Учёт

Жұмысқа қабылдау

Жұмысқа қабылдауды ресімдеу - жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы алғашқы іс-қимыл, ол құжатпен бекітіледі.

Құжаттарды дайындау кезінде қандай тосын сый болуы мүмкін? Дегенмен, қателіктер болуы мүмкін.
Жұмысқа қабылдаудың 4 қадамы:

І қадам.

Еңбек шартын жасасу үшін қажетті құжаттарды жинау.
Құжаттарды жинаған кезде ең бастысы - жұмыскерден артық талап етпеу. Кәсіпорын әкімшілігі, жиі, болашақ жұмысшы туралы БАРЛЫҒЫН білгісі келеді. Дені сау ма? Сотталған ба? Террористік ұйымдарда емес пе? Жұмыс берушінің білгісі келетіні көп шығар.
Бірақ, жұмысқа қабылдауды рәсімдейтін кадр қызметінің жұмыскері заңнама шеңберінде әрекет етуі және ҚР Еңбек кодексінің 32-бабының 1-тармағының талаптарын басшылыққа алуы тиіс. Дәл осы бапта еңбек шартын жасасу алдында жұмыскерден қандай құжаттарды талап ету керектігі айтылған. Әрине, ҚР ЕК аталған бабы ерекшелігіне қарай әр түрлі ұйымдардағы жұмыс шарттарын ескермейді және тізім басқа да нормативтік құқықтық актілердің ережелерімен кеңейтілуі мүмкін (ҚР ЕК 32-бабының 6-тармағы). Мысалы, егер жұмыскерлердің жұмысы атыс қаруын алып жүрумен, бағалы металдармен жұмыс істеумен және т.б. байланысты болса, қабылдау кезінде оларға арналған құжаттардың тізімі аталған бапқа қарағанда кең.
Дегенмен, тым ұқыпты жұмыс берушіге ұнағысы келетіндіктен, артық қызығушылық компанияға арзан түспеуі мүмкін екенін ұмытпаңыз. Өйткені әрбір азаматтың жеке өмірі ҚР Конституциясының қорғауында.

Еңбек шартын толтыру үшін жұмыскерден құжаттардың түпнұсқаларын қабылдай отырып, оған құжаттарды қайтару туралы жазбаша міндеттеме беруді ұмытпаңыз (ҚР ЕК 32-бабының 7-тармағы).


II қадам.


Еңбек шартын жасасу
Қолданыстағы заңнамада еңбек шартының нысанына қойылатын қатаң талаптар жоқ. Алайда, ҚР
ЕК 28-бабы еңбек шартының мазмұнын айқындайды.
Тараптар ЕШ-на кіретін ережелердің тізбесін кеңейтуі мүмкін. Ең бастысы, ЕШ мазмұнын кеңейте отырып, қосымша тармақтар қолданыстағы заңнамамен салыстырғанда жұмыскердің жағдайын нашарлатпауы тиіс.
Қателер болуы мүмкін ЕШ бөлімдері:
Еңбекақы туралы айтылған тармақ.

МАҢЫЗДЫ! Жалақы ТЕК ұлттық валютада белгіленуі тиіс (тіпті әңгіме шетелдік жұмыскер туралы болса да)

Жалақы ЕШ-да толық сомамен көрсетіледі (ешқандай АЕК-ке, ЕТЖ-ға, штаттық кестеге сілтемесіз)

Білікті жұмыскерге ең төменгі еңбекақы белгіленбейді
Жалақыны салықтарды ескере отырып та, төленетін соманы да белгілеуге болады (бұл компанияның ішкі құжаттарына байланысты).

          ТРУДОВОЙ ДОГОВОР С ДИСТАНЦИННЫМ РАБОТНИКОМ   Еңбек шарттарын тіркеу журналы

Еңбек шарты жасалғаннан кейін құжат арнайы журналда тіркеледі. Журналдың нысаны заңмен белгіленбеген. Осы бөлімде біз Журналдың қандай болуы мүмкін екеніндігінің мысалдық үлгісін ұсынамыз. Алайда, компания өз нұсқасын қабылдауға құқылы.

