Түрлі санаттағы жұмыскерлерді жұмысқа қабылдаудың басты ерекшелігі – еңбек шартының мазмұны. Қалған барлық әрекеттер 1-4-қадамдарды орындау арқылы жүзеге асырылады.
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН ЖҰМЫСКЕРМЕН ЕҢБЕК ШАРТЫ
Он алты жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі.
Еңбек шарты:
- орта білім беру ұйымдарында негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайда он бес жасқа толған азаматтармен;
- оқудан бос уақытында денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындауы үшін он төрт жасқа толған оқушылармен;
- кинематография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, цирктерде денсаулығына және имандылық тұрғысынан дамуына нұқсан келтірмей, шығармалар жасауға және (немесе) орындауға қатысу үшін ЕК 31-бабының 2) тармақшасында айқындалған талаптарды сақтай отырып, он төрт жасқа толмаған адамдармен еңбек шарты жасалуы мүмкін.
Көрсетілген жағдайларда еңбек шартына кәмелетке толмаған адаммен қатар оның заңды өкілдерінің бірі қол қоюға тиіс.
Баланың заңды өкілдері – баланың заңды өкілдері - ата-аналар, асырап алушылар, қорғаншылар, қамқоршылар, патронат тәрбиешілер және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамқорлық, білім беру, тәрбиелеу, баланың құқықтарын қорғау мен мүдделерін жүзеге асыратын оларды алмастыратын басқа тұлғалар (Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-IV Кодексінің 1-бабы 1-тармағының 12) тармақшасы).
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН АДАММЕН ЕҢБЕК ШАРТЫ
ШЕТЕЛДІК ЖҰМЫСКЕРМЕН ЕҢБЕК ШАРТЫ
Шетелдіктермен еңбек шартын жасасу шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органның рұқсатын не өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтаманы немесе халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсатты алған кезде мүмкін болады.
Еңбек шартын:
- білім беру ұйымынан оқу нысаны көрсетілген немесе қабылдайтын ұйымнан кәсіптік даярлаудан және (немесе) тағылымдамадан өтуі туралы анықтамаларды және білім алу мақсатында болуға арналған рұқсатты ұсынбаған, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдік студенттермен және тағылымдамадан өтушілермен;
- Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын:
- отбасына қосылу мақсатында келуге және онда болуға арналған рұқсатты және Қазақстан Республикасының заңнамасында танылатын, Қазақстан Республикасының азаматымен некеде тұрғанын растайтын құжатты ұсынбаған;
- Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шарттарда шұғыл нысанда стационарлық жағдайларда алғашқы медициналық-санитариялық көмекті және мамандандырылған медициналық көмекті жабатын жүктелген медициналық сақтандыру шарты жоқ шетелдіктермен және азаматтығы жоқ адамдармен жасасуына жол берілмейді.
Заңнама талаптарына сәйкес жұмысқа қабылданған шетелдік жұмыскердің жергілікті жұмыскерлермен салыстырғанда құқықтары шектелмеуге тиіс.
ШЕТЕЛДІК ЖҰМЫСКЕРМЕН ЕҢБЕК ШАРТЫ
ЖҰМЫСКЕР - МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАММЕН ЕҢБЕК ШАРТЫ
Жұмыскерді - мүгедектігі бар адамды жұмысқа қабылдауды ресімдеудің
жалғыз ерекшелігі еңбек шартының мазмұны болып табылады.
Мүгедектігі бар адаммен жасалатын еңбек шартында оның жеке мүмкіндіктері ескеріле отырып, жұмыс орындарын жабдықтау жөніндегі шарттар қамтылуға тиіс.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 179 бұйрығымен Мүгедектігі бар адамдардың жұмыс орнының стандарттары бекітілді.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 207 бұйрығымен Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары бекітілді.
ЖҰМЫСКЕР - МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАММЕН ЕҢБЕК ШАРТЫ
ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ ЖЕКЕЛЕГЕН САНАТТАРЫНЫҢ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Еңбек заңнамасы жұмыскерлердің жекелеген топтарымен еңбек қатынастарын реттеу кезінде бірқатар ерекшеліктерді көздейді. Бұл, ең алдымен, мемлекеттің қамқорлығынан туындады, бірақ ешқандай да экономикалық құқықтарды кемсітуге немесе шектеуге тырысудан емес.
Жұмысқа орналасу кезіндегі шектеулер
Он сегіз жасқа толмаған азаматтармен ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарға еңбек шартын жасасуға жол берілмейді.
Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің ауыр заттарды тасуы мен қозғалтуының шекті нормаларын және әйелдердің ауыр заттарды қолмен көтеруінің және жылжытуының шекті нормалары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 944 бұйрығымен бекітілген.
