряд изменений в Правила реализации пилотного проекта, которые поддержаны Комитетом государственных доходов.

В частности, будет сокращен срок рассмотрения пояснения с 3 рабочих дней до 1 рабочего дня, исключено привлечение к административной ответственности в случае нарушения сроков выписки ЭСФ по вине государственного органа. Также впредь перечень высокорисковых налогоплательщиков в рамках пилота будет размещаться на сайте КГД и обновляться 2 раза в месяц.

По итогам «круглого стола» поддержана позиция о необходимости усиления борьбы с рисковыми предприятиями и обеспечения конкурентных условий для защиты интересов добросовестных участников рынка.

В случае возникновения вопросов органы государственных доходов готовы предоставить необходимую информацию и оказать методологическую помощь.

Предприниматели могут обратиться по номерам телефонов 717667, 717690 и 1414 либо на блог Председателя КГД на сайте kgd.gov.kz.

 

 

МКК «бір күндік» фирмаларды бастапқы сатыда анықтау бойынша жаңа жобасын жүргізуде

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде «бір күндік» фирмаларды анықтау бойынша пилоттық жоба белсенді талқылануда.

Жұмыстың негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Салық төлеушілер қауымдастығының  көмегімен бизнес-қауымдастықтардың өкілдерімен және кәсіпкерлермен тәуекелді компаниялар үшін ЭШФ жазып беру бойынша қызметтерге шектеуді қарастыратын пилоттық жобаны іске асырудың мерзімдері мен қағидаларын талқылау бойынша кездесу өткізді.

Пилоттық жоба ЭШФ және ТБЖ ақпараттық жүйелерін пайдаланумен салық төлеуден жалтару схемаларын анықтауға бағытталған. Кездесу барысында жобаны іске асырудың негізгі тәсілдері түсіндірілді.

Пилоттық жобаның шеңберінде салық төлеуден жалтару схемалары анықталды. Мысалға, активтері, алынған тауарлары, жер қойнауын пайдалану шарттары жоқ «А» фирмасы, бір апта ішінде 1,7 млрд. теңге сомасына құрылыс-монтаждау жұмысын жүргізуге және қиыршық тас өткізуге ЭШФ-ны «B» және «С» фирмаларының мекенжайына жазып берген, олар осы сомаларды есепке жатқызып, сол арқылы ҚҚС оңтайландырды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде «А» фирмасына ЭШФ жазып беру бойынша қызмет көрсетуде шектеу қойылды, ал «B» және «С» фирмаларына қатысты хабарлама шығарылды және осы мәмілелерді жарамсыз деп тану бойынша наразылық-талап-арыз жұмысы басталды.

Бұл ретте, ЭШФ жазып беру бойынша қызмет көрсетуді шектеу тек қана жоғары тәуекел дәрежесіне жатызылған салық төлеушіге және осындай салық төлеуші камералдық бақылау бойынша хабарламаны орындамаған жағдайда қолданылады.

Осындай шешім қабылдағанға дейін салық төлеушіге камералдық бақылау бойынша хабарлама жіберіледі, келіспеген жағдайда салық төлеуші түсіндірме не шағым беруге құқылы (хабарламаны орындау мерзімі 5 жұмыс күні).

Салық төлеушілерді іріктеу тек қана орталық деңгейде және автоматты режимде жүзеге асырылады. Құпия болып табылмайтын іріктеу өлшемшарттары Салық кодексінің 136-бабында көрсетілген.

ЭШФ және ТБЖ АЖ пайдалануға енгізу деректерді зияткерлік талдауға, себеп-салдар байланыстарын анықтауға және салық заңнамасын бұзушылығына аса тиімді және шұғыл ден қоюға мүмкіндік береді. Тауарсыз операцияларды анықтау үшін талдауға, салықтық декларацияның тапсырылуын күтпей, барлық жазылған шот-фактуралар мен мәмілелер ұшырайды.

Талқылау барысында бизнес-қоғамдастықтар Пилоттық жобаны іске асыру қағидаларына бірқатар өзгерістер ұсынды, оларды Мемлекеттік кірістер комитеті қолдады.

Атап айтқанда, түсіндірмені қарау мерзімі 3 жұмыс күнінен 1 жұмыс күніне дейін қысқартылатын болады, мемлекеттік органның кінәсі бойынша ЭШФ жазып беру мерзімі бұзылған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тарту алып тасталынды. Сонымен қатар, алдағы уақытта пилоттық жоба шеңберінде жоғары тәуекелді салық төлеушілердің тізбесі МКК сайтында орналастырылатын және айына 2 рет жаңартылатын болады.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша тәуекелді кәсіпорындармен қарсы күресті күшейту қажеттілігі және нарықтың адал қатысушыларының мүдделерін қорғау үшін бәсекелестік жағдайды қамтамасыз ету туралы ұстаным қолдауға ие болды.

Сұрақтар туындаған жағдайда мемлекеттік кірістер органдары қажетті ақпаратты беруге және әдістемелік көмек көрсетуге дайын.

Кәсіпкерлер 717667, 717690 және 1414 телефон нөмірлеріне не kgd.gov.kz сайтындағы МКК төрағасының блогына жүгіне алады.