Бұдан басқа, ҚР ЕК 23-бабы 2-тармағының 27) тармақшасының талаптарына сәйкес жұмыс беруші еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен жұмыскермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, осы Кодекстің 28-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 13) тармақшаларында көзделген мәліметтер, сондай-ақ 99-бабында көзделген демалыстарды (жүктілігі және босануы бойынша демалыс; жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлерге берілетін демалыс; бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс) беру туралы мәліметтер қамтылған, оған енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты https://hr.enbek.kz/ сайтында еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізуге міндетті.   

Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне мәліметтерді ұсыну тәртібі мен мерзімдері (Еңбек шарттарын тіркеу)

Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде еңбек шарты туралы мәліметтерді ұсыну және алу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 3 қыркүйектегі № 353 бұйрығы (2020 жылғы 18 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді).

Жұмыс беруші жұмыскермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, оған енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы мынадай мәліметтерді қамтитын ақпаратты Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағының 27) тармақшасына сәйкес еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (бұдан әрі - ЕШЕБЖ) енгізеді:

  1. тараптардың деректемелері: жұмыс беруші - жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі немесе жұмыс беруші - заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі; жұмыскердің жеке сәйкестендіру нөмірі;
  2. белгілі бір мамандық, кәсіп, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмыс (еңбек функциясы);
  3. жұмысты орындау орны;
  4. еңбек шартының мерзімі;
  5. жұмыстың басталу күні;
  6. жасалған күні және реттік нөмірі.

Жұмыс беруші мәліметтерді кадрлық қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесін ЕШЕБЖ-мен интеграциялау жолымен не «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы немесе ЕШЕБЖ-мен интеграцияланған еңбек шарттарын есепке алуды автоматтандыру жөніндегі басқа да ақпараттық жүйелер арқылы ұсынады.

Кадрлық қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесін біріктіру үшін жұмыс беруші «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығына сәйкес интеграциялау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.

«Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы мәліметтерді ұсыну үшін жұмыс беруші электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған жеке кабинетті тіркейді және жеке кабинетінде осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген қажетті мәліметтерді толтырады және оларды электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойып, ЕШЕБЖ-ға жібереді. Мәліметтерді жұмыс беруші не оның атынан жұмыс берушінің актісімен осы міндет жүктелген кадр қызметінің басшысы ұсынады.

Жұмыс беруші қажет болған жағдайда ЕШЕБЖ-ға мынадай қосымша мәліметтерді жібереді:

  1. жұмыс уақыты мен демалыс режимі;
  2. жұмыскердің жүктілігіне және бала (балалар) тууына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты демалысқа және бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалысқа шығуы туралы.

Жаңадан жасалған еңбек шарттары туралы мәліметтерді жұмыс беруші екі тарап еңбек шартына қол қойған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей ЕШЕБЖ-ға енгізуге тиіс.

Қолданылу мерзiмi өтпеген еңбек шарттары туралы мәлiметтердi жұмыс берушi саны 2000 адамға дейiнгi кәсiпорындар үшiн осы Қағидалар күшiне енген күннен бастап бiр жыл iшiнде, саны 2000 адамнан асатын кәсiпорындар үшiн осы Қағидалар күшiне енген күннен бастап екi жыл iшiнде ЕШЕБЖ-ға енгiзуге тиiс.

Жұмыс беруші еңбек шартына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы мәліметтерді екі тарап еңбек шартына өзгерістер мен толықтыруларға қол қойған күннен бастап күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей ЕШЕБЖ-ға енгізуге тиіс.