Ауыр жұмыстар деп ауыр заттарды (он килограмм және одан да көп) қолмен тұрақты жылжытуға, орнын ауыстыруға және тасымалдауға байланысты және үлкен күш-жігерді (энергия шығыны 250 ккал/сағаттан астам) талап ететін жұмыскердің қызмет түрлері түсініледі.
Зиянды еңбек жағдайлары - зиянды өндірістік факторлардың болуымен сипатталатын еңбек жағдайлары.
Зиянды өндірістік фактор - жұмыскерге әсері ауруға немесе еңбекке қабілеттіліктің төмендеуіне және (немесе) ұрпағының денсаулығына теріс әсер етуге әкеп соғуы мүмкін өндірістік фактор.
Қауiптi еңбек жағдайлары - белгiлi бiр өндiрiстiк немесе жойылмайтын табиғи факторлардың әсерi еңбек қорғау ережелерiн сақтамаған жағдайда жұмыскердiң өндiрiстiк жарақатына, денсаулығының кенеттен нашарлауына немесе улануына әкеп соқтыратын, соның нәтижесiнде еңбек ету қабiлетiнен уақытша немесе тұрақты айрылу, кәсiби ауру не өлiм туындайтын еңбек жағдайлары.
Қауiптi өндiрiстiк фактор - әсерi жұмыскерге еңбекке қабiлеттiлiгiн уақытша немесе тұрақты жоғалтуға (өндiрiстiк жарақат алуға немесе кәсiби ауруға) немесе өлiмге әкеп соғуы мүмкiн өндiрiстiк фактор.
БІРЛЕСКЕН
ЖҰМЫС
МАҢЫЗДЫ!
Медицина жұмыскерлерін қоспағанда, он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлерді және ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерді қоса атқаратын жұмысқа қабылдауға тыйым салынады.
Жұмыс режимі
Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлерді, жүкті әйелдерді, сондай-ақ мүгедектігі бар жұмыскерлерді, егер оларға медициналық айғақтары бойынша мұндай жұмысқа тыйым салынбаса, іссапарға жіберуге жол беріледі. Бұл ретте аталған жұмыскерлер iссапарға барудан бас тартуға құқылы.
Егер медициналық қорытынды негізінде мүгедектігі бар балалар не отбасының науқас мүшелері тұрақты күтімді жүзеге асыруды қажет етсе, үш жасқа дейінгі балалары бар жұмыскерлер, отбасының науқас мүшелеріне күтім жасауды жүзеге асыратын не мүгедектігі бар балаларды тәрбиелейтін жұмыскерлер іссапарға барудан бас тартуға құқылы.
Жұмыс уақытының жиынтық есебі режимінде жұмыс істеуге:
- Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлерге;
- Егер жұмыс күнінің (жұмыс ауысымының) ұзақтығы сегіз сағаттан асатын болса, жүкті әйелдерге.
- Бірінші топтағы мүгедектігі бар жұмыскерлерге.
- Егер оларға мұндай режимге кәсiптiк патологиялық сараптау комиссиясының қорытындысы негiзiнде тыйым салынса, екiншi және үшiншi топтағы мүгедектiгi бар жұмыскерлерге тыйым салынады.
Түнгі уақытта жұмыс істеуге:
- Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлерге;
- Жұмыс берушіге жүктілігі туралы анықтама ұсынған жүкті әйелдерге тыйым салынады.
Тек жазбаша келісімімен:
- Жеті жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге және жеті жасқа дейінгі балаларын анасыз тәрбиелеп отырған басқа да адамдарға;
- Он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған жұмыскерлерге рұқсат етіледі.
Үстеме жұмысқа:
- Жұмыс берушіге жүктілігі туралы анықтама берген жүкті әйелдерге;
- Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлерге.
- Мүгедектігі бар адамдарға тыйым салынады.
Жұмыскерлердің көрсетілген санаттарын іссапарға жіберу
Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлерді, жүкті әйелдерді, сондай-ақ мүгедектігі бар жұмыскерлерді, егер оларға медициналық айғақтары бойынша мұндай жұмысқа тыйым салынбаса, іссапарға жіберуге жол беріледі. Бұл ретте аталған жұмыскерлер iссапарға жiберуден бас тартуға құқылы.
Егер медициналық қорытынды негізінде мүгедектігі бар балалар не отбасының науқас мүшелері тұрақты күтімді жүзеге асыруды қажет етсе, үш жасқа дейінгі балалары бар жұмыскерлер, отбасының науқас мүшелеріне күтім жасауды жүзеге асыратын не мүгедектігі бар балаларды тәрбиелейтін жұмыскерлер іссапарға барудан бас тартуға құқылы.
