Өндірістік қажеттілік – дүлей апатты; төтенше жағдайлардың, төтенше немесе соғыс жағдайының салдарын, табиғи немесе техногендік сипаттағы апатты болғызбау немесе жою; өндірістік аварияны немесе олардың зардаптарын дереу жою мақсатында; өндірістегі жазатайым оқиғаларды болғызбау үшін; бос тұрып қалуды болғызбау үшін; мүліктің жойылуын немесе бүлінуін болғызбау үшін; жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін басқа да айрықша жағдайларда, сондай-ақ уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру үшін жұмыстарды орындау.
Өндірістік қажеттілік болған, оның ішінде жоқ жұмыскерді уақытша алмастырған жағдайда, жұмыс берушінің жұмыскерді оның келісімінсіз күнтізбелік жыл ішінде үш айға дейінгі мерзімге, орындалатын жұмыс бойынша еңбегіне ақы төлей отырып, еңбек шартында келісілмеген және денсаулық жағдайына байланысты қарсы көрсетілімі жоқ, сол ұйымдағы, сол жердегі басқа жұмысқа не жұмыс берушінің басқа жерде орналасқан құрылымдық бөлімшесіне ауыстыруға құқығы бар.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!!
Орындалатын жұмыс бойынша, бірақ бұрынғы жұмыс бойынша орташа жалақыдан төмен емес еңбекақы төлеу.
Жұмыс берушінің басқа жерде орналасқан құрылымдық бөлімшесіне уақытша ауыстырған кезде жұмыскерге осы Кодекстің 127-бабында көзделген мөлшерлерде өтемақы төленеді. Мұндай ауыстыру іссапарға жіберілген кездегідей төлемдермен қоса жүреді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!!
Мұндай ауыстыру үшін жұмыскердің келісімі талап етілмейтіндіктен, жұмыс берушінің ауыстыру туралы бұйрығы жалғыз құжат болады.
Өндірістік қажеттілік жағдайында уақытша ауыстыру туралы бұйрық (өкім)
Бос тұрып қалған жағдайда басқа жұмысқа уақытша ауыстыру
Бос тұрып қалу жағдайында жұмыс берушінің жұмыскерді денсаулық жағдайына байланысты қарсы көрсетілімі жоқ басқа жұмысқа оның келісімінсіз, бос тұрып қалудың барлық кезеңіне ауыстыруға құқығы бар.
Бос тұрып қалу – экономикалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, өзге де өндірістік немесе табиғи сипаттағы себептер бойынша, сондай-ақ төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген, төтенше жағдай жарияланған жағдайларда не мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды адамдарының шешімі бойынша өзге де шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген кезде жұмысты уақытша тоқтата тұру.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!!
Басқа жұмысқа уақытша ауысқан кезде бос тұрып қалған жағдайда жұмыскерге еңбекақы орындалатын жұмыс бойынша төленеді.
Мұндай ауыстыру бұйрықпен ресімделеді
Тоқтап тұруға байланысты бұйрық (өкім)
Денсаулық жағдайы бойынша басқа жұмысқа уақытша ауыстыру
Еңбек міндеттерін орындауға байланысты алған өндірістік жарақатына, кәсіптік ауруға шалдығуына немесе денсаулығына өзге де зақым келуіне немесе денсаулығына өндіріспен байланысты емес өзге де зақым келуіне байланысты медициналық қорытынды негізінде жұмыс беруші еңбекке жарамдылығы қалпына келгенге немесе мүгедектік белгіленгенге не кәсіптік еңбекке жарамдылығынан айырылуы белгіленгенге дейін жұмыскерді денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімі жоқ басқа жұмысқа уақытша ауыстыруға не еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актісінде жазылған шарттармен оны жұмыстан босатуға міндетті.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 24 қарашадағы № ҚР ДСМ-200/2020 бұйрығымен Медициналық қорытындыда көрсетілген мерзімге денсаулық жағдайы бойынша анағұрлым жеңіл жұмысқа уақытша ауыстыру қағидалары бекітілді.
Жұмыскер денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімі жоқ басқа жұмысқа уақытша ауысудан жазбаша бас тартқан жағдайда не жұмыскердің осындай негіздер бойынша уақытша ауысудан жазбаша бас тартуды беруден бас тартуын куәландыратын акт болған кезде жұмыскермен еңбек шарты осы Кодекстің 58-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген негіз бойынша тоқтатылады.
Денсаулық жағдайына байланысты бұйрық (өкім)
Жүктілікке байланысты ауыстыру
Жұмыс беруші медициналық қорытынды негізінде жүкті әйелді орындайтын жұмысы бойынша, бірақ бұрынғы жұмысы бойынша орташа жалақысынан төмен емес ақы төлей отырып, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын басқа жұмысқа ауыстыруға міндетті.
Жұмыс беруші вахталық әдіспен жұмыс істейтін жүкті әйелді мерзімі он екі және одан көп апта жүктілігі туралы анықтама негізінде, орындайтын жұмысы бойынша, бірақ бұрынғы жұмысы бойынша орташа жалақысынан төмен емес ақы төлей отырып, бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасына уақытша ауыстыруға міндетті.
Жүкті әйелге басқа жұмыс берілгенге дейін, ол орташа жалақысы сақтала отырып, жұмысты орындаудан босатылуға жатады.
Жүкті әйел жұмыс беруші ұсынған басқа жұмысқа ауысудан бас тартқан жағдайда, ол жүктілікке және босануға байланысты демалыс берілгенге дейін жалақысы сақталмай, қарсы көрсетілімі бар жұмысты орындаудан босатылуға жатады.
Жүктілікке байланысты бұйрық (өкім)
Жүкті әйелдерді қарсы көрсетілген жұмысты орындаудан босату туралы бұйрық
Басқа жұмыс орнына ауыстыру (атауын, лауазымын, жұмысын өзгерту)
Жұмыскерді еңбек шартында келісілген лауазым, мамандық, кәсіп, біліктілік шегінде және еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары сақтала отырып, басқа жұмыс орнына не сол жердегі басқа құрылымдық бөлімшеге ауыстыруға не оған басқа механизмде немесе агрегатта жұмыс істеуді тапсыруға жұмыскердің келісімі талап етілмейді.
Жұмыскер үшін еңбек жағдайларын өзгертуге әкеп соқпайтын жұмыскер лауазымының (жұмысының), құрылымдық бөлімшенің атауын өзгертуді, басқару құрылымын өзгертуді жұмыс беруші жұмыскердің келісімінсіз жүзеге асыра алады.
Мұндай орын ауыстыруға келісім талап етілмейтіндіктен, ол жұмыс берушінің бұйрығымен ресімделеді