Қателер анықталған жағдайда жұмыс беруші бастапқы мәліметтерді енгізген күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде:

  1. осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген мәліметтерді дұрыс енгізбеу кезіндегі қателерді түзетеді;
  2. жұмыскердің және (немесе) жұмыс берушінің деректемелері дұрыс енгізілмеген жағдайда мәліметтерді жояды.

Жұмыскер жұмысқа қайта қабылданған жағдайда жұмыс беруші ол жұмысқа қайта қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде күнін, нөмірін және қайта қабылдау туралу шешім шығарған органды көрсете отырып, мәліметтерге түзетулерді енгізеді.

Жұмыс берушінің мәліметтерге енгізген өзгерістерімен жұмыскер «электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинеті арқылы танысады.
Жұмыс беруші еңбек шартын тоқтату туралы ақпаратты еңбек шарты тоқтатылған күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей ЕШЕБЖ-ға енгізеді.

Жұмыс беруші еңбек шартын тоқтату туралы ақпаратты ЕШЕБЖ-ға енгізгеннен кейін ЕШЕБЖ-гі мәліметтерді өзгертуді және толықтыруды Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жұмыс берушінің немесе жұмыскердің өтініші негізінде еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.

Еңбек кодексінің 30-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген еңбек шартының қолданылу мерзімі ұзартылған кезде жұмыс беруші еңбек шартының қолданылу мерзімі ұзартылған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде тиісті ақпаратты ЕШЕБЖ-ға енгізеді.

Сондай-ақ Қағидаларда еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінен мәліметтер алу тәртібі бекітілді

ТРУДОВОЙ ДОГОВОР С ДИСТАНЦИННЫМ РАБОТНИКОМЕңбек шарты

Бұл сізге көмектеседі!

  • Компания директорымен - оның құрылтайшыларының бірімен еңбек қатынастарын ресімдеу тәртібі
  • Компанияның меншік иесі, ол компанияның директоры. Еңбек қатынастарын ресімдеу ерекшеліктері.

III қадам.

Жұмысқа қабылдау жұмыс берушінің актісімен (бұйрығымен) ресімделеді. Бұйрықты шығаруға тараптар қол қойған еңбек шарты негіз болып табылады.

ТРУДОВОЙ ДОГОВОР С ДИСТАНЦИННЫМ РАБОТНИКОМЖұмысқа қабылдау туралы бұйрық

IV қадам.

Жұмыскерді басқа құжаттармен таныстыру.

ҚР ЕК 23-бабы 2-тармағының 6-тармақшасының талаптарына сәйкес жұмыс беруші жұмыскерді ұжымдық шартпен, келісу комиссиясының жұмысы туралы келісіммен (бар болған кезде), еңбек тәртіптемесі қағидаларымен, жұмыс берушінің жұмыскердің жұмысына (еңбек функциясына) тікелей қатысы бар өзге де актілерімен және осы Кодексте көзделген жағдайларда жұмыс берушінің басқа да актілерімен жеке-дара немесе оларды курьерлік пошта байланысы, пошта байланысы, факсимильді байланыс, электрондық пошта және өзге де ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы жіберу жолымен таныстыруға міндетті.

Мұндай құжаттарға:

  1. Еңбек тәртібі ережелері (ЕТЕ) (міндетті түрде)
  2. Жұмыскерлерінің саны елуден астам өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы ереже (міндетті түрде)
  3. Лауазымдық нұсқаулық (бар болса)
  4. Дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау туралы ереже (міндетті түрде)
  5. Сыйлықақы беру туралы ереже (бар болса)
  6. Және басқалар жатады

Ұйым жаңадан қабылданған жұмыскерді таныстыру қажет құжаттардың тізбесін дербес айқындайды.
Алайда, ЕТЕ - жұмыскерді таныстыру қажет міндетті құжат, себебі ҚР ЕК осыны талап етеді.
ТРУДОВОЙ ДОГОВОР С ДИСТАНЦИННЫМ РАБОТНИКОМЕТЕ