Үзілістер
ҚР ЕК 81-бабында жұмыс берушінің жұмыскерге күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ішінде ұзақтығы кемінде жарты сағат демалу және тамақтану үшін бір үзіліс беру жөніндегі міндеті көзделген. Бұдан басқа, жекелеген жұмыс түрлерiнде жұмыскерлерге қажеттiлiгi технологиялық процестердiң ерекшелiктерiнен, компанияларда жұмысты ұйымдастырудың ерекшелiгiнен туындаған ауысым iшiндегi үзiлiстер немесе жылдың суық немесе ыстық мезгiлiнде ашық ауада не жылытылмайтын үй-жайларда жұмыс iстейтiндер, сондай-ақ тиеу-түсiру жұмыстарымен айналысатындар үшiн арнайы үзiлiстер берiлуi тиiс.
Бір жарым жасқа дейінгі балалары бар жұмыс істейтін әйелдерге, бір жарым жасқа дейінгі балаларды анасыз тәрбиелеп отырған әкелерге (асырап алушыларға) аталған үзілістерден (демалу және тамақтану үшін, ауысымішілік, арнайы) басқа, баланы (балаларды) тамақтандыру үшін кемінде мынадай ұзақтықтағы әрбір үш сағат сайын қосымша үзілістер беріледі:
- Бір баласы бар адамдарға - әрбір үзіліс кемінде отыз минут.
- Екі немесе одан да көп баласы бар адамдарға - әрбір үзіліс кемінде бір сағат.
Жұмыскердің өтініші бойынша баланы (балаларды) тамақтандыруға арналған үзілістер демалуға және тамақтануға арналған үзіліске қосылады не жиынтық үзілістер жұмыс күнінің (ауысымның) басында немесе соңында беріледі.
Баланы (балаларды) тамақтандыруға арналған үзілістер жұмыс уақытына қосылады. Үзіліс уақытында әйелдердің, әкелердің, бала асырап алушылардың орташа жалақысы сақталады.
Толық емес жұмыс уақытын белгілеу
Жұмыс беруші жүкті әйелдің, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар ата-анасының (асырап алушының) бірінің, сондай-ақ медициналық қорытындыға сәйкес отбасының ауру мүшесіне күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыскердің жазбаша өтініші бойынша толық емес жұмыс уақытын белгілеуге міндетті.
Мысал:
ҚР ЕК белгілеген қалыпты ұзақтықтан аз уақыт толық емес жұмыс уақыты болып есептеледі, оның ішінде:
Толық емес жұмыс күні, яғни күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ұзақтығының нормасын азайту;
Толық емес жұмыс аптасы, яғни жұмыс аптасындағы жұмыс күндері санының қысқартылуы;
Күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ұзақтығының нормасын бір мезгілде азайту және жұмыс аптасындағы жұмыс күндерінің санын қысқарту.
Толық емес жұмыс уақыты жұмыскердiң қалауы бойынша белгiлi бiр мерзiмге де, белгiсiз мерзiмге де белгiленуi мүмкiн. Сонымен қатар, толық емес жұмыс уақыты жағдайында жұмыс істеу жұмыскер үшін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығына, еңбек өтілін және ҚР ЕК-де, еңбек және (немесе) ұжымдық шарттарда, келісімдерде белгіленген еңбек саласындағы басқа да құқықтарды есептеуге қандай да бір шектеулерге әкеп соқтырмайтынын еске салып өту артық болмайды.
Басқа жұмысқа ауыстыру
Жұмыс берушi медициналық қорытынды негiзiнде жүктi әйелдi зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерiн болдырмайтын, орындалатын жұмыс бойынша ақы төлеп, бiрақ бұрынғы жұмысы бойынша орташа жалақыдан төмен емес басқа жұмысқа ауыстыруға мiндеттi.
Жұмыс беруші вахталық әдіспен жұмыс істейтін жүкті әйелді он екі және одан да көп апта мерзімге жүктілігі туралы анықтаманың негізінде атқаратын жұмысы бойынша ақы төленетін, бірақ бұрынғы жұмысы бойынша орташа жалақыдан төмен емес бес немесе алты күндік жұмыс аптасына уақытша ауыстыруға міндетті.
Жүкті әйелге басқа жұмыс берілгенге дейін ол орташа жалақысы сақтала отырып, жұмысты орындаудан босатылуға тиіс.
Жүктi әйел жұмыс берушi ұсынған басқа жұмысқа ауыстырудан бас тартқан жағдайда, ол жүктiлiгi және босануы бойынша демалыс берiлгенге дейiн жалақысы сақталмайтын қарсы көрсетiлген жұмысты орындаудан босатылуға тиiс.
Басқа жұмысқа ауыстыру
Жүкті әйелдерге, бала (балалар) туған әйелдерге, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған әйелдерге (ерлерге) бала тууына байланысты мынадай демалыстар беріледі:
- жүктілігі және босануы бойынша демалыс;
- жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлерге берілетін демалыс;
- бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс.



